Лейшманийлар-клетка ішінде тіршілік ететін паразиттер. Инфекцияланған москиттер шаққан кезде-тері ішіне лейшманийлар еніп, макрофагтарға қалыптасады да көбейе бастайды. Нәтижесінде спецификалық гранулема туады. Лимфа тамырлары арқылы лейшманийлар маңайға тарайды (2-3, 55-70 см-ге дейін). Жолында спецификалық лимфангит, лимфаденит және гранулемалар тудырады.
Тері лейшманиозда организмнің жалпы реакциялары шамалы түрінде өтеді. Тек қана ойық-жаралардың саны көп, асқынған түрінде өткенде-дене қызуының жоғарлауы, интосикация белгілері айқын көрінеді.
Тіршілік циклі
Патанатомиясы
Тері лейшманиоздың екі түрінде де гистологиялық суреті бірдей көрінеді-тері ішінде спецификалық гранулема түрінде жайылған инфильтрат қалыптасады.
Оның құрамы: гистиоциттер, плазматикалық клеткалар, нейтрофилдер, лимфоидты элементтер. Терінің сыртқы бөліктерінде-инфильтрат диффузды түрінде жайылады, тері қоспалардың айналасында.
Лейшманиоздың зоонозды типінде инфильтраттың ортасы некрозданып ерте ойыла бастайды; антропоназды түрінде-бұл процесс баяу, созылыңқы түрінде өтеді.
Клиникасы
Сырқат циклді түрінде өтеді. Әр кезеңнің ұзақтылығы, өту бағытының ерекшелігі қоздырғыштың түріне, вирулентілігіне, дозасына, макроорганизмнің меншікті ерекшеліктеріне, ойық жаралардың санына, мекендеген орнына, екіншілік инфекция қосылуына байланысты болады.
Клиникалық жіктелуі (Н.Ф.Родякин)
1.Біріншілік лейшманиома:
- көпіршік
- ойық-жаралану
- тыртықтану
2. Реттелген екіншілік лейшманиома
3.Диффузды – инфильтративті лейшманиома
4. Туберкулоидты терілік лейшманиоз
3 және 4 түрлері көбінесе антропонозды терілік лейшманиозда кездеседі, созылмалы өту бағытымен сипатталады.