Лекция 25-26. Жарыстарды ұйымдастыру мен өткізудің жалпы сипаттамасы Жоспар: 1. Жарыстарды ұйымдастыру мен өткізу
2. Сайыстар тәртіптерінің жалпы сипаттамасы
1. Жарыстарды ұйымдастыру мен өткізу Жаттығу жарыстық дайындық жүйелерінің негізгі барынша маңызды құрамдас бөлігі мыналар болып табылады: 1) іріктеу және спорттық бағдарлау жүйесі; 2) жарыс жүйесі; 3) спорттық жаттығу жүйесі; 4) жаттығу және жарыстық қызметтің тиімділігін арттыратын қозғаушы күштердің мына жүйелері: а) мамандар дайындау; ә) ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыздандыру; б) медициналық - биологиялық қамтамасыз дандыру; в) материалдық-техникалық қамтамасыздандыру; г)қаржыландыру; д) ұйымдастыру-басқарушылық қозғаушы күштері; е) сыртқы орта қозғаушы күштері .
Іріктеу және спорттық бағдарлау жүйесі- бұл баланың, жас жеткіншектің, жасөспірімнің белгілі бір спорттық мамандыққа (спорттық пәнге) жоғары дәрежелі бейімділігін, дарындылығын анықтауға мүмкіндік беретін педагогикалық, медициналық-биологиялық, психологиялық және әлеуметтік сипаттағы ұйымдастыру-әдістемелік шараларының кешені (комплекс). Үзіліссіз нәтижелердің өсуімен және үнемі күшейіп отыратын бәсекелестікті сипаттайтын осы заманғы спортта түгелдей дерлік даму деңгейінде тұрған дене, психикалық және интеллектуалдық қабілеттерін жинақтау және қажетті қызметтік құрылымын меңгерген спортшыларды айқындау ерекше маңызды.
Іріктеу жүйесіне қойылатын басты талап көп жылдық дайындық жүйесінің бөлінбейтін бөлшегі болуы тиіс, өйткені қабілеттілік тек жаттығу және тәрбие барысында көрінуі мүмкін және күрделі диалектикалық бірліктің, яғни туа бітті және кейін меңгерген, биологиялық және әлеуметтік жағдайлардың себебі болып табылады.
Жарыстардың жүйесі. Спорттық жарыстар, спорттағы ерекше қызмет түрі болып табылып, дайындықтың мақсатын және бағытын анықтайды, сонымен бірге шұғылданушылардың дайындық деңгейін салыстыру және арттыруға мүмкіндік беретін маманданырылған жаттығулардың маңызды құралдарының бірі ретінде пайдаланылады.
Спорттық және экономикалық мақсатқа сәйкестігі, өткізілу жағдайы, дәстүрлері ескеріліп әрбір спорт түрінің өзгеше ерекшеліктеріне қарап жарыс жүйелерін құрайды, ал олар, өз кезегінде әлемдік, ұлттық, аймақтық және жергілікті деңгейде сабақтастықта болады.
Осы заманғы спорттың спорттық жарыс жүйесі қызметі ерекше кең және көп түрлі. Жарыс жүйесі спортшылар шеберлігін жетілдіруді басқарудың маңызды әмбебап тетігі болып табылады. Ол жаттығу барысының мазмұнын, бағытын және құрылымын көп дәрежеде анықтайды; бақылау құралының міндетін атқарады; спорт түрінің дамуына елеулі әсер етеді; спорттық дайындықтың отандық және әлемдік жүйелерінің өзара қарым-қатынасын жедел ұйымдастыруға мүмкіндік береді; спорттың халыққа таралуын дамытуға мүмкіндік жасайды; дәлелдеу тетіктерін қалыптастыруға белсенді әсер етеді.
Алайда белгілі жағдайларда жекелеген жарыстар спортшыны дайындау жүйесі шегінен шығып кетеді, өйткені ол көпжылдық және жылдық циклдағы осы дайындықтың қортындысы болып табылады. Мұндай жарыстарға Олимпиадалық ойындар, Әлем және Еуропа чемпионаттары, ал спорттық дәрежесі төменірек спортшылар үшін басты мақсаттағы жарыстарға Республикалық, аймақтық және т.б. жарыстар жатады.