Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проекторсызба – кестелер, бейнефильмдер.
Оқытудың әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру, практикалық сабақтар,топтық жоба жұмыстары , проблемалық оқыту , интербелсенді оқыту.
Деңгейлік тапсырмалар: 1-деңгей сұрақтары: Күн фототүрлендіргішінің п.ә.к-ін қалай анықталады?
Толқын ұзындығы ұзынырақ фотондардың энергиясы қандай мөлшерде болады?
Кремнийлі элементтің теориялық п.ә.к-і қанша?
2-деңгей сұрақтары: Нақты фототүрлендіргіштер едәуір төмен п.ә.к.-не ие, себебі неде?
2. Фотоэлектрлік түрлендіргіштерде болатын энергия шығындарының түрлері.
3.Түрлендіргіш ішіндегі қозғалыс кезіндегі электрондар мен саңылаулардың алатын орны.
4.Күн фотоэлементтерінің негізгі материалдары және фотомодульді жасау технологиясын анықта.
3-деңгей сұрақтары: 1. Толтырылған, өткізу және тыйым салынған аймақтарды қалай түсінеміз?
2. Кремний үшін активті қоспа ретінде Менделеевтің периодтық кестесінің қандай элементтері жатады?
3. Жұмыс істеу принципі бойынша фотоэлементтер қалай бөлінеді?
ОБСӨЖ тапсырмалары:Вакуумды және газ толтырылған өткізгіштік фотоэлементтерге түсініктеме бер.
СӨЖ тапсырмалары: Вентилді (жапқыштық) фотоэлемент. p-n ауысуының фотоэлектрлік қасиеттері.
Пайдаланылатын әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер:
Л.В. Эдуард. Күн энергиясы мен жаңартылатын энергия нанофизикасы. Оқулық. -2016.
А.К. Мергалимова, М.Б.Айтмагамбетова Нетрадиционные возобновляемые источники энергии. - 2020.