Лекция 0 Семинар (практикалық) 15 обсөЖ 45 СӨЖ 45 Қорытынды бақылау емтихан Блоктар саны Түркістан 2010



бет3/3
Дата28.03.2022
өлшемі0,61 Mb.
#29021
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
Дин психологиясы

14. ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

Ëåêöèÿ-1. Кіріспе

Ëåêöèÿ ìàºñàòû: дін психологиясы пәнінің åðåêøåëiêòåðií қàðàñòûðó

Ëåêöèÿ æîñïàðû

1. Дін психологиясы пәні, обьектісі, зерттеу міндеттері

2. Дін психологиясының қысқаша тарихы және әдебиеттері

3. Дін психологиясы әлеуметтік психологияның бір бөлігі ретінде
Әдебиеттер:


  1. Артемьев А.И. Религиозная среда и личность. Алматы, 1994

  2. Борунков Ю.Ф. Структура религиозного сознания. М. 1974

  3. Букин В.Р. Психология веруищих и атеистициское воспитание. М., 1969

  4. Куценок Б.М. Эмоция и религии. Киев, 1982

1. Дін психологиясы пәні, обьектісі, зерттеу міндеттері

Дін психологиясы пәні психологиялық аспектілер мен діни құбылыстардың заңдылықтарын қарастырады. Яғни дін психологиясы діни құбылыстарды зерттейтін адам ғылымы. Жалпы тәрбиелік жағынан қарағанда діни психология адамның рухани өмірі мен әрекеті ішінде діни функцияларды қамтыған әрбір мәселені зерттеу тақырыбына айналдырады.

Дін психологиясының негізгі қарастыратын тақырыптары мыналар: діни тәрбие және қабілет, діни сенім және тәжірибе, дұға және ғибадаттар, тура жол, діннен қорқу немесе сенімсіздік және т.б. Дін психологиясының мақсаты адамның діни өмірін қарастырып, мүмкін болғанынша обьективтік ғылыми білім үйрету.

Дін психологиясы діни ғылымдар мен қоғамдық ғылымдардың бірігуінен пайда болғаны күдіксіз. Жалпы ғылымдарды психологиялық жағынан үшке бөліп қарастыруға болады: 1. жалпы психология; дін психологиясы жалпы психологияның бір бөлімі болғандықтан оның әдіс – тәсілдерін қолданып зерттеулерін жалғастырады. 2.дін ғылымдары; дін психологиясына жақын келген және адамның діни болмысын түрлі жақтардан қарастырған ғылымдардың түрі көп. Олардың негізгілері діндер тарихы, дін феноменологиясы, дін антропологиясы және т.б. 3.діни білімдер; діни құбылыстардың психологиялық жағынан қарастыру үшін діни сенімдерді жақыннан қарастыруды керек етеді. Сол себептен дін психологиясы тафсир, хадис, калам, ислам тарихы және т.б. сияқты ғылым салаларымен арақатынаста болады.

2. Дін психологиясының қысқаша тарихы және әдебиеттері

Дін психологиясының ислами әдебиеттерде кейде тасауф, кейде ахлақ, кейде философия және кәламның ішінде ілгеріде қарастырылғанымен, дін психологиясы деп өзінше жеке бір білім саласына айналуы оншама ескі емес. Қолдағы деректер бұл ғылым саласының батыста дүниеге келгенін айтады. Батыста “Дін психологиясы” атты алғашқы еңбек Америка психологы Е.Д.Старбурк тарапынан 1899 жылы жазылды. 1902 жылы В.Жеймс “Діни тәжірибенің түрлері” атты еңбегін шығарды. Бұдан кейін бұл салаға байланысты еңбектер мақалалар, кітаптар түрінде тарала бастады. 1900 жылы “Рухани өмір” атты еңбекті жазған Георг Альберт Джой, 1916 жылы “Дін психологиясы” атты еңбекті жазып шығарды. 1910 жылы Е.С.Амес “Діни өмірдің психологиясын” жариялады. Осындай еңбек 1911 жылы Георг Страитон тарапынан да жазылып шығарылды. 1920 жылы Жеймс В.Пратт “Діни сана” атты еңбек жазды. 1923 жылы Роберт. Х.Тоулесс “Дін психологиясына кіріспе”, 1929 жылы Е.Т.Кларк “Діни оянудың психологиясы” атты еңбектерді жариялады. Э.С.Конклиннің “Діни ұйымның психологиясы”, Н.N…… және Р.В.Виеменнің “Нормативтік дін психологиясы”, Г.В.Альнорттың 1950 жылы жазған “Адам және Дін” атты еңбектері соңғы кездерде жасалған басты еңбектер ретінде көрсетуге болады.Америкада жасалған бұл зерттеулердің кейбіреулері басқа тілдерге аударылып жатқанда Германия мен Францияда да кейбір еңбектер жазылып жатқан болатын. Францияда жасалған зерттеулер көбінесе философиялық және дінге біршама қарсы бағытта болатын. Мысалы “Д.Алемберт, Тургот, Комттың ойынша дін сыналмаған және ғылымға негізделмеген бір түсініктің жемісі” болып табылады.Германияда болса мейлінше бай бір дін психологиясы еңбектері дүниеге келді. “Шлейермейчер, В.Вундит дін психологиясы саласында маңызды зерттеулер жасады. Өздерінен кейінгілерге жол ашып берді. Вундит “Қауымдар психологиясы” атты үлкен еңбегінде дінді қауымдық психологияның бір бөлігі ретінде көрсетеді. Вундттан басқа Лазарус, Стендаль, Кулпе де бұл салада еңбек етті. Бұлардан басқа Гиргенсон, Манс Челер, Р.Отто, Фистер, Хардтың еңбектерін айтуға болады”. Бұл еңбектер жазылу барысында әр бір психолог өзінің дүниетанымына немесе өзі тиісті болған ұйымға негіздеп отырып жазған. Жалпы психологияда болғаны сияқты бұл жерде де кейбір метод келіспеушіліктерінің болуы заңды нәрсе. Алайда бос қарсылықтарды қойып әуелгі жасалған сынаулардың аясында әр бір методтың кемшілігін және пайдалы тарапын көру қажет. Мынау немесе анау метод дұрыс деп жақтаушы болудың орнына заманға лайық ең пайдалысын қолдану қажет.

3. Дін психологиясы әлеуметтік психологияның бір бөлігі ретінде.

Белгілі болғандай тура жол құбылысында бәрінен бұрын адамның өзінен айнып, өзгеруі, жанадан туылуы тілге тиек болады. Әсіресе бір дін адамды қалауы бойынша, өзгертіп, оны өзіне сәйкестендіруді қалайды. Алайда адам рухында тура жол құбылысының жүзеге асуы мейлінше қиын. Аллаһтан ұзақтаған немесе оны танымаған бір адамның ескі өмір салтын түгелдей тастап жаңа бір діни сенім және тұлғаға айналып саналы түрде Аллаһқа бет бұру мейлінше маңызды мәселе болып табылады. Бұл адамның ескі өмірін түгелдей өзгертіп жаңа бір өмірге бастауы дегенді білдіреді. Айтып отырған тура жол құбылыс адам рухында жәймен қалыптасып ортаға шыққанындай, аяқ астынан туындап та өзін көрсетуі мүмкін.

Дін психологиясының басқа бір мәселесі діни қажеттілік, дін сезімі және мотивация болып табылады. Дін сезімнің дамуы жеткіншектерде және қарияларда қалай болатындығы зерттелген.

Сондай-ақ діни сезім, қасиеттер жайлы да зерттеуге болады. Дін психологиясы тасауф өмірді және діндардың Аллаһтың әмірлері алдындағы көмбістігінің белгісі болған әрекеттерді, әсіресе ғибадат өмірін де зерттеуі қажет. Бұл діни құбылыстарды сезім тұрғысынан, басқа әрекеттерге әсері тұрғысынан бір тұлғалық тұтастық ішінде қарастырып бағалауға болады. Бұл жерде қалыпты діни өмір жанында қалыпты емес діни құбылыстарды да зерттеп бір психопотологиялық дін психологиясы саласы ортаға шығады.

Дұрыс бір діни жағдайдың қалыптасуы үшін дін білімнің қаншалықты дәрежеде берілуі қажет? Дін білімінің жемісті болуы үшін қандай психологиялық негіздерге бас ұру қажет? Осы секілді сұрақтарға жауап беру де дін психологиясының міндеттеріне кіреді.


Сұрақтар мен тапсырмалар:


    1. Дiн психологиясы пәнi, объектiсi, зерттеу мiндеттерi

    2. Дiндi зерттеудiң философиялық, социологиялық, теологиялық және психологиялық деңгейлерi

    3. Дiн психологиясы әлеуметтiк психологияның бiр бөлiгi ретiнде.

    4. Дiн психологиясының жалпы теориясы

    5. Теологиялық пәндердегi нормативтiк тұрғы дiнтанудағы дескриптивтiк тұрғы арасындағы қайшылық.

    6. Әäåáèåòòåðäi îқûï øығыңûç

    7. Ëåêöèÿ êîíñïåêòiñií æàçûңûç

Ëåêöèÿ-2. Дiн психологиясының әдiс тәсiлдерi

Ëåêöèÿ ìàқñàòû: дін психологиясы пәнінің åðåêøåëiêòåðií қàðàñòûðó
Ëåêöèÿ æîñïàðû

1. әдiстерi мен тәсiлдерi

2. Дін психологиясының бірі тура жол құбылыстары

3. Дін психологиясының басқа ғылымдармен байланасы


Әдебиеттер:

1. Платонов К.К. Психология религии М., 1967

2. Попова М.А. О психология религии М. 1969

3. Угринович Д.М. Психология религии. М., 1986

4. Юнг К. Психология и религия М., 1991
1. Психологиясының әдіс – тәсілдері.


  1. Сыртқы бақылау.

Дін психологиясы сыртқы бақылауды сырт қалдыра алмайды. Өйткені адамның әрекеттернің бағалануында объективті болу үшін сыртқы бақылауға мұқтаждық бар. Алғашқы кезде біз адамдардың сыртқы көрінісіне қарап баға береміз. Адамның ішкі дүниесіне терең үңілу үшін сыртқы бақылау жеткіліксіз болып табылады. Тек жүйелі және қалыпты бір сыртқы бақылау нәтижесінде адамның қасиеттері туралы кейбір мәліметтерге қол жеткіземіз. Бұған байланысты адам қасиеттерінің танылуына сыртқы бақылау толық әрі нақты бір мәлімет алуымызға жетпейді. Өйткені адамның әрекеттерін, қасиеттерін құрайтын құбылыстар сырттай көрініп тұрғандардан тұрмайды. Біз сыртқы бақылау арқылы діндар адамды, діни өмірдің сыртқы көріністері тұрғысынан зерттей аламыз. Бұлар ғибадат, дұға, ахлақи ұстанымдар, діни өнер туындылары, жест, мимикалар сияқты құбылыстар болуы мүмкін.

  1. Ішкі бақылау.

Адамның ішкі әлемінде болып жатқандарды өзінің саналы көзімен бақылауы, бағалауы және бұларды тілімен сыртқы дүниеге көрсетуі, басқалардың бағалауына беруі деп қорытындыласақ болады. Негізінде бақылау, көру, іздеу, оқиғаның түбірін, негізін іздеу үшін сезім органдарының мүмкіншіліктерін қолдану мағынасына келсе де, бұл жерде ішкі құбылыстарды бейне бір ішкі көзбен, құлықпен бақылап бағалау дегенге саяды. Бұл қалай сонда? Осылай ету мүмкін бе? Адам өз ішіндегі құбылыстарды тарапсыз бейнелеп беруі мүмкін бе? Осыған ұқсас сұрақтар ішкі бақылаудың сынға ұшырауына әкеп соқты. Алайда әрбір тәсілдің сынға түсетін жақтары болады. Сондықтан сынға ұшырады деп бағалы бір әдісті дұрыс емес деу қате. Сондай-ақ ішкі бақылаудың діни құбылыстарды зерттеуде жеке бір орны бар. Өйткені діни құбылысты айқындау үшін мотивациясын білу керек. Бұл да оңай шаруа емес.

Адамдар өз қасиеттері жайлы оңайлықпен мәлімет бермейді. Әсіресе діни мәселелерде қиындық арта түседі. Сондықтан ішкі бақылаудың дұрыс шығуы үшін ортаны дұрыс таңдау керек. Бұл тұрғыдан автобиографиялар, күнделіктер, репортаждар маңызды мәліметтер бере алады.

  1. Анкета әдісі.

Анкета мен репортажды бір әдіс деуден гөрі техника деушілер бар.

Өйткені бұлар адамның ішкі бақылауын ортаға қою түрлері болып табылады.

Анкетаны сұрақ парақшалары деп те айтуға болады. Анкетаның мақсаты белгілі бір тақырыптағы адамдардың, қоғам ойының не екендігін білу болып табылады. Алайда бұл әдістің өзін нақты мәлімет көзі деуден аулақ болу керектігін зерттеу барысында өте мұқият болу керектігі айтылған.

Анкета әдісі психологиялық зерттеулерде кеңінен қолданылады. Бұл әдіспен жасалған ел ішіндегі және ел сыртындағы көптеген еңбектер бар. Бұл жағдай оның өте тиімді әрі әр салада мәлімет жинауға ыңғайлы екендігінен болуы мүмкін.

4-Тәжірибе әдісі.

Дін психологиясында тәжірибе әдісін қолдану жалпы психологиядан да қиын. Алайда дін психологиясында тәжірибе әдістері деп ішкі және сыртқы бақылауға негізделген әдістерді айтуға болады.

5- Генетикалық әдіс.

Діни құбылыстардың даму жолына қарап отырып зерттеу әдісіне генетикалық әдіс дейді.

6-Салыстыру әдісі.

Адамдардың өзгешеліктері тұрғысынан немесе мәдениеттердің өзгешеліктері тұрғысынан діни құбылыстарды салыстыра отырып зерттеу әдісіне салыстыру әдісі дейміз. Бұл жерде діндер тарихы және социологиядан пайдалану керек.

7- Статистикалық әдіс.



Бұл әдіспен діни құбылыстардың себеп-салдар қатынастары цифрларға сүйеніп зерттеледі.

2. Дін психологиясының бірі тура жол құбылыстары.

“Белгілі болғандай тура жол құбылысында бәрінен бұрын адамның өзінен айнып, өзгеруі, жанадан туылуы тілге тиек болады. Әсіресе бір дін адамды қалауы бойынша, өзгертіп, оны өзіне сәйкестендіруді қалайды. Алайда адам рухында тура жол құбылысының жүзеге асуы мейлінше қиын. Аллаһтан ұзақтаған немесе оны танымаған бір адамның ескі өмір салтын түгелдей тастап жаңа бір діни сенім және тұлғаға айналып саналы түрде Аллаһқа бет бұру мейлінше маңызды мәселе болып табылады. Бұл адамның ескі өмірін түгелдей өзгертіп жаңа бір өмірге бастауы дегенді білдіреді. Айтып отырған тура жол құбылыс адам рухында жәймен қалыптасып ортаға шыққанындай, аяқ астынан туындап та өзін көрсетуі мүмкін.

Дін психологиясының басқа бір мәселесі діни қажеттілік, дін сезімі және мотивация болып табылады. Дін сезімнің дамуы жеткіншектерде және қарияларда қалай болатындығы зерттелген.

Сондай-ақ діни сезім, қасиеттер жайлы да зерттеуге болады. Дін психологиясы тасауф өмірді және діндардың Аллаһтың әмірлері алдындағы көмбістігінің белгісі болған әрекеттерді, әсіресе ғибадат өмірін де зерттеуі қажет. Бұл діни құбылыстарды сезім тұрғысынан, басқа әрекеттерге әсері тұрғысынан бір тұлғалық тұтастық ішінде қарастырып бағалауға болады. Бұл жерде қалыпты діни өмір жанында қалыпты емес діни құбылыстарды да зерттеп бір психопотологиялық дін психологиясы саласы ортаға шығады.

Дұрыс бір діни жағдайдың қалыптасуы үшін дін білімнің қаншалықты дәрежеде берілуі қажет? Дін білімінің жемісті болуы үшін қандай психологиялық негіздерге бас ұру қажет? Осы секілді сұрақтарға жауап беру де дін психологиясының міндеттеріне кіреді.


3. Дін психологиясының басқа ғылымдармен байланасы.

А- Психологиямен байланысы.

Психология адамның іс-қимылымен әрекеттерін зерттейтін білім саласы ретінде дінді де зерттеуге, яғни оны да есепке алуға мәжбүр. Осыған ұқсас мәжбүрліктер ғылымдар арасындағы байланысты, өзара көмекті қажет етеді. Психология, социология, антропология және әлеуметтік психология сияқты ғылым салалары, құбылыстар арасындағы байланыстарды ескере отырып адамды жан-жақты танытуға әрекет етеді. Бұл жерде дін психологиясы да бір зерттеу объектісі ретінде адамның діни өмірін алып отыр және психологияның тәсілдерін қолданып, құбылыстарға өзіне тән ұстаныммен баға береді.

Б- Дін психологиясы және басқа ғылымдар.

Діннің адам өміріне әсер еткеніндей, әлеуметтік өмірде де әсерлері болады. Бұл тұрғыдан дін психологиясы әлеуметтік бір ортада өмір сүрген адамның діни ұстанымдарын, әрекеттерін зерттегенде социология, әсіресе дін социологиясының зерттеулерінен пайдаланады. Діни өмірдің қадірін білу үшін өткеніне де қарау қажет. Бұл жерде бізге діндер тарихы көмекке келеді.

Құбылыстың негізіндегі сенім және саналы өмірін айқындау үшін философия, дін философиясы және кәлам сияқты ғылымдарға мұқтаждық бар.

Ахлақ (этика) болса адамның, қоғамның өміріндегі жүріп-тұру ережелерінің қандай болатындығын және мәдениетке беріктік қағидаларын ортаға қояды. Діни әрекетпен ахлақи кемелдену арасында тығыз байланыс бар.
Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Дiн психологиясының әдiс тәсiлдерi

2.әдiстерi мен тәсiлдерi

3.Қоғамдық практикадағы дiн психологиясының мәнi мен маңызы

4. Дiн психологиясының пайда болуы мен қалыптасу тарихы

5.Дiн психологиясының психологияның жеке бiр саласы ретiнде дүниеге келуi

6.Дiн психологиясындағы индивиттiк концепия

7.У.Джеймстiң прагматикалық концепциясы

Ëåêöèÿ-3. Дін психологиясында тұқым қуалаушылық және қоршаған орта

Ëåêöèÿ ìàқñàòû: дін психологиясының қоғамдағы ролі


Ëåêöèÿ æîñïàðû

1. Дін сезімі және дін санасы

2. Діни жетілу тұрғысынан отбасы факторы

3. Діни жетілу тұрғысынан қоршаған орта факторы


Әдебиеттер:

1. Куценок Б.М. Эмоция и религии. Киев, 1982



  1. Букин В.Р. Психология веруищих и атеистициское воспитание. М., 1969

  2. Платонов К.К. Психология религии М., 1967

  3. Попова М.А. О психология религии М. 1969

5.Борунков Ю.Ф. Структура религиозного сознания. М. 1974


  1. Дін сезімі және дін санасы.

Психологиялық анықтама ретінде дін: “Адамның ғажайып бір құдірет алдындағы әлсіздігі, оған деген мұқтаждығы сенім, сезім, дұға және табыну сияқты әртүрлі құбылыстарының жиынтығы.”

Сезім дегенімізде бір ескертуші немесе бір қажеттіліктің әсерімен организмде пайда болған жансыздық, қиыншылық сияқты жайсыз сезімдердің жанында көңілді демдететін қуаныш ынталану, бақыттылық сияқты жақсы сезімдер де бар. Сезімдер мотивке бейімделгіш потенциял күштер болып табылады. Көңілге жағымды сезімдер акцион, жақтайтындар болса реакционға бейім бір мотивті өз бойына тасиды. Ұнамды объектілерге жақындауға, ұнамсыздарынан қашуға бейімбіз.

Бұл жағдай организмнің өмір сүруіне әсер ететін бір механизмнің әсері болып табылады. Бұл механизмнің қызметінде зейіннің ролі екінші орында қалады. Тек оқыту, тәрбие арқылы, яғни саналы бір жолмен бұл механизмді бақылауға алу мүмкін. Сезімдер зейін өмірінен әлдеқайда ерте басталады және қажеттіліктерге, бейімделушілікке және ішкі сезімге сүйенеді.

Сананы болса; “Адамның өзімен және сыртқы дүниемен қатынасқа түсу қасиеті, ерекшелігі” деп айтуға болады.

Зеректік, пайымдылық, білімді болу, ішкі жан дүниені сезіну санаға қатысты қасиеттер. Сана тек қана білу құбылысы емес.

Әрі зейінмен әрі сезіммен өмір сүру бүтіні болып табылады. Саналы өмірде жарықтан қараңғылыққа қарай саты-саты бөлімдер бар. “Қараңғы бір там деп ойлайық. Оның іші әртүрлі заттармен толы болсын. Ортаға шам жақсақ жарық барған жердегі заттарды тани аламыз. Оның сыртында ала-құла жарық түсіп тұрған жердегі заттар бар. Олар шала-шұрпы көрінеді. Бұлардың арғы жағы толық қараңғылық. Ол жерде ештеңе көрінбейді.”

Сезім және сана туралы осынша мәлімет бергеннен кейін дін сезімі және дін санасы тақырыптарына өтеміз.

Дін сезімі дін мәдениетіне қатысты болып тек қана адамға тән бір сезім синтездерінен бірі болып табылады.

Қалай әр түрлі әсерлерді сезіну адамда тумысынан бар нәрсе болса дін сезімі де адамда туылғаннан бітге келеді.

Сондай-ақ дін сияқты өнер, ғылым және ахлақ сияқты әсер және түсінік түрлерінің де негізгі ішкі сезімдерге сүйенеді.

Адамда табыну, сүю табиғи бір қасиет”

Дін өз күшін адам санасынан тыс жерден алады. Дін техника сияқты адамның тек ақылын, өнер сияқты көңілін мазалаған бір сана емес. Дін адамның бүкіл болмысын жаулаған бір сезім. Қансыз өмірдің мүмкінсіздігі сияқты дінсіз де өмір сүру мүмкін емес.”

Дін құбылысын зерттегенде сезімдерге үлкен мән берген Уильям Жеймс сезімді діндарлықтың негізі деп көрсетеді. Мысалы Аллаһтан қорқу, Аллаһқа құрмет, сүйіспеншілік адамға тән психологиялық жағдай.”
2. Діни жетілу тұрғысынан отбасы факторы.

Сәби, туылғаннан кейбір ерекшеліктермен бірге дүниеге келеді. Алайда оның бұл ерекшеліктерінің орта әсерінен дамуы және өзгеруі негізгі мәселе болып табылады. Бұл жерде психологияның қатты көңіл бөліп, қайсы бірінің әсерлі екендігі туралы толассыз талас-тартыста болып отырған тұқым қуалаушылық және орта “факторы төңірегінде” біз арнайы айтысқа, тартысқа бармаймыз. Негізінде бұл талас-тартыстардың ортаға шығуына септігін тигізді. Айтқандай белгілі бір даму формуласы табылған және бұл формулада қайсы фактордың қаншалықты салмағы басым екендігі де көрсетілген. (Даму – Тұқым қуалаушылық –қоршаған орта-уақыт)

Хз.Пайғамбардың “Әр бір туылған бала Ислам дініне бейімделіп туылады. Кейін оны ата-анасы яһуди, христиан немесе мәжуси етеді” деген хадисі де әрі тұқым қуалаушылық әрі қоршаған орта факторына назар аудартуда. Бұл хадистегі арабша “фытрат” (жаратылыс, қасиет) сөзінің мағынасы төңірегінде көптеген келіспеушіліктер бар. Алайда біз хадистің екінші бөлігінің білдірген діни дамудағы ортаның рөлін қарастырамыз.

Орта, ауқымды мағыналы бір ұғым. Күнделікті өмірде көбінесе орта дегенімізде жанұя, достар тобы, оқу орны сияқты әлеуметтік орта әлементтері ақылға, ойға келеді. Ал орта ұғымы адамның әсер алған әр нәрсесін білдіреді. Айтқандай ортаны әлеуметтік орта, физикалық орта, биологиялық орта, мәдени орта сияқты бөліктерге бөлуге болады. Тақырыбымызға қатысты бізді қызықтырғаны сөз жоқ әлеуметтік орта мен мәдени орта болып табылады.


Отбасы ортасы.

Отбасы баланың дүниеге келген, өмірге алғашқы қадамын аттаған маңызды әлеуметтік ортасы болып табылады. Бұл жерде оның әр түрлі қажеттіліктері беріледі. Бұл ортада бала көргендерін, білгендерін, түйгендерін өз бойына сіңіре отырып өз тұлғалық қасиетін қалыптастырады. Бұл жерде маңызды бір мәселе тағы да бар. Ол баланың қабылдаушы, еліктеуші екендігі, баланың қалыптасуында ата-ананың және басқа жанұя мүшелерінің үлгі болатындықтары болып табылады. Үлгі қаншалықты толық, дұрыс болса баланың қимылдарына әсер етуі де соншалықты жоғары болады. Осы тұрғыдан баланы бір фотоаппарат, видео немесе магнитофонға ұқсатуға болады. Олай болса жанұя ортасында ата-ана және үлкендердің әрекеттері баланың дамуында үлкен маңызға ие болып табылады. Хз.Пайғамбарымыздың төмендегі хадисін тақырыбымызбен байланыстыруға әрекет жасап көрейік:

“Намаздарыңыздың кейбірін үйлеріңізде қылыңыздар және оларды қәбірлерге айналдырмаңыз.”

Бұл хадистің көптеген варианттары бар. Бұлардың арасындағы айырмашылықтарды қарайтын болсақ жағдай біраз түсінікті болады.

Айтқандай Тирмизидегі хадис мынадай: “парыз намаздарынан басқа намаздардың үйде қылынғаны абзал болып табылады”

Енді осы хадис жайлы біраз ой жүгіртіп көрсек тікелей Аллаһқа құлшылық ету үшін жасалған мешіттер тұрғанда үйде намаз қылудың маңыздылығы қайдан шықты деген сұрақ пайда болады. Одан кейін намаз оқылмаған үйдің кәбірге ұқсатылуының себебі не?

Бұл мәселе жайлы мынадай бір тұжырымға келеміз: Парыз намаздардың мешітте жамағатпен қылынуы, діннің белгілерінің көрінісі үшін, нәпіл намаздардың үйде қылынуының себебі риякерліктен ұзақ болу үшін табылады.

Алайда парыз намаздардың мешітте нәпіл намаздарының үйде оқылуының абзалдығы тек қана бұған байланысты болмаса керек. Мәселенің түрлі жақтары бар; психологиялық, әлеуметтік, педагогикалық және т.б. ғибадаттардың тұлғаның қалыптасуындағы функциясын.

Көз алдына алсақ мынаны айтуға болады: намаз туралы Құранда:

“Мені еске алу үшін намазды толық орында”дейді.

Ғибадаттардың әр түрлі жер мен уақытта жиі-жиі қылынуы адамда Аллаһқа деген сенімді қалыптастырады. Аллаһқа деген сенімі толық, кемелденген адам айнала қоршаған ортаға үлгі болады. Жамағатпен оқылған намаздың әлеуметтік бірігудегі функциясын осы жерде айтып кету керек. Діни тәрбие үшін үйлерде оқылған намаздардың маңызы өте жоғары. Бұның маңыздылығын яки Кемал былай деп айтады: “Өз-өзіме айтамын: Шишли Кадикөй, Мода сияқты аймақтарда туылған, өскен, ойнаған Түрік балалары ұлттарынан толық дәрежеде өз несібелерін яки қажеттіліктерін толық ала білді ме? Ол аймақтардағы мұнаралар көрінбесе, азандар естілмесе, рамазан айының түндері сезілмесе балалар мұсылмандықтың балалық түсін қалай көреді? Міне осы түс балалық деп отырған мұсылман түсі. Осы түс бізді бір тұтас ұлт хәлінде ұстап келе жатыр. Қазіргі Түрік әкелері ауасы мен топырағы мұсылмандықпен толған аймақтарда туылды. Алғашқы сабақтары бісмілләні үйренуден басталды. Айт намаздарына әкелерінің жанында бірге барды. Осындай әр түрлі діннің жолдарынан жүріп өтті. Түрік болды”

Балалар үйде көрген діни өмірдің әсерінде қалады. Намаз оқыған, құран оқыған үлкендердің жанында діни өмірге дайындалып діндарлық бір қасиеттерді өз бойларына жинай бастайды.

Бір әке баласымен (бес жастан кіші) ойын ойнайды және бұл баласына өте ұнайды. Біраздан соң әкесі ойынды жеткілікті деп тапқанда бала бұған келіспейді. Әкесі “балам мен намаз оқуым керек” дейді. Бұған қуанған баласы “онда менле сенімен бірге намаз оқимын” дейді. Бірге ақшам намазын оқиды осылайша болады діни сезім ояна бастайды. Діни қызығушылықтың оянуында және дамуында жанұяның маңызы және балаға діни өмірдің қызықтығын қабылдату үшін онымен мұқиат қатынаста болу керектігін естен шығармау керек. Ғибадат барысында балалармен ойнап отырамызба деген түсініктен аулақ болу керек. Хз.Пайғамбарымыз намаз барысында және намаздан тыс уақытта балалармен дұрыс қарым-қатынаста болуды бұйырады.
3. Діни жетілу тұрғысынан қоршаған орта факторы

Радио және теледидар. Радио мен теледидарды отбасы ішінде қарастырсақта болар еді. Өйткені бұлар баланы көбінесе жанұя ішінде өз әсерін алады. Алайда өз алдына қарастыруды жөн көрдік. Теледидар қазіргі кезде радиомен салыстырылмайтындай дәрежеде адамдарға әсер етуде. Бұл жағдай балалар жайлы ойланғанда одан да маңызды хәлге айналады. Жағдай былай өрбігенде, мәселеге балалардың діни қызығушылықтарын ояту тұрғысынан қаралғанда Түркия теледидарының ашынарлы жағдайы көз алдымызға келеді. Діни бағдарлама ретінде 1- каналда аптасына жарты сағаттық көрсетілім беріледі. Мұның өзінің кемшіліктері толып артады. Радиоға келетін болсақ діни бағдарламалардың сағаты және түрлері бұрынғыдан көрі дұрысталған. ТРТ-ның радио және теледидар бағдарламаларының жалпы көрінісі өскелен ұрпаққа, олардың қалыптасуына кереғар бағытта әсер етіп отырғаны байқалады. Салт-дәстүрге сай келмейтін көріністер көбейіп бара жатқандай.

Балаларға арналған кітаптар және басылымдар.

Балалар бысылымдарының балаларға әсерінің жоғарлылығы қалтқысыз шындық болып табылады. Діни қызығушылықтың дамуында бұл басылымдардың маңыздылығының қаншалықты денгейде екенін айту өте қиын. Діни тақырыптардағы балалар кітаптарымен басылымдары өздерін енді-енді көрсетіп келе жатыр.

Ойын және достарының ортасы.

Ойын дегенде алдымен балалық еске түседі. Өйткені ойын олардың негізгі қызметі болып табылады. Ойын олардың өмірде дайындық ортасы, әрі әр түрлі қиялдарының қанағаттанатын жері. Айтқандай балалар ойындарында үлкен адамдардың бейнесін сомдайды. Біреуі мұғалім болады, басқалары оқушы, ал енді біреуі дәрігер дегендей. Бұл жерде үлкендердің міндеті олардың арасына түспеу болып табылады. Тек ойынның ағысына бір бағыт жөн сілтеуге болады. Бұл тұрғыда ойыншықтардың да маңызы өте жоғары. Ойыншықтар баланың ой-өрісінің кеңеюіне үлкен көмек береді. Ойынның маңыздылығының жанында достардың да әсерін ұмытпау керек. Ойын достарының жанұя құрылысы, дәрежесі, тәрбиесі және әлеуметтік әрекет түрінің балаларға әсері өте жоғары болады.

Мектеп.

Қазір балалардың мектеп жасы ретінде 7-12 жастар арасы көрсетіледі.

Мектепке дейін ата-ананың ықпалында болған балаға енді оқытушы тікелей әсер етеді. Енді ең жақсы білетін, сөйлейтін мұғалім болып табылады. Олай болса мектеп жасындағы баланың діни тақырыптағы қызығушылықтарын ең жақсы қанағаттандыратын да мұғалім болады. Бұл жағдайда бастауыш білім беру кезінде бұл қызметті атқаратын мұғалімдердің шартқа лайық болуын мұқият қадағалау керек. Діни мәселелердің қазіргі өмірмен байланыстыра отырып балаға үйрету қажет. Бұл жердегі назар бөлетін тағы бір нәрсе мектеп жанұя байланысының дұрыс бағытта жолға қойылуы болып табылады.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. балалық кезеңнің ерекшелігі

2. эгосентризм калай пайда болады?

3. бозбала кезеңінің ерекшелігі

4. ересек адамның мінезі

5. кәріліктің келгені калай білінеді
Ëåêöèÿ-4. Діни даму (жетілу) кезеңдері.

Ëåêöèÿ ìàқñàòû: дін психологиясының адамның өсу кезіндегі маңызын қарастыру

Ëåêöèÿ æîñïàðû

1. Балалық кезең.

2. Бозбала кезең. (12-21)

3. Ересектік кезең (21- ...)


Әдебиеттер:

1. Борунков Ю.Ф. Структура религиозного сознания. М. 1974



  1. Букин В.Р. Психология веруищих и атеистициское воспитание. М., 1969

  2. Куценок Б.М. Эмоция и религии. Киев, 1982

  3. Платонов К.К. Психология религии М., 1967

  4. Попова М.А. О психология религии М. 1969

  5. Угринович Д.М. Психология религии. М., 1986

І- Балалық кезең.

А- Мектептен бұрыңғы кезең (0-5)

Сезімдер баланың тумысынан бірге келетін ерекшеліктерінің арасындағы бір қасиет. Алайда бұл сезімдерден кейбіреулері дереу өзін көрсетсе (аштық, шөл сияқты) кейбіреулері жетілу кезеңдері ішінде ортаға шығады.

Сезімдерді ортаға шығу түріне қарай:


  1. Қарапайым және менменшіл сезімдер, 2- әлеуметтік сезімдер, 3- ұлы және тылсым сезімдер деп бөлуге болады. Дін сезімі осы ұлы және тылсым сезімдер арасынан орын алады. Осы тұрғыдан да ортаға шығуы кеш болатындықтан ұзақ бір мерзімді қамтиды.

Баланың сәбилік кезеңі бойынша (0-2) діни құбылыстар әдетте байқалмайды. Тек жүруге және тілі шығып сөйлей бастаған кездерінде кейбір діни әрекеттерге еліктеуі мүмкін.

Алғашқы балалық кезеңі дейтін (2-6 ж) кезде анық бір діни құлшыныс ба діни өмірге йқалады. Үш жастарынан бастан еліктеудің жанында сезім арқылы діни өмірге бейімделу әрекеті көріне бастайды.

Бұл кезеңде балада еліктеушілік, анемизм, антроморфизм, егоцентризм, жеке пікір және ойшылдық (сұрақ сұрау) сияқты сезімтал ерекшеліктер үстем болады. Баланың өзін қоршаған ортасына қабылдануы үшін “Мен де бармын” деуге әрекет еткен бұл кезіне “тәуелсіз болу” кезеңі деп те айтылады.

Бұл ерекшеліктер мектепке дейінгі кезеңнің ішінде уақыт, пайыз және көлемі жағынан әртүрлі болады. Енді осы ерекшеліктер төңірегінде жеке-жеке әңгіме қозғаймыз.



  1. Еліктеушілік.

Бала бұл кезде көздерімен бір бейнекамера, құлақтарымен бір магнитофон сияқты оқиғалардың ағысын бақылап отырады және оларды еліктеу арқылы орындауға әрекет етеді. Сезім тұрғысынан бұған ол құштар, санасы толық жетілмегендіктен ол әлі сын көзбен қарауға қабілетсіз. Сондықтан тек еліктеумен шектеледі. Бала бұл кезде өзіне айтылған әр нәрсеге сенуге бейім, шүбәләнуден ұзақ болады. Сезімтал, ақылды емес.

2-Анемизм.

Бұл терминнің психологиядағы мағынасы бүкіл болмыстардың жанды, саналы ретінде қабылданып, қимыл-әрекеттерінің осыған байланысты бағалануы дегенді білдіреді. Балалар қуыршақтармен ойнайды, онымен сойлеседі т.б. Оның ойынша бұлттар өз еріктерімен ұшады, өзендер ағады, тау-тас, хайуандардың барлығы адам сияқты саналы болып табылады.

Тақырыппен байланысты кішкене бір бақылауымды осы жерде айтып кетуді жөн көріп отырмын: Бір күні үш-төрт жасындағы қызыммен жолда бара жатқанымда бір ит келіп, сол жердегі бір бұрышқа зәр сындырды. Бұны байқаған бала, “Әке, бұл ит неге әжетханаға бармайды” деп сұрады.

3-Антроморфизм және жеке пікір.

Антропо - адам, морф- форма, суреттеме; антроморфизм болса адамға ұқсатушылық дегенді білдіреді. Бұл терминнің психологиялық мағынасы болса Аллаһтың адам кейпінде көрінуі дегенді білдіреді. Бала бұл кезде түсіну, ойлану қабілетіне байланысты жеке, дербес пікірде болу кезеңінде болып табылады. Жеке болмыстарды және мәселелерді оңай пайымдайды, бірақ беймәлім, тылсым болмыстарды ойдағыдай түсініп, қабылдай алмайды. Сондықтан белгісіз нәрсе, белгілі нәрсеге айналдырылады. Аллаһ, ахырет, періште, жын, шайтан сияқты беймәлім ұғымдарды түсіне алмағандықтан көзімен көріп, сезім органдарымен қабылдаған белгілі болмыс, оқиға және жағдайлардың көмегімен бұл белгісіз дүниелер мен ұғымдарды түсінуге әрекет жасайды. Кейде бұл жағдайлар үлкендер тарапынан күлкіге де ұшырап жатады. Бала айналасындағы үлкендерден естіген бұл діни беймәлім ұғымдарды сұрайды. Оған Аллаһты түсіндіргеніңізде ол түсінбейді ол оны өзі білетін заттарға, соның ішінде адамға ұқсатуға және осылайша түсінуге әрекет етеді. Аллаһ жақсы көреді, есітеді, біледі сияқты ұқсатулар балаға адамды елестетеді. “Аллаһ үлкен, ол бәрінен күшті, ол бізді және барлық нәрсені жаратқан” дегенімізде оның адамнан басқаша болмыс екенін сезінгенімен, қалай деген сұрақтың жауабын табуға да қиындық шегеді және тағы да адамға ұқсатуға мәжбүр болады: сенен де үлкен бе? Есіктің қоңырауына бойы жете ме? Сияқты сұрақтар сұрайды. Баланың бұл дербес (объективті) түсінік дәрежесінен уақыт өте келе субъективті ойлау дәрежесіне өтуі және Аллаһ түсінігіне ие болуы кейіннен, жинақы түрде, өзін көрсететін болады. Алайда бұл жерде орта шарттармен тәрбие жұмыстарының да даму барысына әсер ететіндігін ұмытпау керек. Бір христиан мәдениетінде жетілген бала мен ислами тәрбие алып өскен баланың Аллаһ түсініктеріндегі даму барысы салыстырылғанда өзгеше нәтижелер береді. Бұл заңды нәрсе әлеуметтік білімдердің өзі әртүрлі мәдениеттерде жасалған зерттеулердің әртүрлі нәтижелер беретіндігін бір принцип ретінде қабылдаған.



  1. Эгоцентризм:

Эго- мен, центре-орталық; эгоцентризм- дегеніміз болса “орталықта мен” дегенді білдіреді. Балаларда эгоцентристіктің белгілерін олардың бірнеше әрекеттерінен байқауға болады. Жанұя ортасында біреуі екіншісіне бір нәрсе сөйлесе бала сол сөзді өзіне айтылды деп есептеп дереу жауап береді. Бейне бір ол жерде өзінен басқа ешкім жоқ сияқты. Мысалы әкесі бауырына “есікті жап” десе ол бірден тұрып жабады не болмаса “жаппаймын, өзің жап” деп жауап береді. Бейне бір және басқалар тек сол үшін қызмет етіп жатқандай. Яғни барлық жерде ол бар, барлық нәрсе сол үшін болып жатқандай. Өзінен басқасы ол үшін маңызды емес. Осы тұрғыдан менменшіл ұстанымда болады. Қуыршақтарды басқалармен бөліскісі келмейді. Тек “менікі, менікі” деп иеленумен болады. Осыған байланысты кейбір проблемалар шығуы мүмкін.

Баланың бұл шағында осы сияқты ерекшеліктері ескеріле отырып діни және ахлақи (моральдық) тәрбие дұрыс берілуі қажет.


ІІ-Бозбала кезең. (12-21)

А- Бозбалалықтан бұрыңғы кезең. (12-14)

Бозбалалықтан бұрыңғы кезең тәрбиелеу кезеңі ретінде орта мектеп кезеңі болып табылады. Бұл кезде адам балалықтан кеткен, бірақ әлі жігіт болып та үлгермеген. Осы себепті кейбір психологиялық ауытқуларда болады. Көбінесе әлеуметтік орта оның бұл ауытқуларына әсер етеді. Кейде “сен енді үлкен болдың” ал кейде “сен әлі баласың” дейді. Бұл кейде баланың не істерін білмей далбырап жүруіне себеп болады. Алайда үлкендер бұл кезде түсіністіктен әрекет ете отырып, оны ескерулері керек. Сонда бозбала өзіне сенеді. Өзіне деген құрмет пайда болады.

Бұл кезең жалқы ойлау қабілетінен абстрактілі ойлау қабілетіне өтумен бір кезең болып табылады. Осы себепті бұл кездің бозбаласы енді жеке мәселелермен қоса жалпы мәселелерді де түсіне бастайды. Бұл психологиялық ортада діни мәселелерге деген құштарлығы артып, дінді іштен түсіне бастайды. Бұл тұрғыдан бұл кезеңге, әсіресе 13 жас үшін діни ояну кезеңі деп те айтылады.

Енді бозбала естігендерін, үйренгендерін електеп өткізіп, сынай қарайды. Тіпті осы кезге дейін үйренгендерін де електеп өткізуде, кейбір мәліметтердің дұрыс нмесе бұрыстығын білгенінде оны қайта өңдеуден өткізуде.

Бұл жағдайды ескере отырып балалық кезде, кейін бозбала шақтың өзінде үлкендердің әр мәселеді болғаны сияқты діни мәселелерде дұрыс бағыт беріп отырулары керек. Бұл адамның рухани жағынан дұрыс жетілуіне пайдасын тигізеді. Бұл кезде адам дене және материалдық тұрғыдан біршама өзгеріске ұшырайды. Еркектер де алдымен мұрт, сосын сақалдардың шығуы, дауыстың жуандауы, қыздарда болса көкіректерінің және бөкселерінің дамуы сияқты кейбір ерекшеліктері мен дененің және органдардың жедел дамығаны байқалады. Бұған қоса рухани жағынан да өзгеріске ұшырайды. Бозбаланың бұл жаңа бейнесі кейде айналадағылар тарапынан күлкіге алынуы мүмкін. Осыдан барып көпшіліктен ұзақ болуға әрекет етеді. Бұл жағдай кейін жігіттік кезеңде де өзін көрсетіп отырады.

Бұл жағдайларда ескеріле отырып бозбаланың жетілген санасы мен сезім әлеміне сай бір діни жақындық жасау, мазалап жүрген сұрақтарына достарша жауап беру үлкендердің негізгі міндеттеріне кіреді. Еркек болсын, қыз болсын бұл кезеңде жыныстық мәселелерге байланысты кеңінен мәліметтер берілуі керек. Осылайша бозбаланың қажеттілігі болған бағыт сілтеушілік міндеттілер тарапынан орындалса мәселелер шешімін табады.

В- Бозбала кезең (15-17)

Бозбалалықтан бұрыңғы кезеңде психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан бозбалалыққа әзірленген кісі енді дене және рухани жағынан қажетті даму жолдарынан өтіп бозбалалық деген кезеңге аяқ басады. Исламда ақылды және жетілген болу керек деген бір ұғым бар. Бұл жерде ақылды дегеніміз адамның сана- сезімінің жетілуі, жетілген болу дегеніміз адамның дене-мүшелерінің толысып, жетілуі дегенді білдіреді. Бұл жерде бозбаланы дене және рухани жағынан жетіліп, толысуының жанында діни жағынан қажетті тәлім-тәрбиемен де сусауы керек. Бозбалалық шағындағы бұл кісі енді балалықтан түгелдей шыққан және жігіттікке қарай бет алған болып табылады. Осы себепті әлеуметтік ортада оған қажетті көңіл бөлінуде. Бірақ санасы жағынан өмір тәжірибесі аз болғандықтан үлкендердің тәжірибесінен пайдалануы мүмкін. Бұлардан бас тарта алмайды.

Діни білімдерді, діни тәрбиені бозбалалықтан бұрын қажетінше алған жағдайда бұл кезде бозбаланың мінезінде тұрақтылық пайда болады. Онша-мұнша кемшіліктері болса оларды үлкендердің көмегімен шешіп отырады. Діни білімдерді, діни тәрбиені бозбалалықтан бұрын қажетінше алған жағдайда бұл кезде бозбаланың мінезінде тұрақтылық пайда болады. Онша-мұнша кемшіліктері болса оларды үлкендердің көмегімен шешіп отырады. Менменшіл сезімдерін босын, орнына патриоттық, жанашыр сезімдерін оята бастайды және осылайша қоғаммен оңай тіл табысып кетеді.

Сезім жағынан дамудың балалықтан бастап мынадай бір сатылардан өтетінін көреміз: Әуелі менменшіл сезімдер бірінші орында болады. Осы тұрғыдан бала айналасымен келісе алмай қала береді. Осы себепті бала”Әуелі мен кейін басқалары немесе тек мен” дейді. Біраздан соң мектеп кезімен бірге әлеуметтік сезімдері қалыптасады. Бұл әбден бамып шегіне жеткенде “Әуелі басқалар, сосын мен” дейді. Бозблалалық кезде бұл түсініктің орнын “Мен және басқалары немесе біз” дей алады. Бозбалалық кездің адамына сөзге беріктік, жомарттық, батылдық, жанашырлық сияқты қасиеттер тән болады. осы кезде бұл сезімдер оянып, бұлардың мағынасы тереңінен түсініле бастайды.

С- Жастық кезең (17-21)

Бұл кезде жас өзінің жастығын, жетілгендігін толық сезінеді. Қоғамда өзіне жарыса орнын алады. Діни түсінік тұрғысынан қажетті даму жолдарынан өткендіктен діни амалдарын орындау үстінде болады. Әрине бұл нүктеде жастың балалық шағынан бастап жері келгенде және уақытында діни тақырыптармен және тәжірибелермен байланысты білім алған, діни атмосфераға өзін бейімдеген болуы керек.

Біздің мәдениетімізде бұл кездің, әсіресе ауылдық аймақтарда үйлену кезі екендігі белгілі. Еркектер үшін жұмыс, әскерге бару және білім алу бір тосқауыл сияқты болғанымен, қыздар үшін білім алудан басқа тосқауыл жоқ десе де болады. Тіпті 20-21 жастан кейін кешігіп қалғандығы жайлы ойланып әбіржулі күйге түседі. Осы себепті үйлену және жұмыс табу жастық кездің ең басты проблемалары болып табылады. Олай болса бұл жерде үлкендерге жүк түсіп отыр. Олармен іші-бауырына кіріп бір дос ретінде сөйлесіп сыр алысу керек. Сондай-ақ жас идеалист болады. Ата-аналармен және басқа үлкендермен пікірлері, көзқарастары қайшы келіп отыруы мүмкін. Жас идеалист болады. Тек тәжірибесіз. Осы себепті алдын және артын есепке алмай кейбір мәселелерде айтысып қалып отырады. Үлкендер оған оның бұл қажеттіліктерін түсіндіруін насихаттар айтады. Бірақ ол мұны жақсы қабылдамайды. Араларында түсініспеушіліктер болады. Міне осы жерде тағыда дін көмекке келеді. Діннің сүйіспеншілік және құрмет сияқты ұғымдары осыған жәрдемші элементтер болып табылады.[

Жастықтың соңғы жылдары ересектікке өту жылдары болып табылады. Бұл жерде еркектер үшін әскерлік мәселесін маңыздылығын ұмытпау керек. Әскерге барып келу адаға қоғам ішінде белгілі бір статусқа ие етеді. Қыздарда бұл кезде жалпырақ тұрмыс құрып бір жерге ие болып отырады.

ІІІ-Ересектік кезең (21- ...)

А- Бастапқы ересектік (21- 40)

Жастық бітуге айналғанда ересектік кезең басталады. Бұл кезеңнің алғашқы жылдары адамның үйлену, жұмысқа тұру немесе әскерге бару, білім алу сияқты мәселелерінен бір бөлігін шешіп алған, қалған бөлігін шешуге әрекеттенген бір кезеңі болып табылады. Бұл себепті адам бір жағынан өмірге деген көзқарасы жағынан идеалист, өмірге құштар бір пікірге ие болады. Өмірден көп нәрсені күтеді, өмірде көп нәрсені жасайтындығына сенімді, қуатты және шешімге тез келеді, бірақ тәжірибесіз бұл психологиялық жетілуде әрине діни кемелділіктің маңызы зор. Өйткені дін сезімі ұлы сезімдерден бірі және басқа сезімдермен тығыз байланыста болғандықтан олардың да дамуына өз әсерін тигізеді. Адам 20-25 жастар арасында маңызды мәселелерінің біразын шешіп қоюы мүмкін. Үйленген, мүмкін бірінші сәбиді де дүниеге әкелген, жұмысқа берілген және барлық күш жігерімен әр түрлі мәселелерді шешу әрекетінде болады. Осылайша ересектер әлеміне кірген, олардың арасынан өз орнын тапқан. Діни тұрғыдан бұл кезеңнің ересегі егер діни тәжірибесін жеткілікті түрде алса, онда ол бүкіл іс-әрекеттерін соған байланыстарын жүргізу үстінде болады.

Жастық кезге қарағанда тұрақты бір әлеуметтік және діни өмір бар. Егер діни сауатсыз болса онда бұл адам дүнияуи мәселелерге беріліп, діни мәселелерге мән бермеуі мүмкін. 25-30 жастары арасындағы ересек болса өмірге ұмтылған, кәсіби тұрғыдан ысылған, бала немесе балаларымен әуре болған, солардың келешектері үшін бас қатырғн бір жағдайда болады. Әлеуметтік ортасы бұрынғыдан үлкейген. Бұл кездегі адамдардың денсаулығында ешқандай проблемасы жоқ. Экономикалық тұрғыдан да үлкен мөлшерде жұмыстарын жолға қойған, артықша тапшылық жоқ. Жасалған зерттеулер бойынша бұл кезде дененің ең жігерлі кезі болып табылады

В- Орта жас (40-60)

Бұл кезде адамның өткеніне қарап отырып өз мақсаттарының қаншалықты жүзеге асқанын немесе аспағанын сұрайтын, өз-өзінен есеп алатын уақыты болып табылады. Өзінің табыстарына риза болып, сәтсіздіктеріне өкінеді. Бұрыңғы күш және қабілеттің қазір баяғыдағыдан төмен екендігін айту керек. Бұл жағдай адамды мазасыздандыруы мүмкін. Осы себепті адамның тұрмыстық, кәсіптік және әлеуметтік қатынастарында кейбір проблемалар өзін көрсетуі мүмкін.

Сондай-ақ бұл кезеңде әйелдердің де “менопоз” деген ғұрыптан аттау құбылысын айта кету керек. Бұл әрі биологиялық, әрі психологиялық әсерлері болған бір жағдай болып табылады.Бұл психологиялық проблемалардан құтылу үшін кейбіреулері ішкілік, құмар сияқты өмірге кіріп кетеді. Бұл кезеңнің адамдары өмірлерінің өткен бөлігін көзден өткізгесін қалған уақытын қалай тиімді өткізуді ойлайды. Бұл жерде айналадағы адамдар әр түрлі көмекте болуы керек. Егер тиімді ортасын тапса бұл кездің адамы өте маңызды істер істей алады.

С- Кәрілік (60-...)

Организм туылады, өседі, өледі. Тумысынан тап-таза болған, барлық жағынан жап-жаңа болған, өсуге, дамуға дайын организм уақыт өте келе бұрынғы қасиетін жоғалтып, ескіре бастайды. Нәтижесінде әр түрлі кеселдер бой көрсете бастайды. Алайда бұл кезеңнің де өзіне тән жағымды жақтары да бар. Кәрілік кебір келеңсіздіктермен бірге білім және тәжірибеге толы бір кезең болып табылады. Бұл жағдайды ең жақсы түсіндіретін “Жас білсе, кәрі жасаса” деген бір халық мақалы бар. Жастардың білек күшіне қарсы кәрілердің білім, тәжірибе күші бар. Бұл әлеуметтік ортада жастарға, орта жастағыларғы түсетін кейбір міндеттер мен жауапкершіліктер болғанындай кәрілердің де өздеріне жараса қызметтерінің барлығы ұмытылмау керек. Бұл кезеңде адам негізінен зейнеткер, істесе де бұрынғыдай қуатының жоқтығын біледі. Еңбек қабілетінің түсуінің дене әрі психологиялық себептері бар. Денемен байланысты: “көру және естудің нашарлауы, тістердің түсуі, шаштардың ағаруы, денедегі жасушаларда су құрамының азаюы нәтижесінде терілердің бүрісуі кіреді. Организм сыртқы әсерлерге беретін жауаптарында баяулық және әлсіздік назар аудартады.

Психологиялық тұрғыдан болса есте сақтау қабілетінің төмендеуі, рухани жұтаңдықтырдың ортаға шығуы, ұйқысыздық, тез ашуланушылық сияқты құбылыстар байқалады. Бұл психологиялық, биологиялық және әлеуметтік ортада өмірдің соңғы сәттерін жасаған кәрі адамдар үшін діннің маңыздылығы зор. Өйткені кәрі адамдар өлімнің жақындағанын қатты сезінеді және өлімнен кейінгі жағдайын ойланып, соған қарай діни сенімін күшейте түседі. Бір жағынан да дін ол үшін өмірін дұрыс және тыныштық ішінде жалғастыруын қамтамасыз ету үшін психологиялық, әлеуметтік және табиғи бір көмек күші болып табылады. Дін әртүрлі проблемаларды шешуге жәрдем етумен қатар басқа нәрселер істеу үшін де бағыт береді. Жалпы алғанда кәріліктің адамдарды дінге бет бұрғызатындығын, оларды діндар хәлге әкелетіндігін көреміз. Бұл тақырыпта батыста және Түркияда жасалған зерттеулерге қарағанда бұл түсініктің онша ма таппағаны да белгілі. Бұл жерде мынадай бір тұжырым айтуға болады: Кәрілік және өлім түсінігі сияқты факторлардың адамды дінге бетбұрыс жасататындығы байқалады.Алайда бұл факторлар бұл жерде жалғыз әсер етуші нәрселер емес. Адамды дінге әкелетін факторлар өте көп. Осы себепті кәріліктің адамды дінге бетбұрыс жасатып, жасатпайтындығын қарастырғанда ол адамдардың бұрынғы өткен өміріне де қарау керек. Өйткені адамның тұлғалық қасиеті бір сәтте қалыптаспайды. Ол белгілі бір кезеңдерден өтеді.
Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Балалық кезеңнің ерекшелігі

2. Эгосентризм калай пайда болады?

3. Бозбала кезеңінің ерекшелігі

4. Ересек адамның мінезі

5. Кәріліктің келгені калай білінеді.

6. Ëåêöèÿ êîíñïåêòiñií æàçûңûç

Ëåêöèÿ-5. Ислам дүниесіндегі дін психологтары.

Ëåêöèÿ ìàқñàòû: ислам ғалымдарының психологиялық пікірлерін зерттеу

Ëåêöèÿ æîñïàðû

1. Харис әл-Мухасиби

2. Ибн Хазм

3. Мухаммед Икбал

Әдебиеттер:

1. Omer Nesefi, Islam Inancinin Temelleri Akaidi. – Konya, 1997

2. Prof.Dr.H.Kamil Yilmaz, Ruhani Hayat. – Istanbul, 2000.

3.Куценок Б.М. Эмоция и религии. Киев, 1982

4. Әдебиеттер қолдану


1. Харис әл-Мухасиби.(781-857).

Мухасиби сопы ғалым, шыығармаларында жалпыда адамның ішкі дүниесін зерттеп діни көзқараспен анықтаған, оны дін психологы деп санауға болады. Зерттеулеріне қарасақ Мухасиби Құранды әрдайым негізге алып отырған. Содан ол ислам психологиясының тұңғыш ғалымы деп саналған. Мухасиби нәпсімен танысуда ішкі зерттеу адамдардың іс-әрекетінің түсінуіне қарай зерттеген. Мұнда екі мақсат бар: 1)нәпсінің қалауы іс-әрекетке жаман әсерін тигізеді.2)адамның бар болу мақсатын зерттеу. Мухасиби адам үш нәрседен пайда болған дейді. Олар: жүрек, ақыл, нәпсі.Психологиялық ойдың орталығы жүрек, сенім, ой және адамның рухани күші. Ақыл адамның ғылым орталығы дейді Мухасиби. Адам барлық оқиғаларды ақылмен түсінеді және біледі. Ал нәпсі адамды жаманшылыққа апаратын бір күш. Нәпсі қалауының соңы болмайды.

2. Ибн Хазм

Ибн Хазм атақты ғалым және дана болған. Оның ғашықтыққа байланысты көп шығармалары бар. Ғашық деген не? Деген сұраққа Ибн Хазм былай де жауап береді: «ғашықтық бұл бөлек – бөлек нәрселердің бір болуы. Ғашықтық бір болған нәрселердің ең жоғарғысы. Хазмның ойынша ғашықтардың мінездері бір – біріне сай, ұқсас болуы керек.

3. Мухаммед Икбал(1873 – 1939)

Мухаммед Икбал үлкен ғалым, жазушы және философ болған. Ол Еуропадағы философиялық еңбектерді аударып оны исламмен салыстырған. Икбалдың ойынша дін адамның тәжңрибесіндегі мінезі болып табылады дейді. Дінде ең жақсы адам ол құдайға жақын болған және діни тәжірибесі бар адамдар дейді Икбал.


Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Алғашқы ислам психологы

2. Мухасибидің психологиялық ойлары

3. Ибн Хазм дін психологиясына берген анықтамасы

4. М.Икбал пікірлері

5. Ëåêöèÿ êîíñïåêòiñií æàçûңûç

Лекция –6. Ислам ойшылдарының психологиялық ойлары

Ëåêöèÿ ìàқñàòû: ислам ойшылдарының пікірлерін қарастыру

Ëåêöèÿ æîñïàðû

1. Әл - Фараби

2. Газзали

3. Ибн Сина


Әдебиеттер:

1.Ақжан Машани. Фараби және Абай., Алматы.1994

2. А. Көбесов. "Әл-Фарабидің Ашылмаған Әлемі". Алматы, 2002

3. I.A.Cudukcu. "Islam dusunurleri". Ankara,1991.

4. Ибн Сина және Ғазалиде білім мәселесі, Камил Жихан. Станбул 1999 ж.
1. Әл – Фараби.

Қазақ топырағындағы көкірегі ояу, көзі ашық талай ойшылдары бүкіл шығыс-араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі бәрімізге танымал ұлы жерлесіміз Әбу-Насыр әл-Фараби. Араб Аристотелизмінің негізін салушлар қатарына Кинди, әл-Фараби, Ибн-Сина және т.б. жатады. Алайда философия тарихшыларының басым көпшілігінің ұйғаруынша мұсылман шығысындағы ілгерішіл қоғамдық саяси ой-пікірдің нағыз көшбасшысы әл-Фараби болып табылады. әл-Фрабидің өз еңбектерінде алғашқы себеп деп Құдайды айтады./1/. Алайда ол Аристотельдің ізімен Құдай дүниені бар етуші, қозғалысқа келтіруші тек бірінші себеп, алғашқы түрткі ғана, одан кейін табиғат өз бетімен, өз заңдылығымен Тәңірге тәуелсіз даму жолына түскен деген идеяны қуаттайды. Бұл әрине каламшылардың “жақсылық та жамандық та Құдайдан” қағидасына мүлдем қайшы. Кертартпа дін басылары мен оларды қолдаушы философтар осындай көзқарастары үшін Фарабиді қудалаған еді. Әл-Фараби ақиқат біреу-ақ, бірақ оған әр жақтан, әр түрлі деңгейден қарауға болады, сондықтан ол туралы түрліше балама қорытындылар жасау мүмкін деп санайды. Оның философиялық көзқарастарын нақтылы тарихи жағдайда, белгілі бір дәуірмен байланысты қарағанда ғана ерекшеліктерін дұрыс түсінуге болады. Яғни әл-Фарабидің философиялық ілімі – негізінен дүниені бір Құдай жаратты деген қағиданы басшылыққа алған идеалистік ілім болып табылады.


2. Газзали

Әл-Ғазалидің жан-жақты тұлғасының маңызды, ықпалды жетістіктерінің бірі, этика мәселелерінің, және жалпы алғанда, Ислам қоғамының ахлақи көмескі жатқан тұстарын өте жақсы байқауы. Сондай-ақ солардың шешімін тауып, жасаған өте бай ахлақи тұжырымы. Сондай-ақ Әл-Ғазали рух, ақыл, бақыттылық,саясат, әсіресе ізгілік теориясында Платон, Аристотел, Жаңаплатоншылдық, сол замандағы қалыптасқан Эклектикалық Ислам филосфиясынан пайдаланған. Бірақ та бұл пайдаланудың өзі шариғат өлшемдері аясында болатын. Жорамал бойынша ол Рағип Әл-Исфаһанидің «Еззериа ила мекаримул шерийа» еңбегін пайдалана отырып фәлсафаның жеткен кейбір нәтижелерді аят және хадис пен дәлелдендіреді;Әсіресе «нұр үстіне нұр» деген аяттадінмен ақыл негізіндегі өлшемдерде тасаууф этикасына үлкен мән берілген. Өйткені ахлаққа негіз болған, шариғаттың білдіргендерін тек қана түрмен жасау емес;ең жоғары ахлақи идеал болған Аллаһты тану тек қана тазарған жүректердің нәсібі. Адамның өзін-өзін тану дегеніміз, тәніміздің арғы жағын яғни рухты, рухтың этикалық және артықшылық сипаттарын тану деген сөз. Өйткені адам рухани жағынан қарапайым табиғаттан жоғары, үлкен құндылық. Сондай-ақ, Аллаһ Құранда «Сол уақытта Раббың, періштелерге: «Мен балшықтан бір адам жаратамын» деген, Қашан оны жасап, оған рухымнан үрлеген сәтте, оған сәждеге жығылыңдар»/Сад,71-72/денені табиғатқа, рухты өзіне бағындырып, адамның бұл артықшылығы жағына назар аударады.

Әл-Ғазали адамның мәні түсініктірек болу үшін рух ұғымының мағынасын, бұның жүрек, нәпсі, ақыл ұғымдарымен қатынасын терең зерттеген «Ихия» еңбегінің жүректің ғажайыптары деген бөлімінде бұл төрт ұғымның психологиялық, этикалық , эпистемологиялық тұрғыдан бірдей мағынаға келетінін ортаға салған.

3. Ибн Сина

Ислам ойшылдары тарихында психологияға қатысты ең көп Ибн Синаның шығармалары болған. Адам баласының ішкі дүниесі өмірдегі күндік оқиғаларға әсері болғаны қазіргі уақытта да белгілі. Ибн Сина өмір сүрген ғасырда ауырған адамдардың ой күші арқылы емделетінін айтқан. Ибн Сина сезімдерді екіге бөледі: Олар ішкі және сыртқы сезімдер. Бұл сезімдерге адамның иіс, дім, сипап сезу, көру, есту жатады.Илхам, түс және уахи тақырыбында Ибн Синаның пікірі Фарабиге келеді. Түс адам үшін бір қызық оқиға дейді Ибн Сина. Адам түс арқылы жоқ болу сияқты мәселелерді ойланады. Ал уахи тек пайғамбарларға келеді. Уахи арқылы пайғамбарлар періштелермен сөйлесе алады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Фарабидің психологиялық пікірлерін қарастыру

2. Газзалидің психологияға сіңген еңбегі

3. Газзали кім болған?

4. Ибн Синаның психологиялық ойлары.

5. Әдебиеттерді қарастыру

6. Ëåêöèÿ êîíñïåêòiñií æàçûңûç
Ëåêöèÿ-7. Исламда діни әрекеттер.

Ëåêöèÿ ìàқñàòû: дін психологиясының адамның өсу кезіндегі маңызын қарастыру

Ëåêöèÿ æîñïàðû

1. Ғибадаттың мағынасы

2. Ғибадаттың мақсаты

3. Функциялары (қызметтері)


Әдебиеттер:

Борунков Ю.Ф. Структура религиозного сознания. М. 1974

Букин В.Р. Психология веруищих и атеистициское воспитание. М., 1969

Куценок Б.М. Эмоция и религии. Киев, 1982

Платонов К.К. Психология религии М., 1967

Попова М.А. О психология религии М. 1969

Угринович Д.М. Психология религии. М., 1986
1. Ғибадат және психология ұғымдарының арасындағы байланыс.

Ғибадаттың мағынасына және функцияларына психологиялық талдау жасау үшін алдымен ғибадат және психология деген ұғымдардың арасындағы байланысты құра білу керек, сосын барып ғибадатқа деген қажеттілікті айқындау керек. Ғибадат, психологиялық бір анықтамамен құлдың Аллаһқа деген сүйіспеншілігі, құрметі, шүкірлігі және әлсіздігі сияқты сезімдерін айқындайтын іс-әрекеттер болып табылады. Байқап отырсақ бұл анықтамада бір құлдан және бір құлдың сеніп отырған Аллаһтан сөз айтылуда. Демек құлдың ғибдат етуі үшін алдымен құлшылық етуіне қажетті бір Аллаһ сенімі болуы қажет. Бұған байланысты ғибадаттың негізі сенімге тіреледі екен. Сондай-ақ сенген Аллаһ және дін туралы дұрыс білімі де болуы керек. Діннің қажеті ретінде құл Аллаһты жақсы көруі, одан қорқуы және оны құрметтеуі керек. Оның көрсеткендеріне шүкіршілік етуге тиіс.

Психология болса бір руханият білімі, бір құбылыстар білімі және организмнің айналаға әсерлерін зерттейтін бір білім саласы болып табылады. Адам да бір организм болғандықтан, сезімдерінің арасында діни сипаттылары да болатындығына байланысты психология адамды және адамның діни сезім және әрекеттерін де зерттеуге мәжбүр. Діндар бір болмыс ретінде адамның маңызды әрекеттерінен бірі де ғибадаттар болып табылады. Осы себепті психолгия ғылымы бір әрекет, құбылыс ретінде ғибадаттарды да себеп-салдар байланысы ішінде зерттеу, осылайша діндар адамды тану және танытуға міндетті.

Демек ғибадатпен психология ұғымдары арасындағы байланыс, ғибадаттардың психология ғылымының бір зерттеу объектісі болып табылады.


2. Ғибадаттың мақсаты, мағынасы және функциялары.

А- Мақсаты.

Ғибадаттың мақсаты дегенде бірінші екі нәрсе ойға келеді. Біреуі ғибадат тұрғысынан мақсаты, екіншісі ғибадатты әмір еткен Аллаһ тұрғысынан мақсат болып табылады.

Ғибадатты жасаған адам үшін ғибадаттың мақсаты Аллаһтың әмірін орындау арқылы ризашылығына бөлену. Яғни адам не үшін ғибадат етеді? Аллаһтың рахметіне бөлену үшін, оны жақсы көргендігі үшін ғибадат етеді. Олай болса ғибадатты әмір еткен Аллаһ тұрғысынан ғибадаттың мақсаты не? Яғни Аллаһ не үшін құлдарына ғибадат етуді бұйырды? Құлдарын емтихан ету үшін.

Сондай-ақ Аллаһ ғибадат етуге лайық жалғыз зат. Құл болса өзі әлсіз болғандықтан, оның әртүрлі қажеттіліктерін өтеп отырған Ұлы Жаратушыға құлшылық етуге міндетті. Аллаһ пен құл арасындағы бұл байланысқа байланысты Аллаһ құлдарына ғибадат етуді әмір еткен.

В- Беретін мағынасы.

Құл ғибадат барысында Аллаһқа қандай сезім және түсініктермен өз ойын білдіреді? Бұл тұрғыдан қарағанда ғибадаттың беретін мағыналары мынадай:

1-Ғибадат бір құлшылық белгісі.

Құл ғибадаттарымен Аллаһтың Аллаһ, өзінің құл екендігін біле отырып “Аллаһ менің жаратушым, мен оған барлық жағынан қарыздармын. Олай болса оған ғибадат етуім керек” деген түсінікпен құлшылығын өтейді. Осылайша әлемдегі орнын айқындайды.

2- Ғибадат бір мойынсынушылық белгісі.

Мойынсұну, бұйрықты орындау дегенді білдіреді. Сенуші адамның сенгені Аллаһ шексіз құдырет иесі. Ал құл болса әлсіз бір болмыс. Олай болса оның әмірлерін орындау керек. Осы себепті құл Аллаһқа қарсы мойынсұнушы, бағынышты болуға, қарсы келмеуге әрекет етеді. Ғибадатта Аллаһтың әмірі болғандықтан құл оларды орындау арқылы өзінің мойынсұнғандығын көрсетеді.

Сенуші (мумин) адам ғибадаттарымен Аллаһтың әмірлеріне, дініне мойынсұнғандығын, оның бұйрықтарына қарсы келмегендігін көрсетеді.

Ғибадат бір тұрақтылық, адалдық белгісі.

Адалдық, тұрақтылық біреуге сүйіспеншілікпен жақындау, адал болу дегенді білдіреді. Адам адал болмаған нәрсесіне мойынсұнуы жүректен, көңілден болмайды. Күшпен болады. Алайда Аллаға деген бағыныштылық шынайы көңілді, сүйіспеншілікті керек етеді. Сондықтан Аллаһқа жасаған ғибадаттарымыз Аллаһқа деген адалдығымыздың бір көрінісі болып табылады.

4- Ғибадат бір сүйіспеншілік және құрмет белгсі.

Ғибадат бір сүйіспеншілік белгісі болып табылады. Яғни құлдың Аллаһқа деген сүйіспеншілігін көрсететін бір әрекет.

Адамның біреуді сүйгенін айтуы өте оңай. Шынайы сүйіспеншілік болса адамның жақсы көрген нәрсесі үшін көрсеткен құрбандығы арқылы белгілі болады. Ғибадат бір қарағанда құлдың Аллаһ үшін дүние қызықшылықтарынан өзін тыюі болып табылады. Осылайша Аллаһқа деген сүйіспеншілігін дәлелдеуде. Құрмет болса күнделікті тіліміздегі адамдар жайлы болғанда адам орнына есептеу, бағалау, көңіл аудару, құрмет ету сияқты мағыналарға келеді. Аллаһ жайлы сөз болғанда құрмет оның ұлылығын мойындау, соған сәйкес әрекет ету дегенді білдіреді. Намазды бастағанда айтылатын “Аллаһу Акбардың” мағынасы, намаздағы басқа әрекеттердің (қиям, руху, сәжде) сияқты беретін символдық мағынасы оразаға бастау және бітіру уақыттарына мұқият болу сияқты мәселелер Аллаһтың әмірлерін мойындау ретінде бағаланса, онда әр бірінің бір құрмет білдіретінін аңғарамыз.

5- Ғибадат бір шүкіршілік белгісі.

Шүкір, нығмет берушіге деген ризашылық сезімдерін құлшылық арқылы көрсету дегенді білдіреді. Біздің тілде шүкір Аллаһқа, рахмет құлдарға қолданылады.

Бір аятта: “Егер шүкір етсеңдер арттыра беремін,

Ал егер қарсы келсеңдер азабым тым қатты” деп келеді.

Демек Аллаһ берген нығметтеріне құлдарының шүкір етуін қалайды. Мастандық болса оның қаһарын келтіреді екен.

6-Ғибадат бір зікір.

Зікір, еске алу, айту, атақ, даңқ, мақтау, намаз, дұға, Құран-Кәрім, құжат сияқты мағыналарға келеді. Аллаһты зікір ету, Аллаһты еске алу дегенді білдіреді. Бір аятта Аллаһ былай дейді:

“Шындығында мен жалғызбын. Менен басқа Аллаһ жоқ. Маған құлдық ет. Мені еске алу үшін намаз қыл” Басқа бір аятта “Саған әмір етілген кітапты оқы және намаз қыл. Шындығында намаз арсыздықтан және жамандықтан қорғайды. Аллаһты еске алу әрине ең ұлы нәрсе. Аллаһ жасағандарыңды біледі
3. Функциялары (қызметтері)

Дене және рухани тазалықты қамтамасыз етеді.

Ғибадаттар, адамның дене және рухани жағынан таза әрі тәртіпті болуына көмектеседі. Бұл тазалық, намаз ғибадатында дене, киім және намаз оқылатын жердің тазалығы түрінде дене (материалды) тазалықты; дәрет алу, ғұсыл алу түрінде әрі материалды, әрі рухани тазалықты; намаздың рухына сай әрекет ету, намаздың рухына сай келмейтін ұстанымдардан ұзақ болу түріндегі рухани тазалықты білдіреді. Оразада сезім және ойлардың тазалығы күнәләрдан ұзақ болу түріндегі бір рухани тазалықты білдіреді.

Адамды тәртіпті етеді.

Ғибадат және тәртіп екеуі өте жақын мағыналарға келеді. Өйткені тәртіп, жауапкершілік сезімнің нәтижесі болып табылады. Жауапкершілік сезімі дамымаған адамдардан тәртіптілікті күту мүмкін емес. Тәртіп, жүйелі бір өмір дегенді білдіреді. Тәртіп олмаған жерде жұмыстың берекесі болмайды. Тәртіпсіз қоғамды анархия үстемдік етеді. Анархия болған жерде адам, қоғам, тіпті табиғат тепе- теңдігін жоғалтады. Бұл жағдайды Құранда Аллаһ Тағала, Аллаһтан басқа құдайлар болмағанын, болған жағдайда араларында келіспеушіліктер болып табиғатта, әлемде теңдіктің, тұрақтылықтың бұзылатындығын білдіреді. Демек өмірде бір тәртіп, бір жүйе болуы керек. Әлемдегі жүйе, тәртіп иләхи бір құдыретке мойын ию арқылы сақталуда. Осы себепті жерде және көкте не болса Аллаһтың құдыретіне бас иіп ғибадат етуде.

Ғибадаттар Аллаһтың құлы екендігіміздің, құлдық сезімі және тәртібі ішінде өмір сүргендігіміздің бір көрінісі болып табылады.

Әрине бұл ғибадаттар өмірде тек қана ана немесе мына әмірдің орындалу ретінде жалаң түсінікпен қабылданбауы керек. Ғибадаттардың жасалуы үшін қажетті болған сезім хәлдері есепке алынып, ғибадаттардың символдық мағыналары да түсініліп өмірдегі функциялары көз алдында ұсталуы қажет.

Менменшілдіктен ұзақ етеді, әлеуметтесуді қалыптастырады.

Ғибадаттар адамның эгоист сезімдерін шектеуді, басқа жағымды сезімдерін жетілдіруді қамтамасыз етеді. Дұрыс-ақ дейік. Мұны қалай жасайды?

Ғибадаттар адамды өз нәпсісімен есептесуі деген бір қасиетті қалыптастырады. Аллаһқа деген құлшылығын орындап жүрген адам өзінен өзі осы мен құлшылығымды ойдағыдай жасап жүрмін бе деген бір есеп алады.

Басқа жағынан Аллаһты ойлаған адам менменшіл сезімдеріне ие болып, Аллаһтың ризашылығына бөлену үшін кейбір құрбандықтарға барады. Өзіне өзі берік болған адам қоғам ішінде өмір сүруге дайын болып табылады. Негізінде діннің ғибадаттардан басқа адамда және қоғамдық өмірді де жүйеге келтіретін әмірлері мен тиымдары бар. Ғибадаттармен бұл әмірлер мойын июді үйренген адам өмірдің басқа салаларында да бұл дағдыны қолдана алады. Яғни трансфера етуді қиындық көрмейді. Ғибадаттардың орындалу мақсаты, түрі және ортасы тұрғысынан діндар кісіні әлеуметтестіретін бір функциясы бар.

Мысалы намаздың жамағатпен оқылуының уағыздалуы бір үлгі ретінде көрсетуге болады.

Жәрдем сүйгіштік рухын қалыптастырады.

Жәрдем сүйгіштік дегеніміз өтеусіз біреуге көмек беру, жақсылық жасау, бір істі тікелей Аллаһ ризалығы үшін жасау дегенді білдіреді. Пайдакүнемдік, қарақан басын ойлаушылықтың қарама-қарсысы болып табылады. Ғибадаттар адамның жәрдемсүйгіштік, жанашырлық сезімдерін оятады. Адам баласының психологиялық құрылысында эгоистік және пайдакүнемдік сезімі бар. Бұл сезімдерді зияндылықтан арылту үшін тәрбие қажет. Міне бұл тәрбиені бізге ғибадаттар береді. Біреуге бір жақсылық жасасақ онда сол адамнан оның өтеуін күтетініміз заңды нәрсе. Бірақ ғибадаттар адамда істеген сауап ісінің өтеуі адамнан қайтпағанмен құдайдан міндетті түрде қайтатындығы туралы сенімді қалыптастырады. Ғибадаттардың өлшеуін бізге Аллаһ береді. Сондықтан ғибадаттарды орындау барысында дүниелік істерден ұзақ болу керек.

Жомарттық сезімді қалыптастырады.

Жомарттық-пысықтықтың, сараңдықтың қарама-қарсы мағынасы болып табылады. Жомарттық қолы ашық болу деген сөз. Жомарттықтың асыра сілтеушілік түріне ысырап дейді. Ислам бойынша ысырап пен сараңдық құпталмаған, жомарттық құпталған.

Ғибадаттар мумин (сенуші) адамды қалай жомарт етеді? Бұл жерде мумин адамды сараңдықтан құтқарып, жомарт болуына тікелей әсер ететін ғибадаттар зекет, садақа, құрбан, қажылық және умре болып табылады.. Намаз бен ораза тікелей болмаса да жанама түрде әсер етуі мүмкін. Зекет, садақа, қажылық және умре ғибадаттарының мумин адамды Аллаһ жолында мал жаратуына мәжбүрлеуінің салдарынан бұрын беріп үйренбеген адам беруге үйренеді. Бұрындары беруі қиын болса уақыт өте адам оңай бере бастайды. Аллаһ ризалығы үшін берілетіндерден басқа тағы да Аллаһ ризалығы үшін өз еркімен қайырымдылық ұйымдарына және мұқтаж болғандарға көмектеседі.

Намаз бен ораза адамның жомарт болуы үшін сезімдерінің және санасының дұрыс қалыптасуына көмек етеді. Сондай-ақ рамазан айларында діндар адамдардың жомарттық сезімдерінің қозатындығы байқалады.

Сабырлы етеді.

Сабыр дегеніміз әртүрлі қиыншылықтарға төтеп беру күші болып табылады. Ғибадаттар адамды сабырлы етеді. Әр түрлі оқиғаларға шыдамды болуға үйретеді. Ғибадаттарды орындау үшін адамның бірнеше қиыншылықтарға төзуі керек. Бір жағынан ғибадат бір машақат, қиыншылық болып табылады. Бұл машақатқа, қиыншылыққа өзін үйреткен адам өмірдің кез-келген шарттарына төзімді болады. Бұны біз автомобилдің жұмыс істеуге қәбіретсіз болғанындай, төзімі жоқ адамда тура сондай болады.

7-Дене және рухани саулығымызды қорғайды.

Ғибадаттардан намаз бен ораза денсаулыққа тікелей, зекет пен қажылық жанама түрде пайдасын тигізеді. Намаз оқу үшін қажетті дәретімізді, ғұсылымызды алу керектігін айтудың қажеті жоқ. Мұның өзі дене тазалығына бір мысал. Сондай-ақ намаз барысындағы қимылдардың да денсаулық үшін маңызы зор. Ораза болса физиологиялық әсерлері тұрғысынан дене саулығына болымды жақтан әсер беруде. Сонымен бірге ораза адамның денінің қаншалықты сау екендігін тексеретін бір тест қызметін де атқарады. Яғни адамның бір ауруы болса, онда ол ораза тұту арқылы өзін көрсетеді. Осылайша ауру бар бірақ өзі білмей жүрсе, ораза арқылы ол оны білетін болады.

Қажылық пен умре дене саулығына әсерін мына тұрғыдан қарастыруға болады. Қажылық және умре үшін адамның белгілі жерлерді зиярат етуі, жол жүруі және кейбір қиыншылықтарға төзуі керек. Бұл адамның дене жағынан сау, мықты болуын қамтамассыз етеді. Зекет пен садақа денсаулыққа жанама түрде әсер береді. Яғни зекет және садақа берген адамның рухани дүниесі, ішкі әлемі рахаттанады. Ішкі дүниеміздің тыныш болуы дене саулығымызға да пайдалы болып табылады.

Ғибадаттар адамның рухани тағынан мықты болуына тікелей әсер етеді. Ғибадаттар Аллаһ ризалығы үшін жасалғандықтан, орындалып біткенінде адамның жан дүниесі бір рахат сезімге бөленеді. Аллаһқа сенген адамдар өмірдің кез-келген қиыншылықтарына төзімді болады. Аллаһқа деген сенімдері оларды қиыншылықтар алдында жасымауына көмектеседі. Сондай-ақ Аллаһқа деген сенімдері оларды жалғыздық сезімінен құтқарады. Бұл жерде мына аятты айта кету керек. “Біз оған күре тамырынан да жақынбыз”

Намаз жамағатпен оқылғанында адам көпшілікпен бірге болудың рахаттығын сезінеді. Осылайша адамдарға деген сүйіспеншілігі артады. Орза болса адамның ерік күшін арттырады. Зекет пен садақа және құрбандық адамды жомарттыққа тәрбиелейді. Қажылық пен умре де жомарттықты арттырып, ахырет сенімін жетілдіріп, адамды діндар етеді.
Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Балалық кезеңнің ерекшелігі

2. Эгосентризм калай пайда болады?

3. Бозбала кезеңінің ерекшелігі

4. Ересек адамның мінезі

5. Кәріліктің келгені калай білінеді.

6. Ëåêöèÿ êîíñïåêòiñií æàçûңûç
Ëåêöèÿ-8. Қазақ дін психологтары.

Ëåêöèÿ ìàқñàòû: қазақ психологтарының пікірлерін қарастыру

Ëåêöèÿ æîñïàðû

1. Ш.Уалиханов

2. А.Құнанбаев

3. Ш.Құдайбердиев

Әдебиеттер:

1. Философия және мәдениеттану. Алматы., «жеті жарғы» 1998.



  1. Ғ.Есім. Фәлсәфа тарихы., Алматы. 2000ж

  2. Ислам әліппесі., Фараби – энциклопедист. 2000ж

  3. Платонов К.К. Психология религии М., 1967

  4. Попова М.А. О психология религии М. 1969

  5. Угринович Д.М. Психология религии. М., 1986

1. Қазақ ағартушыларының бірі Шоқан Уалиханов (1836-1866) демократиялық ұлттық мәдениетімізлің көрнекті өкілі. Энциклопедист – ғалым, шығыстанушы, саяхатшы Шоқан өз бойында шын мәнінде Еуропалық білімділік пен Шығыс халықтарының мәдениеті жайлы терең түсінікті қалыптастыра білді. Шоқан «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» атты еңбегінде табиғат пен адам, өмір мен өлім әрқашанда түпсіз сырға толы ғажайып таңданудың негізі болды деп көрсетеді. Бұдан Уалихановтың адам мәселесіне, оның пәни дүниедегі орнына, өмір мен өлім мәселесіне ерекше мән бергені көрінеді. Екінші ғажайып нәрсе адамның терең ойға және танып білуге ұмтылған рухы деп көрсетеді. Жалпы Уалиханов дүниетанымы, оның шығармашылық мұрасы орта азиямен Қазақстанның рухани қалыптасуы жағынан маңызды орын алады.

2. Қазақ ағартушылығында қазақ халқының бүкіл прогресивті мәдениеті тарихында үлкен орын алған ақын, ойшыл, демократ Абай Құнанбайұлы болды. Дінбасылардың насихаттап жүрген соқыр сеніміне Абай ақылмен тануды қарсы қойды, немесе оның өз сөзімен айтқанда:

«Алла табарака уатағаланың шәріксіз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына, хақтығына бірлән дәлел жүргізерлік болып, ақылы дәлел испат қыларға керек.(13-қара сөз). Абай әр адамның өмірде өз орнын табуының маңыздылығын атап көрсетеді. Осыдан келіп «адам бол» деген Абай этикасының негізгі принципінің мағынасы мен мәні ашыла түседі. Өз халқын шын сүйген Абайға ұлтшылдық, діни төзімділік жат. Абайдың өмірі, шығармалары терең адамгершілік мағынаға ие және ағартушылық, тәрбиелік мәні жағынан баға жетпес құнды дүние.

3. Қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы. Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиді. Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқан идея – жаннның мәңгілігі. Фараби мен Яссауи Абай мен Мағжан жалпы шығыс ғұламалары адамның дүниедегі тіршілік ету мағынасы жанның мәңгілігі екендігін айтады. Шәкәрімнің ожданы ынсап, әділет, мейіріммен негізделеді. Шәкәрім өз халқының жанқияр өлы ретінде туған мәдениетіне өлшеусіз қызмет етті.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Ш.Уалихановтың психологиялық ойлары

2. А.Құнанбаев дін психологиясына қатысты қара сөздері

3. Ш.Құдайбердиев шығармаларындағы дін психологиясы

4. Лекция конспектісін жазу.


Ëåêöèÿ-9. Тұлғалық құрылыста діннің рөлі.

Ëåêöèÿ ìàқñàòû: Адамның тұлғалық жағын дін психологиясы тұрғысынан қарастыру

Ëåêöèÿ æîñïàðû

1. Кісілік және дін қатынасы

2. Жауапкершілік сезімі және дін.

3. Әлеуметтік бірігу (әлеуметтесу) және дін.


Әдебиеттер:

Философия және мәдениеттану. Алматы., «жеті жарғы» 1998.

Ғ.Есім. Фәлсәфа тарихы., Алматы. 2000ж

Ислам әліппесі., Фараби – энциклопедист. 2000ж

Платонов К.К. Психология религии М., 1967

Попова М.А. О психология религии М. 1969

Угринович Д.М. Психология религии. М., 1986
І- Кісілік және дін қатынасы.

Адам баласының материалды болмысы ретінде бір денесі, бұл денеге керек кейбір қажеттіліктері болғанындай, рухани болмысы ретінде бір рухы және бұл рухтың қажеттіліктері бар. Кісілік дегенде осылардың бәрін бір бүтін ретінде қарастыруды айтамыз. Көзінің түсінен бастап жүру ерекшелігіне, ойлау, түсіну қабілетінен сезімдеріне дейінгі барлық нәрсе осы кісілік ұғымының ішінде болып табылады. Бұл бөлімде рухани қажеттіліктерден бірі ретінде діннің адам кісілігіне әсерін анықтап, білдіруге әрекет етеміз.

Адам баласы бейне бір гүлдің топыраққа егілген ұрығы сияқты өніп, жер бетіне шығуына, сосын қажетті күтім және қолайлы орта шарттары негізінде жетіліп, өсуге, сосын бүтін болмысымен тамыр, топырақ, гүл ретінде ортаға шығуына, осылайша өзін көрсететіндігі сияқты бір даму сатысынан өтіп кісілігін бүкіл ерекшеліктерімен ортаға қояды. Бұл кісіліктің дамып, жетілуі үшін, өзін жан-жақты ортаға қоюы үшін бүкіл қажеттіліктерінің өтелуі қажет. Мысалы гүлдің өсуі барысында кейбір қажеттіліктері керегінше берілмесе, гүлдің өсуі нашарлағанындай адамның да материалды және рухани қажеттіліктері толық болмаса дұрыс бір кісілік қалыптастыруы мүмкін болмайды. Міне адамның негізгі психологиялық қажеттіліктерінен бірі де дін болып табылады. Бұл қажеттілік толық өтелмесе, дамымаса адамның бұл жағы әлсіз болады.

Өйткені дін, адамды Аллаһқа байланыстыратын, оның қалауы бойынша өмірін жүйелейтін, жауапкершіліктің және осыған қатысты кішіпейілділіктің қайнар көзі. Адам осы бұлақтан сусындап бойындағы адамдық және әлеуметтік ерекшеліктерін дамытады. Және осылайша жақсы қасиеттерін байыта түседі. Қай жерде не істейтіндігін, қандай әрекет жасайтындығын діннен үйренеді. Дін бір мәдениет, бір өмір салты, әлеуметтесудің, бірлік пен бүтіндіктің бастауы, негізі болып табылады. Адам дінмен өмірінің мәнін аңғарады, қоғам болса дін арқылы жүйесін, тәртібін қалыптастырады. Осы себепті дін әрі психологиялық, әрі әлеуметтік бір шындық болып табылады.

Адамның адамдығның негізгі нүктесі дін болып табылады. Дін болмаса адам өзінің адамдық қасиеттерінің көбісін толық дамыта алмайды. Сезім, түсінік және қалау арасындағы теңдікті сақтай алмайды. Мысалы адам қаншалықты пайдакүнем, қаншалықты кішіпейіл болу керек? Шүкіршілік, қанағатшыл және шүкіршілік сезімдерін қалай дамытады? Міне осылардың барлығын дамытатын дін. Дін осылайш адам мен қоғамды шындық пен ақиқат жолында тоғыстырады. Әртүрлі түсінбеушіліктерден құтқарады.

“Кісілік және мінез-құлықтың қалыптасуы, тумыстан келетін және кейіннен қалыптасатын көп мөлшердегі фактордың әсерлесуінің нәтижесі болып табылады. Жалпы алғанда иман мен кісіліктің арасында екі жақты қатынастың барлығы тілге тиек болады. Негізінде діни сенім бүкіл кісілікті қамтитын ерекшелікке ие. Толық жетілген, кемелденген иман, кісілікті ортаға шығаратын әр нәрсені қамти алатын жалғыз рухани фактор болып табылады. Дін, кісіліктің құрылысына бағыт беретін негізгі ұстанымды өз әсеріне алады және айқындайды. Қабылданған, таңдалған діни сенімдер адамның кісілік құрылысында бір үйлесімділікті қалыптастыру күшіне ие. Діни ұстанымдарға бұл күшті беретін нәрсе Аллаһқа иман болып табылады. Иман адамда орныққасын дамылсыз және әсерлі бір мотивация факторы ретінде әрекеттерге өз көзқарасымен қарауда қалыптастырады. Адам діннің аясында өзін бір қалыпқа түсіргесін үлкен немесе кіші бірнеше келеңсіз әсерлер алдында өз иманын қорғайтын болады.

Иман мен кісілік арасында жалпы алғанда екіжақты байланыстың бар екендігі байқалып отыр. Діни сенімнің адам тарапынан қабылдануындағы күштілік дәрежесі мен, ол адамның кісілігінің жалпы құрылысына беретін әсері мән беретін нәрсе болып табылады. Сондай-ақ күшті және толық кісілік құрылысына ие адамдардың да күшті сенімдері болғандығы байқалады.”

Осы жалпы кіріспеден кейін діннің кісілігі әсер ету барысында бастау нүктесі ретінде жауапкершілік сезімі мен діннің байланысын білдіруге әрекет етеміз.


ІІ- Жауапкершілік сезімі және дін.

Өмірде адамның жеке тұлғалық және әлеуметтік жауапкершіліктері бар. Бұл жауапкершіліктеріне деген ұстанымы оны табысты, абыройлы және сенімді етуі немесе тынышсыз, абыройсыз және сенімсіз бір адам кейпіне айналдыруы мүмкін. Адамды хайуаннан ажырататын ерекшеліктерден ақылы мен санасының жанында дін және жауапкершілік сезімі де бар. Негізінде адамның кісілігін бір бүтін ретінде қарастырсақ ақыл, сана, дін және жауапкершілік сезімі жақын байланыста екенін көреміз. Осы себепті ақылы болмағанның діні және санасынан; санасы болмағанның жауапкершілік сезімінен сөз қозғаудың қажеті жоқ.

Аллаһ Тағала бізді осындай кіршіксіз ерекшеліктерімен жаратқанда әрине басы бос қоя салмаған. Айтқандай Құран-Кәрімде былай дейді: “Адам баласы бос қоя берілеміз деп ойлай ма?” Аллаһ әділ, бергенінен артығын талап етпейді. Бізге берген мүмкіндіктер, материалды-рухани байлықтар, қабілеттер қаншалықты болса соншалықты дәрежеде жауапкершілік артқан. Яғни ақыл, сана және қабілет берген. Осыған жараса жауапкершіліктер жүктеген.

Жауапкершілік сезімі адамның бойындағы ұлы сезімдердің бірі. Адам баласының өзін-өзі оулаушылық сияқты менменшіл сезімдерінің жанында батылдық, көпшілікті ойлаушылық және жауапкершілік сезімі сияқты діни және ахлақи ұлы сезімдері де бар. Бір ағаш тамырсыз, бұтасыз, жеміссіз болмайтындығы сияқты адамның да жетіліп, кемелденуі үшін дін, ахлақ және жауапкершілік сезімдерінің дамуына, толысуына қажеттілік бар. Жауапкершілік сезімі осы тұрғыдан қарағанда діни тәрбиенің маңыздылығы ортаға шығады. Өйткені адамның жауапкершілікті сезіне білуі үшін оны әлдебір әрекетке итермелейтін немесе сақтандыратын бір себеп, заң керек. Яғни адам осылай жасауы керек болса не үшін солай жасауға тиісті немесе тиісті емес? Бұл жерде адамның діни сенімі араға түседі. Істейін деп тұрған істің дүниелік және ахыреттік жағын ойландырып, бұл істің оған қандай пайда әкелетінін және қандай зиян беретінін есепке алдырады. Бұлардың барлығы адам санасының дұрыс бағытта қолданылуы үшін қажетті сезім дәрежесіне жетуінің, ар-ұждан деген ішкі күштің дамытылуының бір қажеттілік екендігін көрсетті.

Адамның әрекеттерінің ойдағыдай болуы үшін жауапкершілік сезімінің дамыған болуы керек. Бұл үшін адамның белгілі бір дүниетанымға ие болуы керек. Кісілігінің жетілуі, ішкі және сыртқы өмір салтының арасында бір сәйкестік, үйлесімділік, әрекеттерінің арасында бір бүтіндік болуы қажет. Кісіліктің қалыптасуы, дамуы және бүтіндесуі тұрғысынан сенімдердің, ұстанымдардың және құндылықтардың маңызы өте үлкен. Адам сенімі бойынша өмір сүреді. Сеніміне қарсы бір іс жасаса өз ішіндегі ар-ұжданы мазалар, жауапкершілік сезімін сезінеді. Міне осы ішкі сезімнің ойдағыдай жұмыс атқаруы үшін адамдардың сенім жүйелері, рухани дүниелері дұрыс бір діни тәрбиемен дамытылуы керек.

Ұлы дініміз Ислам адамдарға дұрыс бағытта жеткізілсе, адамдар оның сенім жүйесінен өзара үйлесімді және тыныш; ғибадат, ахлақ және басқа мәселелердегі өмірлер мен тиымдары арқылы басқалармен келісіммен тіл табысады. Әркім өз жауапкершілігін біледі және соған қарай әрекет етеді. Ұлы Аллаһ: “Сертті орындаңдар. Сөз жоқ, уәде сұралады” деген. Ислам бір өмір салты. Мұсылман өмірін соған қарай сәйкестендіруі керек. Мұсылман адам Исламға сену арқылы Исламға кіру арқылы бір жауапкершілікті жүктейді. Аллаһ бар, біреу; Ол менің Раббым; Хз. Мұхаммедтің бізге көрсеткеніндей, үйреткеніндей етіп өмір сүремін деп Аллаһқа сөз беруде. Осы сөзінде тұруға міндетті. Егер тұрмаса дүниеде де, ахыретте де жауапкер болып табылады. Бұл әмір және тиымдарға бас июдің сауабы мен жазасы бар.

Исламның мақсаты, мумин кісіні бірінші Ұлы Жаратушымен, сосын өзімен бірге болған және ішінде өмір сүріп отырған қоғаммен үйлесімді хәлге келтіру болып табылады. Осындай адамдардың қалыптастырған қоғамында әлеуметтік үйлесімділік, келісім мен бейбітшілік орнайды. Экономикалық, әлеуметтік, діни және ахлақи дамушылық та осы ортада өзін айқын көрсету.
ІІІ - Әлеуметтік бірігу (әлеуметтесу) және дін.

Әлеуметтесу дегенде әлеуметтік құрылыстың үйлесімді бір түрдегі ұжымдасуы ойға келеді. Бұл ұжымдасудың бір өздігінен, бірде ұжымдық түрде, яғни мекемелер арқылы жұмыс жасайтын жағы бар. Біз бұл жерде көбінесе әлеуметтік құрылымды қалыптастыратын адамдардың санасының дәрежесінің білім, тәрбие, тәжірибе және әлеуметтік орындағы ұстанымдарынан айтамыз. Әрине бұл жерде адамдардың кісіліктеріндегі даму денгейінің, әлеуметтік қатынастар жолымен қоғамдағы кейбір әдет-ғұрып, дәстүрлер сияқты діннен бөлек алып қарауға болмайтынын мәдениет сарқыншақтарының өміршеңдігі, өзгерушеңдігі сияқтылардың әсерінің жанында әлеуметтік ортаның да бұл мәдениет сарқыншақтарына сүйене отырып адамдардың кісіліктері мен ұстанымдарына беретін әсерін көрместікке салуға болмайды. Басқаша айтсақ адамдардың қоғамды, қоғамның да адамдарды өз әсеріне алуы тілге тиек болады. Сонымен бірге бұл жерде біз психологиялық тұрғыдан қоғамды құрайтын адамдардың ішкі дүниелерінде ортаға келген діни сезім, түсінік және сенімнің оның кісілігіне әсерін, сондай-ақ қоғамның діни және әлеуметтік өміріне әсерін ескере отырып діннің әлеуметтесуге қалай көмектесетіндігін білдіреміз. Дін, әлеуметтік қатынастарға және әлеуметтік өмірге, әрі адамның ұжданында әсерлі болуымен, әрі мәдениет құрылымын қалыптастырған элементтерден бірі ретінде ғұрыптар, дәстүрлер түрінде көрінуде.Бірдей сенімді, көзқарасты бөліскен адамдардың байланыстарында бір үйлесімділік, бір бүтіндік байқалады.

Түсінбеушілік онша көп көрінбейді. Өйткені дін құндылықтар бүтіні болып табылады. Адамдардың бір- бірлерімен түсінісе білулері үшін ұстанып отырған сенімдері және құндылықтары болуы керек. Біреуінің тура, дұрыс, адал дегенін екіншісі бұрыс, арам десе онда түсіністік жоқ болып табылады. Осы тұрғыдан бір қоғамның әлеуметтік құрылысы қаншалықты гомогенді (ұқсастық) болса ол соншалықты үйлесімді, әлеуметтесуді қалыптастырған болып табылады. Ал қаншалықты гетерогенді (әртүрлі) болса соншалықты қайшылықты, үйлесімсіз болып келеді. Қоғамдық өмірдің мықты, үйлесімді және бірлік-бүтіндік ішінде болуы үшін ол қоғамның мәдениеті де мығым әрі бір бүтіндік қалыптастыруы қажет. Бұл мәдениет құрылымын құрайтын элементтердің танымалдылығы, әрі басқа мәдениет әлеуметтерінен үйлесуі, соқтығыспауы өте маңызды болып табылады. Тіл бірлігі тарих, отан, ел бірлігі сияқты құндылықтардың жанында бір мәдениет бөлігі ретінде дін мықты болса, мәдениет мозайкасын құрайтын басқа бөліктерді біріктіретін бір цемент міндетін атқарады. Цементі аз болған бір мозайканың қирап қалуы даусыз нәрсе. Сондықтан да әлеуметтік құрылыстың негізін қалыптастырған мәдениет метериалды және рухани құндылықтарымен қаншалықты мықты бір бүтін қалыптастырса, әлеуметтік құрылымда соншалықты берік болады. Әлеуметтесудің терісі әлеуметтік ыдырау болып табылады. Әлеуметтік бірлігін сақтай алмаған қоғамдарда әлеуметтік ыдыраулар байқалады. Діннің әлеуметтік ыдыраушылықтың алдын алатын да ерекшелігі бар.

Өйткені дін жауапкершілік сезімін үнемі белсенді етіп отырады. Адамдардың бір-біріне деген міндеттерін атқарып отыруды бір жауапкершілік ретінде көрсетеді. Айтқандай діни сенімнің біріктірушілік қасиеті намаздың жамағатпен оқылу барысында, оразаның жамағатпен бірге ашылуы, зекет, садақа, қажылық және құрбандық шалудың әлеуметтік көмектесу және бірігуге әсерлерінде; Ислам әдебінің дұрыс, ибалы, иманды бір адам және қоғам қалыптастыруындағы әсерлерінде айқын көрінеді.


Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Кісілік пен менмендік

2. Адамдардың арақатынасы

3. Сезімдердің психологиялық мәні

4. Лекция конспектісін жазу.

Ëåêöèÿ-10. Діни сенімнің психологиясы.

Ëåêöèÿ ìàқñàòû: Адамның сенімін психологиялық тұрғыдан қарастыру

Ëåêöèÿ æîñïàðû

1. Сенім және діни сенім ұғымдары

2. Қалай сенеміз?

3. діни сенімнің ынтаға әсері
Әдебиеттер:
1. Философия және мәдениеттану. Алматы., «жеті жарғы» 1998.

Ғ.Есім. Фәлсәфа тарихы., Алматы. 2000ж

Ислам әліппесі., Фараби – энциклопедист. 2000ж

Платонов К.К. Психология религии М., 1967

Попова М.А. О психология религии М. 1969

Угринович Д.М. Психология религии. М., 1986


А- Сенім және діни сенім ұғымдары.

Сенім, бір нәрсені қабылдау болып табылады. Ұғым ретінде күдіктен бастап шындыққа дейінгі барлық ықтималдылықтарды ішіне алатын ұғым. Қанағат, білім және иман ұғымдарының барлығын ішіне алады. Сондай-ақ сенімнің үкіммен де жақын мағынаға келеді. өйткені үкімдер сенімдерді өз ішіне алады. Мысалы “Тас қатты. Демек “Мен тастың қатты болғанына сенемін” деген сияқты.

Сену бір қажеттілік болып табылады. Бір сәт сенім күшінің немесе қабілетінің болмағандығын ойлайық. Барлық нәрсе қарама-қарсылықтардан тұрады дейді ғой. Сенімнің психологиялық өміріміздегі маңызын, қызметін түсіну үшін оны жоқ деп есептесек, психологиялық өмірімізде қаншама кемшіліктер туындайды. Негізінде өмірімізде көптеген нәрсені сенімімізге немесе сенімдерімізге сүйене отырып жасаймыз. Тек мұны ойланып қарасақ қана түсіне аламыз. Әйтпесе елемейміз. Ең қарапайым мысалдың өзі бізге сенімнің өміріміздегі орнын және маңызын ортаға қояды. Мысалы жолда кетіп бара жатып аяғымыздың басатын жерінің шөгіп кетпейтіндігіне сенбесек аяғымызды баспас едік. Сенім мәселесінің психологиялық мағынасын және маңызын жақсы пайымдай білсек сенімнің адам қасиетінің негізгі бөліктерінің бірі екендігін байқаймыз. Кісіліктің қалыптасуында сенімнің рөлі үлкен екендігін көреміз. Өйткені сенімдер негізінен өзгермейтін және тұрақты қасиетке ие болып келеді. Осы себепті өмірімізде бір тұрақтылық болады. Сенім бір тұрақтылық. Сенімсіздік болса тұрақсыздық болып табылады.

Діни сенімге келетін болсақ сеніміміздің негізгі кейбір діни қимылдарда жатыр. Бұл діни ұстанымдарымызда орындамасақ өзімізді кінәлі сезінеміз. Аллаһқа тәубе етеміз. Негізгі сенім жүйелері бір-біріне байланысты бір бүтінді қалыптастырады. Яғни біреуіне сенсек барлығына да сенуіміз керек. Мысалы Хз. Пайғамбарға сену, оның әкелген барлық нәрсесіне сенуді қажет етеді. Осылайша діни сенім, бір сенімдер жинағы болып табылады. Бұл сенім жүйелері бір-бірімен байланысып кеткен. Егер біреуі түсетін болса бұл бүтіндікке зиян келеді.

Б- Қалай сенеміз?

Қарапайым бір сенімнің өзінің қалыптасу кезеңі бар. Ешбір сенім бірденнен қалыптаспайды. Тәжірибе, сезім, түсіну, сұрыптау сияқты кейбір психологиялық сатылардан өтіп барып бір үкім және сенімге жетеді. Осы сенімімізді қашан басқа бір теріс пікірмен жалықпайынша өзгертпейміз. Кейін басқа түсінік, сезім және әрекеттерімізді де осы сенімге әкеліп қосамыз. Мысалы “Тасқа қатты” деген ой қорытындысына қалай барамыз? Тасқа қолымызды тигізіп көреміз, тастың қатты екендігін сезім мүшелеріміз арқылы анықтаймыз. Нәтижесінде тастың қатты екендігі туралы ой қорытындысына барамыз.

Әрине бүкіл сенімдер бұл сияқты қарапайым емес. Бәлки оттың күйдіретінін білуде тастың қатты екендігін білу сияқты қарапайым шығар. Бірақ судың тұншықтыратындығын білу біршама қауыпты әрі қиын. Оттың күйдіретіндігін тәжірибеден анықтау оңай. Ал суды тәжірибеде көру біраз күрделі. Осы жерден бұдан да күрделі тәжірибелерге өтуге болады. Мысалы, “Хасан дұрыс, жақсы” деген ой қорытындысына бару үшін от, су және тастың қаттылығын білу үшін қолданылған тәжірибелер жетпейді. Хасанның жақсылығын анықтау үшін, оған сену үшін көптеген тәжірибелер жасауымыз керек.

Тастың қаттылығы, оттың күйдіретіндігі объективті шындық болып табылады. Тек Хасанның жақсы екендігі анау айтқан объективті емес. Сізше жақсы, ал басқалар үшін жақсы емес болуы мүмкін. Алайда бұл тағы да көрініп тұрған әлеммен байланысты бір жағдай нүкте ал діни тәжірибелер немесе діни құндылықтар әлемі мейлінше күрделі, қайшылыққа толы бір әлем. Бұл қарапайымнан күрделіге, білінетіннен білінбейтін ғайыпқа өту болып табылады. Діни сенімдермен байланысты мәселелердің барлығы абстрактылы және ғайыппен байланысты емес. Ақыл көрінгеннен көрінбейтінге, білінгеннен білінбегенге қарай жол алады. Яғни көрінетіндер мен білінетіндерде көрінбейтіндер мен білінбейтіндер туралы дәлелдер, белгілер бар. Осы себепті көрмегеніме, білмегеніме сенбеймін деуге болмайды. Өйткені сезім мүшелеріміздің құбылыстардың барлығын анықтап беруге күші жетпейді. Құбылыстар мен шындықтар әлемі тек қана біздің көріп-білгендерімізден және сезім мүшелерімізбен қабылдағандарымыздан тұрмайды. Қазіргі психология негізінен сезім органдары арқылы жиналған мәліметтер арқылы білім беруде. Біз тек сезімдеріміздің қабылдаған нәрселерін ғана білеміз. Ал біздің сезім мүшелеріміздің қабылдауға шамасы жетпейтін толқындар бар. Бірақ бұны қабылдай алмаймыз, демек толқындар жоқ деген емес. Қазіргі технология біздің бұл толқындарды қабылдауымызға көмектесетін құрылғылар жасап шығарған. Радио, телевизор, телефон, сымсыз байланыстар біз үшін көрінетін, сезілетін әлемде болмаған толқындарда көрінетін, сезілетін әлемде болмаған толқындарды көрінетін және сезілетін әлемге әкелуде.


В. діни сенімнің ынтаға әсері.

Сезім мен мотивация мәселелері бір –бірімен тығыз байланысты. Сезімдер толғаныс хәліне келгенге дейін бақылауда ұстауға болатын психологиялық құбылыстар. Мотивация болса сезімдерге сүйенген тек сенім, білі және қанағаттардың аясында түсініктің, ойлаудың жол көрсету мен қалыптасатын шешім, қимылдарға итермелейтін және осы қимылдарымызды басқаратын күш. Осыған байланысты сезім мен мотивация арасындағы байланыс бір бірігу және ыдырау барысындағы функциялары тұрғысынан зерттелсе болады. Сезімдер бірден қимылға себеп болмайды. Ішкі дүниемізде бояу басталған және уақыт өте келе бірігіп, күшейген сезімдер адамды мазасыз етеді. Адам өзін қанағаттандырғысы келеді. Бұл жерде адам бұл сезімдерін бастыру үшін ортанын қолайлы немесе қолайсыздығына қарайды. Шарттар қолайлы болса мотивация мен қимыл жүзеге асады. Осы жерде мысал үшін аштық сезімін алайық. Адам жәймен бір аштықты сезінеді. Орта қолайлы. Бұл сезім дереу қанағаттандырылады. Бірақ орта қолайсыз болса аштық сезімі күшейе түседі. Бұл жерде адам өз сезімін қанағаттандырудың жолдарын қарастыруы тиіс. Бұл жерде аштық сезімі күшейген, ыдысты тасытқан соңғы тамшы дәрежесіне жеткен міне осы жерде адам бүкіл мүмкіншіліктерін қарнын тойдыруға жұмсайды. Бұл әртүрлі жағдайлардағы әрекеттерде “сезім-бағалау және шешім-ұстаным (әрекет)” формуласы қызмет атқарады. Демек сезімнен әрекетке баратын жолда мотивация көпір қызметін атқарады екен. Осы көпірден өту үшін жасалған алғышарттарда “өт немесе өтпе, тоқта” шешімі берілу барысында ішіне сенім, қанағат және шарттармен байланысты мәліметтер кіруде. Шешімнің мына немесе ана бағытта берілуде бұлардың да өз рөлі бар.


Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Сенім ұғымы

2. Сену обьектісі және формасы

3. Сенімнің психологиялық әсері

4. Лекция конспектісін жазу.

Лекция – 11. Діни сенімнің ішкі дүниемізге әсері.

Ëåêöèÿ ìàқñàòû: Сенімдердің адам әрекетіне әсерін қарастыру.

Ëåêöèÿ æîñïàðû

1. Сезімдер мен мотивацияларға әсері.

2. Ойлау мен дүниеге көзқарасқа(дүниетанымға) әсері

3. Діни сенімнің әрекеттерге әсері.
Әдебиеттер:

1.Ислам әліппесі., Фараби – энциклопедист. 2000ж

2.Ғ.Есім. Фәлсәфа тарихы., Алматы. 2000ж

3. Философия және мәдениеттану. Алматы., «жеті жарғы» 1998

4.Платонов К.К. Психология религии М., 1967

5.Попова М.А. О психология религии М. 1969

6.Угринович Д.М. Психология религии. М., 1986
Сезімдер мен мотивацияларға әсері.

Сезім мен мотивация мәселелері бір – бірімен тығыз байланысты. Сезімдер толғаныс хәліне келгенге дейін бақылауда ұстауға болатын психологиялық құбылыстар. Мотивация болса сезімдерге сүйенген тек сенім, білі және қанағаттардың аясында түсініктің, ойлаудың жол көрсету мен қалыптасатын шешім, қимылдарға итермелейтін және осы қимылдарымызды басқаратын күш. Осыған байланысты сезім мен мотивация арасындағы байланыс бір бірігу және ыдырау барысындағы функциялары тұрғысынан зерттелсе болады. Сезімдер бірден қимылға себеп болмайды. Ішкі дүниемізде бояу басталған және уақыт өте келе бірігіп, күшейген сезімдер адамды мазасыз етеді. Адам өзін қанағаттандырғысы келеді. Бұл жерде адам бұл сезімдерін бастыру үшін ортанын қолайлы немесе қолайсыздығына қарайды. Шарттар қолайлы болса мотивация мен қимыл жүзеге асады. Осы жерде мысал үшін аштық сезімін алайық. Адам жәймен бір аштықты сезінеді. Орта қолайлы. Бұл сезім дереу қанағаттандырылады. Бірақ орта қолайсыз болса аштық сезімі күшейе түседі. Бұл жерде адам өз сезімін қанағаттандырудың жолдарын қарастыруы тиіс. Бұл жерде аштық сезімі күшейген, ыдысты тасытқан соңғы тамшы дәрежесіне жеткен міне осы жерде адам бүкіл мүмкіншіліктерін қарнын тойдыруға жұмсайды. Бұл әртүрлі жағдайлардағы әрекеттерде “сезім-бағалау және шешім-ұстаным (әрекет)” формуласы қызмет атқарады. Демек сезімнен әрекетке баратын жолда мотивация көпір қызметін атқарады екен. Осы көпірден өту үшін жасалған алғышарттарда “өт немесе өтпе, тоқта” шешімі берілу барысында ішіне сенім, қанағат және шарттармен байланысты мәліметтер кіруде. Шешімнің мына немесе ана бағытта берілуде бұлардың да өз рөлі бар.

Сенім және қанағаттар бұл мәселеде сезім, ойлау, мотивация және қимылдарды бір жүйеге түсіру барысында кісілікті қалыптастырудың негізгі іргетасы қызметін атқаруда.

Кейбір сезімдердің және қалаулардың қанағаттандырылуында, бұл қанағаттардың мынау немесе анау жол арқылы жүзеге асырылуы адамның қалауына қарай түрленеді. Мысалы адам қарны ашқанда қажеттілігін арам немесе адал сенімдеріне сүйене отырып өтейді. Аллаһқа және ахыретке сенетін адам сезім және толғаныстарына берік болады. Діни сенімдеріне сүйене отырып әрекет етуге тырысады. Қиыншылықтарға қарсы Аллаһқа деген сенім. сезімі арқылы сабырлылық пен төзімділік танытады. Одан жәрдем тілеп дұға етеді.

Ойлау мен дүниеге көзқарасқа(дүниетанымға) әсері.

Діни сенімнің ойлауға әсері дегенде мыналарды айтуға болады. Ойлау өмірімізде әрине, сезім мен сенімдерден тәуелсіз емеспіз. Негізінде адамның ішкі дүниесіндегі бірлік пен тұтастық та осы элементтер арасындағы үйлесімділікке байланысты. Адамның ішкі дүниесінде үйлесімділік болмаса, онда адам тынышсыз, қайшылықтарға тап болады. Сондықтан адам өз ішкі дүниесіндегі жағдайларды реттеп отыруы керек.

Діни сенім немесе сенімдер өз ішінде бір сәйкестік және бүтіндік қалыптастырады. Бұл бүтіндік бір сенімдер тізбегі немесе сенім жүйесі хәлінде қызмет атқарады. Бұл құрылымның әр бір элементі бір-біріне ойлаудың қызмет атқару түрімен байланысты.

Түйсік, ақыл қолдану арқылы ұғымдардың қалыптасуы сияқты ойлау әрекеттері бір координациялық және организациялық түрде жұмыс істейді. Бұл жерде ойлаудың құрылысында, құбылыстардың бағалануында кейбір сенімдердің рөлі үлкен. Нәтижеде ойлау қабілетінің қызметінде сенімдер мен діни сенімдер негізгі қызметті атқарады. Осыған сәйкес адамның дүниеге деген көзқарасы қалыптасады. Яғни адамның дүниетанымының қалыптасуында діни сенімдер мен бағалаулар анықтаушы элемент жағдайында болып табылады.

Д- Діни сенімнің әрекеттерге әсері.

Діни сенімнің әрекеттерге әсері дегенде сенімнің әрекеттерге әсер етуін немесе әрекеттерді бағыттауын түсінеміз. Діни сенімдер тікелей діни әрекеттерге әсер етеді. Сондай-ақ діни емес, дүниелік әрекеттерге де әсер етеді. Діни әрекеттерге әсер етеді, өйткені бұл әрекеттер сенімнің қажеттілігі болып табылады. Бұл әрекеттердің басында ғибадаттар келеді.

Мысалы намаз оқудың парыз екендігіне сенген бір мұсылман заңды түрде сол сенімнің қажеті ретінде намазын оқиды. Егер оқымаса сенімі мен әрекеттерінің арасында үйлесімділік туындайды. Содан барып адам мазасыз бола бастайды. Олай болмаса онда ол адамның сенімінде бір кемшілік бар деген сөз. Адамның діни сенімінің күші мен діни сауаттылығының дәрежесі оның қимылдарынан көрінеді.

Діни сенімнің әрекеттерге әсері ахлақи әрекеттерде де өзін көрсетеді. Алайда бұл әсерлерді байқау үшін адамның кісілік қалыптасуы қай дәрежеде болса соншалықты сенім әрекетінің үйлесімділігі өзін көрсетеді. Кісілігі жеткілікті дәрежеде қалыптаспаған діндар адамдардың сенімдерінің тұрақтылығы қажет етілгеннен төмен болуы мүмкі. Ахлақи (моральдық) нормалар дүниесі діни сенім бұлағынан сусындаған кейбір құбылыстар болып табылады. Осы себепті діни сенімнің күшті және діни білімдердің жеткілікті болуы хәлінде, діни әрекеттер ретінде ахлақи қасиеттердің адам әрекеттерінде байқалуы табиғи нәрсе болып табылады. Бүкіл бұл жағдайлар сенім-әрекет үйлесімі түрінде, адамның өзімен Ұлы Жаратушысының арасындағы байланыстардың сәйкестігін көрсетеді. Адам сенген Аллаһтың әмірлері мен тиымдары аясында әрекет етумен оның жанында сүйікті құл болатындығына сенуде. Адамның әрекеттері арасында бір үйлесімділік болуы даусыз болғандықтан, оның мамандығы, саяси, мәдени және әр түрлі әрекеттері діни сенімінің әсерлерін өз бойында тасиды.


Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Адамның ынтасы

2. Адамның психологиялық қабілеті

3. Адамның ойлау қабілеті

4. Лекция конспектісін жазу.

Лекция –12. Құран бойынша адамның психологиялық құрылысы

Ëåêöèÿ ìàқñàòû: Құрандағы психологиялық мәселелерді қарастыру

Ëåêöèÿ æîñïàðû

1. Құран бойынша адамның құрылысы

2. Құран бойынша адамның шынайы бейнесі

3. Құран бойынша адамның психологиясы
Әдебиеттер:

1. Философия және мәдениеттану. Алматы., «жеті жарғы» 1998.

2.Ғ.Есім. Фәлсәфа тарихы., Алматы. 2000ж

3. Құран Кәрім қазақша мағына және түсінігі, Мәдина 1992

4. Ислам энциклопедиясы.1997.
1. Құран бойынша адамның құрылысы.

Батыс әлемінде адамның құрылысы және табиғатымен байланысты бір-бірімен қарама-қайшы және құнсыз кейбір теориялардың қысқаша беріп өткеннен бұл тақырыпта шынайы Ислами көзқарастың негіздерін талқылаймыз. Бұл көзқарастың болмауы әрі батыс, әрі шығыс әлемінде (Советтер, Шығыс Европа және Қытай) дінсіздік ағымдарының туындауына байланысты болды.

Шынында да Ислам діні адамның табиғаты, рөлі, міндеті, психологиялық құрылысымен байланысты нақты, дұрыс бір көзқарасты ортаға қойған. Зерттеулерінің дұрыс, шынайы болуы үшін психология, социология және антропология ғылымдарымен айналысатындарының бұл Ислами көзқарасты түбегейлі білуі керек. Өйткені бұл сиқыр, адасу, дінсіздік, пұтқа табынушылық, азғындау, батыс және шығыс ойшылдарының көбінің әдіс-тәсіл қателіктеріне таптырмайтын жалғыз жол. Бұл қателіктердің ең маңыздысы бүтінді зерттеместен бұрын бөлікті бүтін түрінде қарастыру болып табылады. Шынында да Құран көзқарасына сәйкес адам Аллаһтың жер бетіндегі орынбасары.

Бұл жайлы Аллаһ Тағала былай дейді: “Есіңе ал: Раббың періштелерге: Мен жер бетінде бір халифа (орынбасар) жаратамын деді. Олар: біздер сені ұлықтан, ғибадат етеміз. Ал сен ол жерде бүлік шығарып, қантөгетіндерді жаратасын деді. Аллаһ оларға: сендердің білмегендеріңді мен білемін деді. Аллаһ Адамға бүкіл есімдерді үйретті. Сосын оларды періштелерден: Егер сендер өздеріңнің пікірлеріңнен қайтпаған болсаңдар мыналардың есімдерін маған айтыңдар деді. Періштелер: Ей Раббымыз! Сені лайықсыз сипаттардан аулақ етеміз, сенің бізге үйреткендеріңнен басқасын білмейміз. Шүбәсіз бәрін білетін және бәрін билейтін сенсің дейді. Ей Адам! Олардың есімдерін періштелерге айт дейді Аллаһ Тағала. Адам оларға олардың есімдерін айтқанда: Мен сізге көктерде және жерде көрінбейтіндерді білемін. Бұдан да басқа ашық және жасырын жасағандарыңды да білемін демеп пе едім? деді. Біз періштелерге (және жындарға): Адамға сәжде етіңдер деген едім. Ібілістен басқалар сәжде етті. Ол тәкәппарлық етті және осылайша кәпірлерден болды. Біз: Ей Адам! Сен және әйелің екеуің жәннәтқа кіріңдер. Ол жерде қалағандарыңша жәннәт нығметтерінен пайдаланыңыздар. Тек қана мына ағашқа жоламаңыздар. Егер бұл ағаштан жесеңдер екеуіңде залымдық еткендерден боласыңдар дедік. Шайтан олардың аяқтарынан шалып жауыздық етті және жәнәттән қудырды. Оларға біреуің екіншіне дұшпан ретінде шығыңдар. Сендердің біраз уақыт жер бетінде жасауларың керек дедік. Адам Раббысынан кейбір илхамдар алды және дереу тәубе етті. Өйткені Аллаһ тәубелерді қабыл етуші және рахымды. Барлығын ол жерден шығыңдар дедік. Бірақ сіздерге менен бір бұйрық, келгенде бұйрығыма мойын игендерге қорқыныш жоқ олар уайымдамайды. Қарсы шығып, аяттарымды мойындамағандар болса жәхәннәмға түседі және ол жерде мәңгілікке қалады.

2. Құран бойынша адамның шынайы бейнесі.

Бұл адамның ерекшелігі, жаратылысының шарттары және оның міндеті жайлы дұрыс бір Құранның көзқарасы. Өйткені ол адамның екі жағында шәһәуи және иләһи, рухани жағын ақылды, санада өзін көрсетеді. Міне осылар оның құлдыққа, ойлауға, жер бетінде Аллаһның дінін үстем етуге, адами қатынастарға және жер бетін өзгертуге мүмкіндік беретін қабілеттер. Сондай-ақ бұл рухани көктерді, жерді және тауларды аманат қылып алуға қорққан, тек Аллаһның өзіне жүктегені аманатты көтеруге мүмкіндік беретін күштер болып табылады. Айтқандай: “Біз аманатты көктерге, жерге және тауларға ұсындық. Олар қабылдаудан қорықты. Оны адам өз мойнына алды. (Бірақ ол оны толық орындамады) Негізінде ол өте залым әрі надан” дейді Құранда. Осы шындыққа сай Құран көзқарасы арқылы адамды құрылысы және міндеттері тұрғысынан танимыз. Өйткені Ұлы Аллаһһ жер бетінде адамды халифа етті және ол жерде Аллаһның дінін таратуы үшін көбеюін қалады. Аллаһ адамды осы жүкті көтере алатындай мүмкіндікте күш берді. Аллаһның адамның бұрыңғы жағдайын және оның жарататындығын періштелер қауымына жариялауы оның адамға ерекше көңіл бөлгендігін көрсетеді. Бұл жағдайдан періштелер қорыққан, (Аллаһның әміріне қарсы келмей бұйырғандарын үнемі орындайды) аятына сәйкес Раббыларынан ол жаратылысты түсіндіріп беруін өтінеді. Соңында іс Раббыларының әміріне періштелерінің Адамға сәжде етуімен аяқталады. Негізінде бұл Аллаһтың адамды жарату мужизасына жасалған сәжде болатын. Аллаһқа халифа болу жарату, жасау, өзгерту және сана әрекеттерін қамтиды. Бүкіл бұлар өзінен халифасына әртүрлі ерекшеліктер мен білімдер берген Ұлы Жаратушының қасиеттерінен болып табылады. “Аллаһ Адамға бүкіл есімдерді үйретті” деген аят осыған дәлел.

3. Құран бойынша адамның психологиясы.

Аллаһ адамға білім берді. Бұл адамға берілген иләхи рухтан бастау алатын күш. Аллаһ адамға бұл үлкен үйрену қабілетін бере отырып көктерде және жерде болған әр нәрсені оның қызметіне берген бір аятта былай дейді: “көктерде және жерде болғандардың барлығын сендердің әмірлеріңе берді” Аллаһта адамда хайуани және топыраққа қатысты жағынан мәхуәт деген сезімдер қоса жаратылған. Аллаһ Тағала бұларды адамның табиғатына белгілі бір хикметпен орналастырған. Бұл жайлы да Аллаһ былай дейді: “Әйелдерден, балалардан,үйім-үйім алтын және күмістен, әсем аттардан, таулардан және егіндерден келетін қызыққа шеттен тыс берілушілік адамдарға жақсы (қызықты) етіп көрсетіледі. Бұлар тек қана дүние өмірінің қызықтары. Негізгі баратын, жақсы жер Аллаһтың жанында” Аллаһ Тағала адамды иләһи, шынайы бір емтихан мен жауапты еткен. Қатеге, жалғанға, азғындыққа байланысты адами және нәфси емтихандар сияқты емес. Бұл иләһи емтихан, жер бетінен бұрын жәннәтқа қатысты бір емтихан еді. Ол ағаш, Адам үшін бір мәжуәт (қалау) болды. Шайтанның азғыруы оның өз нәпсісіне беріктігінен айырды. Осылайша емтиханнан сүрінді. Мына бір аятта бұл жайлы былай дейді: “Біз бұрын Адамға ол ағаштан жемеуін бұйырған болатынбыз. Ол ұмытты....” Шүбәсіз адамды Аллаһ жаратты және нәпсісінің азғырғандарын да ол біледі. Өйткені ол оған күре тамырынан да жақын. Адамның күнәсінің өзінен еш бөлінбейтіндігін алға тартатын шіркеу көзқарасына керісінше Исламның бұл шынайы адам көзқарасы ең дұрыс пікір. Өйткені ол адамның шәхуәт қалауымен жаратылғанын, шайтанның азғыруына түсіп қалатын әлсіз бір болмыс екендігін білдіруде. Алайда бұл әлсіздік, мәңгілік, ажырамайтын бір қасиет емес. Сондай-ақ Адамның жәннәттағы қатесі де қияметке дейін өзінен айрылмайтын бір қателік емес. Өйткені Аллаһ оны пайғамбар етті, тәубесін қабыл етті. Аллаһ былай дейді: “Адам Раббысынан аяндар алды және дереу тәубе етті. Өйткені Аллаһ тәубелерді қабыл етуші және мейірімі мол. Барлығын ол жерден шығыңдар дедік. Тек сізге менен бір әмір келгенде кім менің әміріме мойын исе оларға еш қорқыныш жоқ. Қарсы келушілер мен аяттарымызды жоққа шығарушылар жәһәннәмға түседі. Ол жерде мәңгілікке қалады.”
Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Құрандағы адам бейнесі

2. Құрандағы адам психологиясы

3.Адамның психолгиялық құрылысы

4. Лекция конспектісін жазу.

Лекция –13. Исламда нәпсі ұғымы.

Ëåêöèÿ ìàқñàòû: Ішкі қалаулардың психологиялық әсерін қарастыру

Ëåêöèÿ æîñïàðû

1. Ислами тұрғыдан нәпсінің класификациялануы

2. Ислами тепе - теңдік

3. Нәпсінің психологиялық мәні
Әдебиеттер:

1. Философия және мәдениеттану. Алматы., «жеті жарғы» 1998.

Ғ.Есім. Фәлсәфа тарихы., Алматы. 2000ж

Ислам әліппесі., Фараби – энциклопедист. 2000ж

Платонов К.К. Психология религии М., 1967

Попова М.А. О психология религии М. 1969

Угринович Д.М. Психология религии. М., 1986
І- Ислами тұрғыдан нәпсінің класификациялануы.

Адам нәпсінде тумыстан келген әлсіздік болуына байланысты Аллаһ оған үлкен дәрежелерге жетуін қамтамассыз ететін элементтерді қоса берген. Аллаһ Тағала былай дейді:

“Кісіге және оны толықтағанға. Сонда оған жамандық әрі тақуалық қабілеті бергенге серт. Расында нәпсісін тазартқан кісі құтылды да; Әлде кім оны кірлетсе қор болды”

Исламның нәпсі туралы объективті және шындыққа сай анализы адам ніпсісінің үш дәрежесінің болғандығы туралы негізге сүйенеді:

Нәпсі еммаре (жамандықты әмір ететін нәпсі): Бұл менменшіл, агрессивті нәпсі болып табылады. Бұлар адам табиғатының кейбір жақтары. Айтқандай аятта: “Нәпсімді ақтамаймын. Расында нәпсі жамандыққа бұйырады. Бірақ та Раббым мәрхамат етсе ол басқа күдіксіз Раббым өте жарылқаушы, ерекше мейірімді” деп айтылуда.

Нәпсі левваме: Бұл адамды жақсылыққа қарай бағытталған әрекет ететін нәпсі. Ұлы Аллаһ былай дейді: “ Қиямет күніне ант етемін. Жоқ, сөгіс беруші, нәпсіге ант етемін”

Нәпсі мутмайнна: Бұл да Аллаһға, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ахырет күніне, тағдырға, жақсылық пен жамандық Аллаһдан екендігіне (иман мен) сенумен, Аллаһның әмір еткендерін орындау тұрғысынан нәпсі дәрежелерінің ең үлкені болып табылады. Аллаһ Тағала: “Ей орныққан нәпсі! Раббыңа, ол сенен, сен одан разы болған түрде қайт! Енді құлдарымның арасына кір. Сондай-ақ жәннәтіме кір”

Фрейд кісілік теориясымен Исламның нәпсі туралы бұ үштік классификациясын жамандаған. Ол бұл теориясында кісілікті ид, эго және супер эго деп бөлген. Ид нәпсінің шәһәуи жағы. Эго кісіліктің қалыптасқан жағы және кейіннін игерілген. Супер эго кісіліктің идеал жағы және бұл да кейіннен қалыптасады.

Фрейд дін сезімінің тумыстан келетінін, адамның Жаратушы мен байласының табиғи екенін, бұлай болмағанда не дін, не идеал немесе басқа қасиет деген бір нәрсенің болмайтындығын; діндердің әртүрлі болуын болса, тәуһид діні болған Исламнан келетін таза болмасынан айырылуынан екендігін білмеген.


ІІ-Ислами тепе-теңдік.

Адамның қажеттіліктері мен қалауларына жауап беруде Ислам өзіндік ерекшелігімен ерекшеленеді. Өйткені адам бір жағынан материалды, екінші жағынан рухани қасиетке ие. Бұл жайлы құранда:

“Сол уақытта Раббың, періштелерге: “Мен балшықтан бір адам жаратамын” деген. “Қашан оны жасап, оған рухымнан үрлеген сәтте, оған сәждеге жығылыңдар” дейді. Бұл бойынша ол (адам) ерекше жаратылған болмыс. Хайуандар тек қана шәһәуи, ал періштелер нурани (Нұрдан жаратылған) жақтан болып келеді. Адамда болса осы екі қасиеттің екеуі де бар. АллаһТағала адамды осындай ешқайсысына ұқсамайтын ерекшелікпен жаратқан. Сондықтан бұл екеуі бір-біріне зиян бермейтіндей дәрежеде әрі рухтың, әрі дененің қажеттіліктері өтелуі тиіс. Бұл Ислами көзқарас ысырап пен шектен шығушылықты жоққа шығарады. Сондай-ақ дене қалауларын өтеу тұрғысынан шектен шығып, адамды хайуан дәрежесіне түсірген, рухани азғындатқан, Аллаһның әмірлерін орындауға қарсы материалдық көзқарасқа қарсы шыққан. Сонымен бірге Ислам ысырап пен шектен шығушылықтың қарама-қарсысы болған сопылық түсінігін құптайды. Бірақ бұл жерде де шектен шығушылыққа қарсы. Ислам рухтың қажеттіліктері мен дене қажеттіліктерінің арасында бір тепе-теңдікті сақтауды бұйырады. Ұлы Аллаһ былай дейді: “Аллаһның саған берген дәулетімен ахырет жұртын ізде де дүниедегі несібеңді де ұмытпа”

“Айт: Аллаһтың құлдарына көркем етіп шығарған нәрсесін және берген жақсы несібелерін кім арам етті?” “Жеңдер, ішіңдер, бірақ ысырап етпеңдер”.“Әйелдерің сендердің егіндіктерің. Егіндіктеріңе қалағандарыңша барыңдар” Бір хадисте: “Мәңгілік жасайтындай дүние үшін қызмет ет, ертең өлетіндей болып ахыретің үшін қызмет ет” [253] деп айтылған.

Ғибадатта шектен шығып түнімен намаз оқыған, дамылсыз ораза тұтқан, қатындарымен жыныстық қатынасты үзген адамның жағдайы Хз.Пайғамбарға (с.а.у) жеткенде былай дейді: “Аллаһтан ең көп қорқатын, әрі ең тақуа болған менің өзім намазымды да оқимын, ұйықтамаймын да, оразамды да тұтамын, кейде тұтпаймын, әйелдерімнен де алыс (ұзақ) қалмаймын” кейін Хз.Пайғамбар жалпы қағида ретінде былай деді: “Кім менің сүннетімнен бет бұрса, менен емес”.
ІІІ-Нәпсінің психологиялық мәні

Грек философтары ақыл, рух және нәпсіден сөз қозғағанда оларды тазалықтарына және ұлылықтарына қарай бағалаған. Олардың ойынша бұлардың алғашқысы әрі ең ұлысы ақыл. Бұдан кейін дәрежесіне қарай рух пен нәпсі келеді. Олардың ойынша рух, нұрға ұқсас. Нәпсі болса ауа және топыраққа жақын.

Бірлік діні болған Исламның бұл жайлы көзқарасына келетін болсақ оның бұларды иләһи сипаттарға жақындығы тұрғысынан класификациялағанын көреміз. Олардың ең төменгі дәрежедегісі бұл сипаттардан ең ұзақ болғаны. Рух, Аллаһның рухынан бастау алатындықтан және адамның сезім мүшелерімен білу мүмкін болмаған жағы болуына және өлімсіз болуына байланысты болмыстың сыры болғндығы үшін, Ұлы Аллаһ ол жайлы ғылымды өзіне тән еткен. Өйткені шектеулі ақылымыз оны білуге күші жетпейді. Тек кейбір белгілерді біледі. Аллаһ Тағала былай дейді: Сенен рух туралы сұрайды. Сонда былай де: “Рух Раббымның ықтиярында. Сендерге ол жайлы өте аз мәлімет берілген”

Құран-Кәрімнің ақыл және нәпсімен байланысты айтқандарынан аңғарылғанына қарағанда нәпсі табиғатқа және өмірлік күшке өте жақын. Бұл өмірлік күш түйсікті, әрі сананы ішіне алады. Әрі саналы, әрі санасыз түрде қызмет атқарады. Бұл өмірлік күш бірнеше аятта ұйқы арқылы қызметін тоқтататын және өліммен мүлдем жоғалатын күш, нығметті сезінетін, істеген жақсы-жаман амалдардың есебін беретін күш мағыналарына келеді. Аллаһ Тағала былай дейді: “Аллаһ өлгеннің өлім уақыты келгенде, өлмегеннің ұйқыда жатқанында жанын алады” “Түнде сіздерді өлтірген (өлік сияқты ұйықтатқан) күндіз не істегендеріңді білетін ол”.


Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Нәпсінің психологиялық анықтамасы

2. Нәпсінің түрлері

3. Адамның ішкі тепе-теңдігі

4. Нәпсінің адамға психолгиялық әсері

Лекция –14. Ислами тұрғыдан адамның психологиялық талдауы

Ëåêöèÿ ìàқñàòû: адамның исламдағы психологиясын қарастыру

Ëåêöèÿ æîñïàðû

1. Исламдағы психологиямен адам арақатынасы

2. Адам илаһи міндеттерден жауапкер болмыс.

3. Адамның екі жағы
Әдебиеттер:

1. Философия және мәдениеттану. Алматы., «жеті жарғы» 1998.

Яшар Кутлуай. Тарихтағы ислам түсіктері., Анкара 1971ж

Фрэйд З. Тотем и табу. Психология первобытной культуры и религии

I.A.Cudukcu. "Islam dusunurleri". Ankara,1991
1. Исламдағы психологиямен адам арақатынасы

Бұрында айтып өткеніміздей адамның Ислами тұрғыдан анализы, оның рух және денеден тұратындығы негізіне сүйенеді. Рух сенімі Құрандағы ғайыпқа байланысты сенімдерден бірі. Бұл ғайыпқа байланысты сенімдер, бүкіл иләһи діндерде басты діни негіздердің алдында келеді. Құрандағы ғаыпқа байланысты сенімдердің басты сипаты, оларға сенгендердің ақылдарын сырт қалдырмауы және жаукер ақылға үндеу арқылы жауапкершілігін орындауы болып табылады. Өйткені Ислам тумыстан келетін дін. Сондықтан Исламның принциптері және негіздерімен дұрыс көзқарастың негіздері қайшы келмейді. Керісінше сәйкес келеді. Шынында да Ислам, әр нәрсені; жаратқан, өзіне ғибадат етілген және өзінен басқа тәңір болмаған бір Аллаһқа тапсыру болып табылады. Құран-Кәрімде рух және дене бір-бірін толықтырады. Екеуі бірігіп адамның кісілігін қалыптастырады және оның өмірі тек осы екеуі арқылыжалғасын табыды. Сондықтан Құранға сенетін адам бұл екеуінің де қажеттіліктерін теңдей беріп отыруы керек. Құран бір харамды халал қылуды тыйым етумен бірге бір халалды харам қылуды да дұрыс көрмейді: “Ей иман еткендер! Аллаһ ның сізге адал қылған әсем және таза нәрселерін харам қылмаңдар және шектен де шықпаңдар. Аллаһ шектен шығушыларды ұнатпайды. Аллаһтың берегн адал және таза нығметтерін жеңдер және одан қорқыңдар.” Құран-Кәрім муминге өз еңбегімен адал табыс табуды және ысыраптан ұзақ болуды, адал нығметтерден пайдалануды үйретуде. Өйткені бұлар адал нығметтер болып табылады. Бұлардан бас тарту халал болмайды. Ұлы Аллаһ былай дейді: “Ей иман еткендер! Сізге берілген ризықтардың таза болғандарынан жеңдер және Аллаһқа шүкіршілік етіңдер. Егер оған құлшылық етсеңдер.” “Ей иман еткендер! Табыстарыңның таза және жақсысынан және сендер үшін жерден сендерге өндіргендерімізден Аллаһ жолында жұмсаңдар.” Адамның жер бетіндегі Аллаһтың жаратқан нығметтерінен пайдалануы оның жер бетіне орналастырылуының негізгі қажеттілігі болып табылады. Өйткені Ислам құлшылық сылтауы мен кейбір сопылардың істегеніндей дүниеден бет бұруға және шектен тыс рухани өмірге қарсы. Құранда былай дейді: “Аттарды, қашырларды және ешектерді мінулерің үшін және әсемдік болсын деп жаратты. Аллаһ тап қазір білмейтін неше-неше нәрселерді жаратады. Жолдың абзалы Аллаһтікі Жолдың қисығы да бар. Аллаһ қаласа барлығыңды тура жолға салар еді. Көктен суды түсірген ол. Одан сусын және ол арқылы малдарыңды жаятын жайылым шығарады. Аллаһ сендерге су арқылы егін, зәйтін, құрма ағаштары, жүзімдер және бүкіл өсімдіктерден өсіреді. Нақ осында түсінетін ел үшін әрине белгілер бар.”


2. Адам илаһи міндеттерден жауапкер болмыс.

Құран-Кәрімді зерттеген адам оның адамды құтқару үшін жіберілген иләхи бір кітап екендігін түсінеді. Ол бір уағыз, сынау кітабы. Оның бұл ерекшелігінің құпиясы оның шарттары мен үкімдерінің, сенімдері мен ғибадаттарының, дәлелі мен мақсатының арасында нық әрі муғжизауи үйлесімділіктің болуында. Оның әрбір шарты басқаларына толығымен сәйкес келеді. Адамның Құрандағы орны сенім, ойлау және жаратылыс тұрғысынан әртүрлі болмыстар арасында ең үлкен дәрежеге ие. Өйткені жаратылыстар ішінде аманатты өзіне жүктеп алған жалғыз болмыс. “Жауапкер болмыс” ұғымы “Сөйлейтін болмыс” немесе “сөйлейтін жануар” ұғымдарынан әлдеқайда жоғары. Өйткені ол жауапкершілік аманатын жүктемесе, онда сөйлегенінің ешбір мәні болар еді. Бұл жауапкершілік, Құранда адамға үндеудің жолдануы (бағытталуы), үндеудің бүкіл қабілет және функцияларымен Аллаһтың адамға берілген үлкен бір нығметі болған ақылға бағытталуы дегенді білдіреді. Ақыл адамды әртүрлі жамандықтан сақтайтын бір қару болып табылады. Ақыл білу, ойлану дегенді білдіреді. Ол заттың әртүрлі жағдайларын және істің көмескі жақтарын зерттейді. Ақыл жақсылық пен жамандықты көрсететін төреші.

Ақыл себептерді көру және салдарларды шығару болып табылады. Ақыл көздің көре алмағанын көретін бір күш. Осы себепті ақыл адамның жауапкер болуында бір дәлел болып табылады. Аллаһ Тағала былай дейді: “Шәксіз көктердің және жердің жаратылуында түннің және күндіздің өзгеруінде әлбетте ақыл иелері үшін дәлелдер бар. Олар тіке тұрып, отырып, жамбасынан жатып (бәлкім) Аллаһты еске алады. Сондай-ақ олар көктер мен жаратылуы жайлы ойланады да: “Раббымыз! Сен мұны босқа жаратпадың. Сен пәксің. Бізді от азабынан сақта!” “Көктер мен жерді, әрі екі арасындағы шындық пен белгілі бір мерзім үшін жаратты. Өздері жайлы ойламай ма? Шынында адамдардың көбі Раббыларына жалынуға қарсы келеді.”

3. Адамның екі жағы.

Адамның психологиялық құрылысы, табиғаты қабылеттері және жаратылу мақсаты мен міндеті туралы Құран-Кәрімнің көзқарасы жайлы берген бұл қысқа мағлұматымызбен шектеле тұрайық. Адам Аллаһтың екі жақты етіп жаратқан болмысы.

Шәһәуи, түйсікке негізделген және топыраққа қатысты жағы (нәпсі- эммаре)

Аллаһтың рухынан бір бөлік ретінде пайда болған ұлы және иләһи жағы. Сондақтан адам ерекше жаратылысқа ие. Ол түйсіктердің басқаратын хайуанаттардан өзгеше болғаны сияқты, Аллаһтың әмірінен басқа нәрсе орындамайтын періштелерден де өзгеше. Ұлы Аллаһ адамды әртүрлі күштер толтырған. Бұлардың ең маңыздысы иман күші және таухид (бірлік) сенімі болып табылады. Бұл күштермен Аллаһ адамды дүниеге келместен бұрын сусындатып қойған. Екінші оларды ақылмен, ойланумен, жаңа нәрсе ойлап табумен, құралдармен жұмыс жасауды білу қабілетімен де сусындатқан. Оларға зейін мен жоғары ақылды қабілеттер берген. Үшінші оларды күресу және арпалысу күшімен суғарған. Төртінші иләһи қалау; адам қалауы, кісілігі және амалдары жолымен жүзеге асқандықта Аллаһтың шексіз ғылымы төңірегінде оларға еркін қалау берген. Ұлы Аллаһ былай дейді: “Расында бір қауым өзін өзгертпейінше Аллаһ , оны өзгертпейді сондай-ақ егер Аллаһ , бір қауымға бейнет тілесе, сонда оны ешбір қайтарушы жоқ. Әрі олар үшін Аллаһтан өзге бір жәрдемші де жоқ”.“Егер Аллаһтың адамдарды бір-бірі арқылы қорғамаса, жер жүзі бұзылар еді” “Адамдардың тікелей кінәсінен құрлық пен теңізде тәртіп бұзылды” Қорыта айтқанда адам, жаратқанды тануға және оған құлшылық ету үшін жаратылған: “Мен жындарды және адамдарды тек қана маған құлшылық етсін деп жарттым.” Табиғи бір түрде бір адам Аллаһтың сөздерін ұғуға және тура жолында жүруге бейімделген. Осы себепті кәпірдің Исламда танығаннан кейін күпірлігін кейін жалғастыруына себеп қалмайды. Өйткені оған жер бетіне орнығу, оны қайта құру, түрлі үміт-ұлыстарға бөліну ерекшелігі берілген. Адамның әлсіз жері шахуаты (нәпсісі). Өйткені шәхуәт, шайтанның, өзі арқылы адамның нәпсіне түскен бір жолы болып табылады. Алайда Ислам діні адамның шәхәуи қалауларын басуда және харамдардан ұзақ болуда көмектесетін жүйені қалыптастырған. Мумин ақылды болып табылады. Өйткені Құранның және Хз.Пайғамбардың (с.а.у) сүннетінің нұрымен қараңғыдан жол табуда.


Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Исламдағы адам психологиясы

2. Адамның құдай алдындағы міндеті

3. Адам мінезінің өзгеруіне исламдық көзқарас



4. Лекция конспектісін жазу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет