1) «Педагог» біліктілік санатына келесі кәсіби біліктіліктерге сәйкес келетін жұмыс өтіліне талап қойылмай, мамандығы бойынша жоғары педагогикалық және кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімі бар тұлғалар:
білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбиелеу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады;
білім алушының жалпы мәдениетін және оны әлеуметтендіруді қалыптастыруға ықпал етеді, білім беру ұйымдары деңгейінде өтетін іс-шараларға қатысады;
білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытудың жеке тәсілін жүзеге асыру, кәсіптік-педагогикалық қарым-қатынас негіздерін біледі, цифрлық білім ресурстарын қолданады.
2) «Педагог-модератор» біліктілік санатына келесі кәсіби біліктіліктерге сәйкес келетін педагогикалық өтілі кемінде екі жыл, мамандығы бойынша жоғары педагогикалық және кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімі бар тұлғалар:
«педагог» біліктілік санатына қойылатын жалпы талаптарға жауап береді;
білім алушылардың жетістіктері деңгейінде оқыту нәтижелеріне қосқан жеке үлесіне талдау жасайды және рефлексия жүргізеді;
білім беру ұйымы деңгейінде өз тәжірибесін жинақтайды;
білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысады.
3)«Педагог-сарапшы» біліктілік санатына келесі кәсіби біліктіліктерге сәйкес келетін, педагогикалық өтілі кемінде 3 жыл, мамандығы бойынша жоғары педагогикалық және кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімі бар тұлғалар:
«педагог-модератор» біліктілік санатына қойылатын жалпы талаптарға жауап береді;
ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын біледі, өзінің және білім беру ұйымы деңгейінде әріптестерінің кәсіби даму басымдылығын айқындайды және тәлімгерлікті жүзеге асырады;