Бекіту сұрақтары: 1. Фашистік Германияның КСРО-ға шабуылы қалай өрбіді?
2. Б. Момышұлы, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова сияқты батырлармен қатар тағы басқа қандай қазақ батырларын білесіздер?
3. Неміс-фашист әскерлерінің Курск доғасында талқандалуы және оған қазақстандықтардың қатысуытуралы не білесің?
4. Украйна жерінде болған белгілі партизан қазақ жауынгері кім еді?
5.Қазақстандық-партизандардың Украина, Белоруссия және РСФСР-дің солтүстік-батыс облыстары территориясын азат етудегі үлесі қандай болды?
6. Империалистік Жапонияны талқандау және оған қазақстандық жауынгерлердің қатысуы қалай болды ?
7. Соғысқа қазақстаннан қандай көмек жіберіп отырды?
Лекция №16-20 Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1965 ж.ж.)
Негізгі ұғымдар:.«Тың және тыңайған» жерлер, ғылыми-техникалық прогресс, реформа, этнодемографиялық құрлым.
Мақсаты: Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің жаңа саларының қалыптасуы.«Тың және тыңайған» жерлерді игеру тарихын таныту. Еңбек сүйгіштікке тәрбилеу.
Жоспар: 1. Бейбіт тұрмысқа өтуі.
2.Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің жаңа саларының қалыптасуы.
3.Ауыл шаруашылығы.
4.«Тың және тыңайған» жерлерді игеру.
Лекция
1.Бейбіт тұрмысқа өтуі. Соғыс жылдары Кеңес Одағы ұлттық байлығыньщ үштен бірінен айрылды.Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру максатында 11 млн. 365 мың адамдық Кеңес Армиясы қатарынан әскерлерді босату жүргізілді (демобилизация):
1945 жылдың шілде - қыркүйегі - бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді.
1945-1948 жылдар - 8,5 млн. адам босатылды.
1946 жылғы 18 наурыз - 1946-1950 жьтдарға арналған төртінші бесжылдық жоспар қабылданды. Міндеттері:
Қираған халық шаруашылығын қалпына келтіру.
Ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез карқынмен дамыту.
Халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болып саналды. Төртінші бесжылдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға мән берілді. Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға каржы бөлінді.
Бұрын соғысқа қажет өнімдер шығарған өнеркәсіп орындары бейбіт түрмыс өнімдерін шығару үшін қайта құрылды.
Бесжылдық құрылыстары:
1946-1951 жылдары республикада болат прокаты, қара жэне түсті металлургия, тау-кен жэне көмір өнеркэсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды.
Теміртау металлургия зауытында үй прокат станы, 2 мартен пеші салынды.
Актебе ферроқорытпа зауытының үшінші кезегі іске қосылды.
Өскеменде 1947 жылы қорғасын-мырыш комбинаты салынды.
Екібастүзда көмір кесіндісінің қүрылысы аяқталды.
Маңғыстауда жаңа мұнай кэсіпшіліктері салынды. 1950 жылы мұнай ендіру-52%-ға артты.