Лекция № Саяси даму және модернизация. Саяси шиеленістер мен дағдарыстар


САЯСИ ЖАНЖАЛДАР ЖƏНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ



бет4/9
Дата19.11.2022
өлшемі197 Kb.
#51259
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Лекция 7. Саяси даму және модернизация. Саяси шиеленістер және дағдарыстар

САЯСИ ЖАНЖАЛДАР ЖƏНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Адамзат қоғамы күрделі əлеуметтік макрожүйе сияқты. Ол таптардан,
ұлттардан, ұлыстардан, мемлекеттерден, əлеуметтік топтардан, саяси
партиялардан, жалпы қоғамдық бірлестіктерден жəне басқа да əлеуметтік
қауымдастықтардан тұрады. Осы адамдар топтарының əрқайсысының өзге
қауымдастықтардың мүдде мақсаттары мен идеалдарымен сəйкес келмейтін
жеке мүддесі, мақсаты мен идеалы бар. Осыдан барып олардың арасында
біртіндеп саяси жанжалдар мен дағдарыстық жағдайларға ұласатын пікір
қайшылықтары, ерегес туындайды, сондай-ақ оларды шешу үшін нақты əдіс-
тəсілдер мен шешу жолдары қажет болады.
Айта кетер жайт, саяси жанжалдар мен қарулы күш көрсетулер адамзат
тарихының барлық кезеңдерінде де орын алып отырды. Тек қана екінші
дүниежүзілік соғыстан соң ғана əлем бойынша екі жүзге тарта аумақтық
соғыстар мен жанжалдар орын алды. Олар аумағы мен уақытына қарай
шектеулі сипатта болғанымен нəтижесінде көптеген адамдар құрбан болды,
үлкен материалдық зиян келтірілді, орны толмас экологиялық зардаптар
туындады жəне т.б. Осы жанжалдар мен соғыстар əлемнің саяси жəне
моральдық-психологиялық жағдайына кері əсерін тигізді. Қазіргі кезде
аумақтық жəне жергілікті жанжалдардың əртүрлі мемлекеттердің ішкі
қатынастарына жəне халықаралық аренадағы жағдайға тигізер əсері
жоғарылау үстінде.
Саяси жанжалдар қоғам өміріне қайшылықтар, жек көру,
жақтырмаушылық пен қысым алып келеді. Адамдар бұрыннан бері агрессия
мен əртүрлі соғыстардың зияны жайлы түсінуі қажет еді. Бірақ, əрбір жаңа
ұрпақ жаңа қақтығыстарға қатысып, жаңадан топтар мен бірлестіктерге
бірігіп жаңа қантөгістердің орын алу қаупі туындауда. Сондықтан,
əлеуметтік-саяси ғылымдарда саяси жанжалдардың сипаты мен теориясын
зерттеу аса қажет болып отыр. Мұнда тағы бір айта кететін жағдай саяси
жанжалдарды зерттеу əдістемесі əрқилы. Көбінесе қандай əдіснаманы
таңдайтындығы зерттеушінің идеологиялық бағытына байланысты болып
отыр.
Осыған байланысты қазіргі саяси ғылымда саяси жанжалға ғылыми
сипаттама беретін əмбебап əдіснамалық жүйе қалыптасты, оның құрамына
кем дегенде тоғыз түсініктемелік топтар кіреді: жанжалдың мəні, себептері,
типологиясы, құрылымы, қызметтері, генезисі, динамикасы, алдын алу,
жанжалды тоқтату. Саяси ғылымда белсенді түрде саясатқа
конфликтологиялық сараптама, саяси үрдістерге конфликтологиялық
мониторинг, саяси жанжалдардың туындауына бағдар жасау пайдаланылуда.
Саяси жанжалдардың өзге жанжалдардан айырмашылығы оның саяси
құндылықтар төңерегінде тундайтындығында: билік, бедел, саяси мəртебе.
Сондай-ақ қазіргі кезде саяси жанжалдың себептері мен түсінігінің
теориясын жасаудың мəні артып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет