Лекция № 1. Саясаттану ғылым және оқу пән ретінде. Саяси ғылымның қалыптасу мен дамуының негізгі кезендері Лекция жоспары: Саясаттанудың объектісі және пәні. Саясат ілімдерінің құрылымы. Саясаттанулық зерттеу әдістері мен негізгі парадигмалар. Саяси ғылымның қызметі.
Саясаттанудың өзге ғылымдармен ара қатынасы. Ежелгі классикалық дәуір мен ортағасырдың саяси ойлары. Қайта өрлеу және жаңа заманның саяси идеялары. Қазіргі дәуірдің саяси теориялары. Отандық саяси ой тарихы мен идеялары
Лекция мақсаты: Саясаттанудың объектісі және пәні, саясат ілімдерінің құрылымы, саясаттанулық зерттеу әдістері мен негізгі парадигмалар, саяси ғылымның қызметі, саясаттанудың өзге ғылымдармен ара қатынасы, ежелгі классикалық дәуір мен ортағасырдың саяси ойлары, Қайта өрлеу және жаңа заманның саяси идеялары, қазіргі дәуірдің саяси теориялары, отандық саяси ой тарихы мен идеяларымен таныстыру
Лекция мазмұны: Саясаттану ғылым ретінде. Саясаттану сөзі ("политология") гректін, «политика" және "логос" деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі. Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы кұбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдін ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстық қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарадық. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, сол кездегі мифтарға сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Кытай мифы бойынша билік құдайдың құдіретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымем байланысты император болып есептелген. Ежелгі гректерде ен алғашқы билікті жүргізуші құдайлардың өздері болыпты-мыс. Біздің з.б. бірінші мыңжылдықтың ортасында саясаты діни-мифологиялық танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер — Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты.
Саяси ғылымның қалыптасу мен дамуының негізгі кезендері Қай заман болмасын оның ойшылдарын ойландыратын мәселе – халықты бақытты ету жолдарын іздеу. Оны әр ойшыл заман талаптарына сай өзінше пайымдап, өзінше шешті. Жалпы саяси ойдың даму кезеңдері мен ойшылдарын былай топтауға болады:
Ерте дүние: Конфуций, Будда, Заратустра, Иеремия, Пифагор, Демокрит, Платон, Аристотель. Ортағасырлы: А. Августин, Ф. Аквинский, М. Лютер. Қайта өрлеу мен жаңа заман: Н. Макиавелли, Томас Мор, Т. Кампанелла, Т. Гоббс, Д. Уинстенли, Джон Локк. «Ағарту» Ш.Монтескье, Вольтер, Ж.Ж.Руссо, Д.Дидро, К.Гельвеци, Ж.Ламетри, Ж.Мелье, Морелли, Г.Мабли, Р.Н. Радишев. Жаңа және жаңаша уақыт И. Кант, И.Фихте, Ф.Шеллинг, Г.Гегель, К.Сен – Симон, Ш.Фурье, Р.Оуэн, Н.Чернышевский, А.Герцен В.Белинский, Н.Добролюбов, К.Маркс, Ф.Энгельс,
В.И.Ленин, Қазақ ойшылдары.
1. Ежелгі Қытай және Индиядағы, Ежелгі Греция және Римдегі саяси ойлардың қалыптасуы. Саяси ілімдер тарихы – адамзат баласының рухани мәдениетінің ең маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Онда саясат, мемлекет, құқық мәселелеріне көптеген ойшылдар ұрпағының заңғар да ауқымды еңбек тәжірибелері көрсетілген.
Бұл еңбектер мемлекеттің пайда болуы мен даму барысындағы саяси жүйелер жайлы мағлұмат, түсініктер беріп қана қоймай, қазіргі замандағы көптеген мәселелерге ықпалын тигізеді. Ежелгі Египет, Қытай, Грек халықтарының саяси ойлары адам баласының жер бетіндегі орнын мифологиялық түсініктермен негіздейді. Ежелгі мифтер мемлекет, билік мәселелерін, өмірдің даму заңдылықтарын аспандағы құдайдың ықпалының нәтижесі деп түсіндіреді, яғни жер бетіндегі заңдылықтар - әлемдік, космостық заңдылықтардың бір бөлшегі. Әйтсе де құдайлардың ықпал ету сипаты мен жер бетіндегі мәселелер әр мифте әр түрлі болып келеді, мысалы ежелгі Қытайда жергілікті биліктің көзі императордың қолында, себебі ол аспан ұлы, яғни император аспанның бір бөлшегі ретінде өз халқының әкесі болып табылады. Египет, Вавилон, Индия халықтарының мифтері басқаша – онда аспандағы құдайлар билік көзі ғана емес, жердегі адамдар тағдырының шешуші күштері болып келеді.
Орта ғасырлар мың жылдан артық дәуірді қамтиды. (V – XVI ғасырлар). Ол дәуірді үш кезеңге бөлуге болады.
1. Бірінші кезең ерте феодалдық (V - XVIғасырдың ортасына дейін) – феодализмнің әлеуметтік – экономикалық формация ретінде қалыптасуы, ірі мемлекеттік ұйымдар пайда бола бастауы.
2 Европа елдеріндегі мен Мұсылман мемлекеттеріндегі саяси көзқарастардың Екінші кезең – (XI ортасы және – XV ғасырдың аяғы) - феодализмнің өркендеп, сословиелік монархияның пайда болуы.
Үшінші кезең – (XVғ. аяғы мен XVIIғасырдың басы) – феодализмнің құлдырауы, капиталистік элементтердің қалыптаса бастауы. Орта ғасырларда шіркеу - адамдардың саяси, рухани өмірінде шексіз билігін орнатты. Орта ғасырдағы христиан діні феодалдық қоғамның өміртанымдық негізі саналды, барлық ғылым жүйелері дін қызметінің қолында болды. Әйтсе де Европаның саяси тарихына көз жүгіртсек, онда шіркеу мен светтік феодалдар (шонжарлар, монархтар) арасындағы қоғамдағы билік үшін таусылмас тартысты байқаймыз.
4. XV – XVIII ғасырлардағы еуропадағы саяси - әлеуметтік көзқарастар.
5. Қайта өрлеу дәуірі – ірі саяси оқиғалар кезеңі, ол феодалдық қатынастардың ыдырап, капитализм элементтерінің пайда болуымен, буржуазиялық таптың қалыптасуымен сипатталады. Қайта өрлеу кезеңінің идеологтары саяси-әлеуметтік құндылықтарды жинақтау барысында антикалық мәдениет мұратына жүгінеді, сол антикалық мәдениетті қайта жаңартуға тырысады, антикалық өркениет идеяларын уағыздауы - сол кездегі феодалдық қатынасқа, католицизм заңдарына деген наразылықтан туады. Қайта өрлеу дүниетанымында - адам тағдыры оның тұқымына, тегіне, әлеуметтік дәрежесіне байланысты емес, тұлғаның жеке басының қасиеттеріне байланысты деді. Орта ғасырлардағы адамның барлық жақсы қасиеті құдайдан деген қағиданың орнына - адамның қасиеті тұлғаның жеке басының қабілетіне, талантына байланысты деген идеология туады. Әрине, бірақ қайта өрлеу дәуірі антикалық мәдениетті таза түрде жаңарта алмайтын еді. Себебі Қайта Өрлеу кезеңі - теологиялық Орта ғасырдан кейін болды, Қайта Өрлеу мәдениетіне орта ғасырлар мәдениеті ықпал етпей қоймады. Осы кезеңдерде адамзат мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан тұлғалар тарих сахнасына шығады. Ол тек қана өнер саласында ғана емес, саяси салада да өз ізін қалдырады. Қайта өрлеу және Жаңа замандағы саяси ойларға келетін болсақ,оның басты ерекшелігі бұған дейінгі саяси ойшылдар сияқты “жақсы өмірді,, аңсаумен, тұлғаның сыртқы күштерге деген тәуелділігі емес керісінше, олардың зерттеу оьбектісіне мемлекет пен оның пайда болу мәселесі қатты қызықтырды. Саяси ойлар бірте-бірте діни және философиялық көзқарастардан айырылып, сана болмыстың негізі ретінде қарастырылып, эаңдар оның құралына айналыуы керек деген қахида бірінгші кезекке қойылды. Қайта өрлеу және Жаңа заман дәуіріндегі реформалық үрдістердің нәтижесінде әлеуметтік мәдениеттің жаңаша үлгілері жасалды, олар өз заманындағы дамыған бүкіл өркениеттік құндылықтар қатарына енді. Бұл заманның ойшылдары өздерінің мемлекет, құқық, заң сияқты түсініктерін қалыптастыруда антикалық өркениеттің рухани мұраларына сүйенеді. Антикалақ мұралар жаңа мемлекеттің үлгілерін іздестіруге негіз болды. Өйткен бұл үлгілер қайта өрлеу зманында өмір сүрген адамдарға жаңа мәселелерді шешу үшін қажет болды. Қайта өрлеу мен Жаңа заман ойшылдары дүниені түсіндіруде адамның тағдыры, шыққан тегі, атағы, конфессиялық статусы арқылы алдын ала болжанбайды, ол адамның қажырлығы, белсенділігі, игілікті істері арқылы анықталуы тиіс деп түсіндірді. Азаматтылық, халық игілігіне риясыз қызмет ету тұлғаның-индивидтің ең басты мақсатына айналып, басты мәселесі ретінде қарастырылды. Бұл түсінік теңдік пен әділеттілік ұстанымдарына сүйенеді, жеке адамның бас бостандығының кепілі іспеттес болып, адамға тән табиғи бастамаларына сәйкес келді. Қорыта айтқанда Жаңа заман саяси ойлар жүйесін азаматтық концепциялар жүйесіне жатқызуымызға болады. Өйткені ойшылдар осы заманда тұлға-индивидке ерекше көңіл қойып зерттей бастады. Негізгі мәселе етіп мемлекет пен ондағы жеке тұлға қарастырылды.
Қай заман болмасын оның ойшылдарын ойландыратын мәселе – халықты бақытты ету жолдарын іздеу. Оны әр ойшыл заман талаптарына сай өзінше пайымдап. Ежелгі дәуірдегі саяси ғылымға мол мұра қалдырған ежелгі грек ойшылы Платон, ол б.з.б. 427-347 жылдарда өмір сүрген. Шын аты Аристокл. Спортпен көп шұғылданғандықтан, жауырыны кең болыпты. Сондықтан «плотный» Платон атанып кеткен. Осы атымен тарихта мәңгілік қалды. Платон атақты ғалым Сократтың мектебінде оқиды. Кейін Афиныда өз академиясын ашады. Платонның екі жүзге тақау енбектері бар. “Мемлекет”, “Заңдар” т.с.с. саясатқа байланысты шығармалары бар. Платонның ойынша қажеттілік мемлекетті тудырады. Себебі, біреу егіншілікпен, біреуі мал шаруашылығымен, енді біреу қолөнермен айналысады. Кейін өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін айырбас жасайды. Халық тек бірігіп қана өмір сүре алады деген. Платон адамдарды үш топқа бөлген: 1.Әкімдер. 2.Қорғаушылар. 3.Өндірушілер.
Әкімдер - табиғи жаратылысынан шындықты, ақиқатты,танып біле алатын адамдар болуы керек деген. Қорғаушылар - мемлекетті қорғайды. Өндірушілер - мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етіп отырады. Бір таптың екінші тапқа өтуіне болмайды. Әркім өз міндетін атқарады. Ешкім бай-кедей болмағанын қалады деген. Сонымен қатар Платон қоғамдық меншікті қолдады. Ал жеке меншіктің болуы; талас-тартыс туғызады деп түсінді. Мұнда әкімдер мен қорғаушылардың мүддесі ортақ болса, ортақ игілік үшін адал еңбек етеді деп айтқан, яғни барлығының ортақ болғанын жөн көрді. Оларды мемлекет қорғайды деп түсінген. Платон мемлекеттік құрылысты беске бөлді: 1.Аристрократия - мемлекетті ақсүйектер билейді. 2.Тимократия - мемлекеттік билік бір адам қолында болады. 3.Олигархия - мемлекет азғантай топ қолында болады. 4.Демократия - мемлекет халықтың қолында болады. 5.Тирания - мемлекет күшпен басып алушы қолында болады.
Платонның ойынша бұлардың ішінде ең тиімдісі –аристократиялық мемлекет түрі. Мұнда ақыл-естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері - адамгершілік, абырой, ар-намыс деп саналады. Ежелгі Рим ойшылы Марк Тулий Цицерон (б.з.д. 106-43ж.)
саяси даму тарихында айтарлықтай із қалдырған. Оның "Мемлекет туралы", "Заңдар туралы", "Міндеттер туралы" деген еңбектері бар.
Цицеронның ойынша мемлекет меншікті қорғау, адамдардың бірігіп өмір сүруге тырысатын табиғи талабынан туады. Мемлекетті үшке бөлген:1.Патшалық билік.
2.Аристократия. 3.Демократия. Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы болды, қоғамдық-саяси қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады.
3. Ортағасырлық саяси ойлардың дамуы Орта ғасыр ойшылдарының саяси идеялары:
Феодалдық теологиялық идеологияның үстемдігі; Мемлекет алдындағы шіркеудің беделінің негізделуі.
Табиғат пен қоғамның заңдары - мақсатқа жетудің ережелері - Ф.Аквинский ХШ ғ.
Мемлекеттің діни мәнінің тұжырымдамасы: әлемдік тәртіпті құдай жаратқан. Өкіметті сөзсіз тыңдау, келісімділік уағызы. Дегенмен, адамдар жаратқанның алдында да, жер бетінде де тең. Шіркеудің рухани диктатурасымен күрес, саяси құрылысты өзгерту үшін зорлықты жоққа шығару. Орыс мемлекетінің тәуелсіздігі мен патша үкіметінің үстемдігі туралы идеялар. Орта ғасырда феодалдық қоғамның орны ерекше болды. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан астамға созылды. Бұл уақытта дін үстемдік етті. Патша шіркеуге бағынышты болуы керек деді, ал ақсүйектер көнгісі келмеді. Бұл кезде христиан дініне зор еңбек сіңірген Аврелий Августин (354-430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарасы "Құдай қаласы туралы" деген еңбегінде баяндалған. Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқұқтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің, нәтижесі деп санады. Құдай адамға еркіндік береді, яғни адамдардың құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Осыған байланысты адамдарды екіге бөлген: Кұдай жолымен өмір сүрушілер - болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құрады. Адам жолымен өмір сүрушілер - жын-шайтаннан мәңгілік жапа шегеді.
Христиан дінінің саяси теориясын негіздеп, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) болды. Оның "Билеушілердің басқаруы туралы", "Психологияның жиынтығы"
деген еңбектері бар. Оның ойынша жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан бірігіп өмір сүру үшін мемлекет керек. Мемлекеттік биліктің мақсаты "ортақ игілікке жету", адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау, барлығы жоғары тапқа бағынуы керек деп санаған. Ф.Аквинскийдің ойынша билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік діни билікке бағынуға тиіс. Аспанда құдай жерде Рим папасы билік етуі керек деген.
4. "Қайта өрлеу" және "Ағарту" дәуіріндегі саяси ойдың ерекшеліктері
Қайта өрлеу дәуірінің төмендегідей ерекшеліктері бар. Саяси ғылымның теологиядан оқшаулануы, мемлекеттің пайда болуының табиғи идеяларын негіздеу. Мемлекет туралы жүйелі ілім қалыптастыруға ұмтылу, "Мемлекет" деген ұғымды енгізу. Буржуазиялық мемлекеттің абсолютизмнен республикаға дейінгі формаларын тұжырымдау. Буржуазиялық саяси-құқықтық ойлардың пайда болуы. Азаматтық қоғам және қоғамдық келісім теориясының өкіметті бөлісу принципі туралы ілімнің қалыптасуы. ХVІ ғасырдағы алғашқы утопиялық социализм және ХVII-ХVIII ғасырлардағы сыншыл утопиялық социализм. Қоғамдық дамудың, білімнің, ақыл-ойдың рөлін дәріптеу. Гуманизм, адам құқы мен бостандығы идеяларын жария ету. Саяси басқару нысандарының ауысу заңдылықтары мен әлеуметтік күрестін мойындау - саяси өзгерістердің қозғаушы күші.
Феодализм ыдырап капитализм орнай бастады. Католик шіркеуінің озбырлығы мен оның діни қағидаларына қарсы шыққан халық адам құқығын, ар-намысын қорғауға ұмтылды.
Бұл уақыт "Қайта өрлеу" немесе "Гуманизм" деп тарихқа енді. Реформациялау, яғни шіркеуді өзгерту демократияландыру басты мақсат болды. Бірақ гуманистер халыкқа сенбеді. "Қайта өрлеу" дәуірінің негізін салушы Николло Макиавелли (1469-1527) болды.
Оның "Патша", "Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жайлы ойлар", "Флоренцияның тарихы", т.с.с. еңбектері болған. Макиавелли дінге қарсы болды. Тұңғыш рет мемлекет ұғымын енгізді. Н.Макиавеллидің сөзімен айтқанда Әлемнің тірегі құдай емес. Қоғам адамдарға қызмет ету керек деген ұстаным Жаңа заманның басты ұранына айналды.Макиавеллидің ойынша мемлекет басқарушы мен бағынушының қарым-қатынасы. Ол Республикалық
мемлекеттік еркіндікті, теңдікті аңсады. Мемлекет ерікті болса ғана, қуатты, абыройлы болады деп сенді. Мақсатқа жету үшін амал айланың қай түрін болсын қолдануды сұрады.
5. Жаңа және жаңаша дәуірдегі саяси ойлар. Жаңа заман XVII ғасырдағы Англиядағы буржуазиялық революция тұсында басталды. Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі - ағылшын ойшылы Томас Гоббс (1588-1679). Оның ойынша мемлекет жалпыға бірдей бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін керек. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке береді. Францияда буржуазиялық революцияның өкілі Шарль Луи Монтескье (1689-1775) әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортамен байланыстырды. Мемлекет азаматтарды тіршілікке қажетті қаражатпен қамтамасыз етуге міндетті деген ұстанымда болды. Францияның тағы бір ойшылы - Жан-Жак Руссо (1712-1778) ұсақ буржуазияның шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен теңдікті ең жоғары игілік деп санады. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында теңдікті сақтауы керек.
Американың ойшылы Томас Джефферсон (1743-1826). 0л Америка Құрама Штатының "Тәуелсіздік декларадиясын" жазды. Декларацияда адамдардың табиғи құқығы мемлекет белгілеген зандардан жоғары түруы керек. Жаратушы барлық адамдарды тең етіп жаратты және олардың өмірге, бостандыққа, бақытқа тырысуына құқығы бар делінген. Келесі ойшыл-Томас Пейн (1737-1809). Ол Америка халқын азаттық күреске шақырды. Ол бірінші болып қоғам мен мемлекетті ажыратты. Оның ойынша, мемлекетті қоғам тудырды. Үкіметтің мақсаты қауіпсіздікпен бостандықты қамтамасыз ету. Пейн соғысқа қарсы болды, бейбітшілікті жақтады.
Жаңа және жаңаша дәуірдегі идеялар 1. ХVIII ғ. аяғы - XIX ғ. басындағы "Философиялық революция": И.Кант, И.Вихте, Ф.Шеллинг, Гегельдің саяси ілімі азаматтық қоғам, мемлекет, үш үкімет, тәуелсіздік, әлемдік Рух; Германияның ойшылы Иммануил Кант (1724-1804). Оның "Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы тарихтың идеялары", "Өмірлік бейбітшілікке" деген еңбектері бар. Оның ойынша адам бір іс бастағанда өнегелік, адамгершілік заңын басшылыққа алу керек. Ол басып алушылықты, тонаушылық соғысты, оған дайындықты әшкерледі.Мемлекеттер арасындағы халық аралық сауда мен өзара қарым-қатынасты бейбітшілікті орнату мен сақтаудың құралы деп білді.
2. Сыншыл утопиялық-социализм - Сен-Симон, Ш. Фурье, Р.Оуэн; капитализмді күрт сынау, қоғамдық меншіктің пайдасына бола жекеменшікті жоққа шығару, еңбек басты тұтыным жеке адамның дамуы революцияны жокқа шығару. Әркім өз қабілетіне қарап еңбек ету, ақы алу сияқты пікірлер айтты. Олар материалдық игіліктерді әділ бөлу мәселесіне баса назар аударды. 3. Революциялық демократиялық утопиялық социализм-Н.Чернышевский, А.Герцен, В.Белинский, Н.Добролюбов. Қоғамды революцпялық жолмен жаңартуды қолдау, халықтың күшіне сену орыс шаруаларының қауымдастығы негізіндегі социализм.
4. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы буржуазиялық қоғамның таптық күресінің шиеленіске бастауы - марксизм теориясын тудырды. Марксизм-ленинизм - К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин. Капитализмнің тарихи күйреуінің сөздігі және комунистік қоғам құру Әлеуметтік социалистік революция және социализм теориялары. Әлемдік революциялық процесс. Социализм құрылысының жолдары. К.Маркс пен Ф.Энгельстің саяси идеялары. 1. Капиталистік қоғамды жою туралы қажеттілік. 2. Коммунизмді құру идеясы. 3.Саясат туралы жалпы теорнялық және методологиялық ойлары. 4.Тап күресі, пролетариаттың тарихи міндеті және оның одақтар туралы пікірлері. 5. Мемлекет, пролетариат диктатурасы туралы тұжырымдама. 6.Жұмысшы тобының азаттық күресінде коммунистік партияның жетекшілік рөлі. 7.Пролетариаттар күресінің стратегиясы мен тәсілдері жөніндегі принциптері. 8. Ғылыми социализмнің коммунистік қоғамның негізгі белгілері, мәні сипаты туралы қағидалары. 9. К.Маркс пен Ф.Энгельс пролетариат диктатурасы туралы ілімді дүниеге әкелді. Ал басшылық жасаушы- коммунисттік партия болады деген тұжырымдама жасады.
7. В.И.Лениннің саяси теориялық көзқарастары В.И.Ленин (1870-1924) К.Маркс пен Ф.Энгельстің ізбасары болды. Ол капитализм дамуының, импералистік сатысының заңдылықтарын зерттеді. Жаңа тұрпатты партия туралы ілімді жасады және соның ұйымдастырушысы болды. Жаңа қоғам құру ісін Ленин елді индустрияландырумен, ауыл шаруашылығын кооперациялаумен және мәдени революцияны жүзеге асырумен байланыстырды. Марксизм-ленинизм идеясы коммунизм кезінде мемлекет, саясат болмайды деп ұқты. . В.И.Лениннің идеялары В.И. Ленин төмендегідей идеялар ұсынды: 1.Жаңа тұрпатты саяси партия туралы ілім. 2.Жұмысшы табының одақтары туралы маркстік идеяларды жаңа жағдайға байланысты тұжырымдауы. 3.Социалистік революцияның лениндік теориясы. 4.Жаңа саяси жағдайда коммунистік партияның стратегиясы мен тәжірибесін ұсынуы. 5.Буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуы, имперализм туралы пікірлері. 6.Пролетариат мемлекетінің ұлт саясаты жөніндегі теориялары. 7. Социализм тұжырымдамасының негізгі бағыттары.
8. Қазақ жеріндегі ойшылдар. Қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ой-пікірлерге бай. Қазақтың алғашқы философы, әлеуметтанушысы. Математигі, физигі, астрономы, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед Ибн Тархан әл-Фараби 870-950 жылдары өмір сүрген. Ол екінші Аристотель атанған. Барлығы 160-тан астам трактат жазған. "Бақытқа жету жолдары", "Саясат туралы", "Азаматтық саясат" деген еңбектері бар. Әл-Фараби басқару түрін екіге бөлген:
1. Қайырлы - халықты бақытқа апарады. 2. Қайырымсыз - мұнда теріс әрекеттер болады. Әл-Фарабидің айтуынша адам бақытты болуға лайықты, сондықтан сол ол бақытын табуға тиіс. Оған ол тынымсыз еңбек арқылы ғана жетуге болады дейді. Ұлы дана халықтар достығын қолдады. Қазақ даласындағы ойшылдардың бірі — Жүсіп Хас-хаджиб Баласағұни (1021-1075). Ол - ақын, философ, қоғам қайраткері болған. "Құтадғу білік" (Құтты білік) деген дастаны бар. Ол түрік тілінде жазылған. Мұнда адамның тағдыры, қоғамдағы орны мен рөлі, халықтың санасы, әдет-ғұрпы, т.с.с берілген. Өмірден әділ заңды, еркіндікті аңсаған. Қазақ халқының, тарихында өшпес із қалдырған хандар да бар. Олар Қасым, Есім, Тәукехандар, "Қасымханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" деп халық олар жасаған заң, тәртіптерді көпке дейін ұмытпаған. Ал Тәуке хан "Жеті жарғы" деп аталған қазақ әдеп-ғұрып заңдарының жиынтығын жасады. Мұнда құқықтық тәртіп деп мемлекеттік құрылымының негізгі принциптері айқындалды. Ол "халық кеңесі" мен "Билер кеңесін" тұрақты орган ретінде қалыптастырып, рөлін арттырады. Тәуке хан қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер әкелген ірі реформатор болды. Қазақ саяси ойы ХХ ғасырдың басында заманалық өркениетке сәйкестеніп, жаңаша мазмұнда дами бастады. Бұл дамудың өзіндік ерекшелігі — оның Ресей империясы орнатқан отарлық езгі ахуалында орын алуына байланысты болатын. Қазақтың белгілі ойшысы-ШоқанУалиханов (1835-1865). Ол ғалым. ағартушы-демократ, саяхатшы, этнограф, зерттеуші. Халықты патша-шенеуліктері мен жергілікті байлардың зорлық-зомбылықтарынан қорғауды, қолынан келгенше оның рухани және
мәдени өркендеуіне ықпал жасауды өзінің мақсат-мүдесі деп білді. Шоқанның ойынша, халықты қанаудан құтқару үшін билікті жою керек, сонда ғана халық бақытты болады.
Қазақ еліндегі тәртіпті өзгертудің жолдарын іздеді. Қоғамдық құрылыстың жаңартудың жолы ретінде реформаны таңдады. "Сот реформасы жайындағы хат" деген еңбек жазды. Сол реформаны іске асыру үшін көп зерттеулер жүргізген. Саясатқа ат салысқан тұңғыш ұстаз - Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) халықты дүниеге "дұрыс көзқараспен" қарауға тәрбиелеуді өзінің негізгі мақсаты етіп қойған. Тек білім, ағартушылық қана бұқара халықты билеп-төстеушілердің қысым қыспағынан
құтқара алады деп, барлық күш-жігерін олардың білімін көтеруге арнаған. 1887ж. Ырғызда 20 адамдық интернат және қазақ қыздарына арнайы мектеп ашқан. Қазақ даласының ғұлама ойшылы - Абай Құнанбаев (1845-1904). Ол қазақ халқының мүддесі үшін күресте достық, татулық, бірлік- керектігіне назар аударды. Ол адамның "ақыл, ғылым, қайрат" арқылы жоғары дәрежеге көтеріліп, асқақтайтындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады. Жиырмасыншы жүзжылдықтың қарсаңы мен басталар шағында қазіргі Қазақстанның сол кездегі аумағында тұратын халықтардың өмірі, экономикасы мен әлеуметтік қарым-қатынастары ірі өзгерістерге ұшырағаны мәлім. Ішкі Ресейдегі шаруалардың басыбайлылығы жойылғаннан (1861) кейін қазақ жеріне бақ-дәулет іздеп, күнкөріс қамымен көшіп келушілер саны арта түскен. Одан, патша үкіметінің қазақ жер-суын мемлекет меншігі деп жариялауына (1891) орай, сырттан келіп қоныстанушыларға - орыс шаруаларының қазақ арасына кіріп өз қожалығын құруы арқылы жаңа жер игеруіне кең жол ашылды. Осылай ету арқылы патшалық билік орталықта шиеленісе түскен шаруалар қозғалысын әлсіретуден үміттенген-ді. Сол оймен “қазыналық жерлерді” (қазақ жер-суын) жеке адамдарға бөліп беру туралы заң шығарды (1901). Қоныс аударту басқармасын құрып, қазақтардан тартып алынған жерлерді “қоныс аудару қоры” есебіне алды. Қазақстан жерінің асты-үстіндегі байлықтарға түгел тұзақ салынып, бәрін орыс және шетел капиталы биледі. Қазақтың жер қойнауы және дәстүрлі шаруашылығы өнімдері арсыздықпен таланып, қанаушылық жолмен сыртқа тасып әкетіле берді. Өстіп, Қазақтар Ресей өнеркәсібін өркендету үшін арзан шикізат өндіріп алатын тау-кен және ауылшаруашылық базасына айналдырылды. Және, әсіресе сорақысы - қазақтардан барлық орман-тоғайлар, құнарлы, шұрайлы жерлер, ірі сулардың (Жайық, Ертіс, т.б.) жағалаулары, егіншілікке қолайлы ата-қоныстары тартып алынды. Қазақтар шөл және шөлейт аймақтарға ығысуға мәжбүр болды. Шөбі шүйгін жайылымдар мен шабындықтардан айрылудың жайыла көшіп мал бағуды кәсіп еткен халықтың шаруашылық жүргізу қалпына қиғаштықтар, теріс өзгерістер енгізіп шаш-етектен зиян тигізгені өз алдына, тұрмыс жағдайын күрт төмендетті, әлеуметтік тыныс-тіршілігіне, рухани өміріне өлшеусіз зор зарар келтірді. Кедейленген, қайыршылыққа ұшыраған көшпелілер жатаққа айналды, оларды түрлі кәсіпшіліктер жалдап, арзан жұмыс күші ретінде, ауыр жұмыстарға салып пайдаланды. Қазақ еліне тереңдей енген Ресейдің капиталистік экономикасы, осылай, жергілікті халықты аяусыз қанап, езу жолымен даму бағытын ұстанды. Патшалық қазақтың ұлттық мемлекеттілігін (1459 — 1847) біржолата жойып, орнына — ел басқарудың ресейдік жүйесін орнатты. Халықты жер-суымен бөлшектеп, бірнеше орыс губерниясы мен генерал-губернаторлықтарына қарату және сан-алуан әкімшілік шараларын жүргізу арқылы, біз қарастырғалы отырған ХХ ғасыр басындағы кезеңге дейін-ақ империялық күштер Қазақстанды Ресейдің басыбайлы отарына айналдырып үлгерген-ді.
Әлихан Бөкейханов пен Бақытжан Қаратаев - ХХ ғасырдың бастапқы онжылдықтарындағы қазақ саяси ойын заман талабына сай туындата отырып дамытқан аса көрнекті тұлғалар еді. Екеуі де отарлық езгідегі туған халқына қызмет етуді мұрат етті, бірақ екеуінің бұл орайдағы көзқарасы, ұстанымы мен таңдаған жолы екі бөлек болды. Патша тақтан түскенге дейін және ақпан революциясынан кейінгі жарты жыл бойына Бөкейханов кадет партиясы қатарында қызмет етті. Ал Қаратаев саясат алаңында қазақ кадеттерінің серкесі ретінде көрінер-көрінбестен, одан тез айнып, мұсылман ұйымына көбірек үйірілді (2-Думада мұсылмандар фракциясына тіркелді), 1917 жылға дейін социал-демократтарға жақын жүрді. 10-жылдары Бөкейханов қазақтың дәстүрлі шаруашылық жүргізу тәртібін сақтауға, ал Қаратаев қазақты отырықшылыққа көшуге үндеді. “Батысшыл” Бөкейханов пен “шариғатшыл” Қаратаевтың оқу-ағарту, дін істеріне көзқарастары да екі түрлі болатын. Тіпті, халықтың мұң-мұқтажын талқылау үшін бас қосып ақылдасу, баскөтерер азаматтармен жиналыс өткізу мәселесінде де олар қарама-қарсы пікірде болды. Қаратаев съезд шақыруға ниеттенгендерді қолдады, ал Бөкейханов оны керексіз деп тапты, пікір алмасуды баспасөзде жүргізген жөн деді. Әрине, осынша кереғар ұстанымдар айналасындағы ой таластыруларда олар жеке-дара күрескен жоқ, екеуі де ортақ мақсатқа айтыс-тартыспен ұмтылған екі көштің — екі саяси ағымның басында тұрды. Тиісінше — әрқайсысының өз пікірлестері және ел арасында беделі зор “Қазақ” газеті мен “Айқап” журналы сынды өз саяси мінберлері бар еді. Қазақ жерінде саяси сананың дамуына XIX ғасырдың аяғы XX ғ. басында пайда болған алғашқы зиялылар қауымы да ықпал етті. Оларға: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов,
М.Шоқай, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Б.Қаратаев, Халел және Жаһанша -Досмұхамедовтерді жатқызуға болады.
9. Қазіргі кездегі саяси ілім XX ғ бас кезінде Батыс елдерінде 1. ." Ынтымақтастық", / "Солидаризм"/ ілімі кең өріс алды.Оның негізін салушы француз ғалымы Л.Дюги. Бұл ілім бойынша әрбір тап өмірде өз міндетін атқарып, қоғамның ынтымақтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз етуі керек. Бұдан соң 2. "Элитаризм" теориясы дүниеге келді. "Элита" - яғни француз тілінде "ең жақсы" "іріктелген", "сұрыпталған", "таңдаулы" дегенді білдіреді. Бұл ілімнің өкілдері -Г.Моска, В.Парето. 3. "Фашизм" - еңбекшілерді басып-жаншу зорлық-зомбылықтың шектен тыс түрлерін пайдалану, қоғам және адам өмірін қатан қадағалау. 4. "Геосаясат" теориясы. Негізін салушы Ф.Ратцель. Бұл теория бойынша мемлекеттің, өмірі қауіпсіз сенімді болу үшін оған жеткілікті географиялық кеңістік қажет. Ал ондай мүмкіндік болмаса қарудың күшімен қамтамасыз ету керек. 5. "Тоталитаризм" - бұл мемлекет тарапынан қоғамның және әр адамзаттың өмірін катаң бағалауға алатын мемлекеттік саяси құрылыс. 6. Либерализм - мемлекетті реттеу, "Аралас экономиканы", саяси әділеттілікті, пікір алуандығын алға тартады. 7. "Консервативтік" –мемлекеттік реттеуге қарсы. Керісінше, ол ештеңеге араласпауы керек, шексіз бәсеке бостандығын берген дұрыс деп санайды. Қазіргі заманғы кейпін Саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысында әлеуметтанулық ілімдердің өрлеуіне байланысты қбылдады. Ғылыми зерттеулерге аргументтілік, жүйелелік және дәлелгендік тән бола бастады. Саясатты, саяси өмірді және қоғамның және әлемдік қоғамдастықтың саяси саласын теориялық және эмпириялық (қолданбалы) деңгейде жан-жақты зерттеуге тиісті қоғамтану туралы білімнің салыстырмалы дербес саласы ретінде қалыптасты. XX ғасырдың бас кезінде саясаттанудың дербес академиялық ғылым ретінде бөлініп шығу процесі негізінен аяқталды.