Лекция №1 Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы лекция Жоспар: Адамның әлеуметтік эволюциясындағы негзгікезедері



Дата19.05.2023
өлшемі154,79 Kb.
#94943
түріЛекция
Байланысты:
Лекция №1 Адамны тарих а дейінгі эволюциясы лекция Жоспар Адам


Лекция №1 Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы лекция


Жоспар:

  1. Адамның әлеуметтік эволюциясындағы негзгікезедері

  2. Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы

1. Адамзат қоғамының эволюциясы. Адам эволюциясына байланысты палеолит жоғарғы және төменгі болып екіге бөлінеді. Төменгі палеолит – архантроптар мен палеонтроптардың тіршілік ету кезеңі болып табылады. Бұл кезеңнің өзінде бірнеше археологиялық кезеңдер алмасқан, атап айтқанда: 2.5 млн жыл бұрын олдувай, 0.85 млн жыл бұрын ашель, 0.2 млн жыл бұрын мустьер кезеңдері. Жоғарғы палеолит – Homo sapіens – тің тіршілік ету кезеңі. Бұл кезең небәрі 100-40 мың жылға созылып, адам баласы осы кезең ішінде тастан балта жасаудан компьтерлерге дейінгі жетістіктерді басынан өткізді.


Археологиялық кезеңдер еңбек құралдарын жасаудың техникасы мен материалдарының түрленуіне негізделді. Ертедегі қытай және рим философтарына белгілі болған көне тарихтың үш ғасырға (тас, қола және темір) бөлінуінің ғылыми негізі Х1Х ғасыр мен ХХ ғасырдың басында жасалды.
Кезеңнің көп бөлігінде төменгі, ортаңғы палеолит-100 мың, палеолит 45-40 мың; жоғарғы палеолит – 12-10 мың, мезолит 8 мыңға дейін және неолит 5 мың жыл бұрын бітті. Қола дәуірі біздің эрамызға дейінгі 1 мыңыншы жылдың басына дейін, темір ғасыры басталғанға дейін созылды. Қола дәуірінен бастап алғашқы қауымдық қоғамда қалыптасқан көне дәуір өркениетінің ескерткіштері негізінде уақытты календар бойынша белгілеу пайда болды .

Тарихи кезеңдер

Археологиялық кезеңдер



Палеоантропологиялық кезеңдер

Алғашқы қауым кезеңі

Төменгі (100) және ортаңғы палеолит
(45-40)



Архонтроптар мен
палеонтроптар
кезеңі

Алғашқы қауымдық
Туыстық 
қауым
кезеңі

Ертедегі алғашқы қауымдық кезеңі

Жоғары палеолит
(12-10) және 
мезолит (8)

Неонтроптар
кезеңі

Кейінгі алғашқы қауым

Неолит (5) Энеолит немесе ертедегі металдық ғасыр
(4,5 –5)

Таптар түзілу кезеңі

Қола (3)
Темір
Атом ғасыры (ХХ ғасыры) 


Қоғамның құрылуының алғашқы нысаны көбіне “алғашқы қауым” деп аталды. Бұл сөз үйлесімі ертедегі және өте ертедегі адамдардың ұйымдарының ерекшеліктерін; олардың жануарлардан нағыз адамға өтпелі кезеңіндегі күйлерінің дәл мағынасын білдіреді. Алайда, “алғашқы қауым” термині әрі қысқа, әрі ыңғайлы. Алғашқы қауым қоғамы адамзат тарихындағы ең ұзақ, 2 млн жылға созылған кезең болды. Алғашқы қоғамдағы туыстық қауым 10-12 мың жыл бұрын басталып, ойкуменаның негізгі бөлігі үшін 5-8 мың жыл бұрын аяқталса, алғашқы қауымның соңғы кезеңдері кейбір қоғамдарда әлі күнге дейін аяқталған жоқ.


Алғашқы қауымның ерте кезеңінде тіршілік үшін қажетті негізгі өнімдер өндіретін шаруашылық болды. Бұл типологиялық қатар – алғашқы қауым (алғашқы адам үйірй отары), ертедегі және кейінгі (ертедегі туыстық және кейінгі туыстық), қауым бұдан кейін алғашқы қауымдық көршілес (протошаруа) қауым – алғашқы қауымдық тарихтың негізгі кезеңдеріне сәйкес келеді. Ғалымдардың көпшілігінің пікірінше, алғашқы қауым кезеңін, яғни антропосоциогенезді адамзаттың әлеуметтік және биологиялық даму барысында адамзат қоғамы қалыптасуының бастамасы болып саналатын бүкіл әлемдік тарихи процестің ерекше кезеңі деп қарастыруға болады. Алғашқы қауымдық туыстық қауым кезеңінде әлеуметтік құрылымның алғашқы реттелген түрлері – туыстар мен туыстық қауымлар пайда болды. Дәл осы кезеңде алғашқы қауымдық туыстық қауымдық құрылымның негізгі белгілері - өндірістегі ұжымшылдық, жалпы меншік пен тұрмыстағы теңдей бөлу, т.б. пайда болды. Бұл белгілер әсіресе ертедегі алғашқы қауымдарда анық байқалып, кейінгі алғашқы қауымдарда да сақталып қалды. Бұл кезеңнің ең төменгі шегі – ортаңғы палеолит (палеонтроптар кезеңі) және неолит.
Алғашқы қауымдық кезең - қалыптасу кезеңі, ал алғашқы қауымдастық туыстық қауым – кемелдену кезеңі болса, таптардың түзілу кезеңі – алғашқы қауымдық құрылымның ыдырау кезеңі болды. Бұл соңғы кезең шаруашылық іс-әрекеттің барлық салаларының қарқындап дамуымен және өнім қорларының өсуімен сипатталады.
Туыстар мен қауымның ортақ меншігі жеке үй шаруашылығы меншіктері мен теңдей бөлу еңбегіне қарай бөлумен алмасып, қауымдық-туыстық байланыстар үзіліп, алғашқы қауымдық - көршілік түрлері пайда болды. Эксплуатацияның алғашқы нысандары пайда болып, олармен бірге негізгі өнім қоры - қосалқы өнімге айнала бастады, яғни жеке меншіктің, қоғамдық таптар мен мемлекеттіліктің бастамасы түзіле бастады. Кезеңнің төменгі шегі, кейбір қарқынды дамыған қоғамдарда неолит кезеңіне, ал нашар дамыған қоғамдарда металдық кезеңнің біршама бөлігіне сәйкес келеді. Кезеңнің жоғарғы шегі - қоғамдық таптар мен мемлекеттіліктің пайда болуы – 5 мыңдай жыл бұрын байқалған делінеді. Ал нашар дамыған қоғамдар бұл кезеңді әлі күнге дейін өткен жоқ. Жалпы дәуірдік кезеңдерді археологиялық және палеоантропологиялық схемалардың аса маңызды буындарымен төмендегіше салыстыруға болады. Бұл кезеңдердің абсолютті (нақты) жасын айту қиын, себебі, біріншіден, олардың археологиялық және палеоантропологиялық кезеңдермен арақатынасы жөніндегі көзқарастар түрліше, екіншіден, ертедегі алғашқы қауымдық кезеңінен бастап, адамзат қоғамы біртекті дамыған жоқ, соның әсерінен жоғарыда айтылған әртүрлі қоғамдар қалыптасты.
Кестеде берілген шкала адамдар жасаған және қолданған құралдар негізінде жасалған. Тас дәуірі – тастан жасалған құралдарды пайдалану кезеңі болды да, ол палеолит (ертедегі тас дәуірі), төменгі палеолит (австралопитектер мен “тік жүретін адам” ), ортаңғы палеолит (неандерталдықтар), жоғары палеолит (38 мың жыл) - “саналы адамның” үңгірлерде тіршілік етуі кезеңдеріне бөлінді. Мезолитте (ортаңғы тас) қоғамдық құрылымның аң аулау, жинау түрі басым болды.
2. Адам эволюциясының негізгі кезендері төрттік мүзбасу дәуірінің кезінде қалыптасқан климаттык өзгерістер уақыттарына сәйкес келеді. Әдетте мардымсыз қазба мәліметтерінің негізінде адам мен адам тәрізді майшылдардың эволюңиялық түр тармактарының бөлінуі шамамен 20 млн. жыл бұрын жүрді деп саналатын. Алайда биохимиктер жүргізген молекулалык және басқа да зерттеулер ірі адам тәрізді маймылдар мен гиббоңдар 10 млн. жыл бұрын тіршілік етті деген басқаша көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді. Соңғы кездері табылған қазба қалдықтары биохимияның комегімен алынған деректерді нақтап отыр.
Біз тарихқа деректі мәліметтері бар уақытты жатқызамыз. Сөз түйсігімізге жеткен кезде, аяғымыздың астында тіреніш бар екендігіне көзіміз жетеді. Ал археологиялық қазбаларда табылған тілсіз құралдар өзінің жансыздығымен біз үшін тілсіз боп қалмақ. Тек жазбаша мәліметтер ғана бізге адамды, оның ішкі өмірін, көңіл­күйін, серпінін сезуге мүмкіндік береді. Жазбаша мәліметтер еш жерде б.д.д. 3000 жылдан ерте мерзімді көрсетпейді. Демек, тарихтың ұзақтығы шамамен 5000 жыл. Тарихқа дейінгі кезең объективті түрде әр түрлі өзгерістердің ағыны, бірақ рухани мағынада ол өлі тарих емес, өйткені тарих тек тарихты жете түсіну, дәстүрлерді білу, құжаттау, өзінің тамырлары мен болып жатқан оқиғаларды пайымдаулары бар жерде ғана пайда болады. Дәстүрлердің сабақтастығы болмаған жерде тарих болды немесе тіпті болуы қажет деген ұғымның жаны жоқ.. Тарих — әрқашан адамға мәлім өткен шақ, сол өткен шақты игеру алаңы, өзінің шыққан тегін түйсіну. Тарихқа дейінгі кезең — ол, шын мәнінде, негізделген, бірақ танымдалмаған өткен шақ. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның дамуы — ол адам болмысының негізгі құрылымдық қасиеттерінің қалыптасуы; тарихи дәуірдегі адамның дамуы — ол ерте тауып алынған рухани және техникалық сипатын өрістету. Адам болмысының құрылымдық қасиеттері уақыттың өлшеусіз қабаттарында қалыптасқан; керісінше, тарихи даму кезеңінде шектелген құбылыс ретінде алдымызға шығады, тарихқа дейінгі кезеңде қалыптасқан және қазіргі күнге дейін ықпалды адам болмысының кең және терең негізінде орын алған шығармаларда, ойларда, бейнелерде өз­өзін білдірген. Сонымен, тарихқа дейінгі кезең мен тарих өзінің жүйелілігінде біздің тіршілігіміздің екі негізін құрайды. Адамның тарихқа дейінгі қалыптасуы — адамның түр ретінде өзінің дағдылы бейімділіктері мен қасиеттерімен қоса, оған тән бейсаналық алаңымен бірге қалыптасуы — біздің адам болмысының іргетасын қалады. Адамның алғырлығының дәлелі - оның эволюциясы және адамның қабілеттерінің саналы түрде ұрпақтан ұрпаққа берілуі, өзінің тарихи мазмұны мен біздің тәрбиеміз, біздің сеніміміз, біздің біліміміз бен дағдыларымыздың негізін құрайды, — осы адам дамуындағы екінші сәт - жанартау аузының жоғарғы жағындағы жіңішке қабықша тәрізді. Осы қабықтың түсіп қалуы да мүмкін, ал тарихқа дейінгі кезеңде қалыптасып біткен адам баласының маңызды қасиеттері табиғи тұрғыдан заңды түрде оған тән. Мүмкін, біз үшін қайтадан тас дәуірі адамдарының халіне қайта оралу қаупі бар шығар, өйткені біз, шынын айтсақ, ешқашан ол күйден соншалықты озып дамып кеткен жоқпыз. Сонда біз, тас балтаның орнына ұшақтарға мініп тарихқа дейінгі замандарға қайта оралатын едік, ал мыңдаған тарих мытылып, оның іздері санамыздан жойылып кететін еді. Тарихтың соңы адамды мың жылдар бұрын өмір сүрген адамдардың қалпына қайтадан келтіруі мүмкін: ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын тәжірибесі туралы ешқандай мәлімет жоқ және түсініксіз. 20 000 жыл бұрын өмір сүрген адамның рухы туралы біз ештеңе білмейміз. Бірақ, біздің білуімізше, өзімізге белгілі адамзат тарихы бойынша, осы қысқа уақыт аралығында адамның өзінің биологиялық немесе психофизикалық хал­жағдайы, оның алғашқы бейсаналық серпіндері (ол кезден бері тек жүзге таман ұрпақ қана өткен) маңызды өзгеріске ұшыраған жоқ.
 Тарихқа дейінгі қалыптасудың нәтижесі биологиялық жағынан мұра қалатындығы, сондықтан тарихтың барлық табиғи апаттарына төзіп, аман­сау қалуы болып табылады. Ал тарих дәстүрмен танылмағандығына байланысты, оның көмегімен беріліп отырады, сондықтан олардың жоғалып кетуі мүмкін. Адам әлеміндегі шығармашылықтың шарықтау шегінде тұрақталған, одан кейін келесі ұрпақтарға беріліп, адам феноменін өзгертіп отырған нәрсенің дәстүрмен байланысы соншалықты маңызды, ол биологиялық тұрғыдан берілмейтіндіктен, дәстүр жоғалса, ол да мүлдем жоғалып кетуі мүмкін; онда адамның тек құрылымдық қасиеттері ғана қалады. Тарихи сана­сезімнің алдында тарихқа дейін өмір сүрген адамның маңызды негізі туралы ірі мәселе, оның негізін салушы әмбебап мәні туралы мәселе әрқашан тұрады. Адам табиғатында оның қалыптасу мерзімінің қуаты терең негізделген.
Тарихқа дейінгі кезең — ол адам табиғатының қалыптасуы болған кезең. Егер біз тарихқа дейінгі кезеңге көз жүгірте алсақ, онда біздің алдымызда адам тарихының субстанционалды негізі ашылатын еді, өйткені біз оның қалыптасуын, адамды адам қылған жағдайлар мен талаптарды көретін едік. Егер тарихқа дейінгі кезең эмпирикалық тұрғыдан танымдалатын болса, онда ол келесі сұрақтарға жауап бере алатын еді:
Адамның бастапқы себептері неде, оның тіршілік серпіндері қандай? Оның ішінде қайсысы өзгеріске ұшырайды, қайсысы мәңгілікке өзгермей қалады? Олардың тағы да қайтадан құрылуы мүмкін бе? Олар толығымен тұйық па? Адам тарихқа дейінгі кезеңде осы серпіндерді жүгендеді ме, әлде тек тарихи кезеңнен бастап қана жүгендей бастады ма? Жалпы олар кей уақытта қозып кете ме, әлде белгілі жағдайларда ғана қоза ма, олардың бүркенген жамылғысын жыртып тастауға бола ма? Бұл қашан және қалай болды? Біздің сенетін нәрсеміздің бәрі және өткен ұрпақтың бізге мирас қалдырғандарының бәрі апатқа ұшыраса, онда бастапқы серпіндер көз көрмеген күшпен қозып кете ме? Сол ежелгі күштерге белгілі сипат берсе, онда қандай бейне көрінеді? Оны қалай жасауға болады? Егер олардың өзін білдіру жөне тікелей әсер ету қабілетінен айырса, егер, мысалы, оның сал болғандығын білдіретін, оларды ұғымдық схемалар, әлем туралы түсінік, құндылықтар туралы түсініктері, зорлықпен жасырылып бүркемелесе, онда олар неге айналады? Біздің тарихқа дейінгі кезең туралы аз ғана мәліметтеріміз, этнография, фольклористика мен тарих арқылы суреттеулеріміз, адамның ежелгі құштарлығы туралы психологиялық түсініктер үшін қолданылатын, біздің жан­дүниеміздің айнасы болып қызмет етеді, өз­ өзімізден қуана­қуана жасырып отырып, белгілі жағдайларда ұмытып отыратын жөне кенет шындыққа айналып, бізді таң қалдыратын апат түрінде қабылданады. Дегенмен, адам туралы, оның бастапқы серпіндері мен құрылымдық қасиеттері туралы түсініктер шынайы тіршіліктің абсолютті белгілеуі болып саналмайды. Керісінше, осы түсініктердің өзі — біздің сана­сезіміміздің анықталып және дамып келе жатқан кездері. Шынында болғандығын амалсыз мойындайтын оның эмпирикалық болмай қоймайтындығы, бізге көрінетін бейнелерді қызықтырушы немесе жиіркенішті етіп көрсететін бостандықпен тығыз байланысты. Тарихқа дейінгі кезеңге қатыстылық Жер тарихымен салыстырғанда (шамамен екі миллиард жылмен саналатын), одан Жер бетіндегі пайда болған тіршіліктің қысқаша тарихымен салыстырғанда (шамамен жарты миллион жылмен саналатын) және археологтардың қазбаларымен дәлелденген Жер бетіндегі мың жылдар бойы өмір сүрген адамдардың тарихымен салыстырғанда, — бізге белгілі адамзат тарихының өте аз ұзақтыққа ие екендігін қайталап айтамыз. Уақыт тұрғысынан алғанда, бұл тарих — жаңа процестің алғашқы мезетіндей. Ол енді ғана басталды. Бұл негізін қалаушы фактіні біз айқын білуіміз керек. Мұндай болашақта бүкіл тарих шексіз кеңістік пен уақытта жоғалып кететін кішкентай, адамзат өмірінің ішінде пайда болып келе жатқан әлем. Біз бірқатар сұраққа жауап іздейміз: Негіз дегеніміз не осы? Неге тәжірибесін келесі ұрпақтарға бере бастаған уақыттан бастап, басқаша айтсақ, тарих бастауынан бастап, - қол жеткізген ақыр ма, немесе құлдырау күйінің ақыры ма ­ адамға ақырды сезіну қасиеті тән. Немесе бұл тек із­түзсіз жоғалып ұмытылып кететін арадағы бір мезеттің несібесі ме? Онда осы арадағы мезеттің мәні неде? Тарихқа дейінгі дәуірдегі адамның қалыптасуы қалай болды? Берілетін тарихқа дейін ол нені іздеп тапты, нендей жаңалық ашты, не жасады, нені бастан өткерді? Біздің танымымыздың алдына қойылып отыратын талаптар өзінің көрінісін жауабы жоқ сұрақтардан табады. Біз қайдан келдік? Тарих таңында біз кім болдық? Тарихқа дейін қандай мүмкіншіліктер болды? Сол кезде адамды тарихы бар адам қылған қандай шешуші оқиғалар болды? Бізбен ұмытылған қандай «бастапқы жаңалықтары бізден жасырылған ойдың айқындылық табуы болды? Тарихи кезеңнің басында қалыптасқан тіл мен мифтер қалай пайда болды? Бұл сұрақтармен салыстырғанда, тарихи даму әрқашан құлдырауға әкеледі деген романтикалық қиял да, тарихқа дейінгі кезең де тек тривиалды мәліметтерді көретін және оларды табиғи тарихи фактілер ретінде қарастыратын парасатты шектелгендік те әлсіз. Және де алынған жауаптарымыздың бәрі де тек болжамнан әрі аспайды.
Уақыттың тұңғиық тереңдігінде жатқан тарихқа дейінгі кезең өзі туралы мәліметтердің жетіспеушілігінің салдарынан, бізге түсініксіз терең маңызға толы тыныштыққа, шалғайға ұқсас болып көрінеді. Біз оған назарымызды аударған сайын, бізге күнделікті күйкі тіршіліктің шеңберінен шығатын нәрсені аманатқа беретіндей, оның тартымды күшін сеземіз. Тарихқа дейінгі кезеңде баурап алатын күш бар, түңілушілікке жиі жолыққанмен, біз оған төтеп бере алмаймыз. 1. Біз адамдар тарихтың ең бастапқы уақытынан бастап тарихқа дейінгі кезеңге қандай көзқараста болғанын білеміз, олар өздерін бұл кезең жайында көп мәліметтер мен бейнелер білеміз деп ойлайды, ол кезбен өз өмірін салыстыра отырып, ол жерден бір кездері айрылып қалған жұмақты табады, баяғыда вавилондық тілді жаңылыстырып алғанындай, қорқынышты дағдарыстарды, алтын ғасыр мен апаттарды табады; табиғилықпен сезімнен тыс нәрселердің араласып, құдайлар жерге түсті дегенге сеніп, жоғары сатыдағы тіршілік иелері оларға ақыл айтып және олардың зердесіне құйып, бұ дүниелік өмірге бас сұғып отырғанына сенгенін жақсы білеміз. Осындай мифтерден баяғыда өткен заман туралы анық білім немесе шынайы мәліметтерді табу мүмкін емес. Дегенмен, осы мифтердің бәрі жалпы алғанда адамның әрқашан қажетті түрде тарихқа дейінгі кезеңнің тереңдерінде қалыптасқан маңызды негізімен байланысының айбынды бейнесін құрайды.
2. Біз, қазіргі заманның адамдары, танымдауға мүмкіншілігіміз бар нәрселерді зерттеуге тырысамыз. Біз өте қарапайым көлемде тарихи дәуірдің бастапқы кезеңінде адам не нәрсеге ие болғаны туралы, басқаша айтсақ, тарихқа дейінгі кезеңде не қалыптасты және тіл, еңбек құралдары, мифтер, қоғамдық ұйымдастырудың жетілгені туралы білеміз. Қазбалар барысында ежелгі адамдардың сүйектері мен еңбек құралдары табылғанмен, тікелей тарихқа дейінгі кезең туралы біз сырттан біліп отырамыз,. Осындай табылған жәдігерлердің саны қазіргі күні өте коп, бірақ олардың мазмұны жеткіліксіз: олар сол кездегі адамдардың рухани жан құбылыстары, сенімдері, жан күйзелістері, рухы туралы ешбір түсінік бере алмайды, немесе өте күңгірт түсінік береді. Тіпті мәйіттерді жерлеу, салынған үйлер, әшекейлері мен атақты тау үңгірлеріндегі суреттер бізді өзінің шынайы өмірімен небәрі бажайлап таныстырады; олардың сол алыс өткен шақтағы шынайы маңыздылығын біз түсіне алмаймыз, сондай­ақ сол әлемді өзінің бір тұтастығында елестете алмаймыз. Тек еңбек құралдарының не үшін қолданылатынын ғана бір жақты түсіне аламыз, қалғандарының барлығы бізге түсініксіз болып қала береді. Сондықтан да сол кезеңді зерттеушілердің айтып отырғандары небәрі жорамал. Олар өздігінше түсініктемелер береді. Бірақ осы түсініктемелерден көңілге қонымды мәліметтерді шығару өте қиын. Тарихи уақыттың жазба ескерткіштерін оқығандағыдай емес, сол алыс кезде болғанның бәрі бізге түсінікті емес.Сондықтан тарихшылар байыпты шешімге келіп, адамның алғашқы тіршілік еткен сатысына көңілін көп аудармай, көзге көрінетін, түсінікті, белгілі нысаны бар нәрселермен айналысуы керек. Дегенмен, бұдан біз тарихқа дейінгі кезең туралы ештеңе білмейміз деп айта алмаймыз; бірақ бос уақыттар мен кеңістіктерде өзінің мағыналық мазмұны жұтаң әр түрлі мәліметтер табылып жатады. Тарихқа дейінгі кезең туралы түсінік бізді қанағаттандыратындай жағымды білім бермейді. Анық фактілер тарихқа дейінгі кезең болғандығын дәлелдейді. Бірақ адам болмысының мәні туралы, біз өзіміз туралы сұраққа тарихқа дейінгі кезең туралы қанағаттандырарлық жауап беретіндей білім бермейді.
3. Тарихи дамудың басынан бастап біздің күнімізге дейін жеткенде, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған адамның қасиеттерінің бейсаналық түрде беріліп отыруының бізге тарихқа дейінгі кезеңнен не қалды дегенді анықтауға тырысқанда тарихқа дейінгі кезеңге бағытталған жол мүлдем басқа сипат алады. Мұнда шығармашылық көрегендік адам табиғатының бастапқы негізін салушы жақтарының негізіне ену әрекеті жасалынады. Содан соң, осы әрекеттердің нәтижелері жорамал ретінде пайдаланылып, және оларды қолдана отырып, шындығында тәжірибені ұластыру және тарихи кезеңге дейінгі шынайы оқиғаларды түсінуіне қандай шамада мүмкіндік туғызатындығын анықтап отырады. Бірақ осы енудің мағынасы уақытқа бағынышты емес мәңгі белгісін табуда, сондықтан олар тіпті эмпирикалық дәлелдеудің жоқшылығында да өзінің маңыздылығын сақтайды. Осындай ұғымның ең дұрыс мысалы ретінде И .Я. Бахофеннің көңілдің айқындалуына байланысты мәліметтерін келтіруге болады. Ол бізді көзбен көруге үйретеді. Бұл өткен шақ туралы жұтаң түсінік емес. Бірақ та біздің алдымызда тарихқа дейінгі кезеңнің шынайы әлемін ашып отыратын шынайы мәліметтер емес. Бахофеннің елестері тек өмірдің болуы ықтимал мазмұны мен бейнелерінің кең ауқымды алаңын қалыптастырады, көзге көрінетін және маңызды археологиялық мәліметтер негізінде немесе жағымды құрылымдары негізінде құрастырылмаған, тарихтың ұсынған мінез­құлық түрлерін, дәстүрлерін, символдары мен адамдардың ойлауы тәрізді бірге күйзелу және сырттай бақылау арқылы құрастырады. Осы талдау аспектілердің бәрін тарихқа дейінгі кезеңге қолдану талпыныстары осы дәуірді түсінудің қандай шексіз мүмкіндіктер ашқанын көрсетеді: осы жерде адамды қалыптастыру арқылы күні бұрын келешек тарихтың дамуын шешетін бір жағдай болды. Тарихқа дейінгі кезеңнің хронологиялық кестесі Адамдардың сүйек қаңқаларын зерттеген кезде мына екі жағдайды ескеру қажет болар: 1. Ява, Қытай, Африка және Еуропада табылған сүйек қалдықтары — олар Америкада бүгінгі күнге дейін байқалмаған — адамның эволюциясын бейнелейтін реалды генеалогиялық дәйектілікте орналастырудың қажеті жоқ: барлық мұндай реттеушіліктер — бұл тек біз үшін әлі өзіндік ішкі байланысқа ие еместігімен пайдаланылатын (бұл көп жақтылық тек пайда болу және даму барысында түсінікті болатын принципі бойынша) идеалды теоретикалық құрылымдар.
2. Бұл барлық табылған жәдігерлерде, соның ішінде ең ежелгі геологиялық кезеңдерге жататындар да өзінің салмағы бойынша, қазіргі заманның адамының миының орта салмағына жақын және адамға ұқсас маймылдардың миынан екі есе үлкен болып келетін бас сүйегі табылған болатын. Демек, биологиялық тұрғыдан алғанда — бұл адамдар. Жеке белгілер — иектің болмауы, көздің үстіндегі домалақтық, жазық маңдай — жалпы емес. Бұл жағдайлардың ешқайсысында нені нәсілге, нені ерекшелікке, ал нені эволюцияның негізгі сипатына, қазіргі адамдардың ата бабаларына жатқызуға болатындығын айқындай алмаймыз, жөне біз гоминидтердің қазіргі заман адамдарымен реалды генеологиялық байланысы қандай екенін білмейміз. Бұл жағдайлардың барлығы біртүтас эволюциялық сапты құруға кедергі жасайды. Тек қана табылған жәдігерлер геологиялық жіктер, жәдігерлердің негізінде жасалған кейбір қорытындыларымен сәйкес болатын, уақыттағы дәйектілікті білуге мүмкіншілік береді. Қарапайым кесте мынадай: дилювий деп мұзды және мұзды аралық кезеңдері болған Жер тарихының соңғы фазасын атайды. Аллювий — бұл соңғы мұзды дәуірден кейін келген жылдар; олардың ұзақтығы соңғы мұз аралық дәуірдікіне әлі жете қойған жоқ, және мүмкін ол 15 000 жылды құрайтын болар. Дилювий миллион жылды қамтитын болу керек. Жәдігерлік адамның дилювийдің соңғы мұзды және мұзды аралық дәуірлерінде өмір сүргендігін корсетті. Алайда тек қана соңғы мұзды дәуірде — шамамен 20 000 жыл бұрын — антропологиялық типі бойынша бізге жақын, хроманьондық нәсілді адам пайда болды. Соңғы мұзды дәуірдің аяғында ол Испания мен Францияның үңгірлерінде таң қалдырарлықтай бейнелер жасайды. Қарапайым өңделген тас құралдарының негізінде палеолит дәуірі туралы сыр шертеді. Неолиттің басы (тас дәуірінің басы) б.д. дейінгі сегізінші немесе бесінші мыңжылдықпен белгіленеді. Неолиттік дәуірге сонымен қоса Мысырдың, Қос өзен, Қытай, Инда даласының ежелгі мәдениет фазаларын жатқызады. Алайда әңгіме бұл жерде біркелкі бір сызықтағы даму, тәртіпті қозғалыс жайында емес, керісінше, әр түрлі сап немесе бірінің артынан бірі келе жатқан мәдениеттер туралы болып тұр; тіпті бұл жерде техникалық прогресстің айқын сызықтары, мысалы тасты өңдеуде, белгілі бір тәжірибені беру арқылы баяу тарай отырып, осы мәдениеттер арқылы өтеді. Абсолютты тарихқа дейінгі дәуір — шамамен б.д. 4000 ж. ежелгі ұлы мәдениеттер пайда болғанға дейінгі кезең — жөне салыстырмалы тарихқа дейінгі кейбір жағдайда олармен тікелей жақындықта жөне олардың ықпалында, ал кейбір жағдайларда олардан алыс немесе кезікпей кететін, мәліметтер бойынша белгілі осы қазіргі мәдениеттердің дамуы деп хронологиялық тұрғыдан ажыратып алу қажет; бір жағдайда бұл — германдық — романдық және славяндық әлем халықтары сияқты болашақ мәдени халықтардың тарихқа дейінгі кезеңі, екіншіден — біздің күнімізге дейін сақталып келген алғашқы қауымдық халықтардың тарихқа дейінгі кезеңі. Тарихқа дейінгі кезеңде не болды? Адам тіршілік ете бастаған уақыттың көз жетпес ұзақтығы өз негізінде құпия болып қала бермек. Бұл тарихтың үнсіздік заманы, қайта осы кезеңде ең бір біз үшін маңызы бар жағдайлар болуы керек еді. Адамның алғашқы қалыптасуы — әлі күнге дейін бізге түсініксіз, қол жетпейтін терең құпия. «Бара бара», «өту» деген сияқты сөз ұйқастары оларды тек жасырады. Әрине адамның пайда болуы жайында көп қиялдауға болады, бірақ бүл қиялдар тез арада жарамсыз болып қалады: адам туралы көзқарастар әр кезде оның қалыптасуын жатқызатын сәт болып табылады. Сонымен қатар бізге: адам деген не? — деген сұраққа берілген соңғы, қанағаттандырарлықтай жауап өлі белгісіз. Біз оған толыққанды жауап біз оған бере алмаймыз. Біз, шынын айтсақ, адам дегеннің не екенін білмейміз жөне бұл да біздің адамдық болмысымыздың мәніне де қатысты. Тарихқа дейінгі және тарихи кезеңдерде адамның қалыптасуы туралы айқын түсінік дегеніміз — бұл адамдық болмыстың мәні туралы айқын түсінік дегенді білдіреді. Тарихқа дейінгі кезеңге екі жағдайды жатқызады— адамның биологиялық дамуы және жазудың болмауына қараспастан тәжірибелерді ұластыра отырып, тарихқа дейінгі кезеңде болып жатқан тарихи дамуы. Екеуін де шындық ретінде және әр түрлі типтегі зерттеудің объектісі ретінде бөлу қажет. Биологиялық даму тектің қасиеттерін, ал тарихи даму — тәжірибенің жалғасушылығын көрсетеді. Тектің жалғасушылығын тұрақты сипатқа ие. Ал тәжірибелік жалғасушылық уақыттың қысқа мерзімінде жойылып, ұмытылып кетуі мүмкін. Биологиялық шындық бейнелерде, адамдық ағзаның психофизикалық қасиеттерінде және қызметтерде танылады; ұластыру шындығы— сөйлеу, іс қимыл, еңбекте. Адамның қалыптасуы барысында көптеген мыңжылдықтар бойы тектік биологиялық қасиеттер ретінде қазіргі кезде бар адамдардың негізгі белгілері белгіленіп отырған. Тарихи уақытта, керісінше, адам биологиялық түрде өзгермеген болу керек. «Ғылыми бақылаудағы тарихи кезеңде жаңа туған баланың нышандарын өзгертетін ешқандай белгілер жоқ», - деп пайымдайды А. Портман. Зерттеу тәсілдері мен оларға тән шындықтар — биологиялық және тарихи тұрғыдан сәйкес келмейді. Адамды қалыптастыратын бірінші тарихи адамның дамуы, екінші — биологиялық дамуды жалғастыратын сияқты көрінеді. Біз тарих деп атайтын нәрсенің биологиялық дамумен ешқандай қатысы жоқ. Соған қарамастан, адамның табиғатында биологиялық және тарихи белгілер шынымен де тығыз байланысты. Біз қалай түсініктерді бөле бастасақ, артынша бірнеше сұрақ туындай бастайды. Тарихи даму қандай биологиялық салдарға алып келуі мүмкін? Қандай биологиялық шындықтар тарихтың белгілі бір мүмкіншіліктеріне себеп бола алады? Мүмкін адамның биологиялық табиғатының өзі, егер өзінің аяқталуына жете алатын болса, белгілі бір дәрежеде басқа тіршілік иелерінің биологиялық табиғатынан ерекшелене бастайтын шығар. Алайда адамның биологиялық дамуы мен оның тарихи жетілуі бір біріне қалайша әсер еткендігі біз үшін жалпы құпия болып қала бермек. Бізде тарихқа және біздің шындыққа, тарихқа дейінгі кезеңге және алғашқы қауымдық тіршілік деңгейіндегі халықтардың өміріне қатысты таң қалдырарлық факттер жайында мәліметтер бар. Солардың негізінде біз осы фактілердің себептері және олардың дамуы жайында болжаулар құраймыз. Бұл— сұрақты қою шеңберіндегі ұмтылыстар ақталды да, ал оларға берілген жауаптар тіпті бүгінгі күнге дейін дұрыс емес. Осы өзінің сипаты бойынша екі жақты тарихқа дейінгі кезеңде қандай адамдық қасиеттер өзіне назар аударатындығына тоқталайық. Адамның биологиялық қасиеттері. Адам жануардан несімен ерекшеленеді деген сұраққа: әдетте: тік жүруімен, миының үлкен салмағымен, оған сәйкес бас сүйегінің формасымен, кең маңдайымен, едәуір дамыған қолымен, жұмсақ терісімен және т/б деп жауап береді. Морфологиялық түрде адам зоологиялық өмір нысандарына жатқызылғанымен, физикалық қасиеттері бойынша оған теңдес ешкім жоқ. Оның тәні — жанының көрінісі. Адамның денесі ерекше сұлу. Алайда жалпы қағида ретінде объективті және түсінікте адам тәнінің ерекшелігі принципиалды түрде дәлелдене алмайды; жалпы тұжырым жасауға құқық бермейтін жеке феномендерде көрініс табады. Келесі жалпы қағида үлкен маңыздылыққа ие: барлық жануарлар белгілі бір ортаның ерекшеліктеріне сай келетін, олардың өмірін айқындайтын органдарды дамытады. Бұл белгілі органдарды ерекшелеу жануарлардың адамдардан белгілі бір қасиеттерімен үстем болатындығына алып келеді. Алайда бұл үстемдік, сонымен қатар тарылуды да білдіреді. Адам мұндай органдардың қандай да болмасын ерекше дамуына тап болған жоқ. Соның салдары ретінде, адам жеке органдарын дамытуда жануарларға жол бере отырып ерекшеленбеуінің арқасында өзінің потенциалды мүмкіншіліктерімен асып түседі. Жеке қасиеттердің жеткіліксіз дамуы — ал оның басымдылығы мүмкін етеді — адамды оған тән сана арқылы өзінің болмысын барлық жануарлар сияқты емес, мүлдем өзгеше құруға мәжбүрлейді. Оның денесінің құрылымы емес, дәл осы жағдай оның кез келген климаттық белдеу мен аймақтарында, кез келген жағдайда және кез келген ортада өмір сүре алатындығына себеп болды. Егер адам бастапқыда өз мүмкіншіліктерінің соңына дейін айқындалуынан қалай да қашатын тіршілік иесі болатын болса, онда оның жануарларға қарағанда әлсіз болуына қарамастан ол олардан өзінің ойымен және рухани дамуымен басым болуы керек. Органдардың ерекшеленбеуінің арқасында қоршаған ортаны игеру және жетілдіру мүмкіншілігі дамыған органдарды құралдармен алмастыру арқылы ашық болды. Адам (жануарлармен салыстырғанда) нәзік болғандықтан, ол еркін шешімнің күшімен шексіз биіктіктерге жеткізетін рухани кемелдену жолына шыға алады. Жануар сияқты табиғи өмір процесінің айналымын қайталай берудің орнына, ол тарихты жасауға қабілетті болды. Табиғат адами өлшемдері бойынша шексіз баяу, қайталанбас әрі өзгеріссіз зердесіне жат тарихқа ие. Адам болса жалпы өмірге тән, бірақ еркін актілер мен рух жаратылыстарының арқасында саналы түрде тез өзгеруі арқылы өзінің табиғи тіршілігінің қайталануының негізінде тарихты (тарихи қамтылған уақытта бір болып қала беретін) жасайды. Адамды жануардан ажырататын, бірақ адамға тән болып қала беретін биологиялық қасиеттерді көрсетуге болады. Мысалы, тек қана адамдарға ғана, тіпті кез келген нәсілдегі адамдарға тән психоз сияқты мынандай биологиялық бейімділіктер болуы мүмкін. Жануарлардың барлығына тән емес, бірақ кейбір маймылдарда байқалатын ерекше бір долылық сияқты адамдық мінезінің кейбір белгілері болады. Шимпанзелерден, біз адамның пайда болуына дейін қалыптасқан — ізгілік және азаптауға деген қабілеттілік, парасат пен ақымақтық сияқты биологиялық қасиеттерді байқаймыз. Мүмкін, осы мағынада адамның биологиялық болмысы да тіршілік ететін шығар. Біздің бейсаналық тілектеріміз, құштарлықтарымыздың тамырлары биологиялық тереңдіктерде жатыр және ол бізге үркінішті, бізге жат нәрсе ретінде сезіледі. Бұлардың барлығын әлі арнайы адамдық қасиеттер деп есептеуге болады. Адамдардың ерекше белгілерін оның биологиялық табиғатын зерттеуге арқылы алғаш рет анықтауға тырысқан А. Портман болды. Ол мысалы мына нәрселерге назар аударады: жаңа туған бала жануарлардың балаларынан өзгешеленеді (оның сезім органдары өте дамыған, миы мен денесі маймылдың миынан үлкен), жөне осыған қарамастан, уақытынан бұрын шала туылып қалған бала сияқты болып тұрады, өйткені ол өте әлсіз. Ол аяғына тұра да алмайды, жүгіре де алмайды. Адам өмірінің алғашқы жылдарында жануарлардың балаларыңда олар туылғанға дейін қалыптасып қоятын қызметтер жетіле бастайды. Адам өзінің бірінші өмір жылында­ақ дүниеде өмір сүре бастайды, бірақ жануарлардың балаларымен салыстыратын болсақ, ол анасының құрсағында жатқанда қалыптасып қоюы керек еді. Мысалы, арқа сүйегі тек ол денесін тік ұстап тұра алған кезінде ғана нысанға ие бола бастайды. Бұл көп жағдайда үлкендерге еліктеуге ұмтылыс салдарында, олардың қызығушылығының әсерімен және олардың итермелеуімен жүзеге асады, бір нәрсе анық: тарихи қалыптасқан орта адамның қалыптасуына әсер ететін факторлардың бірі болып табылады. Биологиялық саланың өзінде рух әрекет ете бастайды. Мүмкін, өмірдің бірінші жылындағы жануарлар эмбрион күйінде ие болатын адамның ағзасының қарапайым қызметтерінің биологиялық жетілуі жылында тәжірибелер мен сезімдер адам өмірінің кейінгі өмірін бейнелейтін алғашқы маңыздылыққа ие болатын шығар. Қысқаша айтқанда: «Барлық басқа приматтарға қарағанда адам оған тән «еркіндікте» тіршілік ету формасына, бай түстер мен нысандармен, тірі тіршілік иелерімен және ең алдымен адамдардың өздерімен ашық қарым қатынасқа түскен кезеңде ие болады», ал жануарлар болатын болса өз тіршіліктерінің қалыптасып қалған нысандарымен туылады. Сонымен, Портман адамның өзгешелігін оның денесінің айқын морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктерінде көрмейді. Адамның сипаттамасы үшін маймылдың жақ сүйектерінің сызықтары тарихқа дейінгі адамның немесе неандерталдықтың жақ сүйегіне және соңында қазіргі заман адамдарының шығып тұратын иегіне ауысқандығын байқау жеткіліксіз. Бұл емес, оның тұтастықтағы адам болмысының нысаны маңызды. «Біз адамда мүлдем ерекше өмір нысанын байқаймыз. Адамдағы жануарлардың денесі мен іс әрекетімен жақындастыратын көптеген қасиеттеріне қарамастан, адам жалпы алғанда, мүлдем басқаша құрылған. Біздің денеміздің әрбір мүшесі, біздің әрбір әрекетіміз, біздің белгілі бір атау бермейтін, бірақ ерекшелігін адам өмірінің барлық феномендерінде барынша шығаруға тырысып отыратын осы ерекшелікті көрсетеді»


.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет