Сипаттізім бөлімдері және олардың мазмұны
Бөлім атауы
|
Бөлім мазмұны
|
Құжаттар
|
Сипатталатын бұйымның конструкторлық мәліметтерін құрайтын (сипаттізімнен басқа) құжаттар, мысалы: құрастыру сызбасы, монтаждау сызбасы, сұлба, түсіндірме жазбалар, паспорт, техникалық талаптар және т.б.
|
Кешендер (комплекстер)
|
Сипатталатын бұйымға ғана қатысты кешендер
|
Құрастыру бірліктері
|
Сипатталатын бұйымға кіретін және әрқайсысының сызбасы орындалған құрастыру бірліктері, мысалы: пісіру, дәнекерлеу және басқа да біріктірулер арқылы орындалған қосылыстар.
|
Тетікбөлшектер
|
Сипатталатын бұйымға ғана кіретін тетікбөлшектер.
|
Стандарт бұйымдар
|
Мемлекеттік, содан соң республикалық, салалық, кәсіпорындар стандарттарына кіретін бұйымдар.
|
Басқа да бұйымдар
|
Техникалық талаптар, каталогтар мен прейскуранттар бойынша қолданылатын стандарт емес бұйымдар.
|
Материалдар
|
Құрастыруда қолданылатын бұйымдар мен сызбалары орындалмаған тетікбөлшектер. Мысалы: сым, мата, құрыш және т.б.
|
Комплектілер
|
Сипатталатын бұйымға ғана қатысты комплектілер. Мысалы: монтаждау бөлігінің комплектісі, қосалқы бөлшектер комплектісі, құрал – жабдықтар комплектісі және т.б.
|
|
|
Құжатқа кіретін құрастыру сызбасы жазылады. Содан соң бір жол тасталып, тетіктер деген сөз жазылады, онда құрастыру сызбасына кіретін тетіктердің атаулары беріледі. Тағы бір жол тасталып, «стандартты бұйымдар» сөзі жазылады, онда стандартты бұйымдарға кіретін тетіктер түрі қамтылады. Мысалы: Бұрандама М12х55х25. Келесі жолға материал сөзі жазылады, оған бұйымның қандай материалдан жасалғанын толтырады.
4-сурет
Сипаттізімде тетік атауларына қойылған реттік нөмірі сызбада тетіктердің жанына жазылады. Оларды сөрелерге жазып, оның сөрелерден тартылған көлбеу шығарма сызықтардың тетік кескіндеріне барып тірелген ұшына нүкте қойылады. Сөрелер жəне шығарма сызықтар тұтас жіңішке сызықтармен сызылады (4-сурет). Тетік кескінін табу үшін сипаттізімнен оның нөмірін анықтап, оны сызбадан шығарма сызықтың ұшынан қажетті кескінін анықтай алады. Құрастыру сызбасындағы реттік нөмірді оңай табу үшін сөрелерді тұрған жолына қарай көлденеңнен (горизонталь) немесе тігінен (вертикаль) топтайды. Реттік нөмірлерінде көрсетілген сандар өсу ретімен сөреге сағат тілімен немесе оған қарама-қарсы бағыт бойынша жазылады. Реттік сандар тетіктің көрінетін көрінісінде немесе тілікте көрсетіледі. Бекітілетін бір ғана жерде қажетті тетіктер тобы жазылатын ортақ шығарма сызық жүргізуге болады.
№1 Тапсырма 2-суреттегі сызбаны дәптерге салу (5мин)
5-сурет
№2 Тапсырма. Сұраққа жазбаша жауап беріңіз (5-сурет) 5минут
1.Бұйымның аты?
2. Сызбада қандай кескін берілген?
3. Қай тетікте бұранда бар (номерін жазыңыз)?
4. Қай бөлшек металл емес (номерін жазыңыз)?
5. Өтпелі тесіктері бар тетіктер? (номерін жазыңыз)?
Тапсырма №3 Құрастыру сызба бойынша сипаттізімді дәптерге салып төмендегі мәліметтерді кестеге толтырып жазыңыз (6-сурет) 20 минут
?
?
6-сурет
Құжаттама – «Құрастыру сызбасы», корпус (БГАЕУ.ИГ 37.03.00.001), қақпақ (БГАЕУ.ИГ 37.03.00.002), пластина (БГАЕУ.ИГ 37.03.00.003), Болт М10х 40 МЕСТ 7798-70, винт М16х42 МЕСТ 1491-72, гайка 2М10 МЕСТ 5915-70, гайка 2М16 МЕСТ 5915-70, тығырық 10МЕСТ 113771-78, тығырық 16 МЕСТ 113771-78, кілтек М6х42 МЕСТ 22038-76
Достарыңызбен бөлісу: |