Корпоративті ақпараттық жүйелер жұмысшылар тобы үшін дамыған жүйе болып табылады, олар өте ірі компанияларға арналған, және олар территориялық үлестірілген түйіндерді немесе желілерді қолдай алады. Көпшілік жағдайда олар бірнеше деңгейден тұратын иерархиялық құрылымға ие. Мұндай жүйелер үшін арнайыландырылған серверлі клиент-сервер архитектурасы немесе көпдеңгейлі архитектура мінездес. Мұндай жүйелерді өңдеу кезінде деректер қорының сервері қолданылады. Бірақ ірі ақпараттық жүйелерде келесі серверлер өте үлкен қолданыс тапты: Oracle, DB2 және Мicrosoft SQL Server.
Топтық және корпоративті ақпараттық жүйелер үшін жүйенің жұмыс істеу сенімділігіне және ақпараттың сақталуына талаптар үлкейіп келеді. Бұл қасиеттер деректер қоры серверіндегі мәліметтердің, сілтемелердің және транзакциялардың бүтіндігін қамтамасыз етеді.
Қолдану аймағы бойынша әдетте ақпараттық жүйелер төрт топқа бөлінеді: транзакцияны өңдеу жүйесі;
шешім қабылдау жүйесі;
ақпараттық-анықтамалық жүйе;
офистік ақпаратық жүйе.
Транзакцияны өңдеу жүйесі, өз кезегінде деректерді өңдеу жылдамдығына байланысты пакеттік ақпараттық жүйе және жедел ақпараттық жүйе болып бөлінеді. Мекемелік басқарудағы ақпараттық жүйе транзакцияны жедел өңдеу режиміне ие – OLTP (OnLine Transaction Processing), яғни, пәндік аймақтың актуальды жағдайын кез-келген уақыт сәтінде бейнелей алады, ал пакеттік өңдеу барлық шектеулі бөліктерде орын алады. OLTP жүйесі үшін тапсырыс, төлем, сұраныс және т.б. секілді қарапайым транзакциялардың тұрақты (мүмкін, интенсивті) ағыны мінездес. Олар үшін маңызды талаптар келесі: