Лекция №1 Кіріспе. Тәрбие үдерісі-тұтас педагогикалық үдерістің кұрамды бөлігі



бет1/16
Дата23.09.2022
өлшемі129,95 Kb.
#39977
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Лекция ТЖТӘ


Лекция № 1 Кіріспе. Тәрбие үдерісі-тұтас педагогикалық үдерістің кұрамды бөлігі
1. Тәрбие–мәдени-тарихи феномен.
2.Тәрбиенің гуманистік парадигмасы. Ақпараттық және білімдік ашық кеңістік кұрылымындағы тәрбие.
3. Тәрбие үдерісінің мақсаты мен міндеттері.
4.Тәрбие жұмысының бағыттары: рухани-адамгершілік, еңбек, құқықтық, дене, денсаулық сақтау, Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, азаматтық және толеранттылық.
Тəрбие сөзі араб тіліндегі халаха түбірінен шығады. Мағынасы: мінез, табиғат, жаратылыс, сипат деген мағыналарға келеді. Терминдік мағынасына сай, адамның жақсы мен жаманды ажыратуына себеп болған рухани таңдауларды, мінездер мен қатынастардың жиынтығын тәрбие деп атаймыз. Жалпы ислам сөзінің тілдік мағынасы: мойынсұну, мейірім, шапағат, тәрбие, қабылдау деген мағыналарды береді. Терминдік мағынасы: Пайғамбарлар арқылы жаратушы тарапынан жіберілген әмірлермен тыйымдардың жиынтығы. Осы әмірлер мен тыйымдарға мойынсұна отырып тәрбиеленген адамды «Мұсылман» деп атаймыз. Демек, мұсылман тәрбиелі адам деген сөз екен. “Тәрбие” термині маңызын кеңейтіп, мағынасын өзгертті. Қазіргі таңда бұл сөзді «тамақтану», «асырау» сөзімен көп байланыстырмайды, ал бұл сөзді қолданса да рухани мағынасы жоғары сөз ретінде пайдаланады.
Ғылыми мағынасы қалыптасқанға дейін ол қарапайым тілде қолданылып, баланы тәрбиелеу салт-дәстүрі негізінде жүзеге асырылған. XIX ғ. К.Д.Ушинскийді өздерін тәрбие туралы білемін деп санайтын, алайда керісінше, түк білмейтін адамдардың сағымын бұрап шығарған адам десек те болады. Сондай-ақ, атақты физик А.Эйнштейн психологтан балалар ойыны туралы тыңдай отырып, атомның құрамы балалардың ойынының жанында бала ойыны дейді. Бұл арқылы балалардың психологиялық, рухани, физикалық жағынан өсіп жетілуі үлкен, әрі өте қиын үдеріс екенін мойындаймыз. Сөз арасында біз «бала көп ақпаратты бірден қабылдай алмайды» немесе «оқушылар мәдениетті бойларына сіңіруде» дейміз. Демек, ең түпкі мағынасы «тамақтану, сіңіру» екенін байқаймыз. «Тамақтану» ағзаның өсуіне байланысты қолданылған сөз. “Тамақтану” кішкене адамның әлеуметтенуін, мәдениетке енуін, мәдениетті игеруін білдіреді. «Тәрбие» сөзімен қатар психологияда «педагог» сөзі де мағынасын өзгерте қолданылады, негізі грек сөзі педагог баланы мектепке апаратын «құл» дегенді білдіреді, кейін кәсіби түрде «баланы өмірге апаратын» деп қолданылды.
Қазіргі таңда тәрбиеге нақұрыстық көзқарас қалыптасқан. Оқыту, қинау, бұйрық беру немесе ұзақ мораль оқу сөздерімен байланысты болып қалған. Осындай жағдайларда көп адамдар тәрбиені оның басына, ойына қол сұғушылық деп қабылдайды. Айтылған ақылға «мені үйретпе!» деп жауап беріп жатқанын да байқаймыз. Нағыз тәрбие бар жерде жалықтырар әңгіме жоқ. Ал егер ұзақ ақыл айтар болса, тәрбие көзін табу да қиын болады. Орталық түсініктердің ішінде «тәрбие» сөзімен қатар «дамуы, өсу» көзі де маңызды рөл атқарады. Алдымен, бала қоғамда өз бетінше өмір сүре алатын болған да, өз тағдырын, өз мінез-құлқын өзі басқара білетін, әлеммен өз қарым-қытынасын орнатқан кездегі қабілеті бар болса, онда “қалыптасу” терминін байқаймыз. Әлеуметтік тұрғыда тәрбие деп үлкендердің кішілерге азаматтық қасиетін қалыптастыруға тигізетін әсерін айтады. Тәрбиенің өзі неше түрлі саладан, моральдық, интеллектуалдық, эстетикалық және еңбекке үйретуден, дене шынықтырудан құрастырылады. Тәрбиенің осы түрлері ерте дәуірден басталып келеді. Аталған салалардың жасөспірімдердің есеюіне тигізетін әсері күшті болғанымен, «тәрбие» деген терминді түсінуде ғалымдар арасында түрлі пікірлер кездеседі: бірінші пікір бойынша, баланың басы – «таза тақта» (tabula raba) немесе «таза парақ».Сондықтан, оның көкейіне не жазам десең, соны жазуға болады. Баланың келешекте кім болатынын түгелдей тәрбиеші шешеді. Тәрбиеші баладан келешекте қандай адам жасап шығарғысы келсе, бәрі қолынан келеді. Екінші пікір бойынша, баланың көкейіне не болса, соның бәрін жазуға болмайды. Біреуді біреу тәрбиелей алмайды, әркім өзін-өзі тәрбиелеп, азамат қатарына жете алады. Соңғы пікір мына сияқты дәлелге сүйенеді: ешкім баланың басына өсиеттерді енгізіп, оның рұқсатынсыз ісін, қылығын сол өсиеттерге бағындыра алмайды. Бала үлкендерді тыңдағысы келсе, тыңдайды, тыңдағысы келмесе, тыңдамайды – өз еркі. Дәлелдің бұл түрі орынды сияқты. Бірақ, бірінші пікірді де жоққа шығаруға болмайды. Себебі: тәрбиеші баламен тіл тауып, жақын қатынаста бола алса, онда баланы өзінің сөзіне көндіріп, біразға дейін жетелеп, оны тәрбиелеуде едәуір дәрежеге жете алады. Біз осы екі пікірдің әрқайсысына тән қолайлы жағын алып, тәрбиеге ұмтылатын баланың өзі, оның келісімінсіз бұл салада нәтижеге жетуге болмайтынын мойындай отырып, егер тәрбиеші баланың «кілтін» таба алса, онда тәрбие саласында үлкен нәтижеге жете алады дейміз. Осыған қарағанда тәрбиенің ең негізгі мәселесі баламен әңгімені қандай тақырыпта жүргізуде емес, онымен байланысудың «кілтін» тауып, тіл алдыра білуде. Ал тіл алу не алмау неге байланысты? Баланың тіл алуы мынадай екі түрлі себептерге: біріншіден, балаға айтылған кеңестің мазмұнына, екіншіден, сол кеңеске ол қаншалықты құлақ асатынына тәуелді келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет