Лекция №1 Кіріспе дәріс. Қазақстан қазіргі замандағы тарихы пәні Лекция сабақтарының жоспарымен мазмұны



бет87/121
Дата04.11.2023
өлшемі0,96 Mb.
#121844
түріЛекция
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   121
Антикалық мәдениет (лат.antiguus ежелгі) – ежелгі Грек және Рим мәдениеттерінің б.з.д. XII-I ғғ. қамтитын дәстүрлерінің, құндылықтарының, идеяларының, өнерінің, мұраттарының тұтас жүйесі.
Анторопоморфизм (грек.anthropos адам, тоrphe – форма, пішін) – адамзаттық, халықтық дүниетанымдағы жаратылыс иелерін (құдайды, періштелерді, мал-жан иелерін), табиғаттағы нәрселерді (ғарыштық, геогр.объектілерді, жан-жануарларды, өсімдіктерді, т.б.) адамға ұқсату құбылысы, өнердегі көркемдік әдіс.
Архитектура (сәулет өнері) – қоғамның материалдық, идеялық-эстетикалық қажетін өтейтін ғимараттарды, басқа да мекенжайларды жобалау, салу өнері.
Әлеумет (лат.socium – ортақ)- әлдебір мәнді қарым-қатынастағы адамдардың өмір сүру жағдайларының бірлігімен сипатталатын тұрақты да үлкен қауым.
Әлеуметтік позиция - әлеуметтік құрылымдар, топтар мен ұйымдардың қарамағында және қоғамдық еңбекті бөлу жүйесінде адамның алатын орны.
Билік – адамның, топтың, әртүрлі таптардың іс-әрекеттеріне шешуші әсер ететін, идеологияға ықпалының негізінде және ұйымдастырушы құқықтар арқылы жүзеге астын механизм.
Босқындар – қоғамда белгілі бір күштердің (саяси, экономикалық, этникалық қысым, соғыс, табиғи апат) қысымына қарсы тұруға, төзуге шарасыз болудың әсерінен өз елінен басқа бір елге көшуге мәжбүр болған адамдар.
Босқыншылық – қалыптасқан саяси-әлеуметтік, экономикалық және табиғи – климаттық ауыр ахуалдарға, апаттарға байланысты адамдардың атақоныстарынан, тұрғылықты мекендерінен амалсыз босып, ауа көшулері.
Вандализм – Риммен қатыгездік сипатта соғысқан ежелгі германдық вандал тайпаларының атынан қалған., мәдени қиратушылықты сипаттайтын ұғым. 455 ж. Вандалдар Римді жаулап алып, ондағы көптеген құнды өнер ескерткіштерін жойған. Сол себепті вандал деп надан, варвар, мәдени құндылықтарды қиратушы адамды айтады.
Демография – халықты зерттеу, халықтану ғылымы деген ұғымды білдіреді. Оның зерттеу объектісіне халықтың жыныстық, этикалық құрылымы, туу, өлу, қоныс аудару процесінің барысы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет