Лекция №1 Кіріспе дәріс. Қазақстан қазіргі замандағы тарихы пәні


XX ғ. 90 жылдарының екінші жартысындағы Қазақстан экономикасы



бет37/114
Дата15.04.2023
өлшемі1,69 Mb.
#82945
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   114
Байланысты:
Ëåêöèÿ ¹1 ʳð³ñïå ä?ð³ñ. ?àçà?ñòàí ?àç³ðã³ çàìàíäà?û òàðèõû ï?í³

2.XX ғ. 90 жылдарының екінші жартысындағы Қазақстан экономикасы. 1970-1990 жылдардағы Қазақстандағы әлеуметтік, экономиялық жағдай. Невада-Семей қозгалысы
Әскери объектілер, ірі өнеркәсіп пен энергетикалық комп-лекстердің салынуы, қоршаған ортаға үлкен шығын әкелді.
Айырықша экологиялық жағдай Арал теңізі бойындағы аудандарды қамтыды. Арал теңізіндегі Сырдария мен Амудария суларын мақталы алқаптарға пайдаланды. Осының салдарынан теңіз суы 15 метрге төмендеп, колемі 54%-ке азайды. Жағалауы оңтүстік пен шығысқа қарай 60-120 км кейін шегінді. Теңіз түбі 25 мың кв. километрге тартылды.
Мұның бәрі аймақтағы экологиялық және санитарлық-эпидемиялық жағдайын біршама нашарлатты. Бірден жұқпалы аурулар көбейді, әсіресе іш сүзегі, сары ауру, туберкулез бен онкологиялық аурулардың саны көбейді.
1970-1990 жылдары Арал жағалауында жалпы өлім саны екі есе көбейді. Туылған 1000 баланың 40-60-ы өлімге ұшырады. Ал, аналар өлімі жалпы одақтық көрсеткіштен 46 есе артық болды. Семей ядролық полигоны жерінде үнемі экологиялық қауіп бұлты сейілмеді.
Қоғамды саяси езгерістер шарпды.
Л.Брежнев басқарған мемлекеттік партия 60-шы жыл-дардың 2-ші жартысында КПСС-тің ХХ-съезі салған жоддан тайып кетгі. Бұрынғы сталиндік өкіметгің саяси құрылымын және мемлекет бюрократиялық басқаруды сақтап қалуға барлық мүмкіндіктерді жасады. Репрессиялық құрбандыққа ұшырау тоқтатылмады.
1978 жылы Қазақ ССР-ның жаңа конституциясы қабылданды. Оның жобасы кең көлемде талқыланғанмен формальдық тұрғыдан жүргізілді.
Ұсыныстар мен ескертулер республиканың правосын кеңейтуге, қоғамды демократияландыру, адамның қүқығын сақтау туралы жағдай бүркемеленіп келді және республиканың негізгі заңында айтьшмады.
Конституция бабьшда Қазақстан ұлтгық республика ретіңде көрсетілмеген. КПСС-тің басқару ролі занды түрде бекітілді. Бұл басқа да партиялар құруға мүмкіндік бермеді.
Нақты өкімет қоғамның барлық жолында партиялық аппараттық басқаруға көшті. Кәсіподақ ұйымдары әкімшілік және партиялық органдардың көрсетілген жұмыстарын атқарды. Халық совет депутатгары өкіметті басқарудан қалды.
Қазақстандағы ауылдар мен қалалар арасындағы әбден асқынған әлеуметтік ауытқушылық көптеген адамның, отбасының тағдырын таптап, шексіз қүлдырауға, жалаң идеологияның сойылын соғып, оның қара қүлы болуға мәжбүр еткені бәрімізге мөлім. 1989 жылдың 28 наурызында Қазақ КСР Министрлер кеңесі Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Жезқазған, Қостанай, Семей, Талдықорған, Орал және Шымкент облыстарының шал-ғайдағы аудандарының әлеуметтік дамуын жеделдету жөнін-дегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Бұл республикадағы мүлгіп жатқан ауылдардағы өлі тыныштықты бұзған каулы болып табылды.
Бұл құжатта Қазақстандағы 205 ауылдық ауданның 71-інің әлеуметтік даму дәрежесі өте төмен, ал онын, 30-ының мүлдем мешеу қалғандығы ашық айтылды. "... Осы 30 ауданда 1 млн. аса адам түрады. Ал, олардың 900 мыңы қазақтар. Ондағы әйелдің әдетте 6-8-ден баласы бар, балалардың шетінеуі ең жоғары деңгейде" — деді. Н.Ә.Назар-баев осы мәселеге арналған мәжілісте. 1990 жылдан бастап осы аудандардың "ұмыт қалған" ауылдардың әлеуметтік дамуын жеделдету мақсатында 200 миллион, кейін 274 миллион сом қаржы бөлінді. Еліміз тәуелсіздік алып, еңсесі көтерілгенде түп бесігіміз — ауылдардағы тыныштықты жойып, аддыңғы қатарлы дамыған өркениетті елге айналу — басты мақсат болды.
1989 жылы ақпаңда "Невада - Семей" деп аталатын ядролық сынақтарға қарсы қозғалыс дүниеге келді. Қазақстандық ядролық қарусыз дүние үшін күресушілер өздерінің невадалық әріптестеріне достық ниеттерін білдірді. Қозғалыстың негізгі мақсаты Семей полигоны, әлемдегі басқа да ядролық қаруға қарсы күресушілер әлемнің түрлі елдеріңдегі азаматгык қарсылық көрсету марштарына қатысты. Бұл қозғалыстың құрамына "Әлем дәрігерлері ядролық соғысқа қарсы", "Парламентшілер ғаламдық шараларды қолдайды", "Гринпис" ұйымдары, Жапония, АҚЩ, Германия, Франция және басқа да елдердің күрескерлері енетін. Халықаралық ядролық қаруға қарсы альянсқа айналуына мүмкіндік берді. Қозғалыс бөлімшелері Қазақстанның барлық қалалары мен аудандарында, сондай-ақ Ресей, Қырғызстан, АҚШ пен Түркияда ашылды.
"Невада-Семей" қозғалысының жетекшісі О.Сүлейменов халықаралык қозғалысы өте аз мерзім ішінде Семей полигонындағы ядролық сынақтар санын қысқартуға көмектесті.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев өзінің 1991 жылғы 29 тамыздағы Жарлығымен 459 ядролық сынақ өткізген Семей полигонын жапты. Бұл акция біздің еліміздің атом каруын таратпау саясатының басы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет