Лекция. № Лекция тақырыбы: ХҮ- xyii ғасырлардағы әдебиеттің даму сипаты, ерекшелігі. Лекция жоспары



бет75/104
Дата14.10.2022
өлшемі369,21 Kb.
#43171
түріЛекция
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   104
Байланысты:
Лекция. № Лекция та?ырыбы Х?- xyii ?асырларда?ы ?дебиетті? даму

3. Лекция мақсаты: Үмбетей жырау Тілеуұлы шығармашылығының өзіндік ерекшеліктерін деректер мен шығармаларының идеялық-көркемдік ерекшеліктеріне талдаулар жасау негізінде жан-жақты толық мәліметтер бере отырып игерту.

4. Лекцияның мазмұны:
1. Үмбетей жыраудың өмірі, шығармашылығына туралы деректер.
Үмбетей жырау Тілеуұлы 1706 жылдар шамасында туылған. Деректерге қарағанда Үмбетей жыраудың әкесі Тілеу – қаһармандық жырларды, ескі аңыздарды, билер сөздері мен нақылдарын жақсы білетін шежіре, сонымен қатар, халықтың музыка мұрасына да жетік дәулескер қобызшы – ел ішінде абыз атанған адам екен. Үмбетейдің өмірдегі, өнердегі мектебі – өз әкесі және халықтың рухани, әдеби мұралары болды.
Белгілі ғалым М.Мағауиннің көрсетуінше, Үмбетей жыраудың ақындық қабілеті ерте байқалған.
Жырау өз ауылдастарының, кейде, тіпті, ағайын-туғандарының теріс істерін әшкерлеген өткір тілді өлеңдер авторы ғана емес, ескі эпикалық жанрлардың білгірі ретінде де танылады.
Үмбетей ежелден келе жатқан жыраулық өнерді дәстүрді жалғастырушы жырау. Өзіне көне жырауларды үлгі тұтқан Үмбетей уақыт оза келе философиялық-дидактикалық толғауларға ден қояды. Сонымен қатар сырт жаулармен күресте аты шыққан батырларды мадақтау да жырау өнернамасындағы өзекті тақырыптардың біріне айналады. М.Мағауиннің айтуынша жырау тек арнау, толғаулар тудырып қана қоймай, «... өз тұсындағы дабыралы ерлер жайлы тарихи поэмалар жасау ісіне белсене араласқан». Және осы реттегі жырлары Үмбетейге үлкен даңқ әкеледі. Мұның басты сыры бұл арнау жырлардың айырықша көркемдігіне ғана емес, мазмұндылығы және өміршеңдігінде еді. Жырау өз шығармаларына арқау еткен адамдарды жанкешті ер, жайсаң жан ғана емес, өз елінің патриоты, халқының бақыты жолындағы күрескер ретінде суреттейді, сол үшін мадақтайды.
Үмбетейдің жыраудың бізге жеткен әдеби мұрасы көп емес. Бары жеті-сегіз арнау, толғау ғана. Академик Қажым Жұмалиев «ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті» атты зерттеу еңбегінде Үмбетей жөнінде де: «Шығармалары өз аттарымен біздің дәуірімізге дейін сақталып келген әдебиет өкілдері: Бұқар, Үмбетей (XVIII ғ.), Дулат, Жанкісі, Байтоқ, Жанұзақ, Шернияз, Алмашты, т.б. (XIX ғ.) алсақ, бәрі бір дәуір, бір кезеңде өмір сүрсе де, олардың дүние тану, өмірге көзқарастары әр басқа. Өйткені, бұлардың бәрі бір таптың ақындары емес. Әркім өмір құбылысын өз ортасы арқылы, өз табының көзқарасынан танымақ», - деп аздап болса да атап өтеді.
Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар поэзиясында арнау, толғау жанрлары басты орын алатынын ескерсек, сол сияқты Үмбетей жырларының да қолда барының дені арнау мен толғау.
Үмбетей жырау мақалдап, мәтелдеп сөйлейді, халық даналығына сүйенеді. Шығармаларына қарағанда жырау ел ішіндегі даулы, талас-тартыстарды шешуде басалқылық айтып, әділеттілікті жақтаған. Оны біз жыраудың Бәкеге арнаған өлең жолдарынан байқаймыз. Бұл өлең 1968 жылы қарт журналист Ғалымжан Мұқатовтан жазып алынған екен. Ал, Ғалымжанның кімнен, қайдан, қашан алғаны белгісіз.
«Алдаспан» жинағында айтылғандай, Үмбетейлермен аталас Жауқашар деген адамның бірінен-бірі өткен бұзық, сойқанды тоғыз ұлы болады. Бір жолы бұлар өздерімен ағайын көрші ауылға барымтаға шығып, үйірге салып жүрген бураларын әкеп сойып алады. Екі атаның арасында дау туады. Бәке деген кісі Жауқашардың тоғызына ара түседі. Сонда Үмбетей әлгі әділетсіздікті әшкерелеп, «Бәкеге» атты өлеңін айтыпты. Әрине, бұл шындықтан туған шымыр жолдар болса керек. Сол дәуірдегі жыраулардың бір қасиеті – ойларынан ешнәрсе шығармаған, өзі өмір сүрген ортаның ғана жағдайын жырға тиек еткен.
«Ауызша дәстүр XVIII ғасырда өмір сүрген үш жыраудың – Бұқардың, Үмбетейдің, Тәтіқараның есімдерін сақтаған. Аңыздарға және кейбір архив құжаттарына қарағанда, бұлар феодалдық ақсүйектерден шыққан»,– деп жазады ғалым Н.С.Смирнова «XVIII ғасырдағы қазақ жыраулары» деген мақаласында. Белгілі фольклортанушы Үмбетейді Бұқардан кейін бекерге атап отырған жоқ сияқты, Үмбетей жыраулық поэзияның толысқан тұсына тап келген кісі. Марқасқа, Үмбетей, Жиембет, Тәтіқара, Ақтамберді, Бұқар жыраулардың толғаулары толғаудың әлеуметтік келбетінің кемелденген кезеңіне келетіндігін өз еңбегінде академик Әлкей Марғұлан көрсеткен.
Үмбетейдің жыраудың бізге жеткен арнау, толғаулары хандық дәуірдегі әдебиет үлгілері жинақталып басылаған «Алдаспан» (1971), «Бес ғасыр жырлайды» (1984,1989), «Ақ берен“ (1982), «Ұлы арман» (1990), («Ай, заман-ай, заман-ай» (1991), «Жеті ғасыр жырлайды» (2004), «Он ғасыр жырлайды» (2006) жинақтарында, «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет“ хрестоматиясында (1993) жарияланып, әдебиеттанушы ғалымдар М.Мағауин, Ә.Қоңыратбаев, Х.Сүйiншәлиевтердің жоғары оқу орындары студенттеріне арналып жазылған оқулықтары мен оқу құралдарында сөз болып, талдаулар жасалынып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет