Майдандардағы соғыс қимылы Әскери бөлімдерді кұру барысында Ә. Жангелдин (Дала әскер комиссары), А. Иманов (Торғай әскер комиссары), Б. Қаратаев (атты әскер бригадасының политругі), М. Масанчи, О. Исаев, А. Розыбакиев, А. Оразбаева т.б. көп еңбек сіңірді. Ә. Жангелдин басқарған экспедиция Еділ, Каспийді жүзіп, Ақтөбе майданына қару-жарақ жеткізді. 1919 жылы қаңтарда Қызыл Армияның шығыс майдаынындағы бөлімдері Орынбор мен Оралды ақ гвардияшылардан босатты. 1919 жылы көктемде Колчактың контрреволюцияшыл топтары қайтадан шабуылға шықты. Ақ гвардияшылардың қатыгездігі Атаман Дутов пен Анненковтің казактары қазақ еліне ерекше қатыгездік жасады. Мысалы, 1918 жылы қазан айында Өскеменге «Монғол» кемесімен келген атаман Б. Анненков ескемендік коммунист, революционер Я. Ушановты киізге орап өртеген. Б. Анненковтің казактары 1918 жылы Солтүстік Жетісудағы Лепсі уөзінің Подгорное ауылында 250 адамды өлтірген. Мұның барлығы Қазақстан шаруаларының ақ гвардияшыларға қарсы ұйымдастырылған партизан соғысына шығуына себеп болды.
6.Қазақ Кеңес мемлекетінің құрылуы 1919 жылы 10 шілдеде В.И. Ленин «Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы» декрет қабылдады. Қазревком кұрамына Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстары, Астрахань губерниясының шығыс бөлігі кірді. Қазревком терағасы С. Пестковский болды. Мүшелері: А. Байтүрсынов, Ә. Жангелдин, Ә. Әйтиев, Б. Қаратаев, С. Сейфуллин, С. Мендешев, М. Сералин, В.А. Радус-Зенькович т.б. 1920жылы 9наурызда Қазревком «Алашорда» үкіметін таратты. Қазревкомның үнқағазы «Ұшқын» газеті болды. Қазақ АКСР-ның құрылуы.1920 жылы 20 тамызда РКФСР құрамындағы «Автономиялы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декрет қабылданды. 1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің съезі өтті. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетініңтөрағасьі С. Мендешев, ал Қазақ АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесініңтөрағасы В.А. Радус-Зенькович болды. Съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды. «Декларацияда» Қазақ АКСР-ның мемлекеттік басқару оргаңдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалды.