Лекция 1 Ақпарат теориясы ақпараттық жүйелерді сипаттаудың сапалы және сандық әдістері негізі ретінде. Ақпаратты өлшеу



бет2/17
Дата07.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#24957
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Білімнің формальды көрінісі
Білімнің формальды көрінісінде сипатталатын әрбір объектіге немесе әрбір түсінікке сәйкесінше қандай да бір сандық код қойылады. Кодталатын болмыстар арасындағы байланыс, сонымен бірге код түрінде қарастырылады(адреспен немесе көрсеткішпен). Бұндай формальды емес деректерді формальды сандық түрге ауыстыру үшін болмыстың кодтарын сәйкестендіретін және кодтау кестесі деп аталатын арнайы кесте қолданылады. Мұндай кестенің қарапайым мысалы - бұл есептеуіш техникасымен үнемі бірге қолданылатын ASCII(American Standard Code for Information Interchange). Ол баспа және басқару символдарын 0-127 сандарымен сәйкестендіреді. Мысалы жолдың немесе беттің соңын белгілейтін символдар-басқару символдары болып табылады. Паскаль тіліндегі бағдарлама кестенің барлық баспа символдарын және кодтарын экранға шығарады.

Т
әжірибеді көбінесе ASCII өзін емес, 256 символды бейнелейтін (0-255-ке дейін) ASCII-дің кеңейтілген түрі ASCII+ қолданылады. Кеңейтілген ASCII-дің алғашқы 128 позициясы стандартпен сәйкес келеді, ал қосымша 128 позициялы құрылғыны жүйелік программалық қамтуды өндіруші анықтайды. Сонымен бірге ASCIІ-дің басқару символдарының кейбіріне басқа мән беріледі.

Кодтау кестесі ақпаратты формальдау үшін қолданғанмен олардың табиғаты формальды емес, сонымен бірге нақты және формальды деректер арасындағы көпір болып табылады. Мысалы ASCII-дағы 65-ші кодына латынның А әрпі сәйкес келеді. Бірақ ол нақты емес. Бұл кодқа қою шрифпен жазылған А-да және қою емес оңға 9,5 градусқа бұрылған А, сонымен бірге готикалық шрифтегі әрпі де сәйкес келеді. Кодтау кестесінен таңдалынған нақты әріпті оның кодымен сәйкестендіру есебі өте қиын және символдарды тану бағдарламаларымен белгілі бөліктері ғана шешіледі(Fine Rеаder).


Лекция 2



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет