Лекция №1 Кіріспе. Тәрбие үдерісі-тұтас педагогикалық үдерістің кұрамды бөлігі


Лекция № 6 Қазіргі таңдағы мектептің тәрбие жұмысы үдерісіндегі педагогикалық қолдау



бет7/16
Дата23.09.2022
өлшемі129,95 Kb.
#39977
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
Лекция ТЖТӘ

Лекция № 6 Қазіргі таңдағы мектептің тәрбие жұмысы үдерісіндегі педагогикалық қолдау.
1.Педагогикалық қолдау - педагогтың қазіргі педагогиканың гуманистік парадигмасын бейнелеп көрсететін миссиясы.
2.Педагогикалық қолдаудың тиімді жағдайлары (тұлғааралық қатынастар атмосферасы, қарым-қатынас стилі, педагогикалық әдеп және т.б.).
3.Педагогикалық қолдаудың әдістері мен тәсілдері.

Тәрбие үдерісінің нәтижелілігі көбіне оған болған педагогикалық қолдаудың дұрыс ұйымдастырылуына тәуелді. Мұндай қолдау бүгінгі таңда төмендегідей қарастырылады:


- нақты адамға оның денсаулығы мен психикалық қалпына, оқуына, тұрмыстық әрі кәсіби бой тіктеуіне кедергілердің алдын алу және нақты іс-әрекеттік көмек көрсету;
- адамның жеке басы ерекшеліктерінің орнығу үдерісін қамтамасыз етуге бағытталған педагогикалық қызметтер;
- ауытқуға бейім қылық-әрекет қиыншылықтарын жеңуге бағытталған ықпалдасты әрекеттердің ерекше түрі;
- келеңсіз мінез әрекеттеріне бейім жас өспірімге нақты жекеленген жәрдем беру;
- баланы басшылықты жетекке алу;
- тәлім-тәрбие мекемесінің педагогикалық қолдау проблемасын өзінің өмірлік принципіне айналдыруы;
- балалардың өзін-өзі тану шартына айналып, оқу мен тәрбие шеңберін үйлестіруге бағытталған мұғалім мен оқушы ықпалдастығын күшейте түсу.
Педагогикалық қолдау – бұл: а) тәрбиеленуші сенімінен шығу; б) көбіне педагогикалық қолдау қажеттігін өзі сезбейді, бірақ оған мұқтаж болған тәрбиеленушілерге қол ұшы жәрдемін беріп, қолдап-қуаттау.
Педагогикалық қолдау мәні: жайма-шуақ психологиялық жағдай жасау; тұлғаның өз бойындағы мүмкіндіктерін өзінше іске асыруына шарт-жағдайлар түзу; өз қадір-қасиеті мен ар-намысын сақтап қалуға және ұтымды нәтижеге жету жолындағы кедергілерді бірлікті жеңіп бару; «жәрдем бер» деп алақанын ашық жайып отырғанға ғана емес, достық ықылас-ниетке мұқтаж болғанның бәріне көмек көрсету; әрқандай тәрбиешінің өмірдегі өз орнын табуға құштарлық білдірген тәрбиеленуші проблемаларын өз назарында ұстай білуі; тәрбиешінің кәсіби деңгейінің жоғары болуы.
Педагогикалық қолдаудың көрініс формалары – жылы лебіз; құлақ сала білу, қажет болса – кеңес беру; тәрбиеленушіге сенім; оның құқығын қорғау; тәрбиешінің балаға болған қамқорлық қатынасы; шәкірттің қандай да табысын көре танып, оған ұнамды баға беруден жалықпау және т.б.
Педагогикалық қолдау:
1) тәрбиеленушілердің баршасына бағытталып, оларға деген қамқорлық пен сенім қатынасында көрінумен өзара сыйластық, түсіністік, қызметтестік көңіл-күй жағдайын түзуге көмегін тигізеді;
2) жеке тұлғаға бағытталып, оның дамуына, білім игеруіне, тәрбиелілігіне, өз басы проблемаларын шешуге жәрдем көрсетіп, азаматтың өзгерістерін диагностикалап баруға мүмкіндік береді.
Жеке тұлғаға арналған педагогикалық қолдаудың мазмұны – адамды алда көздеген нәтижелерден алшақтататын кедергілерді жеңу жолдарын қамтиды. Мұндай кедергілердің түрі:
- субъектив (тұлғалық) «Мен» - кедергілер: өз бетінше дербес шешім қабылдауға қажет ақпараттың болмауы (ақпарат толықса, кедергі сол бойда жойылады); адамның қосымша еңбектенуінің қажеттігі (қол ұшы жәрдем беріп, ынтасын көтеру); тұлғаны күйзеліске келтіретін кемшіліктер (тән-денелік, психикалық, арақатынастық); білім және тәжірибе жетіспеуі;
- объектив (әлеуметтік) «Олар» - кедергілер: (әлеуметтік орта – мұғалімдер, әкімшілік, дос-жарандар, құрбы-қатарлар, отбасы және басқалар).
- материалдық кедергілер (отбасының қаржылық жағдайы және т.б.).
Тəрбие əдістерін таңдау
Тәрбие әдістерін таңдау – күрделі проблемалардың бірі.
Тәрбиешінің кәсіби қызметтерін орындау барысындағы тәрбие әдістерін таңдауы әрі оларды пайдалануы көптеген қалыптасқан шарттар мен мүмкіндіктерге тәуелді. Мұндай шарттар түрі: ниеттелген тәрбие мақсаттары мен міндеттері; тәрбиеленушілердің жас және даралық ерекшеліктері; тәрбие мезеті; шәкірттердің қызығулары мен қажеттері; оларды қоршаған әлеуметтік жағдайлар; тәрбиеленуші қатысқан топтың қалыптасу деңгейі; күтілген нәтижелер; тәрбиешінің өз басы мүмкіндіктері.
Тәрбие әдісін таңдау негізінде тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы гуманистік қатынас болуы шарт. Қолданылатын әдістердің тиімділігі келесі жағдайларға байланысты: таңдалған әдістің шынайы әрі нақты шарттарға сәйкестенуі; әдісті қолдану мезетіндегі тәрбиеленушілердің психологиялық қалпын кәсіби көрегендікпен сезе білу; әрқилы тәрбие әдістерін өзара үйлестіре пайдалану; таңдалған әдісті тәрбие шараларымен толықтыра түсу; әрбір әдісті қисынды нәтижеге жеткенше орынды пайдалану.
Тәрбие әдісін таңдай отырып, тәрбиеші әрбір тәрбиеленушіге өз жасампаздық іскерлігін жүзеге асыруға, даралық шығармашылығын танытуға, табыс көздерін іздестіре білуге, нәтижелерді болжастыруға, көзделген мақсатты іске асыруға толық мүмкіндік беретіндерін пайдалануға ұмтылуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет