Лекция №1 Кіріспе дәріс. Қазақстан қазіргі замандағы тарихы пәні



бет57/114
Дата15.04.2023
өлшемі1,69 Mb.
#82945
түріЛекция
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   114
Байланысты:
Ëåêöèÿ ¹1 ʳð³ñïå ä?ð³ñ. ?àçà?ñòàí ?àç³ðã³ çàìàíäà?û òàðèõû ï?í³

Жаңаөзендегі оқиғалар
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы мұнай, газ кен орындарына жұмыс күшін үкімет сырттан әкелді. Сырттан келгендер мен байырғы тұрғындар арасында әлеуметтік әділетсіздік орын алды. Мұндай әділетсіздік үй, азық-түлік бөлуде де орын алды. Жастар арасында жұмыссыздық көбейді. Тұрғын үй кезегі ұзаққа созылды. Сонымен қатар сырттан келгендер қазақ халқының ұлттық мүддесімен санаспады. Осының бәрі 1989 жылғы Жаңаөзен қаласындағы қазақтар мен Кавказ ұлттарының өкілдері арасындағы қантөгіске ұласқан қақтығысқа себеп болды. Қақтығыс әскерилердің көмегімен басылды. Осы оқиғадан кейін сырттан вахтамен жұмыс істейтіндер қаладан әкетілді.
Қарағандыдағы кеншілер ереуілі
1989 жылы шілдеде Қарағанды көмір кенінде жұмыс істейтін кеншілер ереуілі болды. Ереуілге 15000-ға жуық адам қатысты. Олардыңталабы: жалақы есіру мәселесін шешу, Семей ядролық полигонын жабу, орталықтың монополиясын тоқтату т.б. Ереуілді Д. Тегісов, М. Рамазанов, П. Шлегель, П. Перебойнос т.б. басқарды. Ереуілшілермен кездесу үшін Қазақстан коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.Ә. Назарбаев Қарағандыға келіп, ереуілшілерді тыныштандырды. Кеншілер мен республика үкіметінің көзқарасы бір жерден шықты.
Кеңес саяси жүйесіне реформа
1989 жылы мамырда КСРО халық депутаттарының I съезі өтті. Съезде елді жайлай бастаған дағдарыстың себебі туралы мәселе қаралды. Бұл съезден кейін компартияның билігі өз беделінен айырыла бастады.
М. Горбачев бастаған партия басшыларының қызметіне сын айтылу көбейді. Партиямен қатар комсомол,кәсіподақ қызметтері де үздіксіз сыналды.

КСРО халық депутаттарының I съөзінде жаңа одақтық келісімшартты жасау мәселесі көтерілді. Бірқатар одақтас республикаларда егемендік туралы декларация қабылданды.
1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзінің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылдады.
Қоғамдық-саяси қозғалыстар
80 жылдардың аяғына қарай демократиялық процестің жандануына байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар құрыла бастады.

  1. жылы Қазақстанда алғашқы болып «Невада-Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Қозғалыстың мақсаты - республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы - О. Сүлейменов. Ақын, қоғам қайраткері М. Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экология-лық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды.

  1. жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды.

1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды.
Жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын кұрды.
1991 жылы Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды.
1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция екілдері кірді.
Осы кезде «Желтоқсан» партиясы қүрылды. Бұл партияның қүрамына 198бжылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді.
1989 жылы «Әділет» қоғамы кұрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру көзіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақ-станда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақтілі», «Мұсылман әйел-дер лигасы» сияқты қоғамдық-саяси қозғалыстар құрылды. 1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғамдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қоз-ғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде Қазақстандағы көптеген қоғамдық-саяси қозғалыстар әлсіз және қалыптасу кезіңде болды. «Невада-Семей», «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүшелері мен белгілі дәрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды.
1990 жылы Қазақстан коммунистік партиясы кұра-мында 800000-ға жуықмүше болды. Осы кезден бастап компартияға деген халықтың сенімсіздігі күшейді. Бұл жағдай компартия беделі түсуіне айтарлықгай әсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42%-ы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49000-ға кеміді.
90 жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің жазалаушы күші болған казактар ұйымы пайда болды. 1991 жылы 15қыркүйекте Орал каласында казактар патша үкіметіне қызмет етуінің 400 жылдығын мерекелеуге шешім қабыддады. Бұл, шындығында, қазақ халқының ұлттық мүддесімен санаспағандықтың дәлелі. «Азат», «Желтоқсан», «Парасат» қозғалыстары бұл әрекетке ашық түрде қарсы шықты. Жаппай қақтығысқа ұласа жаздаған бұл әрекет жоғарыда аталған қозғалыстар мен құқық қорғау органдарының араласуымен тоқтатылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет