Лекция. № Лекция тақырыбы: ХҮ- xyii ғасырлардағы әдебиеттің даму сипаты, ерекшелігі. Лекция жоспары


Абыл ақын шығармаларының тақырыптары, идеялық-көркемдік ерекшеліктері



бет98/104
Дата14.10.2022
өлшемі369,21 Kb.
#43171
түріЛекция
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   104
Байланысты:
Лекция. № Лекция та?ырыбы Х?- xyii ?асырларда?ы ?дебиетті? даму

2. Абыл ақын шығармаларының тақырыптары, идеялық-көркемдік ерекшеліктері.
Абыл ақын шығармаларының дені толғау, арнау үлгісіндегі жырлар болып келеді. Абыл өзімен замандас өткен Сүйінқара, Құлбарақ, Мырзатай батырлардың ерлігі, өлімі туралы жыр толғаған. "Сүйекем сапар шекті сексен бесте", "Құлбарақ батырға" деген толғауларын шығарған. Абыл ақын толғауында Мырзатайдың ерлігін былайша сипаттайды:
Мырзатай өлерінде налып өлді,
Қылышын қия жауға салып өлді.
Өлсе де Мырзатайдың арманы жоқ,
Жастығын өлерінде алып өлді.

Мырзатай өлерінде өрлеп өлді.


Қылышын ит дұшпанға сермеп өлді.
Мырзатай кім-кімнен де батыр еді,
Тіріде жауға намыс бермеп еді.

Бұл жаудан жақсы да өлді, жаман да өлді,


Мырзатай, Дулатұлы Қабан да өлді.
Тигесін ажал оғы, амал бар ма,
Маңдайын еш аудармай, табанда өлді.

Жау шапты көрген жан көп көзіменен,


Ер өлді Бүркітәлі, Кежіменен.
Бір пенде алай-былай десек дағы,
Алладан ажал жетті кезіменен...
Ақынның бұл өлеңінің туу тарихы мынадай жағдайға байланысты болған екен: Хиуа ханы Аллақұл аттандырған үш мың кісілік әскер 1832 жылы қыста Маңғыстауды шабады. Сол соғыста аталған батырлар опат болады. Бұл толғаулар сол кезде шығарылады.
Абыл өмір сүрген кезде қазақ жерінің батысы орыс отарлауына, солтүстік шығыс беті Хиуа хандығының көз алартқан қыспағына ұшыраған жағдайды басынан кешіреді. Сол заманның ағымын көзімен көрген куәгердей аңғарып, ой түйген ақын үстем тап билеушілеріне Махамбет пен Шернияз сияқты сын көзімен қарап, олардың әділетсіз ісін, қатал тәртібін батыл әшкерелейді.
Ғалым Х.Сүйіншәлиевтің жазып көрсеткеніндей: «Өмірінің соңғы кезеңінде Баймағамбет, Қайыпқали сұлтандармен кездесіп, бетпе-бет отырып айтқан батыл сөздеріне қарағанда Абыл – шындықты айтудан еш тартынбаған, хан алдында тұрып оны жерлеуге батылы да, тілі де жеткен ақын».
Туысы Баймағанбет сұлтанмен бақталас болған Қайыпалды Хиуа ханы қарамағына өтіп, оған адай елінен салық жинап қызмет етеді. Қайыпалдының халыққа қысым көрсеткен қарау ісін Абыл батыл сынап жүреді. Бірде кездескен Қайыпалды Абылға: «Сен мені жамандайтын көрінесің, сонымды бетіме айтшы», - депті. Сонда Абыл ақын тайсалмай:
...Баймағанбет өзіңнен артық десе,
Ұстайды сонда сенің жының, тақсыр...
Хиуаның қонышына кіріп кеттің,
Бір уыс болмаса игі еді құның, тақсыр!?
деген екен. Ақынға өштенген Қайыпалды Абылға 60 атан айып салады. Осыған шамданған ақын қасына 60 жігіт алып, Қайыпалдыға келіп, ат үстінен мына сөзін айтады:
Адайдың салық салдың мойынына,
Шыдамай Адай сенің ойыныңа
Алпысы адуынды атқа мініп,
Жармасты жарақтанып сойылына.

Оу, тақсыр, тура қарап жауабыңды айт,


Абылға алпыс атан салдым деген
Әзілің әнеу күнгі қойылды ма?
Жасанған қолдан сескенген Қайыпалды әзілдеп едім деп сөзінен танады.
Абылды Баймағанбет сұлтан да кінәраттап қудалап отырады. Бірде сұлтан ауырып жатқан күйінде Абылды қыспаққа алып, мені жамандайтын сөзіңді көзімше айтшы депті. Сондағы Абылдың қаймықпай айтқаны:
Делірген дажал сынды дәрежеңді,
Деп жүрсің құдай қорып, қыдыр баққан.
Ер өлді деп етек бұлап жылайтұғын,
Байеке-ау, қай ісің бар елге жаққан?
Абыл жыраулар дәстүрін өз заманы сәйкестендіріп толғаған парасатты ойға, ақыл, нақыл, насихат сөздеріне толы толғаулар шығарады. Оның "Тілеумағанбет қазасын әкесі Бердіқұлға естіртуі", "Арғымақ атта сын болмас" деген жырлары мен "Шерниязға айтқаны", "Кәрілік", "Сексеннің» біз де келдік жетеуіне" деген өлендері өмірдің сан саласынан алынған ғибратты мысалдарға толы туындылары болып есептеледі.
Абыл ақын шығармаларының тәлімдік құны әлі де өз мәнін жойған жоқ. Мысал ретінде ақынның мына өлеңін келтіре кетсек болады. Абылдың ағайындары оның әйелін өзіне лайық көрмей, басқа әйел ал деумен әуре еткен көрінеді. Сонда Абыл «Отырған қарсы алдымда Қаным-айым» деген өлеңін осыған орай шығарған екен деп айтылады. Әйелін қадірлеп өтетініне серт бергендей көңілін былайша көрсетеді:
Отырған қарсы алдымда Қаным-айым,
Алдымда - ас, үсте - киім, бәрі дайын,
Арыстан, Артығалыдай ұл туғасын,
Қырмызы, Қытайыдай қыз туғасын,
Ол барда қор қызын да танымаймын.
Бұл Абылдың әйел қауымына деген адал жүрегін, инабатты адамшылығын танытатын туындысы болып саналады.
Абыл ақын «Арғымақ атта сын болмас» деген өлеңінде өмір тәжірибесін жинақтап, нақыл сөздерді былайша термелейді:
Арғымақ атта сын болмас,
Қиған қамыс құлақсыз.
Азаматта сын болмас,
Арты болса тұяқсыз.
Айдын көлде сын болмас,
Жағасы болса құрақсыз.
Асқар тауда сын болмас,
Бауыры болса бұлақсыз.
Ақ киікте сын болмас,
Арты болса лақсыз.
Жеті арнада сын болмас,
Аяғы болса тұрақсыз.
Абыл халықтық салт үлгісіндегі өлеңдер де шығарған. Оған мысал ертінде «Тілеумағанбет қазасын әкесі Бердіқұлға естіртуін», «Сүйінқара батырды жоқтауын» айтсақ болады. Ақын Сүйінқара батырды жоқтауында оның ел арқа сүйер азамат екендігін:
Сен барда сүйеулі еді арқам жарға-ай,
Қатепті қайыспайтын қара нардай.
Аузына байтақ жұрты анталаған,
Сүйекем сөйлер еді-ау қарқуардай.
Сүйекем сапар шекті сексен бесте,
Сисемде қалды жатып - аю төсте.
Қорлыққа көнбен деген бір пенде еді,
Ажалға - о да көнді салған іске.
Абыл талай айтысқа да түсіп жүлде алған ақын болғандығы жөнінде де деректер бар. Деректерге қарағанда аттары әйгілі Шернияз, Нұрым, т.б. ақындармен айтысқан. Ақынның айтыстары оның суырыпсалмалық өнеріне айқын дәлел болады. Дегенмен айтыстарынан сақталған нұсқалар көп емес. Айтыстарының ішінде Абыл Балдай деген қызды жеңе алмайды. Ақыры, Балдай ұзатылғаннан кейін оның күйеуінің көзінің мінін бетіне басады. Балдай сол жарының кемістігіне қорынып, жауап қайтара алмаған сияқты.
Қорыта айтқанда, Абыл ақын ғалым Х.Сүйіншәлиевтің жазып көрсеткеніндей кезінде «көркем ойдың өсуіне, бейнелі сөздің өрістеуіне сүбелі үлес қосқан, ақындық өнердің өркендей түсуіне ықпалы мол тиген әділ сөз зергерлерінің бірі».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет