Аннал – жылнама Арфист әні – Жүз жылдан астам уақытта табылған б.з.д. XXII ғ. мазарында арфада ойнағанНеферхотеп деген кісінің дастанынан үзінді табылған, сол себепті оны «Арфист әні» атайды. параллелизм - ол бір өлең жолында сомдалған ойдың келесі өлең жолында қайталанып келуі немесе басқа бір көрші өлең жолындағы ойға қарсы қойылуы немесе келесі өлең жолдарында толығырақ сомдалуы көрсетілген мәтін құрылымы. Кейде өлең жолдары тармаққа бірігеді. Олардың көбісі мысырлық прозада қолданылады
Идиллия – қарапайым еңбек адамының табиғат аясында қамсыз, алаңсыз өмірін суреттейтін өлеңдер. Алғашқы үлгілерін көне дәуірде ежелгі грек ақындары туғызған. Рапсодтар - Гомерлік кезеңдегі аэдтердің ізбасарлары, олар мәнерлеп оқу жағын қабылдаса, кифаредтер - музыкальды-лирикалық жағына көңіл бөлген Сонет - әр шумағы 14 тармақтан құралатын өлең түрі. Эпиграмма – сықақ өлең, жеке адамға айтылады. Ертеректегі грек, рим әдебиетінде туған нұсқаларында тақырып ауқымы өте кең. Адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті, әр түрлі қоғамдық жағдайлар сыналған. Элегия – мұңда лирикалық өлең. Көбіне тұңғиық ойға шому, қамығу, жабығу сарындары басым болып келеді. Алғашқы нұсқалары екі тармақты өлең күйінде ежелгі грек, рим поэзиясында қалыптасқан. Ямб – Еуропа және орыс поэзиясында силлабо-тоникалық өлең жүйесінде қолданылатын өлшемнің бірі, екі буындық ырғақтық өрнек. Бұл өрнек Ежелгі Римде Катулл поэзиясында қолданылған. Қазақ және орыс тілдеріне аударылған әдебиеттер тізімі
Лунь юй. Орысшаға аударған Л.Переломов
Орысшаға аударған В.В.Малявин
Ригведа. Қазақ тіліне аударған Ә.Нілібаев
Махабхарата. Қазақ тіліне аударған Ә.Нілібаев
Рамаяна. Қазақ тіліне аударған Ә.Нілібаев
Авеста. Орысшаға бөлімдерін аударған.И.С. Брагинский
Гаттар. Орысшаға бөлімдерін аударған. И.М. Стеблин-Каменский