Лекция №1 Ғылыми зерттеулер жүргізудің жалпы заңдылықтары


-сурет. Зерттеудің әдіснамалық негізінің құрамы



бет2/4
Дата29.11.2022
өлшемі81,49 Kb.
#53485
түріЛекция
1   2   3   4
1-сурет. Зерттеудің әдіснамалық негізінің құрамы.
Соңғы уақытта педагогикадан жазылған ғылыми еңбектердің сапасын бағалауға арналған басылымдарда олардың әдіснамалық сараптамасына сипаттамалар берілген. Ғалымдардың анықтауы бойынша әдіснамалық сараптамалар қазіргі ғылыми тұжырымдамаларда қалыптасқан ғылымның даму жағдайынан туындайтын зерттеу жұмысының нысанасын, ғылыми ізденістің негізгі бағыттарын, зерттеудің тірек ұстанымдарын белгілеуге мүмкіндік туғызады. Әдіснамалық сараптама әсіресе зерттеу мәселесінің өзектілігін, оның тақырыбы нысанасы мен пәнін негіздеуде қажет. Келтірілген ойлардан кейін педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізін құрастырудың қисынды тізбегі туындайды: мәселенің өзектілігі-тақырып-нысана пән-мақсат-болжам-міндеттер-жетекші идея-әдіснамалық негіз.
Жарияланым беттерінде педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізіне қатысты диссертанттарға айтылған көптеген сындар кездеседі. Мысалы, В.И. Журавлевтың "Педагогика в системе наук о человеке" монографиясының (1990г) "От догматизма к творческой опоре педагогики на истины философии" бөлімінде философияны қолдану догматьизм мен формализмнің жақын көрінісі ретінде педагогтардың кандидаттық диссертацияларындағы үйреншікті формулалар көрсетіледі. Кез келген диссертациялық зерттеулердің авторефератын "Біздің зерттеулеріміздің әдіснамалық негізі философия болып табылады" деген долдарды оқисыз.
Біз бұл сыншымен келісеміз, өйткені қазіргі таңда материалистік диалектиканың категорияларын ой елегінен өткізіп, оның педагогикалық болмысты қайта құруы мен бағалаудың негізін салудағы әсер қадағалау ләзім. Ғалымдар материалистік категориялар арасында қажеттілік пен кездейсоқтық, мазмұн мен түр, мағына мен құбылыс категорияларын атайды.
Әдіснамалық негіз өзіне зерттеу құбылысын талдауға обьективті ыңғай тауып, одан шығатын білім берудің теориясы мен практикасына ұсыныстар мен қорытындылар жасап, алынған нәтиженің ғылыми құндылығы мен дәлелдігін шынайы ғылыммен қамтамасыз ететін автордың зерттеу тұжырымдамасында көрініс береді.
Әдіснамалық негізді жеткілікті анықтау үшін әдіснамалық дәлелдеу жүргізіледі. Ю.К. Бабанскийдің пайымдауы бойынша, дидактикалық зерттеудің әдіснамалық дәлелденуі автордың тұжырымдамасының қоғамдық саяси негізінен , қабылданған педагогикалық мәселелерге сыни көзқарастан, зерттеу тұжырымдамасының философиялық негізін ашудан (мәселені тарихи-қисынды талдауы, зерттеу пәнінің диалектикалық жүйелі құрылымдық талдау, оның сипаттамасына тұтастай жақындау жолдары, осы аталған педагогикалық құбылыстардың даму көзі болып табылатын басты қарама-қайшылықтарды айқындау, зерттеліп жатқан педагогикалық құбылыстар мен үрдістерге қатысты заңды байланыстарды айқындаудың әдістемелік сипаттамасынан), аталған педагогикалық тұжырымдаманың (әлкуметтік, психологиялық, физиологиялық, кибернетикалық және т.б.) негізінде жатқан шектес ғылымдар деректерінен тұруы қажет. Осыдан барып педаогоикалық зерттеудің әдіснамалық дәлелінен қисынды тізбек шығады.: әдіснамалық тұғырларды нақтылау; зерттеу мәселесіне сыни көзқарас; зерттеу мәселесінің (гензисі және даму эволюциясы) тарихи қисынды талдануы; зерттеу пәнінің жүйелі -құрылымдық талдануы ( зерттеу пәнінің ғылым мен білім беру жүйесіндегі орнын, маңызын, құрылымын, мазмұнын анықтау) арқылы олардың атқарған қызметі мен элементтері (құрылымы) арасындағы байланысы ашылады. Тұтастық ұғымы жуйелі және жинақы ұғымдармен тығыз байланысты. Тұтастық- нысананың ортадан және оның ішкі бірлігінен бүтін шығуын көрсететін философиялық тәртіптегі ұғым. Тұтастық зерттеу үдерісінің дамуына қол жеткізетін зерттеу құбылысының ішкі қайшылықтарын ашуды, олардың жетістіктері мен заңдылықтарына сүйене отырып, зерттеу жүйесін педагогикамен шектес ғылымдар көзқарасы бойынша қарастыруды, жүйені басқаруды қамтамасыз етеді.
Педагогикалық зерттеу үрдісінде айқындалған заңды байланыстар (яғни зерттеу құбылыстарындағы байланыстардың арнайы талдануы: әмбебап, заңды, себеп-салдар, қызметтік) заңдылықтарды ескере отырып, жаң жүйені дайындап шығаруға мүмкіндік туғызады. Көп ретте педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негізі теориялық негіз бен дерек көздерінің өара тығыз байланыстылығын көрсететін ерекшелігімен сипатталады.
Әдіснамалық негізді жеткілікті аныктау үшін әдіснамалық дәлелдеу жүргізіледі. Ю.К. Бабанскийдің пайымдауы бойынша, двдактикалык зерттеудің әдіснамалық дәлелденуі автордың тұжырымдамасының коғамдық-саяси негізінен, қабылданған педагогикалык мәселелерге сыни көзқарастан, зерттеу тұжырымдамасының философиялық негізін ашудан (мәселені тарихи-қисынды талдауы, зерттеу пәнінің диалектикалық жүйелі-кұрылымдық талдау, оның сигтаттамасына тутастай жақындау жолдары, осы аталған педагогикалық құбылыстардың даму көзі болып табылатын басты карама-қайшылыкгарды айқындау, зерттеліп жатқан педагогикалық құбылыстар мен үрдістерге қатысты занды байланыстарды айқындаудың әдістемелік сипаттамасынан), аталған педагогикалык түжырымдаманың (әлеуметтік, психологиялық, физиологиялык, кибернетикалық және т.б.) негізінде жаткан шектес ғылымдар деректерінен тұруы керек. Осыдан барып педагогикалык зерттеудің әдіснамалық дәлелінен қисынды тізбек шығады: әдіснамалык түғырларды нактылау; зерттеу мәселесіне сыни көзқарас; зерттеу мәселесінің (генезисі және даму эволюциясы) тарихи қисынды талдануы; зерттеу пәнінін жүйелі-құрылымдық талдануы (зерттеу пәнінің ғылым мен білім беру жүйесіндегі орнын, маңызын, қүрылымын, мазмүнын анықтау) арқылы олардың аткарған кызметі мен элементтері (құрылымы) арасындағы байланысы ашылады. Тұтастық ұғымы жүйелі және жинақы үғымдарымен тығыз байланысты. Түтастык — нысананың ортадан және оның ішкі бірлігінен бүтін шығуын көрсететін философиялық тәртіптегі үғым. Тұтастық зертгеу үрдерісінің дамуына қол жеткізетін зерттеу қүбылысының ішкі кайшылыктарын ашуды, олардың жетістіктері мен зандылықтарына сүйене отырып, зерттеу жүйесін педагогикамен шектес ғылымдар көзқарасы бойынша карастыруды, жүйені басқаруды қамтамасыз етеді.
Педагогикалық зерттеу үрдісінде айқындалған завды байланыстар (яғни, зерттеу құбылысындағы байланыстардың арнайы талдануы: әмбебап, заңды, себеп-салдар, қызметтік) зандылықтарды ескере отырып, жаңа жүйені дайындап шығаруға мүмкіндік туғызады. Көп ретте педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негізі теориялық негіз бен дерек көздерінің өзара тығыз байланыстылылығын көрсететін ерекшелігімен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет