Лекция №1 Кіріспе дәріс. Қазақстан қазіргі замандағы тарихы пәні Лекция сабақтарының жоспарымен мазмұны


Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңіндегі басты сыртқы саясаты (XX ғ. аяғы- XXIғ. басы.)



бет45/121
Дата04.11.2023
өлшемі0,96 Mb.
#121844
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   121
Байланысты:
Лекция №1 Кіріспе дәріс. Қазақстан қазіргі замандағы тарихы пәні-emirsaba.org

5.Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңіндегі басты сыртқы саясаты (XX ғ. аяғы- XXIғ. басы.) Евразиялық одақ (ЕАО) ЕАО — тең құқықты тәуелсіз мемлекеттердің одағы, ол қатысушы әрбір елдің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін және қолда бар жиынтық кірігу әлуетін іске асыруға бағытталған. ЕАО — егеменді мемлекеттердің кірігуінің пошымы, оның мақсаты — кеңестік дәуірден кейінгі кеңістікте тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту, әлеуметтік-экономикалық мәдени жаңғыру.
Тәуелсіз мемлекеттердің жақындасуының негізін экономикалық мүдделер айқындайды. ЕАО-ның саяси институттары осы мүдделерге сай болуға және экономикалық кірігу ісіне жәрдемдесуге тиісті.. Ғылым, мәдениет, білім беру саласыы бойынша.
Өткен он жылдықтарда қол жеткен әлуетті сақтау және осы саладағы кірігуді күшейту үшін бірқатар шараларды жүзеге асыру ұсынылды:
  • ЕАО-ның осы заманғы білім саласындағы іргелі зерттеулер жөніндегі ортақ зерттеулер орталықтарын құру;


  • ЕАО-ның әртүрлі елдердің ғылыми ұжымдарын біріктіретін ғылыми зерттеулерді дамыту қорын құру;


  • ЕАО үкіметтерінің басшыларының кеңесі жанынан мәдениет, ғылым, білім беру саласындағы байланыс мәселелері жөнінде комитет құру;


  • мәдениет-білім беру және ғылым саласында бейүкіметтік ассоциациялар мен бірлестіктердің жасақталуына жәрдемдесу;


—ЕАО Аткомы жанында стипендия қорын құру.


Ресейдің мәдениет қайраткерлері, тандаулы орындаушылар кең тараған музыка мен фольклордың Алматыда өтетін халықаралық фестивальдарына белсене қатысты.
Ресей интеллегнциясының қазақ мәдениетін дамытуға айта қаларлықтай толымды үлес қосқан өкілдері мәртебелі «Парасат» орденімен марапатталды.Солардың ішінде ұлттық өмірімізді өркендетуге елеулі еңбек сіңірген, соғыс жылдарында Алматы сахнасында би билеп, хореграфия училищесінде сабақ берген әйгілі балерина Г.Уланова Қазақстанның халық артисі атағын алды, марапатталғандар қатарында сондай-ақ бұрын «Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері» құрметті атағына ие болған белгілі хореграф Ю.Григоревич, Семей облыстық бейнелеу өнері мұражайына өзінің аса бай жинағындағы сұңғат және кескіндеме өнері туындыларынан 500 шығармашы сыйға тартқан, «Семей қаласының құрметті азаматы» атағын алған мәскеулік Ю.Невзоров, т.б. бар.
Екі жақтың да табандылықпен жүргізген жұмысының нәтижесінде Қазақстан мен Ресейдің мәдени ынтымақтастығының берік негізін қалап, бұдан былайғы ықпалдастықтың кең арнасын салуға жағдай туды.
Елдеріміздің соңғы уақытта өткізген бірсыпыра мерекелік шаралары мен мәдени қаракеттерін атап өтпеске болмайды.
Алматы,Астана ,Қостанай т.б. қалаларда Қазақстан мен Россияның бірлескен гимназиялары мен жоғарғы оқу орындары жұмыс істеуде. Астаналық Л.Гумилев атындағы Евразия университетінің базасында Москва университетінің М.В.Ломоносов атындағы филиалы ашылды. Қазақстандықтар ресейдің танымал оқу орныныңстуденті бола алады.Сонымен қатар қазақ жастары мақсатты жолдамамен М.В. Ломоносов атындағы Москва университетінінде оқи алады. Жылда Москвада Наурыз мейрамы тойланады.
Сондай-ақ гуманитарлық мәселелер жөніндегі маңызды құжаттарды да атап өтпеске болмайды.. Оның үстіне Астрахан мен Орал қалаларында Казақстан мен Ресей консулдығын ашуы, екі ел тілшілерінің мәртебесі туралы келісім және бар. Келіссөзді аяқтай отырып, мемлекет басшылары жаңа мыңжылдыққа мызғымас достық пен стратегиялык әріптестік туы астында енгенін айрықша атап көрсетті.
Қазақстан тәуелсіздігінің онжылдығы жылы деп жарияланған 2001 жылдың маңызы айрықша. Мәскеуде біз Казақстан Республикасының онжылдығына арналған шаралар өткізе бастадық. Сөйтіп, Ресей саяси және гуманитарлық жайсандарына осынау тамаша мерей-тойымыздың мән-маңызын паш еткелі отырмыз. Аса маңызды шаралардың ішінде Мәскеу білімдарлық клубында осы жылдың қаңтар айында болған Казақстан тәуелсіздігінің онжылдығы-на арналған мәжілісті атап өткен абзал. Белгілі Ресей саясатшыларының, көр-некті ғалымдардың кәсіпкерлер мен журналистердің басын біріктірген клубта менің «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің онжылдығы. Казакстан-Ресей стратегиялық әріптестігі» деген баяндама жасауыма мүмкіндік туды. Осынау абыройлы жиында Казакстан Президентінің сара да сындарлы сырт-қы саясатына, оның казақ мемлекет-тілігін нығайту, ұлтаралық тыныштық пен азаматтық келісімді қамтамасыз ету женіндегі қызметіне жоғары баға берілді. Атап айтканда академик Л.Абал­кин Еуразия идеясының қуатты әлуеті Еуразия экономикалық коғамдастырушілердщ халыкаралық одағыныңжетекшісі Н.И.Рыжков тәуелсіздік жылдарындағы Қазакстанның тұрлаулы дамуы Президент Н.Ә.Назарбаевтың қызметімен тығыз байланысты екенінде дау жоқ деді. Сондай-ақ ол Қазакстанды ынтымақтастығы серпінді дамып игі нәтиже беріп келе жатқан санаулы одактастарының бірі деп атай келіп, елбасымыздың атына Алматыдағы аталмыш одактың мәжілісін өткізуге көрсет кен қолдауы мен көмегі үшін алғыс айтып, Еуразия идеясының болашағы үлкен боларына сенім білдірді.
Мәдениет, ғылым және білім саласындағы ынтымақтастықтарымыз Қазақстан мен Ресей аумағында тұратын халықтардың мәдениетін еркін де терезесі тең дамытуға кепіддік беретін кұжаттарға арқа сүйейді. Бұл арада олардың ұлттык өзгешелігін, рухани және діни қажеттіліктерін, туған тілінде білім алуын ескере отырып, оған колайлы жағдай туғызу естен екі елі шықпасқа тиіс. Мәңгілік достық туралы Декларацияда көзделген ашық әрі бұкаралық ұйым — мәдениет пен ғылым кайраткерлерінің «Қазақстан мен Ресей арасындағы мәңгі достық үшін» Ассоциациясы Астана мен Алматыны қосқанда көптеген қалаларда қалыптасып келеді. Бірлескен гимназиялар мен жоғары оку орындары құрыдды. Астаналык Л.Гумилев атындағы Еуроазия университетінде М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалы ашылды. Өткен жылғы қазан айында мемлекеттеріміздің басшылары Гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қойды. Екі жақ халықтардың ортақ мәдени мұрасын, ұлттық мәдениеттердің өзгешелігін сақтап, мәдени, біліми және ақпараттық кеңістіктің ұлғаюын жан-жақты қолдауға деген ниетін бекіте түсті. Бұған бағышталған шаралар 2006-2009 жылдарға арналған гуманитарлық ынтымақтастық бағдарламасында қорытылды. Оларды жүзеге асыру халықтарымыздың өзара жақындасуына жаңа серпін берері сөзсіз. Екі еддің өзара қарымқатынасындағы саяси серіктестіктің жоғары деңгейіне қол жетуі, сөз жоқ, Ресейде тұратын бір жарым миллиондай қандастарымыз үшін олардың ұлттық, мәдени және тілдік дербестігі үшін мейлінше маңызды.
Ал Ре­сей Жазушылар Одағының төрағасы В.Ганичев, «Молодая гвардия» баспасының бас директоры Б.Юрин және басқалар екі елдің арасындағы мәдени-гуманитарлык ынтымақтастыктың оң дамып келе жатқанын атап көрсетіп, Қазақстанның ортақ акпарат кеңістігін камтамасыз ету жөніндегі күш-жігерін қуаттады.
М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде үстіміздегі жылдың наурыз айында «Орыс тілі: тарихи тағдырлар және осы заман» атты халыкаралық конгресс өтті. Оның жұмысына әлемнің отыздан астам елінен алты жүзге жуық орыс тілін зерттеуші ғалымдар қатысты. Олардың ішінде АҚШ-тың, Жапонияның, Еуропа мен ТМД мемлекеттерінің де өкіддері бар. Конгреске қатысушылар Н.Ә.Назарбаевтың құттықтауын ілтипатпен қабыл алды. Жиынның ашылуында МГУ рек­торы академик В.Садовничий, Ресей Ғылым академиясының Орыс тілі институтының директоры А.Молдован, РҒА Әлем әдебиеті институтының ди­ректоры Ф.Кузнецов сөз сөйледі. Онда қазіргі алмағайып замандағы мемлекет тілінің рөлі атап көрсетілді. Міне, сондықтан да біздің елбасымыздың орыс тілін қолдау және дамыту жөнінде қор ұйымдастыру жөніндегі ұсынысы жұртшылықтың үлкен ынтасын туғызып отыр.
Елшілік атқарып жатқан бұдан ба­сқа да жұмыстар аз емес. Биыл Одақтар үйінің Бағанды залында Республика тәуелсіздігінің он жылдығы құрметіне Наурыз мейрамын тойлап өттік. Оған ел Президенті арнайы құттықтау жолдады. Қазақстан сахна шеберлерінің мерекелік концерті болды. Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптары Кара­ғанды академиялық оркестрінің және облыстық филармония артистерінің өнері тындармандарын тәнті етті. Осындай мәртебелі орындардағы мерекелеріміз мерей тойымыздың даңқын асыра түскенінде сөз жоқ. Тағы бір атап өтетін жайт өнерімізді Ресей жұртшылығына паш етуіміз дер едім. Елшіліктің ықпал көмегі арқасында Қазакстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, көрнекті суретші Ерболат Төлепбайдың дербес көрмесі мемлекеттік Тре­тьяков галереясында ұйымдастырылды, Сөйтіп Қазақстан қылқалам шеберлерінің еңбегі ең орталық өнер сарайында көрсетілді. Ал Қазақстан мемлекеттік классикалық ішекті квартеттін құрылғанына көп болған жоқ, алайда ол жастығына қарамастан елімізден шет жерлерге аты әйгілі өнеріне тәмам жұртты тамсантты. Мәскеуде ол А.Д.Сахаров атындағы сыйлыққа ие болды. Украинада өткен камералық оркестрлер мен ішекті квартеттердің халықаралық конкурсында бірінші бәйгені жеңіп алды. Ол Д.Д.Шостакович атындағы ішекті квартеттердің Ресей астанасында өткен.
Италия, Түркия, Латвия, Ресей сияқты елдердің өнер ұяларымен бәйгеге түсіп, жүлделі орын алды. Ол 1994 жылдан бастап, Қазақстан елшілігі өткізетін Мәскеудегі шаралардын бәріне белсене қатысып келеді.
Сол сияқты талай тамаша оқиғаларға толы он жылдың жүріп өткен жолын есте қалдыру үшін түрлі тақырыпта кітаптар шығып жатқанын да атап айтқан жөн болар. Кітап — шын мәнінде өз дәуірінің басты куәсі, адам зердесінің қазыналы қоймасы. Осы арада екі мәрте жоғары баға алған кітаптар әзірлеп, басып шығарғанымызды айта кеткім келеді. Оның бірі — «Президент Нұрсұлтан Назарбаев — Мәңгі достық стратегиясы — Қазақстан-Ресей». Атауының өзі айтып тұрғанындай, онда Қазақстан-Ресей қатынастарының жо-ғары деңгейіне, стратегиялық әріптестіктің қуатты іргетасына тиісті баға беріледі. Сайып келгенде, бұлардың бәрі елдеріміздің өткен он сегіз жылда қол жеткен табыстары ғой. Елшілік екі жақты қатынастардың негізін калайтын қол койылған құжаттардың жұртқа барынша жетуі, мемлекетаралық қатынастардың қазіргі тәжірибесіне ынта қоюшылардың жете пайдалануы үшін біраз жұмыс жүргізді. Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығынын барлық жағын қамтитын құжаттар мен материалдардың жинақтары басып шығарылды.
2000 жыл мәдениетті қолдау жылы болып жариялануына орай, елшілік көп жылдық жұмысын корытындылап, «Нәзір Төреқұлов - КСРО-ның Сауд Арабиясындағы өкілетті өкілі » атты кітап шығарды. Бұл аса көрнекті дипломат-ғалым және мемлекет қайраткерінің өмірі мен қызметіне арналған. 1927-1936 жылдары Араб еліндегі Кеңес дипломатиялық миссиясын басқарған аса көрнекті отандасымыз туралы очерк әзірлеу көзінде ақтарған қыруар архив материалдарын зерделей отырып, осынау ірі тұлғаның шалқар ой-өрісіне, жемісті жұмысына таң қаласың. Ресей араб танушы ғалымдарының пікіріне Караған­да, тұңғыш елші қазақ туралы бұл кітап қазіргі шығыстануға қосылған елеулі үлес. Біздің жалпы мәдени жетістігімізді құрайтын тарихи оқиғаларды, тамаша тұлғаларды зерттеудің жақсы бір үлгісі.
Біздің дипломаттар Қазақстанмен іргелес жатқан Ресей аймактарының бәрінде болып, отандастарымыздың тұрмыс жағдайын, толғандырып жүрген мәселелерін жете зерделеп, ана тілі мен мәдениетін, ұлттық әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін қалай сақтап келе жатқанымен жете танысады. Біздің бұлайша көңіл бөлуімізге кандастарымыз дән разы болып, бір қуанып қалады.Қазақ жұрты тұратын өңірлерде «Қазақ тілі» қоғамының бөлімшелерімен, ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істейді. Қазақстан мен Ресейдің іргелес облыстарында еліміздің аса көрнекті қайраткерлерінің мерейтойларына, ұлттық мейрамдарға арналған бірлескен шаралар жүйелі өткізіліп тұрады. Сонымен қатар бұл істе қоғамдық ұйымдар ғана емес, тиісті мемлекеттік кұрылымдар да шешуге тиіс елеулі де күрделі бірқатар мәселелер орын алып отыр. Қандастарымыз ұлттық дәстүрлері мен ана тілін сақтауға тырысып, Қазақстаннан газет-журналдар алып, радио-телехабарлар тындағысы келеді. Меншікті кітапханаларын қазақ тілінде шыққан көркем және оқу тәсілдемелік әдебиеттермен толықтыруға да құмар. Балаларын көбі Қазақстан жоғары оқу орындарында окытуға ынталы. Ресейде тұратын казактар үшін елшілік бес мын, дана тиражбен қазақ тілі жөніндегі көмекші оку құралын басып шығарды. Мұның өзі Ресейдегі отандастарымыз үшін шын мәніндегі маңызды оқиға болды. Ал оқулықтың Ресей казақтарына туған тілін терендей зерделеуіне көп көмек көрсетуі шәксіз.
Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде 2006 жылғы көктемде Ресей Федерациясының он алты республикасы мен облыстарынан келген қазақ аймактық қоғамдық бірлестіктері басшыларымен кездесу болып өтті. Жерлестеріміз республикада жүргізіліп жаткан саяси және экономикалық кайта құрулар, Қазақстан-Ресей катынастарының жай-күйі мен келешегі, сондай-ақ елшіліктің федералдық және аймақтық билік органдарымен арадағы Ресейде тұратын қазақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жөніндегі жұмысы туралы мол мағлұмат алды. Бұл кездесуде іргелес аймақтардың атқарушы органдары белсене атсалысуға тиіс жоғарыда аталған мәселелер де көтерілді. Кездесуге катысушылар Н.Ә.Назарбаевтың атына Үндеу қабылдап, оның отандастарына көрсетіп отырған қамқорлығы үшін алғыс айтты. Жерлестеріміздің өз туған тілін ұлттық мәдениеті мен дәстүрлерін ұрпақтан ұрпакқа мирас етіп сақтай беретіні атап керсетілді. Қоғамдық бірлестіктердің басшыларына Нұрсұлтан Әбішұлының қазақ диаспорасының тағдыры да кеңінен сөз етілетін «Тарих толқынында» кітабы тар­ту етілді. Президенттің бұл кітабын елшілікте өткен ғылыми-практикалық конференцияға қатысқан қандастарымыз — кабырғалы ғалымдар, белгілі Мәскеу жоғары оқу орындарының профессорлары және ғылыми орталықтардың кызметкерлері ыстық ықылас білдіріп, ілтипатпен карсы алды. Пікір алысу жұртшылықтың ынтасын оятып, үндестік тапты. Конференцияға каты­сушылар бұл кітапта өрбіген идеялар Қазақстан халқын біріктіруге, елдің әлемдік қауымдастықта лайықты орнын алуына игі ықпал ететінін білдірді. Мәслихатта сез алған ғылым докторлары, профессорлар Нұр Қирабаев, Мұхамбет Мәшімов, Әлкен Мендіғұлов және Ескендір Ондасынов Қазақстан Президентінің отандастарына қатысты саясатын бірауыздан қуаттады. Конфе­ренция материаддары бөлек жинақ бо­лып басылып шықты.
Қазақстан тұрақты да демократиялық Ресейдің одан әрі жан-жақты нығаюына мүдделі. Ресей үшін де Қазақстанның экономикалық және саяси-мәдени реформалардағы табысы соншалық маңызды болса керек. Осы өткен жылдар бойы екі елдің екеуі де мойнына алған міндеттерін нақтылы әрі уақытында орындалғаны асқан жауапкершілігін паш етті. Тұтас алғанда геосаяси және стратегиялық мағынадағы факторлардың бар жиынтығын ескере келгенде, біз үшін Ресейдің елімізде болып жатқан оқиғаларға деген пікірі мейлінше мәнді. Ресей басшылығы Қазақстан Президентінің бастамаларын, басқа да кірігушілік ұсыныстарын, атап айтқанда Азия үшін Хельсинки үрдісінің негізі сынды Азиядағы ыкпалдастық пен сенім жөнінде кеңес (СВМДА) шақыруды қызу қолдады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет