Лекция. № Лекция тақырыбы: ХҮ- xyiiі ғасырлардағы әдебиеттің даму сипаты, ерекшелігі. Лекция жоспары


Үмбетей жыраудың Бөгембай батыр өлiмiн Абылайға естiртуiндегi жыраудың өзiндiк өрнегi. Ондағы батыр бейнесiнiң көрiнуi, дәрiптелуi



бет77/103
Дата26.04.2023
өлшемі1,34 Mb.
#87335
түріЛекция
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   103
Байланысты:
Хандық дәуір әдебиеті Лекциялар мәтіні

3. Үмбетей жыраудың Бөгембай батыр өлiмiн Абылайға естiртуiндегi жыраудың өзiндiк өрнегi. Ондағы батыр бейнесiнiң көрiнуi, дәрiптелуi.
Деректерде Үмбетей есімі Бөгембай батырмен қатар аталады. Бөгембай образы жыраулар творчествосынан көрнекті орын алады, мұнда, шын мәнінде, батырға өлеңмен берік ескерткіш жасалған. Бұқар мен Үмбетейдің Бөгембайға арнаған жоқтауы – дәл мағынасындағы жоқтау емес, одан да биігірек тұрған көркем поэтикалық ескерткіш.
Белгілі ғалым Ә.Дербісәлин «Толғау жанры туралы» деген мақаласында («Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті», 1983. 476-б): «Бөгембайдың ерлігін жырау өзінің алдындағы сарқылмас сөз өнері – ауыз әдебиеті дәстүрлері негізінде суреттейді. Батырдың батырлық қимылын тануда да, бейнелеуде де батырлар жырында қалыптасқан негізгі өлшемдер мен көркемдік тәсілдерге сүйенеді.
Соған қарамастан асыра әсірелеу де, қиялдағы батыр бейнесін жасау талабы да байқалмайды. Керісінше, өмірде болған адамның ісі оны тікелей көрген адамның көзімен өлшеніп бағаланады, суреттеледі. Соның нәтижесінде толғаудан елін жаудан қорғаған қайсар ер, қайтпас батырдың өр бейнесін көргендей боласың. Үмбетейдің «Бөгембай батыр өлімін Абылай ханға естіртуі» де осы деңгейдегі толғау. Жырау Бөгембай сияқты батырлардың Абылай тұсында өмір сүруін Абылайға «Тәңірім берген үлкен сый» деп бағалайды, суреттейді. Бұқар толғауы сияқты мұнда да Бөгембай ел қорғаны – батыр ретінде көрінеді. Сөйте тұра осы екі толғауға тән, ортақ сипат – адамдық жылылық пен сыршылдық. Бұл кейіпкер басынан емес, автордың кейіпкерге қатысынан көрінеді», - деп түсініктер береді.
Үмбетей батыр Бөгембайдың өліміне арналған жоқтауында оның жоңғарлармен айқасуындағы ерліктерін былайша жырлап:
Қолтығы ала бұғының
Пәйкесіндей Бөгембай!
Жалаң қия жерлерден
Жазбай түсіп түлкі алған,
Білегі жуан бүркіттің
Тегеурініндей Бөгембай!
жарқын, әсерлі образын жасаған. Үмбетейдің Бөгембай жөніндегі жоқтауы халық қорғанының тамаша образы болып саналады.
Динамикалық қимыл әрекетке толы экспрессивті жолдар Бөгембайдың басқыншыларға қарсы халық күресінің тарихында алатын орнын ойып алып көрсетеді. Толғауда жоқтау, мүдіру жоқ, бір тыныстан туған тұтас туынды. Мұнда «автордың» өзі мүлдем сырт қалады да, бар ықылас, тілек жырланып отырған нысанға ауады. Батырдың өлімін естірту арқылы өмірді жырлайды.
Ерікті, аралас ұйқасты 7-8 буынды жыр түріндегі бүтін тираданың тұла бойында бір тармақ үнемі үстемеленіп, қайталанып келеді. Жырау Абылай ханның басынан «талай істер» өткенін, «Үргеніштен мұнда келгенін», «күндіз түйе баққанын», «еш малшыға қосылмай, қара жерге отырмайтынын» айта келіп: «Ұмыттың ба соны, Абылай» деп бір түйіп тастайды.
Аруағыңа болысқан,
Әділ билік қылысқан,
Қашпаған қандай ұрыстан
Керейде батыр Жәнібек,
Қаз дауысты Қазыбек,
Қу дауысты Құттыбай,
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгембай,
Абылай, сенің тұсыңда
Сол бесеуі болыпты-ай!
Кейі батыр, кейі би,
Тәңірім берген сондай сый,
Ұмыттыңба соны, Абылай?! –
деп және бір желіні тартады да, келесі түйінге жақындайды, халық батырларын мадақтайды. «Дүние кезек, Абылай! Қаласың әлі-ақ сен былай» деп, хан тағының тағдыры қысқа екендігін батыл ескертеді.
Жоқтаудың оқушыға қатты әсер ететін тағы бір себебі: жырау Бөгембай аттанарда қасында болыпты. «Батырды қолдан өткіздім, сәлемін, міне, жеткіздім» деген жолдары соған айғақ. Уақиғаның ізі суымай тұрғанда, Үмбетей толғауды ыстық қалпында төгіп салған. Содан барып кесек, жұмыр жыр дөңгеленіп түсе қалған. Ерлік стихиясы жырау жанына жақын тақырып болғандықтан, еркін, барынша тебірене жырлағаны байқалады.
Басқа еңбектерін былай қойғанда, Үмбетейдің Бөгембайға арнаған толғауының орны бөлек, жауынгер, патриот ақынның халық қамын ойлағандығын, ердің ерін ел ұмытпайтындығын, батырлықты кемеліне келтіре жырлағандығын сеземіз. Шабытының шылбырын босатпаған, елдің жай-күйін ойлаған, адамдық жасауға шақырған жырау бейнесі алыстаған сайын ұрпағы үшін тұлғалана түспек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет