Лекция № Сабақтың тақырыбы: Сипаттізім



бет3/4
Дата06.01.2022
өлшемі0,91 Mb.
#12887
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
№25 САБАҚ Сипаттізім

3. Сипаттізім бөлімдері

Спецификацияны, белгілі бір реттілікті сақтап, жоғарыдан төмен карай жазып толтырады. «Комплекстер», «Құрастыру бірліктері», «Тетікбөлшектер» бөлімі. Бұл бөлімдердегі жазбаша мәліметтер белгілену индексіне кіретін әріптерді алфавиттік ретте, ал сандарды өсу реті бойынша жазу арқылы беріледі.

Бесінші бағанның ортасында «Құжаттар», «Тетікбөлшектер», «Стандарт тетікбөлшектер» деп жазып, олардың астын жіңішке тұтас сызықпен әрқайсының астынан бір жол тасталып атаулары жазылып толық мәліметтері көрсетіледі. Осындай тақырыпшалардан кейін құжаттар мен тетікбөлшектердің атауларын бірінен кейін бірін тіркестіріп жазады.

«Стандарт бұйымдар» бөлімі. Бұл бөлімдегі бұйымдар стандарттар категориясының реті бойынша (алдымен мемлекеттік, содан соң республикалық, салалық, кәсіпорындар стандарттары) жазылады. Әрбір категорияға кіретін бұйымдар топтарға бөлінеді, мысалы: бекіту бұйымдары, арматура, әртүрлі бұйымдар. Әр стандарт категориясы бойынша жазулар алфавиттік ретпен, ал бұйым атаулары стандарттар белгіленуінің өсу реті бойынша жазылады, мысалы: Болт М12 х 65.58 МЕСТ 7796-70 Болт М20 х 75.58 МЕСТ 7798-70. Егер бұйым бір стандартпен дайындалған болса, онда ықшамдап жазуға болады, мысалы:

Болттар МЕСТ 7796-70

М10 х 65.58

М20 х 65.58

М24 х 75.58

яғни бұйым атауының жалпы бөлігін тақырып ретінде бір рет қана жазуға рұқсат етіледі. Сипаттізімде бекіту бұйымдары тобын мынадай ретпен жазу ұсынылады: болттар, винттер, гайкалар, шайбалар, шпилькалар.



«Басқа да бұйымдар» бөлімі. Бұл бөлімдегі жазбалар бірыңғай топтарға бөлініп, топ ішінде алфавиттік ретпен жазылады.

Жеке құжат ретінде А4 пішімдегі сипаттізімдегі негізгі жазудың пішіні сызбадағы кестенің негізгі жазуы (штамп) өзге болады 3,а-сурет 3,ә-суреттерде салыстырмалы түрде көрсетілген. Сипаттізім кестенің астыңдағы негізгі жазудың өлшемдері бір бірінен өзгеше болады, ұзындықтары 185мм, біріншісінің ені 40мм, ал екіншісі 55мм.

3, а-сурет




3, ә-сурет



Кесте 5.1



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет