Лекция №1 Қазақ әдебиетінің көркемдік мәселелерін танып білуде әдеби сынның өзіндік



Pdf көрінісі
Дата15.02.2017
өлшемі373,84 Kb.
#4151
түріЛекция

 Қазақ әдебиеті сыны тарихының зерттелу жайы

 

                                      Лекция №1 

  Қазақ  әдебиетінің  көркемдік  мәселелерін  танып  –білуде  әдеби  сынның  өзіндік 

орны бар.Қазір әдеби сынға қатысты біршама еңбектер бар.Бұнда сынның тарихы ғылыми 

тұрғыда  сараланды,  жеке  қаламгерлердің  сыншылық  қызметтері  зерттелді.Сынның 

ғылыми, идеялық, көркемдік дәрежесін зерттеу кезінде оның ұзақ жылғы бару барысында 

қалыптасқан  өзіндік  құрылымы,  даму  заңдылығы  барын  ұмытпау  керек.Әдеби  сынның 

теориялық 

мәселесі 

–орыс 

әдебиетінің 



сыншылары 

:Тредиаковский,В.А.Жуковский,Н.А.Добролюбов, 

Д.И.Писарев,А.В.Луначарский 

зерттеді.Сынның 

теориялық 

жағын 


зерртеу 

70-жылдарда 

Б.Бурсов, 

Ю.Борев,М.Г.Долговтың,В.М.Литвиновтің  зерттеу  объектісіне  айналды.Сынды  ғылыми 

тұрғыдан 

алып 


зерттеу 

А.Гацфельдт,Е.Мустангова,А.П.Гроссман 

,К.Кожинов,Л.Якименко,В.Иванов,В.Сахаров  еңбектерінде  орын  алып,  ғалымдар  әдеби 

сынды көркем әдебиет саласы деп қарастырды. Т.Кәкішев «сынның жазба әдебиетке тән 

жанр екендігі теориялық тұрғыдан анық тұжырымдалған шындық(Сын сапары,А.,1971,11-

б.).Қирабаев С. «Сынның әдебиет жанрларының бірі екені, ал сыншының  жазушы екені 

әдетте  еш  дау  тұрғызбайды»  («Революция  және  әдебиет»,2-т.1-т.А.,1977,355-б).Сын-



ғылым,  әдебиетану  саласының  бір  саласы  деушілер-  А.С.Пушкин:  «Сын-ғылым.Сын- 

әдебиет  пен  өнер  туындыларындағы  сұлулық  пен  кемшілікті  ашып  отыратын  ғылым». 

С.Лихачев, 

М.Б.Хравченко, 

Б.Егеров, 

Н.И.Соколов, 

Т.Шукшина-қолдаушылар. 

Қ.Жұмалиев  : «Сын әдебиет туралы ғылымның бір түрі» «Әдебиет теориясы, А.,1960.,7-б. 

З.Қабдолов    «Әдебиет  туралы  ғылым  негізінен    үш  салаға  бөлінеді:әдебиет  теориясы, 

әдебиет  тарихы,  әдебиет  сыны»,    «таңдамалы  шығармалар,2  том,А.,1983,45-б.  Сын-сөз 



өнері.Д.Н.Овсянико-Куликовский,  З.Баранов,В.Ковский.  Қазақ  халқының  сөз  өнеріне 

ерекше  мән  беруі,  сөзге  тоқтау  қасиеті  туралы.  Қазақ  шешендері  мен  билерінің  ,  ақын-

жыраулардың ұлттық талғаммен бірге эстетикалық көзқарастарды дамытудағы рөлі. Қазақ 

шешен билерінің тұлғасы,болмысы қазақ әдеби сынының тарихының басталуына себепші 

болған.Тарихта Бөлтірік би семсер тілді шешендігімен,билік,кесім айтуда тапқырлығымен 

көзге  түссе,сөз  атасы  Майқы  би  тіл  жүйріктігімен  сөз  өнерін  керемет  меңгерген.Әдеби 

сынның  тарихында  шешендік  өнер  жоғары    бағаланған.Үйсін  Төле  бидің,қаз  дауысты 

Қазыбек  бидің,айыр  тілді  алшын  Әйтеке  бидің  әдеби  сынды  дамытудағы  рөлінің 

биіктігі.Шешендік  өнерді  зерттеудегі  ғалым  С.Негимовтың  «Шешендік  өнер»еңбегінің 

маңызы.»Ежелгі  дәуір  әдебиеті»,»Хандық  дәуір  әдебиеті»зерттеулерінің  әдеби  сынды 

дамытудағы  рөлі.Сын-әдеби  публицистика.В.Кожинов.    Современная  литературная 

критика,  М.,1977,164-б.  Сын-журналистика.А.Бочаров    «Еще  и  журанлистика  . 

Литературное  обозрение,1976,№1,  67б.  Сын-эстетиканың  сөз  өнерін  зерттейтін  бір 

саласы.  Ю.Борев,  А.Вись,  Ю.Лукин.  Сын  көркем  әдебиетпен  бірге  пайда  болвп,  бірге  

дамиды.Әдебиет  бар  жерде  оның  сыны  да  бар.В:Г.Белинский:  «сынды  өнер  туғызған 

жоқ.Сол  сияқты  сын  да  әдебиетті  туғызған  жоқ».Көркем  әдебиет  пен  сынды  бөлуге 

болмайды.Бірінсіз  бірі  жоқ.Сын  көркем  әдебиет  емес.Мақсаты  бөлек:әдебиеттің 

нысанасы-өмір,  басты  мұраты-өмір  құбылыстарын  көркемдікпен  бейнелеу,  осы  мақсатқа 

көркемдік  тәсілді  қолдану  арқылы  жетеді.Сын  нысанасы-әдебиет,сол  арқылы  өмірді 

зерттейді,Сын  мақсаты-бүгінгі  күн  әдебиетінде  ,  әдеби  процесте  болып  жатқан  жаңа 

өзгерістерді  уақытында талдау,.Сыншы бұл  міндетті  орындау үшін аналитикалық талдау 

әдісін қолданады.Көркем әдебиетте нысана өмір болса, сында-әдебиет.Тәсіл -әдебиетте –

көркемдік  жинақтау,сында  –аналитикалық  талдау.Бұл  екеуінің  екі  бөлек  екенін 

көрсетеді.Ұқсастығы:екеуінің  (сын,  әдебиеттану)де    зерттейтін  нысанасы-әдебиет. 

Әдебиет-сынның  ,  сосын  барып  ғылыми  зерттеулердің  объектісі,сын  аяқталғанда  ғылым 

басталады.Сын  алғаш  әдебиет  туралы  пікір  білдіріп,  жаңалық  пен  олқылықты  барлап, 

ғылымға  шикізат  жинайды.Сын  көркем  әдебиетке  бағыт-бағадар  беріп,  жол  салдаы.Ол 

әдебиеттану  ғылымыныа  қажетті  деректер  ,  материалдар,  пікірлер  жинап,  ғылымның 

іргетасын  қалайды.Сын-күдікке  жақын.Сында  артық,  кем  пікірлер  айтыла  береді.Ал 



ғылымда  күдік  болмайды,  ол  сында  айтылыған  пікірлерді  қорытып,  тұрақты  баға 

береді.Сын  әдеби  өмірдегі  кей  мәселені  шеше  алмайды,,  ал  әдебиеттану  ғылымында  ол 

сараланып,  тиісті  бағаланады.Сонда  Қ.Әдебиеті-Ә.Сын+зерттеу  объектісі+ғылым.  Сын  , 

әдебиеттану  бірімен  бірі  тығыз  байланыста.Қазақ  әдебиетінің  даму  жолдарын  саралауда 

әдеби  сын  рөлінің  жоғары  екендігі.Әдебиет  сыны  әдебиеттің  теориясы  мен  тарихына 

сүйене  отырфып,  қазіргі  кездегі  әдеби  шығармаларды  ,  әдеби  процесті 

талдайды;әдебиеттің  жетістігі  мен  кемшіліктерін  саралап,  алдағы  даму  жолын 

нұсқайды.Сын-ғылми-көркемдік  ойлаудың  нәтижесі,,  ал  әдебиеттану-ғылыми  ойлау 

жүйесінің  нәтижесі.Сын-табиғаты  жағынан  бір-біріне  қарама-қарсы  2  ойлау  жүйесінің 

тұтастығы.Ғылыми  стильмен  жазылған  сынның  аудиториясы  тарыла  береді,  ал  сыни 

мақаланың  тіліғылыми  стиль+көркем  стиль.Сынның  сипаты  :ғылымилық  (бүкіл 

қоғамдық 

ғылымдарға 

байланысты,тіл 

білімі, 

тарих, 


этнография,философия,эстетика,этика,  психология,  педагогика,т.б.Эстетикалық  талдау-

әдеби  сынның  өскенінің  белгісі).  Ғ.Мүсірепов  «ғылыми  сын-тексеру-зерттеу  арқылы 

әдебиетті  ылғи  алға  сүйреп  отыратын  сын.Әдебиет  пен  жазушының  алдына  жарығын 

түсіріп,  бастап  отыратын  сын»  (5  томдық  шығармалар    жинағы,  5  том,  А.,1978,136-б.) 



Публицистикалық сипаты:табиғи қасиеті, сын баспасөзбен тығыз байланыста, дамуы да 

осыған  байланысты.Баспасөз-сынның  өмір  сүру  формасы,  даму  арнасы.Оның  жанры-

сынның жанры.Сын- әдебиет материалына негізделген публицистика.Ғалым В.Дементьев 

«біздің сынымыз қозғалмалы публицистика болуы тиіс»(Критик-это-писатель,  «Писатель 

и  жизнь».М.,1978,38-б.  Сынның  әлеуметтік  сипаты:  А.В.Луначарский:  «кез  келген 

халықтың  қоғамдық  ой-пікірінің  дамуында  жалпы  мәдениет  тарихында  әдеби  сынның 

маңызы өте зор.»(Шығармалары,8-том,М.,1967,120-б.).А.Байтұрсынов көркем әдебиеттегі 

әлеуметтік  мәселелердің  ауыр  салмағын  оқырмандарға  жеткізіп,  рухани  игілікке 

айналдыруда 

сыншылардың 

міндеті 

күрделі 


әрі 

жауапты 


екндігін 

айқындаған.(шығармалары .А.,1989, 221-б.)Эстетикалық сипаты Сын эстетикалық талдау 

арқылы  жүреді.В.Г.белинский  әдебиетке  тек  эстетикалық  сын  керек  деп  талап  қойды. 

«Шығарманың  эстетикалық  қадір-қасиетінің  дәрежесін  анықтау  сынның  1-ісі  болу 

керек.Шығарма  эстетикалық  талдауды  көтермесе,  оны  тарихи  тұрғыдан  сынаудың  да 

қажеті жоқ» (екі томдық таңдамалысы.А.,1948,1 том,43б.) Сынның мақсаты-әдеби өмірде 

болып  жатқан  жаңалықтарды  дер  кезінде  бағалап,  оқырманға  түсіндіру,көркем 

шығарманы 

талдау, 

бағалау. 

«Сын 

қоғамның 



тәрбиешісі 

болуы 


тиіс»В.Г.Белинский(Шығармаларының 

толық 


жинағы.2 

том,125-б.).Субъектісі-

сыншы,объектісі-шығарма  +жазушы+әдеби  өмір.әдіснамасы  мен  әдістері:дидактикалық 

материализм, қоғамдық ғылымдар, әдебиеттану әдістері; мазмұны-әдеби процестің өзекті 

мәселесі;құралдары:әдебиетану  категориялары,  терминдері;өмір  сүру  арнасы-баспасөз, 

жанрлары-хабар,  аннотация,рецензия,  шолу,  шығармашылық  портрет,мақала,  фельетон, 

эпиграмма,пародия,  эссе,  этюд,т.б.  Сын  түрі:жазушы  сыны,  сыншы  сыны,  оқырман 

сыны.Қазақ әдебиеті сынының тарихын зерттеудегі Т. Кәкішевтің еңбегі.  «Сын сапары», 

«Оңаша  отау»-қазақ  әдеби  сынының  ғылыми  тарихын  жасаудың  алғашқы 

сүрлеуі.Монографиялық  еңбек  «Қазақ  әдеби  сынының  тарихы»  М.Әуезовтің  «Әдебиет 

тарихы»,С.Сейфуллиннің  «Қазақ  әдебиеті»,  Е.Ысмайыловтың,  Ғ.  Мүсіреповтің,  Т. 

Нұртазин,Б. Кенжебаевтің, Қ. Нұрмаханов, А. Нұрқатов еңбектерінің маңыздылығы. 

   ХІХ  ғасырдың  ІІ  жартысындағы  ұлттық  баспасөздің  әдеби  сынды  зерттеудегі 

орны.  «Қазақ  әдебиеті  тарихының  шығуының»маңызы.Қазақ  демократ  ағартушылары 

еңбектерінің әдеби сынды дамытудағы орны. «Сот реформасындағы салмақты ойлар.» 

С.  Қирабаев,  Ш.  Елеукенов,  М.  Қаратаев  ,  С.  Әшімбаев,  Т.  Тоқбергеновтің  әдеби 

сынды зерттеудегі қолтаңбалары.Әдеби сынның құрылымы,көркемдік процесте атқаратын 

қызметі,обьектісікөркем 

әдебиет,мазмұны 

әдеби 

процестің 



өзекті 

проблемалары,әдіснамасыдиелектикалық  материализм,құралы  әдебиеттану,субьектісі 

сыншы 

екендігі.әдеби 



сынның 

күрделілігі,оның 

көркем 

әдебиетпен, 



ғылыммен,публицистикамен  байланысы,сынның  көркем  әдебиеттен  өзгешелігі.Әдеби 

сынның  әдебиеттануға  жатпайтыны,сын  көркем  әдебиетті  зерттеуші  екендігі.Сыншылар 

пікірлеріне сүйене отырыпсынның әдеби және ғылыми сипатына түсінік беру. 

  Қ.Жұмалиев, З. Қабдолов, Р. Сыздықованың сыни еңбектерінің маңызы. 

 Д. Ысқақұлының сын туралы еңбегі.  

Пайдаланған әдебиеттер 

1.

 



Кәкішев Т. Сын сапары.А., 1971. 

2.

 



Қабдолов З. Екі томдық шығармалар .ІІ том.А.,1983. 

3.

 



Байтұрсынов А. Шығармалар.А., 1989. 

4.

 



Мүсірепов Ғ. Заман және әдебиет.А.,1982. 

5.

 



Әуезов М. 20 томдық шығармалар.19-том.А.,1985. 

6.

 



Кәкішев Т. Қазақ әдебиетінің  сынының тарихы. А.,1998. 

7.

 



Тоғжанов Ғ.Әдебиет және сын мәселелері. А.,1929. 

 

Лекция №2.(2)  



Көне дәуірдегі әдеби сын. 

Ерте замандағы Мысыр,Вавилон,Ассирия,Қытай, Үндістан елдеріндегі сөз өнерінің 

насихатталуы,  ондағы  шешендердің  өрнекті  сөздері  туралы(ритор,ұстаз,оратор  латынша 

сөйлеу),риторика  туралы  (филологияда  мәнерлі  сөйлеудің  теориясы),  көне  дәуірдегі 

шешендік  өнердің  көркеюі  (Афиналық  Перикл,Грекияда  шешен    Демосфен,  Аристотель 

«Риторика»метафора  туралы,  Римде  Цицерон  шешендік  өнердің  теориясы  туралы  үш 

трактат),XVIIғасырдағы епископ Макария «Риторика»,Ломоносов «Шешендікке қысқаша 

басшылық»,  «Шешендік  дегеніміз  ғылым»әдеби  сынның  тууына  игі  ықпал  жасады. 

Италиядағы  тұтас  әдеби  сын,Венецияның  алғашқы  сыни  мектебі,Европада  Буало  мен 

Дидро  есімдері...  «Шығыстың  Аристотелі»атанған  отырарлық  ғалым    Әл-Фарабидің  сөз 

өнері жайлы пікірінде сыншылдық көзқарастың жатқаны.  «Сөз ғылымын жүелеу»,  «Өлең 

кітабы»,  «Өлең  өнерінің  қағидалары»  ,  «Поэзия  туралы»,«Риториканың»  күрделі  трактат 

екендігі,  шешен  сөйлеудің  қыр,сырын  аңғартуы,  сөз  өнерінің  эстетикалық  құдіретін 

танытуы,пікір,сайыстың мемлекеттік істерді шешудегі рөліне тоқталуы,риториканың әдісі 

мен  тәсілдерін  беруі,  «сөзге  тапқырлықтың  жақсы  адамгершілік  қасиет»  екенін  жазуы, 

«Өлең  сөз  және  шешендік  туралы»,  «Өлең  өнерінің  қағидалары  туралы  трактаты», 

«Музыканың үлкен кітабы»  т.б. еңбектеріне  шолу жасау. Ғылымды 5-ке жіктеген ғалым 

бірінші  кезекте  тілді  көрсетеді.  «Сұлулықтың  кілті-сәйкестікте,  бұл  жоқ  жерде  сұлулық 

аз»,  «сұлулық  сүйсіндірсе,  ұсқынсыздық  жирендіреді»  деген  әл  Фараби  поэтиканы  өлең 

құрылысы    мен  оның  өлшемдері,  ұйқас  ,  әуезділік  деп  ,  3  тұрғыдан  қарайды.  Ол  қазақ 

өлеңіне  де  қатысты  сөздің  бейнелігі,  ұйқас,  бунақ,  ырғақ,әуезділік,  буын,  тармақ,шумақ 

туралы ғылыми пікір білдірген. 

Қазақ  халқының  эстетикалық  талғамының  қалыптасуына  оның  өмір  сүрген 

географиялық  ортасы,  шаруашылығы,  әдет-ғұрпы,салт-дәстүрі  тікелей  әсер  етті.Халық 

жиналғанда,  сөзге  бейімі  бар  адамдар  сұрыпталып  шығып,  сөз  өнерін  кәсіп  қылды.Олар 

белгілі  бір  эстетикалық  қажеттілікті  өтеу  үшін   халық  алдында  өнер  көрсетіп, халықтық 

эстетиканың  сынағынан  өтті.Халық  ауыз  әдебиетінің  үлгілері  халықтың  рухани  қажетін 

өтеп,  бізге  дейін  жетті.Ауыз  әдебиетіндегі  ару  қыздар  мен  батырлар  бейнесі,  мыс.Қыз 

Жібек,  Құртқа  ,  Тайбурылдың  шабысы-көркемд  құбылыстың  бірі.Ақындар  айтысы-

суырып салма өнері, сөз өнерінің жарысы-көркем эстетика.Көркем әдебиет-халықтың сөз 

өнеріне деген ғасырлар бойы қалыптасқан сыншыл көзқарасының , халықтық эстетиканың 

көрінісі.Қорқыттың  сөз  өнері  туралы  көзқарасы.  «Қорқыт  ата  кітабындағы»  әдеби 

фольклорлық мұра.Сыр бойындағы оғыздар арасында туған ойшыл,қобызшы, сөз өнеріне 

жақындығы.Қорқыттың  желмаясына  мініп  алып,жерұйықты  іздеуі,әр  аймаққа  барген 

бағасы  ,  әр  мекеннің  табиғаты  терең  талдауы  сөз  құдіреті  арқылы  жеткен  құнды 

қазына.А.Жұбановтың  «Ғасырлар  пернесі»еңбегімен  байланыстыру.  Ж.  Баласағұнның 

«Құтты  білік»  (11ғ.)  поэмасы  түркі  халықтарының  ортақ  қазынасы.Шешендік  сөз,мақал-

мәтел,  ой-толғамдары  бар    сексен  бес  тараудан  тұруы,ақыл,білімге,  адамгершілікке  



үндеуі,адам  мүмкіндігінің  шексіздігі  туралы,  дүниенің  негізі  төрт  нәрсе:жер,су,ауа,от 

екендігі,сөз  өнерінің  артықшылығын  сипаттауы.Ғалым  А.Егеубаевтың  алғы  сөзі 

«кітаптағы  сөздер туысқан халықтармен қатар  қазіргі қазақ тіліне де үндес». (А.,1986,20-

б.) Кітаптағы  «ақыл көркі-тіл, тілдің көркі-сөз»,«таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді», «тіліңді 

бақ,басың аман қалады»,  «сөз-ойдың көрінісі,  «тіл  мен сөз-көңілдің айнасы»-сөз өнеріне 

деген  эстетикалық  талаптың  көрінісі.    Қожа  Ахмет  Иассауидің  «Диуани  хикмет» 

кітаптарында 

сыншылдық 

көзқарастардың 

 

бой 



көрсетуі,сопылық 

поэзия 


үлгісі,адамгершілік,әдепке  насихаттауы,шешендік  ақыл,сөздері  дидактикалық  сарында 

айтылуы,  сыни  көзқарастың  көріністері.Кітап  төрт  жүз  шумақтан  тұрады,  күллі  түркі 

әлемі  қадір  тұтатын  бағалы  еңбек.Өмір  сүрудің  жалпыға  ортақ  қарапайым  қағидаларын 

ұсынып,  кездесіп  қалатын  әділетсіздіктер  туралы  сыни  көзқарасын  айтып,  адамгершілік 

қасиеттерді  ұсынған.  М.Кашқаридың  «Диуани  лұғат  түркінде»  Сөз  өнері  жайлы  ойлы 

сөздер,  «Тәрбие  басы-тіл»,  «жақсы  адамға  сөз  ереді»,  «Ауыз  көркі-тіл,тілдің  көркі-сөз» 

тілдің  маңызын  көрсететін  нақылдар  бар.  Ахмет  Жүйнекийдің  «Ақиқат  сыйы» 

дидактикалық  сарында  жазылған.Өмір  туралы  ойлар  ,мақал-мәтел,  өлеі  шумақтары  бар. 

«Оқ жарасы жазылады,тіл жарасы жазылмайды», «Не келсе де тілден келер бір басқа,осы 

тілге  табынбайды  құр  босқа»,  «Тіл  мен  жақтың  көркі-шындық  сөз»-сөз  өнері 

насихатталады.Жыраулар  поэзиясында  сыншылдық  көзқарастардың    болғандығы.XY-

XYIII ғасырда қазақ-ақвн жырауларының поэзиясында  философиялық  ойлар, дидактика 

басым.Өмірге  сын  көзбен  қарап,  ойға  түйгендерін  кейінгі  ұрпаққа  өсиет  ретінде 

ұсынады.Қазтуған, Тәтіқара, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар жырау сияқты жыраулардың ой-

толғамы  қазақ  халқы  үшін  өмірді  түсінудің  кілті.Адамдардың  моральдық  болмысына 

қойылған  талап,  тіл  туралы  поэзиялық  шумақтар  бар.»Бес  ғасыр  жырлайды» 

антологиялық жинақпен, дискетпен  жұмыс жасау. 

 Пайдаланған әдебиеттер 

1.

 

Кәкішев Т. Сын сапары.А., 1971. 



2.

 

Қабдолов З. Екі томдық шығармалар .ІІ том.А.,1983. 



3.

 

Байтұрсынов А. Шығармалар.А., 1989. 



4.

 

Мүсірепов Ғ. Заман және әдебиет.А.,1982. 



5.

 

Әуезов М. 20 томдық шығармалар.19-том.А.,1985. 



6.

 

Кәкішев Т. Қазақ әдебиетінің  сынының тарихы. А.,1998. 



7.

 

Тоғжанов Ғ.Әдебиет және сын мәселелері. А.,1929. 



8.

 

Әуезов М. Әдебиет тарихы.А.,1991. 



9.

 

Қазақ әдебиетінің тарихы.3-том, А., 1967. 



10.Дулатов М. Шығармалар .А.,1990. 

10.


 

Абай. Сын.Библиографиялық материалдар. А.,1967. 



Лекция №3 (2) 

Қазақ әдеби сынының пайда болу кезеңдері. 

«Халық  бар  жерде  творчестволық  өмір,  өнер  бар,  белгілі  көзқарас,  эстетикалық 

талғам бар»-халықтың көркем сөз өнеріне деген сыншыл көзқарасы барлығын аңғартуы. 

Әдеби сын халық өмір сүрген сіттен бастап пайда болды.Халық ауыз әдебиетіндегі әдеби 

сынның 

көрінісі,Батырлар 



жырындағы 

көркем 


ойлар, 

ертегілердегі 

сыни 

пікірлер,мақал,мәтелдердегі  тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйіні,аңыз  әңгімелердегі 



суырып салма айтқыштық пен тапқырлық ,билер сөзінің философиялық мәні,лироэпостық 

жырлардағы  тұрмыс,тіршіліктің  ғажайып  суреті  «Қыз  Жібектің  көшінің  суреттелу 

сипаты», жұмбақтардағы астарлы ойлар, айтыс өнеріндегі сөз құдіретінің ерекшелігі, сөз 

байлығы әдеби сынның тууына септігін тигізгені.  

Шешен,  билердің  ,  аузы  дуалы  адамдардың  ,  ақын-жыраулардың  әдеби  сынды 

қалыптастырудағы  рөлі.  Ауыз  әдебиеті  үлгілерінің  әсері  ,ақын-жыраулар  поэзиясының 

әсері  туралы.  Қазақ  даласында  баспасөздің  пайда  болуы  жазба  әдеби  сынның  тууына 

тікелей әсер етті.Алғашқы сын мақалалар  «Түркістан уалаятының газеті»(1870-82), «Дала 

уалаятының  газеті»  бетінде  жврық  көрді.Газеттерде  ауыз  әдебиеті  үлгілері, 


ақындар(Орынбай, Досан, Шоқан  туралы)материал жарияланған. «ДУГ»-де қазақ тілі , тіл 

тазалығы 

жайлы 

мақалалар 



шықты.Пікіралысуға 

М.Ж.Көпеев, 

Ә.Бөкейханов, 

А.Құрманбаев,О.Әлжанов, Р.Дүйсенбаевтар  қатысты.1889ж.Абайдың  «Жазды күн шілде 

болғанда»,  «Күлембайға»газетте  шықты.  А.Байтұрсыновтың  әдеби  мұраны  жинау, 

бастыру  туралы  хаты  жарияланды.О.Әлжановтың  Ы.Алтынсарин  туралы  мақаласы. 

«Айқапта»(1913-1915)  (М.Сералин:  «Тіл,  әдебиет  –бір  ұлттың  жаны  мен  рухы...әдебиеті 

болмаған  ұлт  тілі  шықпаған  бала  сияқты.Тіл,  әдебиет-дүниедегі  ғылым,  өнердің  , 

мәдениеттің  ең  асыл  ұрығы.1915,115-б.»)  А.Байтұрсыновтың  (араб  графикасын 

пайдаланып жасаған әліпбиі,  «Қазақта»  «Қазақтың бас ақыны», 1913, №43)  «Онан асқан  

бұрынғы  соңғы  заманда  біз  білетін  ақын  болған  жоқ,  сөзі  аз,  мағынасы  көп,  терең»,   

М,Дулатовтың  («Абай»,  «Қазақ»,  1914,№67,    ақынның  қайтыс  болғанының  10  толуына 

орай,  «тарихи  әдебиеті  жоқ  халықтың  дүниеде  өмір  сүруі,ұлттығын  сақтап,  ілгері  басуы 

қиын.Сондықтан  Абайдың  аты  жоғалуы,  мұнан  кейін  де  шығатын  Абайлар  сондай 

ескерусіз қалу ықтималы қазақтың жоғалуы,қазақ атты халықтың ұмытылуымен бірдей», 

«Әзірет сұлтан (Иассауи туралы,оның түркі жұртына , одан қалды қазақ үшін аса қадірлі 

екені  айтылып,  оның  ақындық,  ғұламалық,  діни  болмысы  туралы)»),  С.Торайғыровтың 

(«Қазақ  тіліндегі  өлең  кітаптары  жайынан»  (қазақ  әдебиеті-қазақ  жұртының  жаны.Бір 

жұрттың  жабайылары  арасына  оқудың  тез  таралуы  үшін  жазылған  кітаптар  нағыз  сол 

жұрттың тілінде болуы керек, нағыз өлең-қайнаған қанның , қиналған жанның,толғатқан 

көңілдің,  толғанған  жүректің  сығындысы)»,  «  Өлең  мен  айтушылар»:  әдебиет  пен 

көркемөнердің ел өміріндегі маңызына тоқталған: «Көңілді түзейтін-машина-өлең-жыр.Ол 

машинаның тетігін біліп, сайрайтын...кім?Ол-неше түрлі әуез білетін, әнге ұста, әншілер, 

жыршылар.Біздің  халық  әнге  құмар  халық,  бір  халықтың  әні  кетсе,  жаны  кетеді»), 

Ш.Құдайбергеновтың,  С.Дөнентаевтың,  Ә.Бөкейхановтың    («Қазақ»,1915,№120,  «сыншы 

болмақ  оңай  емес»,көркем  романға  бәйге  жариялайды,  Абай  туралы  мақалада  оны  

«самородок  ақын  дейді»),  Арысұлы  «Роман  не  нәрсе?»:роман  мақсаты-тіршілікті  жарық 

не  күңгірт  жағын  бейне  өзіндей  етіп  суреттеп,адамның  өзін  көрсету,  адамзаттың  мінез-

құлқын  түзетпек,кемшілікті  адамнан  қумақ,  үлгілі  тәрбие  бермек.  Міржақыптың 

«Бақытсыз  Жамалына»  талдау  жасалып,  жақсы  баға  беріледі)  шығармалары 

шықты.»Абай»журналынд  (1918  4  ақпан,сол  жылдың  аяғында  жабылды.  Ж.Аймауытов 

мақаласы:  «...ынтымақ, береке кетіп,ел азды.Сол кезде жарқ етіп Абай шықты. Қазақтың 

әдебиетіне  жан  берген:сөздің  сыртын  сырлап,  ішін  түрлеген,өлеңнен  өрнек  шығарған, 

ақындық, сыншылдығы бірдей дарыған Абай еді...»)  

   Сын  көркем  әдебиетпен  бірге  пайда  болып,  бірге  дамуда.Көркем  әдебиет  жоқ 

жерде сын да жоқ.Орыс әдебиетінің сыншылары Белинский,Добролюбов,Чернышевский, 

Писарев  сыншыларын  мықты  әдебиетші,  жазушылар  туғызды.Қазақ  сыншыларына 

осылардың әсері.  

Жазба  әдебиеттегі  сын  көрінісі,  алғашқы  сыншылар:Байтұрсынов  «Қазақ»газеті, 

Мағжан,  Жүсіпбек,  Дулат,Әуезов,Сейфуллин,  Ысмайылов,  Мұқановтардың  алғашқы 

мақалалары,  М.Дулатовтың  «Бақытсыз  Жамалы»,  Байтұрсыновтың  «Маса»жинағының  , 

Мағжан  поэзиясы  әдеби  сынды  ілгері  дамытып,сыни  ойдың  қарлығаштары  болғаны,  

«өнер алды-қызыл тілдің »ерекшелігі. 

Көркем  әдебиеттің  дамуындағы  сын.40-жылдардың  соңына  қарай  БКП  (б)ОК  мен 

ҚКОК ұлтшылдыққа бағытталған қаулыда әдеби сынға қатысты айтылды. Т.Жароковтың 

«Зиянды  кітап»,  «Есеп  пе,  есек  пе?»,  Т.Нұртазиннің  «Жаңылыс  қадам,  жалған  бағыт», 

С.Төлешевтің  «Қазақ  әдебиетін  зерттеудегі  елеулі  қателіктер  мен  кемшіліктерді  батыл 

және  тез  жояйық»,  С.Бәйішевтің  «Профессор  М.Әуезов  өткендегі  қателіктерінің 

шырмауында»-әдеби сын қазақ әдебиетіндегі ұлтшылдықты әшкерелеуге кірісті. Елуінші 

жылдарың  2-жартысында  ұлтшылдарды  айыптау  тоқтады.Қазақ  әдебиетінің  тарихын 

қайта қарау  мәселесі көтерілді. Р.Бердібаев  «Ең үлкен мәдени байлық»,  «Қазақ әдебиеті 

тарихының  кейбір  мәселелері»,  М.Қаратаев  «Қайта  қарауды  қажет  ететін  мәселе», 

Б.Кенжебаев 

«Өтелмеген 

парыз»-қазақ 

әдебиетінің 

міндеттерін 

қарауға 


бағытталды.Ұлттық  әдебиеттің  ,  әдебиеттану  ғылымының  дамуындағы  сынның 

шыншылдық кезеңі. 

Пайдаланған әдебиеттер 

1.

 



Кәкішев Т. Сын сапары.А., 1971. 

2.

 



Қабдолов З. Екі томдық шығармалар .ІІ том.А.,1983. 

3.

 



Байтұрсынов А. Шығармалар.А., 1989. 

4.

 



Мүсірепов Ғ. Заман және әдебиет.А.,1982. 

5.

 



Әуезов М. 20 томдық шығармалар.19-том.А.,1985. 

6.

 



Кәкішев Т. Қазақ әдебиетінің  сынының тарихы. А.,1998. 

7.

 



Тоғжанов Ғ.Әдебиет және сын мәселелері. А.,1929. 

8.

 



Әуезов М. Әдебиет тарихы.А.,1991. 

9.

 



Қазақ әдебиетінің тарихы.3-том, А., 1967. 

 

 



Лекция №4 (2) 

Ағартушы-демократтардың эстетикалық ой-пікірлері. 

Ш.Уәлихановтың  зерттеушілігі.Әдебиет  мәселелерін  зерттеуі,халық  әдебиетіңің 

әлеуметтік,  қоғамдық  өмірмен  байланыстылығына  мән  беруі,поэзияның  халықтық 

сипатына мән беруі,жыраулар өміріне зер салуы,көшпелі елдер мәдениетінің , әдебиетінің 

барлығына  өзгелердің  көздерін  жеткізуге  ұмтылуы,  араб,  қазақ  әдебиетінің  ұқсастығына 

мін беруі,қазақтың суырып салма айтқыштығына зер салуы, қазақ өлеңдерін топқа бөлуі 

әдеби  сынның  негізін  қалауға  сеп  болды.  Шоқанның  «Қозы-Көрпеш-Баян  сұлу», 

«Манас»жырын зерттеуі, «Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы»зерттеуінде өлеңнің 

5 түрі туралы сөз қозғауы, «қазақ тың поэзияға құмарлығы, әсіресе өлеңді шығарып айтуға 

құмарлығы  көшпенділердің  айқын  бейнесі«,  «дала  көшпенділерінің  поэзия  мен  шынайы 

сезімділікке бейім болуына өмір бойы табиғат құшағында жүруі, жасыл желекті даланың , 

ашық аспанның  көріністері мен көшпенділік тұрмысы әсер етпесіне кім кепіл?», «өзінің 

поэзиялық  дарындылығы  жағынан  қазақтар  бірінші  орынға  ие  екеніне  дау  айту  қиын». 

Шоқан  қазақ  поэзиясын  алғаш  рет  ғылыми  тұрғыдан  зерттеп  жүйелеген  ғалым.Абай  -

қазақ  әдебиетінің  классигі,  сыншысы.Ол  сөз  өнеріне,  өлеңге  сын  көзімен  қарап  ,  биік 

талап қойды.  «Әттең, дүние, сөз таныр кісі болса, кемшілігі әр жерде көрініп тұр-ау» деп, 

өзінен  бұрынғы  Бұқар,  Дулат    өлеңіне  сын  айтқан.Оннан  астам  өлеңінде тілдің құдіреті, 

өлеңнің  қандай  болуына  пікір  айтқан,  өлеңді  өнер  ретінде  қарап,  оны  күн  көру  мен 

ермекке  айналдыруға  қарсы  шықты.  «Өлең-сөздің  патшасы,  сөз  сарасы»-поэзияның 

теориясы.Қазақ  мақал-мәтелдеріне  сыни  пікір  айтты.  Ыбырайдың  сыни  көзқарастары 

туралы.  «Қазақ  хрестоматиясы»-жас  ұрпақ  үшін  әрі  оқулық,әрі  көркем  шығарма.Қазақ 

халық  әдебиетінің  үлгілері,  төл  туындылар  және  аудармалар  ,  мақалалар  жинағы-

тәрбиелілік  мақсатта  жазылған  дүниелер.Оның  сыншылығы  нағыз  педагоготығынан 

көрінеді.Кітапта  оқушы  санасына  жағымды  әсер  ететін  шығармалар  жас  ерекшелік, 

ұлттық психология, баланың жеке мүддесі сияқты мәселелер негізінде іріктеліп қамтылған 

Ы.  Алтынсариннің  «Қазақ  хрестоматиясының  »  демократиялық  ,  әдеби  ойдың  жемісі 

екендігі.Әңгімелері мен мақалаларындағы сын жанрының көрінісі. 

Абай  өлеңдеріндегі    сыншыл  сарынның  молдығы.  Ақынның  эстетикалық  ой-

пікірінің 

биік 


екендігі.Абай 

поэзиясының 

эстетикалық 

қуаты,көркемөнер 

:сөз,өлең,қарасөзіндегі сыни ойлар жемісі туралы, Абай сыншылдығы туралы ой толғау.  

Пайдаланған әдебиеттер 

1.

 

Кәкішев Т. Сын сапары.А., 1971. 



2.

 

Қабдолов З. Екі томдық шығармалар .ІІ том.А.,1983. 



3.

 

Байтұрсынов А. Шығармалар.А., 1989. 



4.

 

Мүсірепов Ғ. Заман және әдебиет.А.,1982. 



5.

 

Әуезов М. 20 томдық шығармалар.19-том.А.,1985. 



6.

 

Кәкішев Т. Қазақ әдебиетінің  сынының тарихы. А.,1998. 



7.

 

Тоғжанов Ғ.Әдебиет және сын мәселелері. А.,1929. 



8.

 

Әуезов М. Әдебиет тарихы.А.,1991. 



9.

 

Қазақ әдебиетінің тарихы.3-том, А., 1967. 



 

Лекция №5. (2) 

Алғашқы баспасөздегі сыни ой—пікірдің көрінісі. 

Қазақ даласында баспасөздің пайда болуы жазба әдеби сынның тууына тікелей әсер 

етті.Алғашқы сын мақалалар  «Түркістан уалаятының газеті»(1870-82), «Дала уалаятының 

газеті» бетінде жврық көрді.Газеттерде ауыз әдебиеті үлгілері, ақындар(Орынбай, Досан, 

Шоқан    туралы)материал  жарияланған.  «ДУГ»-де  қазақ  тілі  ,  тіл  тазалығы  жайлы 

мақалалар  шықты.Пікіралысуға  М.Ж.Көпеев,  Ә.Бөкейханов,  А.Құрманбаев,О.Әлжанов, 

Р.Дүйсенбаевтар    қатысты.1889ж.Абайдың    «Жазды  күн  шілде  болғанда», 

«Күлембайға»газетте  шықты.  А.Байтұрсыновтың  әдеби  мұраны  жинау,  бастыру  туралы 

хаты жарияланды.О.Әлжановтың Ы.Алтынсарин туралы мақаласы. «Айқапта»(1913-1915) 

(М.Сералин:  «Тіл,  әдебиет  –бір  ұлттың  жаны  мен  рухы...әдебиеті  болмаған  ұлт  тілі 

шықпаған  бала  сияқты.Тіл,  әдебиет-дүниедегі  ғылым,  өнердің  ,  мәдениеттің  ең  асыл 

ұрығы.1915,115-б.»)  А.Байтұрсыновтың  (араб  графикасын  пайдаланып  жасаған  әліпбиі, 

«Қазақта»  «Қазақтың  бас  ақыны»,  1913,  №43)  «Онан  асқан    бұрынғы  соңғы  заманда  біз 

білетін ақын болған жоқ, сөзі аз, мағынасы көп, терең»,   М,Дулатовтың («Абай», «Қазақ», 

1914,№67,    ақынның  қайтыс  болғанының  10  толуына  орай,  «тарихи  әдебиеті  жоқ 

халықтың  дүниеде  өмір  сүруі,ұлттығын  сақтап,  ілгері  басуы  қиын.Сондықтан  Абайдың 

аты жоғалуы, мұнан кейін де шығатын Абайлар сондай ескерусіз қалу ықтималы қазақтың 

жоғалуы,қазақ  атты  халықтың  ұмытылуымен  бірдей»,  «Әзірет  сұлтан  (Иассауи 

туралы,оның  түркі  жұртына  ,  одан  қалды  қазақ  үшін  аса  қадірлі  екені  айтылып,  оның 

ақындық,  ғұламалық,  діни  болмысы  туралы)»),  С.Торайғыровтың  («Қазақ  тіліндегі  өлең 

кітаптары  жайынан»  (қазақ  әдебиеті-қазақ  жұртының  жаны.Бір  жұрттың  жабайылары 

арасына  оқудың  тез  таралуы  үшін  жазылған  кітаптар  нағыз  сол  жұрттың  тілінде  болуы 

керек,  нағыз  өлең-қайнаған  қанның  ,  қиналған  жанның,толғатқан  көңілдің,  толғанған 

жүректің сығындысы)», « Өлең мен айтушылар»: әдебиет пен көркемөнердің ел өміріндегі 

маңызына  тоқталған:  «Көңілді  түзейтін-машина-өлең-жыр.Ол  машинаның  тетігін  біліп, 

сайрайтын...кім?Ол-неше  түрлі  әуез  білетін,  әнге  ұста,  әншілер,  жыршылар.Біздің  халық 

әнге  құмар  халық,  бір  халықтың  әні  кетсе,  жаны  кетеді»),  Ш.Құдайбергеновтың, 

С.Дөнентаевтың,  Ә.Бөкейхановтың    («Қазақ»,1915,№120,  «сыншы  болмақ  оңай 

емес»,көркем  романға  бәйге  жариялайды,  Абай  туралы  мақалада  оны    «самородок  ақын 

дейді»),  Арысұлы  «Роман  не  нәрсе?»:роман  мақсаты-тіршілікті  жарық  не  күңгірт  жағын 

бейне  өзіндей  етіп  суреттеп,адамның  өзін  көрсету,  адамзаттың  мінез-құлқын 

түзетпек,кемшілікті  адамнан  қумақ,  үлгілі  тәрбие  бермек.  Міржақыптың  «Бақытсыз 

Жамалына» 

талдау 


жасалып, 

жақсы 


баға 

беріледі) 

шығармалары 

шықты.»Абай»журналынд  (1918  4  ақпан,сол  жылдың  аяғында  жабылды.  Ж.Аймауытов 

мақаласы:  «...ынтымақ, береке кетіп,ел азды.Сол кезде жарқ етіп Абай шықты. Қазақтың 

әдебиетіне  жан  берген:сөздің  сыртын  сырлап,  ішін  түрлеген,өлеңнен  өрнек  шығарған, 

ақындық, сыншылдығы бірдей дарыған Абай еді...»)  

 «Дала уалаяты», «Түркістан уалаяты»басылымдарында әдебиет туралы пікірлердің 

көрінуі. «Айқап», «Қазақ» баспасөзінде ұлттық әдебиет жөніндегі мәселелердің басылуы. 

Оқулықтар,қазақ 

тілінің 

тазалығы,халық 

ауыз 

әдебиетінің 



үлгілері 

туралы 


рецензиялар,сын мақалалардың жариялануы ,Байтұрсынов «Қазақтың бас ақыны» «Қазақ 

өкпесі», 

«Тәні 

саудың 


жаны 

сау», 


Аймауытов 

«Мағжанның 

ақындығы 

туралы»,С.Садуақасов  «Әдебиет  әңгімелер»,Өтепұлы  Қ.  «Абай  шығармаларының 

әлеуметтік  негіздері  туралы»  ,  Дулатовтың  сыни  мақалаларының  шығуы-  қазақ  әдеби 

сынының дамуына игі әсер . 

Пайдаланған әдебиеттер 

1.

 



Кәкішев Т. Сын сапары.А., 1971. 

2.

 

Қабдолов З. Екі томдық шығармалар .ІІ том.А.,1983. 



3.

 

Байтұрсынов А. Шығармалар.А., 1989. 



4.

 

Мүсірепов Ғ. Заман және әдебиет.А.,1982. 



5.

 

Әуезов М. 20 томдық шығармалар.19-том.А.,1985. 



6.

 

Кәкішев Т. Қазақ әдебиетінің  сынының тарихы. А.,1998. 



7.

 

Тоғжанов Ғ.Әдебиет және сын мәселелері. А.,1929. 



8.

 

Әуезов М. Әдебиет тарихы.А.,1991. 



9.

 

Қазақ әдебиетінің тарихы.3-том, А., 1967. 



 

 

                                               Лекция №6 (2) 

                                          Жазба әдебиеті және сын. 

Жазба  әдебиеттің  дамуының  сынның  өркендеуіне  әсері.  Жазба  әдебиет  дамыған 

кезде  әдеби  сынның  рөлінің  артуы.Оның  әдеби  процесте  ғана  емес,жалпы  қоғамдық 

ой,пікірдің  өсуінде  де  айрықша  рөлге  ие  болуы.  Абай  ,  Сұлтанмахмұт,  Ахмет  «Шешен 

сөз»,  Жүсіпбек  «Ақбілектің»  архитектоникасы,  Ә.Бөкейханов  «Би  һәм  билік»,  Сәкен 

«Қазақ әдебиеті»,С.Торайғыров  «Дала ақыны мен қала ақынының айтысы»,Шәкәрім  «Би 

һәм 

билік  туралы»,Міржақып 



«Сана 

қайда?», 

Мағжан 



Әуезов 



«Билер 

айтысы»,шығармашылығының  жарық  көруінің  сыншыл  көзқарастың  тууына  әсері.  Әр 

түрлі ағымдарға байланысты пікіралысулардың көбеюі, олардың әдеби сынның өрістеуіне 

,  жікшілдікке  бөлінуге  тигізген  әсері.  Ж.Аймауытов  «Көркем  әдебиетті  саралау»( 

«Ақжол»,  1925,17.04.:Әдебиет  –сөз  өнері,өнер  істеп  үйрететін  шеберлік..)»Ұлтты  сүю, 

«Жас алаш», 6.03.2001:  «оқығандар өзін-өзі тәрбие қылу керек.Қара халықтан жиренбей, 

жақын  жүріп,  сырласып,мұң-мұқтажымен  таныс  болып,  өз  ұлтын  сүюге,  халыққа  өзін 

сүйгізуге  жиһат  қылу  керек.»  «Мағжанның  ақындығы»  ақынның  суреткерлік  жағын 

«дыбыспен сурет жасауға, сөздің сыртқы түрін әдемілеуге Мағжанға жеткен қазақ ақыны 

жоқтығын»  атап  көрсетеді.Мағжан  сыршылдығымен,  суретшілігімен  ,сөзге  еркіндігімен, 

тапқыштығымен  күшті.маржандай  тізілген  ,  толғындай  үлбіреген  нәзік  үнді  күйімен, 

шерлі,  мұңды  зарымен  күшті»,  168-б.)Сынның  түрлі  жанрларда  көріне  бастауы.Әдеби 

сынның түрлері:Лингвистикалық , әлеуметтік,эстетикалық ; 

Пайдаланған әдебиеттер 

1.

 

Кәкішев Т. Сын сапары.А., 1971. 



2.

 

Қабдолов З. Екі томдық шығармалар .ІІ том.А.,1983. 



3.

 

Байтұрсынов А. Шығармалар.А., 1989. 



4.

 

Мүсірепов Ғ. Заман және әдебиет.А.,1982. 



5.

 

Әуезов М. 20 томдық шығармалар.19-том.А.,1985. 



6.

 

Кәкішев Т. Қазақ әдебиетінің  сынының тарихы. А.,1998. 



7.

 

Тоғжанов Ғ.Әдебиет және сын мәселелері. А.,1929. 



8.

 

Әуезов М. Әдебиет тарихы.А.,1991. 



9.

 

Қазақ әдебиетінің тарихы.3-том, А., 1967. 



Лекция №7 (2) 

Жиырмасыншы, отызыншы жылдардағы әдеби сын. 

Сын  жанрының  қалыптаса  бастағандығы,елеулі  табысқа  жетуі,көркем  әдебиеттің 

бар  жанрда  ілгерілеуі  сын  жанрының  дамуына  әсер  етуі.Сын  тақырыбының  ауқымы 

кеңіп,талдау  тереңдігінің  артуы,  кәсіби  сыншылардың  көбеюі.Сынның  жеке 

ақын,жазушылар шығармашылығына байланысты дамуы. 

«Ескішілдер  сын  жөнінде  жат  принципті  ұстады.Шығарманың  қасиеті  өмірден 

аулақ,  қияли  арманды  аңыздай  жырлаумен  бағалануға  тиіс  деді.  Еңбекші  тап 

жазушылары  көбінесе  үгіт  сөз,  үгіт  өлең  жазуды  дұрыс  көріп  жүр.Бұл  өнер  емес, 

қара сөз. Екеуі де советтік сөзді жақтырмайды», «Әдеби , идеологиялық мәселелерде  

байшылдар  мен  олардың  ықпалындағылар  С.Сейфуллин  мен  С.Мұқановты  ол  кезде» 

(Т.Н.1960, 44-б.) Сәкеннің «Қызыл ат», Ғабиттің «Шұғыласына»қатысты сындар мазмұны. 


«Еңбекші  қазақ»,  «Социалды  Қазақстан  »,  «Жаңа  әдебиеттегі»  сын  мақала, 

рецензиялар 

сипаты.Ғ.Тоғжанов,І.Қабылов, 

Б.Кенжебаев, 

Ы.Ысмайылов, 

М.Қаратаев  сыншылар.Қ.Өтепов  «Қызыл  ат»  туралы.С.Мұқанов  «Менің  кінам 

қандай?», «Поэзия мәселесі»,Әуезов  «Абай ақындығы айналасы», «Жақсы сынға жан 

пида»,Қ.Жұбанов  «Абай  қазақ  әдебиетінің  классигі»,І.Жансүгіров  «Абайдың  сөз 

өрнегі»,  Ысмайылов,  Шашкин  «Абайдың  поэтикасы»  мақалалары.Көркем    сөз 

тарихының жүйелене бастауы. Әдебиеттің әлеуметтік, қоғамдық орны және жанрлық 

сипаты туралы келелі еңбектердің жарияланғандығы. Тұрпайы социологиялық сынның 

өріс алуы. КазАПП-тың қызметі. Әдебиетте жікшілдіктің пайда болғандығы. Ұлтшылдық 

туралы айтыстың өрістегені. Жазушылар Одағының құрылуы.  

Отызыншы  жылдарда  жеке  қаламгердің  шығармашылығының  дамығандығы, 

сынның өткірленуі , жанрлық жағынан жетіле түскендігі. 

 Пайдаланған әдебиеттер 

1.Кәкішев Т. Сын сапары.А., 1971. 

2.

 



Қабдолов З. Екі томдық шығармалар .ІІ том.А.,1983. 

3.

 



Байтұрсынов А. Шығармалар.А., 1989. 

4.

 



Мүсірепов Ғ. Заман және әдебиет.А.,1982. 

5.

 



Әуезов М. 20 томдық шығармалар.19-том.А.,1985. 

6.

 



Кәкішев Т. Қазақ әдебиетінің  сынының тарихы. А.,1998. 

7.

 



Тоғжанов Ғ.Әдебиет және сын мәселелері. А.,1929. 

8.

 



Әуезов М. Әдебиет тарихы.А.,1991. 

9.

 



Қазақ әдебиетінің тарихы.3-том, А., 1967. 

Лекция №8 (2) 

1937- жылдағы әдеби сынның келбеті 

1937  жыл  ойраны.  Жеке  басқа  табынушылықтың  күшеюі.  Қазақ  әдебиетшілерінің 

қуғындалуы.  Сынның  саяси  сойыл  құралына  айналғандығы.  «Әшкерелегіш»  мақалалар: 

Т.Жүргенов  «Мәдениет  майданын  талқандалған  ұлтшылдықтың  қалдықтары  мен 

сарқыншақтарынан  тазартайық»  КП,11.1.1937,  Р.Жаманқұловтың  «Қырағылықты 

күшейтейік»,  ҚӘ,18.1.1937,  І.Қабыоловтың  «Қазақ  большевиктерінің  міндеті-қазақ 

ұлтшылдарына қарсы күресу», Сқ,12.1.1937.Көркемдік мәселелердің тысқары қалғандығы. 

Саяси мақсаттағы сынның өрістегендігі. Қазақ әдебиетінің құлдырау кезеңін бастан кешуі. 

«Ғасырдың  37-жылдарындағы  қазақ  әдебиеті  жеке  басқа  табынушылық  ,әділет 

заңдылықтарын  өрескел  бұзудың  әсері  заман  кесапатына  ,  зор  қателікке,  репрессияға 

апарды,  қоғамға  зор  нұсқан  келді,  көптеген  ақын,жазушыларға  жала  жабылып  ,  мерт 

болған ұлттың рухани көші азайған кезі болды»М.Базарбаев. «Көркем әдебиеттегі ұлтшыл 

фашистердің  зиянкестігін  түп-тамырымен  құрту  керек»  ,  «Әдебиет  майданы»,  1937. 

№3.«Әдебиеттегі троцкист—бухариншіл ұлтшыл фашист зиянкестерін көріне жете құрту 

керек»,  «Қазақ              әдебиеті»,  1937,  13  тамыз.«Жазушылар  ұйымындағы  буржуазиялық 

ұлтшылдардың  сыбайластары  туралы»,  «Лениншіл  жас»,  1937,  21  қазан,мақалаларына 

шолу.С.Мұқанов  ҚЖОдағының  төрағалығынан,  Бейімбет  «ҚӘ»-ның  редакторлығынан 

кетті.Қаламгерлер  жаппай  ұсталып  жатты.Халық  жауы  деген  жалған  жаламен  ұсталған 

ақын-жазушылар айдалып, атылды. Ақын Ә.Тәжібаев та отыз жетінің ойранында  «халық 

жауларымен  байланысы  бар,  саяси  бағыты  дұрыс  емес,бүгінгі  күн  тақырыбына  мән 

бермей,  таза  лирикамен  айналысты»  деген  айыппен  қуғындалды.  Әдеби  сынның  негізгі 

тақырыбы 

 

«ұлтшылдық»талқандалған 



соң 

«социализмнің 



кейбір 

мәселелері»болыд.Негізгі кадрдан айырылған қазақ әдеби сыны тоқырауға ұшырады. 

 

 

 



 

Пайдаланған әдебиеттер 



1.

 

«Көркем  әдебиеттегі  ұлтшыл  фашистердің  зиянкестігін  түп-тамырымен 



құрту керек» , «Әдебиет майданы», 1937. №3. 

2.

 



«Әдебиеттегі  троцкист—бухариншіл  ұлтшыл  фашист  зиянкестерін  көріне 

жете құрту керек», «Қазақ әдебиеті», 1937, 13 тамыз. 

3.

 

«Жазушылар  ұйымындағы  буржуазиялық  ұлтшылдардың  сыбайластары 



туралы», «Лениншіл жас», 1937, 21 қазан. 

4. Кәкішев Т. Сын сапары.А., 1971. 

5.Қабдолов З. Екі томдық шығармалар .ІІ том.А.,1983. 

1.

 



Байтұрсынов А. Шығармалар.А., 1989. 

2.

 



Мүсірепов Ғ. Заман және әдебиет.А.,1982. 

3.

 



Әуезов М. 20 томдық шығармалар.19-том.А.,1985. 

4.

 



Кәкішев Т. Қазақ әдебиетінің  сынының тарихы. А.,1998. 

5.

 



Тоғжанов Ғ.Әдебиет және сын мәселелері. А.,1929. 

6.

 



Әуезов М. Әдебиет тарихы.А.,1991. 

7.

 



Қазақ әдебиетінің тарихы.3-том, А., 1967. 

 

Лекция №9 (2) 



Алпысыншы, жетпісінші жылдардағы қазақ әдеби сынының ахуалы 

Әдеби  сынның  өзіндік  ерекшелігінің  болғандығы.  Партиялық  принципке 

негізделген  социализм  әдісінің  күшеюі.Сын  жанрында  халықтық  негіздің  іске 

асырылуы,кәсіби  деңгейі  жоғары  сыншылар  тобы  қалыптасты,Әуезов,  Қабдолов, 

Ысмайылов  «Сын мен шығарма», Жұмалиев,  Қаратаев, Мүсірепов,Нұртазин, Кенжебаев, 

Нұрмаханов,  Нұрхатов  ...  Алты  томды  «Қазақ  әдебиетінің  тарихының  »жасалғандығы. 

«Жұлдыз», «Жалын » альманағындағы сын мақалалар, КПСС Орталық Комитетінің 1972 

жылғы 


«Әдеби 

көркем 


сын 

туралы»тарихи 

қаулысының 

шығуы, 


«Простордағы»Айтматовтың 

«Ұстаз 


туралы 

сөзі», 


әдеби 

сын 


туралы 

«Жұлдыздағы»Қаратаев,Р.Бердібаев  мақалалары,  С.Қирабаевтың  екі  томдық  сын 

жинағы,Ш.Елеукенов  «Қазақ  прозасындағы  бүгінгі  күн  мен  дәстүр»,  «Психологиялық 

талдау өнері». «Уақыт және қаламгер»әдеби сын мақалалар жинағының шығуы. 

Сынның  ғылыми  сипат  алғандығы.  С.  Қирабаев,  М.  Қаратаев,  Ә.  Нарымбетов,  Т. 

Кәкішев, Р. Бердібаев, М. Дүйсенов –сыр сарбаздарының еңбектері. 

Сын жинақтарының шығуы. 

Пайдаланған әдебиеттер 

1.    Кәкішев Т. Сын сапары.А., 1971. 

2.

 



 Қабдолов З. Екі томдық шығармалар .ІІ том.А.,1983. 

3.

 



Байтұрсынов А. Шығармалар.А., 1989. 

4.

 



Мүсірепов Ғ. Заман және әдебиет.А.,1982. 

5.

 



Әуезов М. 20 томдық шығармалар.19-том.А.,1985. 

6.

 



Кәкішев Т. Қазақ әдебиетінің  сынының тарихы. А.,1998. 

7.

 



Тоғжанов Ғ.Әдебиет және сын мәселелері. А.,1929. 

8.

 



Әуезов М. Әдебиет тарихы.А.,1991. 

9.

 



Қазақ әдебиетінің тарихы.3-том, А., 1967. 

10.


 

Нұрқатов А. Жалғасқан дәстүр.А.,1980. 

11.

 

Қабдолов З. Арна. А., 1988. 



12.

 

12. Серғалиев М. Сөз сарасы. А., 1989. 



 

Лекция №10 (2) 

 Қазіргі кезеңдегі сын (80-90-2000-2009 жылдар аралығы). 

80-жылдардағы  қайта  құрудың  әдеби  сынға  әсері.  Әдеби  сын  өнер  мен  әдебиет 

шығармаларындағы  әдемілік  пен  кемшілікті  ашатын  ғылым(Пушкин),Жылжымалы 

эстетика  (Белинский).  Қайта  оралған  арыстарымыз  туралы  сын-пікірдің  өрістеуі.  Қазіргі 

сынның  құрылым,  принциптері.    Сынның  ғылымилығы,ғылыммен  бірге  қызмет 


етуі,әдебиеттің алдымен сынның ,сосын ғылыми зерттеулердің обьектісі болатыны,әдеби 

сын 


әдебиеттану 

емес,өзгеше 

сала 

екендігі 



Әдеби 


сынның 

түрлері, 

лингвистикалық,әлеуметтік,эстетикалық  түрі.Т.Кәкішев  «Қазақ  әдеби  сынының  тарихы», 

С.Қирабаев 

 

«Шындық 


және 

шығарма», 

«Кеңес 

дәуіріндегі 



қазақ 

әдебиеті»,«С.Сейфуллин»,С.Әшімбаев  «Талантқа  тағзым»,  «Сын  мұраты»,  «Парасатқа 

құштарлық»,Х.Әдібаев 

«Сын», 


З.Қабдолов 

«Арна», 


Ғ.Мүсірепов 

«Суреткер 

парызы»,М.Мырзахметов «Абайтану», Д.Ысқақов «Сын шын болсын»,»Сынталқы» 

Сын 


міндеттері. 

Әдіс-тәсілдері. 

Сын-уақыт 

тынысы. 


«Уақыт 

және 


қаламгердің»жаңа нөмірлері туралы. 

 Әдеби  сында  жаңа  есімдердің  тууы.  Қ.  Бекхожин,  С.  Мәуленов,  Т.  Ахтанов,  М. 

Мағауин, З.Серікқалиев, Ш. Елеукенов, С. Әшімбаев, С. Бердіқұлов, Ж. Бөдеш, Р.Ниязбек, 

Б. Майтанов,Т. Жұртбаев, Б. Сарбалаев, Ә. Бөпежанова , , т.б.сыни еңбектеріне тоқталу. 

Егемендіктен  кейінгі  жаңа  толқын:  Т.Әсемқұлов,Ә.Балқыбек,  Д.Амантай  , 

Л.Қоныс,А.Кемелбаева,  А.Кеңшілікұлы,  Ж.Әскербекқызы  ,  т.б.  «Сын»кітабының  жарық 

көруі.  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  сөзі  «Бізге  мықты  әдебиет  керек,мұны  оңғарудың 

басты 


жолы 

әдеби,көркем 

сынды 

құлдыратудан 



құтқарып, 

көтеру»,2007, 

7маусым,Қазақстан жазушыларының құрылтайы. 

Пайдаланған әдебиеттер 

1.    Кәкішев Т. Сын сапары.А., 1971. 

2.

 



 Қабдолов З. Екі томдық шығармалар .ІІ том.А.,1983. 

3.

 



Байтұрсынов А. Шығармалар.А., 1989. 

4.

 



Мүсірепов Ғ. Заман және әдебиет.А.,1982. 

5.

 



Әуезов М. 20 томдық шығармалар.19-том.А.,1985. 

6.

 



Кәкішев Т. Қазақ әдебиетінің  сынының тарихы. А.,1998. 

7.

 



Тоғжанов Ғ.Әдебиет және сын мәселелері. А.,1929. 

8.

 



Әуезов М. Әдебиет тарихы.А.,1991. 

9.

 



Қазақ әдебиетінің тарихы.3-том, А., 1967. 

10.


 

Нұрқатов А. Жалғасқан дәстүр.А.,1980. 

11.

 

Қабдолов З. Арна. А., 1988. 



12.

 

Серғалиев М. Сөз сарасы. А., 1989. 



13.

 

Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. А., 1993. 



14.

 

Қаратаев  М.  Социалистік  реализмнің  қазақ  прозасында  қалыптасуы.  А., 



1965. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет