Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары лекция тезистері лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым


педагогикалық қызметкерлерді экономикалық тұрғыдан қызықтыру



бет65/90
Дата01.10.2023
өлшемі445,71 Kb.
#112145
түріЛекция
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   90
Байланысты:
Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары-emirsaba.org

педагогикалық қызметкерлерді экономикалық тұрғыдан қызықтыру (еңбек өтілі мен сапасына орай, біліктілік санаты мен атақ-дəрежелеріне сəйкес жалақы беру);


  • əкімшілік-ұйымдастыру əдістері (орындаушылар қызметтерінің шек-өлшемін белгілеу,нұсқаулар, бұйрықтар беру жəне т.б.);


  • психологиялық-педагогикалық ықпал жасау (кеңес, өтініш, тілек білдіру, алғыстар жариялау) жəне əсерлендіру (жанға жайлы психологиялық ахуал қалыптастыру, шығармашылық пен ынталылық сезімдерін көтеру, білім мекемесінің əлеуметтік даму болашағы жөніндегі болжамдармен таныстыру);


  • қоғамдық ықпалдарды пайдалану (педагогтар мен оқушыларды білім мекемесін басқаруға араластыру);


  • қоғамдық əсер əдістері (ұжымда демократияны нығайтып, басқалармен қатынаста шыдамдылық сақтау, мекеме қызметкерлерінің беделі мен мəртебесін ұлықтау).


    3.Басқару жүйесінің құрылымы, жұмыскерлердің лауазымы бойынша қызметтері
    29-суретте ұйымдастыру жоспарының құрылымы берілді.
    Сурет-29. Ұйымдастыру жоспарының құрылымы


    4. Басқару формасы, әдістері мен құралдары, қызмет түрлері (функциялары). Педагогикалық кеңес.
    Мектепті басқару мәселесіне арналған көптеген зерттеулер бар. Оларда мектепті басқарудың (Ю.А.Конаржевский, П.В.Худоминский, Т.И.Шамова, Н.Д.Хмель, Н.Н.Тригубова, Қ.Ж.Қарақұлов және т.б.) мәні ашылды. Басқарушылық еңбекті ғылыми ұйымдастырудың жүйесін енгізу бойынша (И.П.Раченко, Г.Т.Хайруллин және т.б.) мұғалімдердің шығармашылық зерттеушілік және эксперименттік қызмет әрекетін ұйымдастыру бойынша, ғылымды практикаға енгізу бойынша (Ю.К.Бабанский, Б.И.Загвязинский, В.В.Краевский, кәсіби жетілдіру бойынша (Я.С.Бенцион, Г.И.Горская, Б.А.Әлмұхамбетов және т.б. жұмыстар жүргізіледі.

    Мектеп басқарудың жаңашылдық аспектілері М.М.Поташник, И.И.Циркун, Н.Р.Юсуфбекова, Ш.Т.Таубаева, Т.М.Баймолдаев және т.б. еңбектерде талданған.


    Ал ғалым М.М.Поташник: «Басқару – мектептің қалыптасуын, тұрақтануын, тиімді қызмет етуін көздейтін мақсатты іс-әрекет» – деген анықтама береді.
    К.П.Вазинаның пікірінше, басқару – нақты бір мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін қалыптасуға жауап беретін жүйенің қызметі.
    Педагогикалық басқару әлеуметтік мақсатта жүзеге асады, ол адамдардың іс-әрекетін басқару мен олардың бірігуіне қатысты болады.
    Басқару субъектісінің қызметтер жиынтығын басшылық деп атайды. Атақты ғалым
    30-суретте мектепті басқарудың жоспары ұсынылды.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   90




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет