Лекция №1 Кіріспе дәріс. Қазақстан қазіргі замандағы тарихы пәні Лекция сабақтарының жоспарымен мазмұны


Курск түбінде неміс-фашист әскерлерінің тасталқан болу және оған қазақстандықтардың қатысуы



бет32/121
Дата04.11.2023
өлшемі0,96 Mb.
#121844
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   121
Байланысты:
Лекция №1 Кіріспе дәріс. Қазақстан қазіргі замандағы тарихы пәні-emirsaba.org

4.Курск түбінде неміс-фашист әскерлерінің тасталқан болу және оған қазақстандықтардың қатысуы. Кеңестер Одағының жерін фашистерден тазарта отырып, Қызыл Армия батысқа қарай бет алды. Оның құрамында көптеген қазақстандықтар болды. Еліміздің батысындағы Украина, Белоруссия, Молдавия, Балтық жағалауындағы елдерді азат етудің маңызы зор болды. Бұған қазақстандықтар да өз үлестерін қосты. Украина жерінде ерлікпен қаза тапқан Әбу Досмұхаметовке Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. Украинада Днепр маңындағы соғыста Г. Айтықов пен Қ. Аухадиев те Кеңестер Одағының батыры атагына ие болды. Ал сол Днепрдегі соғыста Жәнібек Елеусізов өз ерлігімен көзге түсті. 18 жастағы қазақстандық Кеңестер Одағының батыры болды.
Қызыл Армия құрамындағы қазақстандықтар Польша мен Венгрияны, Волгария мен Чехословакияны, Австрияны фашистерден азат етуде өз үлестерін қосты. А.С. Егоров, З.У. Құсайынов Еуропадағы қарсыласу қозғалысына қатысып, Кеңестер Одағының батырлары атанды.
5.Жау қолындағы аймақатрдағы партизандық қозғалыстар.
Партизан қозғалысы да кең еріс алды. Қазақстандық партизандар: Қ. Қайсенов (жазушы), Ж. Ағаділова, П. Семенова, Ә. Шәріпов, У. Оразбаев, Т. Жұмабаев, В. Шаруди, Ж. Саин (жазушы), Н.В. Зебницкий т.б. Жалпы, 3500-ден аса қазақстандық партизан жау тылында соғысты. Қазақстандық партизан Ж. Сұраншиев Белорусь жерінде «Ұшқын» партизан отрядының құрамында болды.
1945 жылы Қызыл Армия фашистердің «Висла», «Оңтүстік», «Орталық», «Солтүстік» әскери округтерін жеңді. Германияның көптеген жерін 1945 жылы сәуір айьша дейін КСРО қарулы күштері басып алды. 1945 жылы 16 сәуірде Қызыл Армия шешуші «Берлин» операциясын бастады. Бұл операцияға 3 млн 500000 жауынгер, 10800 әскери үшақ, 52000-нан астам зеңбірек, 7750 танк қатыстырылды.
1945 жылы 2 мамырда Қызыл Армия Берлинді толық басып алды.
1945 жылы 8 мамырда Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгенін мойындап, актіге қол қойды.
6.Империалистік Жапонияның талқындалуы.
Квантунь армиясына қарсы соғысқа қазақстандық жауынгерлер де қатысты. Қиыр Шығыстағы соғысқа Ақтөбеде құрылған 292-атқыштар дивизиясы қатысып, ерекше ерлік көрсетті. 2027 қазақстандық ордендер мен медальдарға ие болды. 1945 жылы 10 тамызда қазақстандық ұшқыш М. Янко Гастеллоның ерлігін қайталады.Жапонияның тізе бүгуімен II дүниежүзілік соғыс аяқталды.Соғыстың аяқталуы, фашистік режимді құлату бағытында ең алдымен КСРО шешуші рөл атқарды. Оның ішінде Қазақстанның үлесі зор болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет