Лекция. № Лекция тақырыбы: ХҮ- xyiiі ғасырлардағы әдебиеттің даму сипаты, ерекшелігі. Лекция жоспары


! Бөгембай батырға жоқтау шығарған белгiлi сөз шеберi



бет80/103
Дата26.04.2023
өлшемі1,34 Mb.
#87335
түріЛекция
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   103
Байланысты:
Хандық дәуір әдебиеті Лекциялар мәтіні

!
Бөгембай батырға жоқтау шығарған белгiлi сөз шеберi:
/
Үмбетей
/
Тәтiқара
/
Есет
/
Қобылан


!
Бөгембай өлімін Абылай ханға естірткен жырау:
/
Үмбетей
/
Бұқар
/
Марғасқа
/
Қазтуған
/
Ақтамберді


!
Бұқар жыраумен тұстас өмір сүрген, сыйлас болған жырау:
/
Үмбетей
/
Доспамбет
/
Қазтуған
/
Жиембет
/
Ақтамберді


!
«Жеті ғасыр жырлайды» деген атпен екі томдық қай жылы жарық көрді?
/
2004
/
1989
/
1975
/
2012


!
«Қазақ әдебиетінің тарихы» кімнің еңбегі?
/
Ә.Қоңыратбаев
/
Е.Ысмайылов
/
М.Мағауин
/
Қ.Жұмалиев


!
«ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті» атты зерттеу еңбектің авторы:
/
Қ.Жұмалиев
/
Ә.Қоңыратбаев
/
Е.Ысмайылов
/
М.Мағауин


!
Үмбетейдің жыраудың арнау, толғаулары жинақталып басылаған «Ай, заман-ай, заман-ай» антологиясы қай жылы жарық көрді?
/
1991
/
1989
/
1975
/
2012


!
Жырау «не бетіңмен қорғайсың Жауқашардың тоғызын» деп кімге айтқан?
/
“Бәкеге“
/
“Бұқарға“
/
“Бөгембай өлiмiне“
/
“Ей, Ақтамбердi, Қабанбай“


!
Үйіңдегі ұлың жаман болса,
Есіктегі құлмен тең.
Қойныңдағы қатынын, жаман болса,
Қаңтардағы мұзбен тең, – деген өлең жолдары қандай арнауында айтылады?
/
“Бұқарға“
/
“Бөгембай өлiмiне“
/
“Ей, Ақтамбердi, Қабанбай“
/
“Бәкеге“


!
Суытпа босқа түсіңді,
Қайрама онша тісіңді,
Сырт тазасы не керек,
Тазарт әуелі ішіңді – деген өлең жолдары қандай арнауында айтылады?
/
“Ей, Ақтамбердi, Қабанбай“
/
“Бәкеге“
/
“Бұқарға“
/
“Бөгембай өлiмiне“


!
Мен пайғамбардан бастасам,
Әңгімеге кетермін.
Едігеден бастасам,
Ертегіге кетермін.
Келтесінен қайырсам,
Сөз түбіне жетермін, – деген өлең жолдары қандай арнауында айтылады?
/
«Бекболат биге»
/
“Ей, Ақтамбердi, Қабанбай“
/
“Бәкеге“
/
“Бұқарға“
/
“Бөгембай өлiмiне“
Лекция. № 13.


1. Лекция тақырыбы: Шал ақын (Тілеуке) Құлекеұлы шығармашылығы.

2. Лекция жоспары:
1. Шал ақынның өмірі, шығармашылығы туралы деректер.
2. Шал ақынның өмiрi мен шығармашылығының зерттелуi, өлеңдерінің жариялануы.
3. Шығармаларының тақырыптары.
4. Шал ақынның әйелдер, қыздар тақырыбындағы өлеңдерiнiң тәрбиелiк мәнi.
5. Шал қынның сөз өнерi, ақындық туралы ойларының шығармаларындағы көрінісі.
6. Шал ақын шығармашылығының айтыс өнеріне қатысы.
7. Шал ақын шығармаларының көркемдік сипаты.


3. Лекция мақсаты: Шал ақын Құлекеұлының өмірі мен шығармашылығы туралы деректермен таныстыра отырып, оның әдеби дәстүрді жалғастырушы, сонымен қатар ақындық өнерді дамытушы, адам бойындағы ізгі қасиеттерді өлеңдеріне негізгі арқау еткен көрнекті сөз шебері ретіндегі шығармашылық ерекшелігін таныту. Ақын шығармаларының мән-мазмұнын игерту.

4. Лекцияның мазмұны:
1. Шал ақынның өмірі, шығармашылығы туралы деректер.
Шал ақын (Тілеуке) Құлекеұлы 1748 жылы Көкшетау өңірінде туылған. Ол – XV-XVIII ғасырлар әдебиетіндегі ең көрнекті сөз шеберлерінің бірі. Ақынның әкесі Құлеке батыр Абылай ханның жақыны, Орта жүздегі ең беделді рубасыларының бірі еді. 1755– 1760 жылдар шамасында Құлеке батырдың ауылы Көкшетаудан көшіп, Есіл өзенінің бойына қоныс аударады және сонда біржола тұрақтайды.
Ақынның ес білгеннен соңғы ғұмыры қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Сергеев ауданының шегінде өтеді. Бала Тілеуке он бес жасында-ақ даңқы шығып, Шал (өткір, ұшқыр) ақын аталып өнер жолына түседі. Шал шебер ақын болса да, шаруаға қырсыз болған екен. Шал өмірінің екінші жарымында кедейлікке ұрынады. Қартайып, ауру жеңген соңғы күндерінің өзінде де өнерінен танбайды. Ақын жазғы жайлауда 1819 жылы қайтыс болады. Сүйегі қазіргі Сергеевка селосының жанындағы Аютас деген төбенің түбіне жерленеді.
Шал ақын өз заманының білімді адамдарының бірі болған. Шалдың білімі ислам жайын, шариғат қағидаларын жақсы меңгерумен ғана шектелмеген. Ол туған халқының өткен тарихын, рухани және мәдени байлығын жете таныған.
Өз айтуынша, көптеген туындыларын жазып шығара тұрса да, Шал ең алдымен импровизатор ақын болған. Ақын жиын-той, мерекелер қуып, елден-ел аралап жүрген сапарларында кез келген жерде кез келген тақырыпқа өлең шығара берген екен. Осының нәтижесінде Шал артында қалған мұра ұшан-теңіз болуға тиіс еді. Алайда, төңкерістен бұрын жасаған көптеген қазақ ақындары сияқты, Шал туындыларының да дені сақталмаған. Бұлардың ішінде қазақ халқының тегін тарататын, әр түрлі тарихи аңыздар мен әңгіме-хикаяларға толы аса көлемді шежіре-эпос та кетті деген пікір айтады зерттеуші ғалымдар.
Шалдың ескіше сауаты болғаны жөнінде пікірлер айтылып жүр. Бұл пікірді ақын шығармаларындағы өз сөздері де растай түседі. Мысалы, Шалдың:
Шежірелі қартың болса хатың деген,
Кітапқа қарттың сөзі жақын деген,
Жер ортада өлмесін атың деген,
Ер ортада өлмесін қатын деген, –
деп айтуында сондай бір себеп болса керек. Ақын өз өлеңінде кітап сөзін биік қояды. Демек, ол мәнді кітаптармен таныс болуды деп айтуымызға болады. Қасиеті деп танымаса кітап туралы Шал бұлай айтпас еді. Осыған мәселеге орай Ғ.Малдыбаев: «Шал оқымаған адам» десе, Ғ.Әбетов: «Шал суырып салма тәсілін ұстаған импровизатор ақын болғанымен, оның өз өлеңдерін хатқа түсірерлік сауаты да болған» деген пікір айтқан екен. Шалдың мұсылманша сауаты болуы әбден мүмкін, бірақ дегенмен ақын өлеңдерінің дені импровизаторлықтан туғандығы аңғарылады. Шығармаларындағы төкпе, шешен тіл, т.б. белгілер осы ойға айқын дәлел бола алады.
Белгілі ғалым М.Мағауин айтқандай, «Дін мұсылман, кәләм шариф араласатын көптеген өлеңдеріне қарағанда Шалдың шынында да сауатты, ислам дінінің қағидаларын біршама жетік білген, өз заманы үшін білімдар адам болғандығы байқалады».
Шалдың айтыс өнерінде де төселген ақын екендігі шығармаларынан байқалып тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет