Лекция № Саяси даму және модернизация. Саяси шиеленістер мен дағдарыстар


Саяси жанжалдың түсінігі мен себептері



бет5/9
Дата19.11.2022
өлшемі197 Kb.
#51259
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Лекция 7. Саяси даму және модернизация. Саяси шиеленістер және дағдарыстар

1. Саяси жанжалдың түсінігі мен себептері
Саяси жанжал теориясындағы негізгі түсінік «жанжал» термині болып
табылады. «Жанжал» термині «қақтығыс» сөзінің мəнімен бірдей. Бүгінгі
күні əлеуметтік-саяси ғылымдарда жанжал ретінде əртүрлі мүдделердің,
əрекеттер мен көзқарастардың, ұстанымдардың немесе жанжалды
жағдайлардың басқа да субъектілерінің арасындағы қақтығыстарды түсінеді,
субъектілерге саясатта өзіндік орны бар жекелеген тұлғаларды, əртүрлі
əлеуметтік, этникалық топтарды, əлеуметтік-экономикалық таптарды,
мемлекеттерді, əскери-саяси ұйымдарды, экономикалық одақтарды, əлемдік
əлеуметтік-саяси жəне экономикалық жүйелерді жатқызамыз. Осының өзінен
жанжалдардың жанжалдық қақтығыстардан субъектілері бойынша, ал
қоғамдық қатынастардан көлемі бойынша ерекшеленетіндігін көре аламыз.
Кез-келген жанжалдың өзінің пəні мен объектісі болып сол жанжал
бағытталған əлеуметтік қатынас, қоғам өмірінің саласы немесе қоғамдық
болмыс танылады.
Қазіргі ғалымдар кез-келген жанжалдың бірнеше қажет сипаттамасын
ажыратады: кемінде бір-бірімен қатынасқа түсетін екі тараптың болуы,
қорлардың тапшылығына негізделген бір-бірін жоққа шығаратын
құндылықтар мен ұстанымдардың болуы, бір-біріне қарсы бағытталған
əрекеттер, əрбір тарап бір-бірінен бір нəрсе алуы мүмкін өзара қатынас.
Мұның өзі қарсы тараптың ниеті мен жоспарын қиратуға, жоюға бағытталған
жүріс-тұрысты, сонымен қатар, күшке сүйене отырып қорлар мен
ұстанымдарды иеленуді білдіреді.
Жоғарыда берілген сипаттамаларды жинақтап жанжалға нақты
анықтама беруге тырысып көруге болады. Жанжал дегеніміз – бұл мүдделер
мен құндылықтардың сəйкес келмеуі немесе қорлардың жетіспеушілігі
негізінде екі немесе одан да көп тұлғалар, топтар арасында орын алатын
күшке сүйеніп əсер ету. Бұл абстрактілік жинақтаушы түсінікті нақтылай
кету үшін «жанжал» түсінігін батыстық теоретиктердің классикалық
жұмыстарынан іздеу қажет [1].
Танымал авторлардың ішінен американдық əлеуметтанушы Л.Козердің
анықтамасын бөліп қарастыруға болады: жанжал дегеніміз – қарсы тараптар
арасындағы қорлардың жетіспеушілігінен туындайтын күресті жəне
қарсыласты жоюға, оған зиян келтіруге бағытталған əрекетті қамтитын
жүріс-тұрыс. Неміс конфликтологы Р.Дарендороф жанжалды элементтердің
арасындағы объективті жəне субъективті қайшылықтар арқылы
сипатталатын қарым-қатынас ретінде түсіндіреді. Кейінгі анықтамалардың
бірі ретінде халықаралық қатынас саласындағы зерттеуші Л.Крисберг берген
анықтаманы алуға болады. Оның ойынша, жанжал дегеніміз - өзара қарым-
қатынас барысында туындайтын нақты субъектілер арасындағы бір-біріне
қарсы бағытталған əрекеттер, көзқарастар жəне ниеттер.
Бір қызығы батыстық ғалымдардың барлығының саяси жанжалға
қатысты анықтамалары жалпылама сипатқа ие жəне саяси жанжалдың
ерекшелігін ашып көрсете алмайды. Бұл қазіргі батыстық зерттеушілерді
қызықтырмайды да. Отандық, евразиялық қоғамтанушылар керісінше,
барлық кезде саяси жанжалдың өзіне тəн ерекшеліктерін ашып көрсетуге
тырысып жүрді. Көптеген көзқарастарды жүйелей келе саяси жанжалдың
негізгі сипаттамаларын бөліп көрсетуге болады:
Біріншіден, саяси жанжалдар – бұл билікке қатысты (билікті басып алу,
оны ұстап қалу, бөліп алу жəне т.б.) жанжалдар. Бұл барлық теоретиктерге
ортақ мəселе.
Екіншіден, егер жанжалдың бір тарабы ретінде немесе өкілі ретінде
билік қатысатын болса жанжал саяси сипатқа ие болады (қазіргі
қазақстандағы саясаттан мысал ретінде мемлекеттік билік органдарының
меншік иелері арасындағы өндіріс объектісін жекешелендіруге байланысты
дауға қатысуын келтіруге болады).
Үшіншіден, кез-келген саяси жанжал – ол субъектілердің барынша көп
жақтастарды тартуға тырысуы. Көбінесе бұл нақты ұстанымы жоқ адамдарға
байланысты орын алады (мысал ретінде Қазақстан Республикасының
Конституциясын қабылдауға байланысты 1995 жылғы референдум кезіндегі
күресті келтіруге болады, сол кездері көптеген саяси күштер референдумға
шығарылған құжат мəтінімен таныспаған көпшіліктің санасына əсер етуге
ұмтылған болатын).
Төртіншіден, саяси жанжалдар бұқаралық сипатқа ие, көзқарас
қайшылықтары көпшіліктің көз алдында орын алады. Əрине, бұл
демократиялық режимдерге ғана қатысты, авторитаризм күрестің кілем
астында өтуін қалайды.
Бесіншіден, саяси жанжал – бұл саяси əлемнің бөлінбес бөлігі болып
табылады. Олар бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Нəтижесінде билікпен
реттелетін жəне бақыланатын құндылықтарды бөлу орын алатын бір-бірімен
қайшы келетін мақсат-мүдделерді көздейтін субъектілер арасындағы күресті
саясат деп айқындай аламыз.
Алтыншыдан, саяси жанжалдың пəні болып арнайы қорлар танылады,
мысалы, мемлекеттік билік, билік институттарының құрылымы, əлеуметтік
топтардың саяси мəртебесі жəне т.б. Егер экономикалық саладағы қорларды
бөлу мүмкін болса (мысалы, меншік), саясатта ол қиынырақ: президент
орынтағын бөлу мүмкін емес, парламенттегі орындар саны шектеулі жəне
т.б.
Жоғарыда айтылғандар негізінде саяси жанжалға саяси əрекеттер
субъектілерінің (жекелеген тұлғалардың, партиялардың, элитаның,
топтардың, мемлекеттердің жəне т.б.) арасындағы өзара қарым-
қатынастардың қажеттілігіне сай құндылықтардың, көзқарастар мен
мүдделердің, артықшылықтардың ашық қақтығысы ретінде анықтама беруге
болады. Сонымен қатар, осы анықтамада қамтылмаған латентті жанжал-
дардың бар екендігін естен шығаруға болмайды (мысалы, федералдық
орталық пен федерация субъектілері арасында орын алатын қақтығыстар).
Сонымен, «саяси жанжалдың» əртүрлі сипаттама берілетін санатқа
жататыны анық. Ғалымдардың бір бөлігі саяси жанжалдың ерекшелігін
айқындау үшін оны əлеуметтік жанжалдың бір түрі ретінде қарастырады,
екінші біреулері анықтамаларға талдау жасағаннан гөрі нақты саяси
қайшылықтарды зерттеуді жөн көреді.
Саяси жанжал əлеуметтік жанжалдың ерекше түрі. Бірақ, өмірлік
тəжірибе көрсеткендей саяси мақсаттар мен мүдделер, саяси əдістер мен
тəсілдер əлеуметтік жанжалдардың экономикалық, ұлтаралық, аймақтық,
əскери жəне т.б. түрлерінде де жиі орын алады. Осылайша саяси жанжалдың
мəндік ерекшеліктері мен əрекет ету аясы кеңейеді, ол əлеуметтік жанжал-
дардың өзге түрлеріне де кірігеді, кей кездері олардың айқындаушы бөлігіне
айналады.
Саяси жанжал аса күрделі жағдай болып табылады, ол мемлекеттегі
қарама-қайшылықтар мен дағдарыс жағдайының кешенінің қоспасы болып
табылады. Сондықтан, жанжал теориясын экономистер, əлеуметтанушылар,
философтар мен заңгерлер жасайды жəне ол саясаткерлердің, елшілер мен
қоғам қайраткерлерінің басты назарында болады.
Саяси жанжалдың белгілері: екіден кем емес егесуші тараптардың
болуы, саяси субъектілердің құндылықтары мен мақсаттарының, мүдделе-
рінің сай келмеуі, бақталас тараптардың болжауға мүмкін емес, агрессивті
жүріс-тұрыстары [2]. Бұл белгілер жанжалды жағдайдың туындауына себеп
болады.
Жанжал тудыратын жағдай ретінде əлеуметтік субъектілер арасында
нақты қайшылықтар туындататын адами мүдделердің топтастырылуын
түсінуге болады.
Саяси жанжалдың негізі болып əртүрлі себептер таныла алады. Осыған
байланысты саяси жанжалдың негізі мен қайнар көзі болып биологизаторлық
жəне бихевиористік тұжырымдамалардағы секілді «өмір сүру үшін күрес»
емес, кез-келген қоғамға тəн əлеуметтік-экономикалық қақтығыстар
танылады.
Саяси жанжалдың негізі болып табылатын қарама-қайшылықтарды
саяси қатынас субъектілері сезінбеуі де мүмкін, жанжал болса саналы түрде
жүзеге асырылады жəне қарсыласқан тараптардың бір-біріне қатысты нақты
əрекеттерінен тұрады. Саяси жанжалдың алдында əлеуметтік қысым, бола-
шақ жанжал субъектілері арасындағы жасырын дұшпандық, қорқыныш пен
сезіктену, мүдделердің алшақтауын түсіну, басымдық пен реваншқа ұмтылу
жүреді. Саяси жанжал – бұл орын алуының басты шарты болып
субъектілердің өзі туралы (өз мақсаттары, құндылықтар мен ниеттері жəне
т.б.), қарсыласы туралы (оның ниеті мен мақсаты), жанжал орын алған
əлеуметтік орта туралы ойларының жиынтығы табылатын саяси əрекет-
тесудің бір түрі. Нақты жағдайдан қарағанда дəл осы ойлар қатысушылардың
жанжалдық жүріс-тұрыстарының басты детерминанты болып табылады.
Əлеуметтік-саяси жанжалдардың туындауының себептерін түсіндіру-
дің көптеген жолдары бар. Марксистік ілім əлеуметтік-саяси жанжалдарды
экономикалық талдау жүргізу арқылы түсіндіреді. Əлеуметтік-саяси жанжал-
дардың капитализмдегі табиғаты мен мəнін Ф.Энгельс өзінің «Социализмнің
дамуы: утопиядан ғылымға» атты еңбегінде жақсы ашып көрсете алған.
Сонымен, Ф.Энгельстің көрсетуінше, біріншіден, алғашқы қауымдық
қоғамды есептемегенде адамзат тарихы таптар арасындағы күрес тарихы
болды, осы бір-бірімен күресуші қоғамдық таптар кез-келген уақытта өндіріс
пен айырбас қатынастарының, бір сөзбен айтқанда өз дəуірінің экономика-
лық қатынастарының жемісі болуы мүмкін.
Капитализмнің қарама-қайшылықтарының негізгі себептерін талдай
келе Ф.Энгельс екіншіден, капиталистік қоғамда да, феодалдық қоғамда да
еңбек құралының меншік иесі «өнімді өзі иеленіп алатын тұлға, ал өнім оған
тиесілі емес, өзге адамның еңбегінің нəтижесі. Осылайша, қоғамдық еңбек
жемісін өндіріс құралдарын қозғалысқа түсіріп өнімді өндіруші емес капи-
талист иеленді. Өндіріс құралдары жəне өндірістің өзі де қоғамдық болды.
Бірақ олар жекелеген өндірушілердің жеке өндірісі негіз болып табылатын
меншіктеу нысанына бағынышты нысанда болып қалады... Осы қайшы-
лықтан... қазіргі заманның барлық коллизиясы бастау алады» деп жазған
болатын. Ф.Энгельс капитализмде «бір полюсте байлықтың жинақталуы
екінші полюсте, яғни, өз өнімін капитал ретінде шығаратын тапта кедей-
ліктің, еңбек азабының, құлдық пен надандықтың, дөрекіліктің моральдық
азғындаудың жинақталуына алып келетіндігін» түсіндіреді.
Дəл осы негізгі экономикалық қайшылықтардан Ф.Энгельс үшіншіден,
буржуазиялық қоғамдағы негізгі таптар арасындағы жанжал: «қоғамдық
өндіріс пен капиталистік меншіктену арасындағы қайшылықтар пролетариат
пен буржуазия арасындағы антогонизм ретінде көрініс табатындығы» туралы
қорытынды жасайды [3].
Сонымен, марксизм буржуазиялық қоғамдағы саяси жанжалдардың
басты себептерін экономикалық қайшылықтардан, өндіріс əдістеріндегі
қайшылықтардан көреді.
Марксизмнің қарсыластары кей кездері марксизмді жанжалдың себеп-
терін тек экономикалық қатынастардан іздейді деп кіналайды. Бұл дұрыс
емес. Марксизмнің бай теориялық мұрасы бар жəне онда қоғамдық жанжал-
дардың көптеген түрлі себептерінің мəні ашылады. Жанжалдар əртүрлі
адамдардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға тең емес мүмкіндіктерінен,
мүдделердің болмай қоймайтын қақтығыстарынан тұрады. Сондықтан, адами
қатынастардың барлығы əртүрлі жанжалдар туындайтын жəне дамитын алаң
болып табылады. Саяси жанжалдарды туындататын себептерге экономикалық, əлеуметтік, діни, адамгершілік жəне т.б. жағдайлар жатқызылады.
Саяси жанжалдардың негізгі себептерінің бірі ретінде шешім қабылдау
үрдісінде əртүрлі топтардың тең емес қатыстылығы туындайтын теңсіздікті
атап көрсетеді.
Саяси теңсіздікке үш үлкен фактор əсер етеді:
- əртүрлі топтардың саяси мүмкіндіктеріндегі көрінеу айырмашылық-
тар;
- билік органдарына барлық топтар мен қоғамның таптарының тең
дəрежеде өкіл жіберу мүмкіндігінің болмауы;
- жариялылық жағдайында əртүрлі мүдделер мен артықшылықтарды
үйлестірудің қиындығы.
Саясаттануда идеолгиялық себептерге көптеп көңіл бөлінеді. Қандай
жанжал болмасын ол ашық немесе жабық түрде идеологиялық жағынан
бағытталып отырады. Саяси конфронтацияда идеологиялық фактор шешуші
роль атқармаса да ол жинақтауда жəне ұйымдастыруда басты рольге ие
болады. Мысалы, антикоммунизм кеңес жүйесінің күйреуіне алып келген
бүкілресейлік жанжалдың идеологиялық базасы мен қайнар көздерінің бірі
болып табылады. Ол қазіргі кезде де билеуші элита үшін дем алатын «оттегі»
ролін атқаруда. Жанжалдың идеологиялық жағынан бағытталуы оның
өміршеңдігі мен қоғамда кең таралуының, сонымен қатар, азаматтардың
əлеуметтік белсенділігіне əсер етуінің басты себебі болып табылады.
Кейбір теоретиктер жанжалдың себептерін саяси қызметтің жəне саяси
қатынастардың психологиясынан іздеуде. Мысалы, неміс саясаттанушысы
К.Шмитт экстремальдық жағдайда мүмкін болатын эвентуальдық (сəйкес
жағдайда мүмкін) жанжалдың, «дос-қас» моделіне қарама-қарсы себебін
өзіне тəн саясаттан көреді. Неміс ғалымының пікірі тек ақиқаттың бір бөлігін
ғана қамтиды. Шындығында саяси жанжалдың асқынған жағдайында (күш
қолданумен байланысты қақтығыста) субъектілер «дос-қас» моделіне қарама-
қарсы əрекет етеді.
Жоғарыда келтірілген саяси қақтығыстар себептерін басшылыққа ала
отырып ғалымдар дұшпандық қатынастардың негізінде саяси мүдделердің
антагонизмі жатқандығын алға тартады. Оның мəні «саясаткерде дос та қас
та болмайды, тек мүдде ғана бар» деген белгілі афоризмге сай келеді.
Саяси жанжалдарда оның субъектілері ортақ мүддеге арқа сүйейді. Кез-
келген бақталас субъект ортақ, міндетті мүдде ретінде өзі арқа сүйейтін əлеу-
меттік топтың мүдделерін алға тартады. Өзінің нақты мүддесін тек билік
етуші субъект, яғни кім нақты басшылықты жүзеге асырады сол ғана жүзеге
асыра алады. Ал бағыныштылардың, сəйкесінше олардың мүддесін қорғау-
шы саяси күштердің де мүдделері қалай болғанда да шектеуге ұшырайды.
Дəл осында тараптардың əрекеттері мен ұстанымдарының полярлығының,
қоғамның поляризацияға ұшырауының нақты мүмкіндігі орын алады.
Жоғарыда айтылғандардан түйетініміз, жанжалдасушы тараптардағы
нақты шектеу «билік етуші-бағынышты», «басқарушы – қол астындағы»
сияқты қайшылықтар бойынша орын алады. Саяси қатынастардың мəні ақыр
соңында осыларға алып келеді. М.Веберге сүйенсек, билік саяси феномен
ретінде ең алдымен физикалық күш көрсетуге ұласатын құқықтық
мəжбүрлеу жолымен немесе өзге де легитимділік нысаны (дəстүр, харизма)
əсерімен биліктің талабын ерікті түрде мойындау жолымен жүзеге
асырылатын легитимді басшылық.
Саяси жанжалдағы субъектілерді бөліп қарастырудың фундаменталь-
дық негізі – бұл «билік етуші-бағынышты», «басқарушы – қол астындағы»
сияқты қарама-қайшылықтар. Осындай негіз бойынша саяси мəртебелердің
иерархиялық құрылымы қалыптасады, сонымен қатар, адамдар арасындағы
жанжалдардың əртүрлілігі мен табиғатын түсіндіретін объективтік жəне
субъективтік бөлшектердің: мүдделердің, құндылықтардың, көзқарастардың
жəне т.б. сапы түзіледі. Осылайша, жанжалдық қарсы тұрушылықтар
адамдардың қоғамдық қатынастарының сипатына енеді.
Жалпылама түрде саяси жанжалдың əмбебап қайнар-көзі тараптардың
наразылықтарының үйлеспеушілігінде жəне оларды жүзеге асырудың мүмкін
болмауында [4]. Осыған қарап саяси жанжал мəңгілік деп айтуға болады,
себебі, барлық азаматтардың сұраныстары толығымен қамтамасыз етілетін
саяси жүйені құру мүмкін емес.
Сонымен, саяси жанжал дегеніміз – қарама-қайшы мүдделер, сұраныс-
тар, құндылықтар мен білімдер негізіндегі екі немесе бірнеше субъектілердің
бір-бірімен күресі. Саяси жанжалдардың себептеріне саяси субъектілердің
мəртебесінің қоғамда сəйкес келмеуі, билікке талас, қоғамның материалдық
жəне рухани құндылықтарын бөлісудегі теңсіздікке байланысты əлеуметтік
топтар арасындағы қайшылықтар, саяси мақсаттар мен мүдделердің,
құндылықтардың сəйкессіздігі, билеуші элитаның қателіктері мен жауапсыз-
дығы жатқызылады.
Көрсетілген əрбір себеп немесе олардың жиынтығы қоғамдағы саяси
жанжалдың бастауы бола алады.
Шындығына келгенде, саяси жанжалың алдын алмаса ол шектен
шығып басқа нысанға айналуы, əлеуметтік қауіпті сипатқа еніп үлкен
жаманшылық алып келуі мүмкін. Бір сөзбен айтқанда саяси жанжал соғысқа
ұласып кетуі де мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет