Лекция 13. Акробатикалық қарғулар тәсілі туралы түсінік Жоспар: 1. Акробатикалық қарулардың құрылымы. 2. Қосымша орындалатын акробатикалық жаттығулар
3. Трекпен байланысы. Ұшкандағы әрекет. Жерге қону тәсілі.
4. Тіреніп секірудің фазалық кұрылымы.
1. Акробатикалық қарулардың құрылымы. Акробатика — гимнастика спортының жеке бір түрі. Спорттық гимнастиканың еркін жаттығуларының негізін қалайды. Кейін келе өз алдына спорттық акробатика деген атпен мынадай жаттығулар жиынтығын құрайды:
акробатикалық еркін жаттығулар;
жүптасып орындайтын жаттығулар;
топтасып орындайтын жаттығулар.
Акробатикалық жаттығулардың алуан түрлі болуы оларды кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. Акробатикалық жаттығулар өзінің құрылымы мен динамикалығы жағынан адамның қимыл қабілетін жетілдіруде негізгі рөл атқарады және бұл жаттығуларды спорт алаңында ғана емес, үй ішінде де, сондай-ақ таза ауада, көгалды жерде орындай беруге болады.
А кробатикалық жаттығулар 1. Екі оқушы бір-бірінің көмегі арқылы қолмен жүру. Бастапқы қалып - бір оқушы екі аяғын алшақ ашып еденге етпетінен жатады. Екінші оқушы оның аяғынан ұстап көтереді де, бірінші оқушы межеленген жерге қолымен жүріп жетуге тиіс болады. Белгіленген жерге жеткеннен кейін, олар рөлдерін ауыстырады. Қолмен жүруге жаттығып болған соң, қолмен секіріп жүруге ауысуға болады. Оқушылардың саны жеткілікті болса, екі командаға бөлініп, жарыс өткізу де жақсы нәтиже береді. Бұл жаттығу негізінен адамның қол күшін жетілдіреді.
Жерге қолды тірей етпеттеп жатып, шынтақты бүгіп, жазу. Бұл жағдайда кеуде еденге тиеді. Дене қозғалмағаны жөн. Бұл жаттығуды үйде, бөлмеде орындап жаттығуға болады.
Акробатикалық жаттығулар орындаудың техникасын үйрену барысында жүйелілікті қатаң сақтау керек. Ілгері кейін домалап түсудің (тоңқалаң асудың) техникасын үйренуге көшуден бұрын аяқ, қолды бауырға алудың және домалап түсудің техникасын жақсы меңгеріп алу кажет.