Студенттерге жоғары математиканың «Сызықты алгебра», «Сандар теориясы» және «Көпмүшеліктер теориясы» бөлімдерінің ұғымдары, ережелері мен теоремалары, әдістері жайлы теориялық білім беру, практикалық тұрғыдан есептер шығаруға дағдыландыру және оларды басқа қолданбалы есептерді шығаруда пайдалана білуге үйрету.
Пәннің міндеттері:
жоғары алгебраның негіздері, сандар теориясының элементтері мен көпмүшеліктер жайлы теориялық білімдердің негізінде студенттердің математикалық білімін жетілдіру;
алынған теориялық білімдердің негізінде практикалық есептерді шығаруға дағдыландыру;
алынған теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын басқа қолданбалы есептерді шығаруда пайдалана білуге үйрету.