Энтропия анықтамасы, энтропияның негізгі қасиеттері. Шартты энтропия.
Бірігу энтропиясы. Ақпарат мөлшері
Ақпарат екі түрде, яғни : дискретті (цифрлы) және үздіксіз(аналогтық) болады. Дискретті ақпарат кейбір шаманың кезектескен нақты мәні арқылы, ал үздіксіз – кейбір шаманың өзгеруінің үздіксіз процесі арқылы сипатталады. Үздіксіз ақпаратты атмосфералық қысымды немесе автокөліктің жылдамдығын көрсететін құралдар береді. Дискретті ақпаратты кез келген цифрлы индикатордан, яғни электорнды сағаттан, есептеуіш құрылығысынан және т.б. алуға болады.
Дискреттік ақпарат- адаммен жұмыс істеуге ыңғайлы, бірақ үздіксіз ақпарат тәжірибелі жұмыстарда жиі кездеседі, сондықтан үздіксіз ақпаратты дискреттікке немесе керісінше аударуды білу керек. Модем осындай аударуға арналған құрылғы болып саналады, ол компьютерден цифрлық деректерді дыбысқа және электормагниттік тербеліске аударады немесе керісінше.
Үздіксіз ақпаратты дискреттіге аударғанда, үздіксіз шаманың мәнін анықтайтын периодты анықтайтын дискреттеу жиілігі өте қажет(). (1 сурет)
Достарыңызбен бөлісу: |