1. Педагогикалық және теориялық қақтығыс туралы түсінік. Ұжымдағы психологиялық ахуалдың мазмұндық сипатын адамдардың өзара қарым-қатынасы, олардың көңіл-күйі, хал-жайы, бірлесе атқарған жұмыс процесіне көңілі толуы айқындайтын болғандықтан психологиялық ахуалды сипаттауда эмоциялық бағаның маңызы зор. Жағымды әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптасқан педагогикалық ұжым қолайлы моральдық-психологиялық ауа-райымен, жылы шырайлылықпен, парыз бен жауапкершілікті құрметтеумен өзара талапшылдықпен, сергектікпен ерекшеленеді. Сондықтан да А.С.Макаренко ұжымдағы өзара қатынастағы сергек көңілді екпінге баса мән берген.
Әлеуметтік-психолоғиялық ахуалұжым мүшелерінің бірлескен іс-әрекет пен өзара қатынас процесінің сипатын танытатын ұжымның сезімдік-психологиялык жағдайларының жүйесін білдіреді. Әлеуметтік-психологиялық ахуалды осылай түсіне отырып, оның төмендегідей негізгі қызметтерін атауға болады.
Психологияда қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалдың басты көрсеткіштерін айқындау бағытында зерттеулер жүргізілуде. Бір жағдайларда көрсеткіш ерекшеліктері ретінде тұлғааралық, адамгершілік, сезімдік, құқықтық өзара қатынастар қарастырылса, ендігі бір жағдайларда ұжымдық әрекет тиімділігінің барынша жалпы сипаттамасына баса мән беріледі.
Ондай сипаттамаларға жататындар:
ұжым мүшелерінің ұжымда болғанына, ондағы еңбек процесі мен нәтижесіне қанағаттануы;
ресми жөне бейресми жетекшілердің беделін мойындауы;
ұжымдағы жарқын, көтеріңкі көңіл-күй;
ұжым мүшелерінің басқаруға және ұжымның өзін-өзі басқаруға қатысуының жоғары деңгейі;
ұжым мүшелерінің топтасушылығы мен ұйымшылдығы;
саналы тәртіп;
еңбектің өнімділігі;
кадрлардың тұрақтылығы.
Қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалдың бұл белгілерін педагогикалық ұжымға баға беруде қолдануға болады.
XX ғасырдың 60 жылдары соныңда әлеуметтік және педагогикалық психология ғылымдардың тоғысында «педагогикалық қарым-қатынас» ұғымы пайда болды.
XX ғасырдың 70 жылдары Т.Н.Мальковский қарым-қатынастың коммуникативті аспектісін, А.В.Мудрик мектептің өзара әрекеттесуімен тәрбиелеуші әсерлерін, В.В.Течет ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын ерекшеліктерін зерттеді.
XX ғасырдың 80 жылдары А.А.Бодалев, В.Я.Ляудис педагогикалық қарым-қатынасты педагогика ғылымының жаңа саласы деп көрсетті.