2. Негізгі баға. Төрешілік әрекеттемесі Мектептегі спорттық жарыстардың мәні. Спорттық жарыстар мектептегі спорт бойынша оку-тәрбие жұмыстарында тиянақты орын алады. Спорттық жарыстардың мәні жан-жақты.
Біріншіден, жарыс белгілі бір уақыт ішіндегі оқу-спорт жұмысының қорытындысын шығару формасының бірі есебінде қарастырылуы керек. Осыған байланысты жарыс оқушылардың оқу-спорттық даярлығын тексерудің бір түрі болып табылады.
Екіншіден, спорттық жарыстардың патриоттық, ұжымшылдық, өз мектебінің намысын қорғауға дайын болушылық, спортты сүю, қайсарлық, ерлік, ұстамдылық, жауапкершілік, тәртіптілік, жолдастық және т. б. тәрізді маңызды моральдық-ерік және адамгершілік сияқты сапаларын тәрбиелеу мақсатындағы оқушылардың ұжымдық тәрбие құралы болып табылады. Жарысқа даярлану барысында осы қасиеттер мен мінез-құлық белгілері арнайы дайындықтан; өтеді, ал жарыс кезінде олар тексеруден өтіп, болашақтағы шыңдалуға бағыт алады.
Үшіншіден, спорттық жарыстар оқу-машықтану процесінің жалғасы болып табылады, өйткені жарыс барысында жалпы және арнайы спорттық-техникалық даярлықтың жетілдірілуі іске асады, жарысушылардың техникасы мен тактикасы байытылады, мектеп ұжымы бірлесе жұмыс істейді, тәжірибе алмасу ісі жолға қойылады және спорттың жекелеген түрлерінің алдынғы қатарлы техникасы көрнекі түрде көрсетіледі.
Төртіншіден, жоспарлы және жүйелі түрде өткізілетін спорттық жарыстар спорт ұжымының оку-машықтану жұмысында тиісті «болашақ бағытын» (А.С.Макаренко түсінігі бойынша) айқындап береді. Оку-тәрбие жұмысының кез-келген кезеңінің анық әрі айқын міндеттері сабаққа деген саналы көзқарасты қалыптастырады, тәртіпті нығайтып, оған оқушылардың қызығушылығын арттырады.
Бесіншіден, спорттық жарыстардың үлкен үгіт-насихаттық мәні бар. Жарыс тудырған жағымды көңіл-күй қатысушылардың спортқа және спорттық жаттығулармен айналысуға қызығушылықтарын арттырады және жас көрермендердің спортқа белсенді түрде қатысуына септігін тиігізеді. Ең ақырында, алтыншыдан, спорттық жарыстар арнайы ұйымдастырылған шара болып табылады. Өйткені жоғарыда айтылған барлық жарысқа тән ерекшеліктерді терең ұштастыра қолдану арқылы оқушылар жеңіске жету мен рекордтар жасауы үшін өздерінің күшін толық көрсетуге мүмкіндік алады.
Мұғалім спорттық жарыстардың осы бір бай тәрбиелік мазмұны оқушылар ұжымымен жүргізілетін оқу-машықтану жұмыстарында біліктілікпен пайдалануы керек.
Жарыстың жалпы мақсаттары мен міндеттері мынадай:
а) өскелең ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілікпен берілгендік рухында тәрбиелеу;
ә) спортты жас спортшылар арасында кең тарату;
б) оқу-спорт жұмыстарының қорытындысын шығару және күшті командалар мен жеке
қатысушыларды анықтау;
в) жастардың денсаулығын нығайтуға жөне осы негізде спорттық-техникалық
нәтижелердің өсуіне жағдай туғызу;