Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары



бет63/92
Дата05.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#79593
түріЛекция
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   92
Байланысты:
2 . Лекция тезистері

1) «Педагог» біліктілік санатына келесі кәсіби біліктіліктерге сәйкес келетін жұмыс өтіліне талап қойылмай, мамандығы бойынша жоғары педагогикалық және кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімі бар тұлғалар:

  • оқу пәні мазмұнын, оқу-тәрбиелеу процесін, оқыту және бағалау әдістемесін біледі;

  • білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбиелеу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады;

  • білім алушының жалпы мәдениетін және оны әлеуметтендіруді қалыптастыруға ықпал етеді, білім беру ұйымдары деңгейінде өтетін іс-шараларға қатысады;

  • білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытудың жеке тәсілін жүзеге асыру, кәсіптік-педагогикалық қарым-қатынас негіздерін біледі, цифрлық білім ресурстарын қолданады.

2) «Педагог-модератор» біліктілік санатына келесі кәсіби біліктіліктерге сәйкес келетін педагогикалық өтілі кемінде екі жыл, мамандығы бойынша жоғары педагогикалық және кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімі бар тұлғалар:

  • «педагог» біліктілік санатына қойылатын жалпы талаптарға жауап береді;

  • білім алушылардың жетістіктері деңгейінде оқыту нәтижелеріне қосқан жеке үлесіне талдау жасайды және рефлексия жүргізеді;

  • оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;

  • білім беру ұйымы деңгейінде өз тәжірибесін жинақтайды;

  • білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысады.

3)«Педагог-сарапшы» біліктілік санатына келесі кәсіби біліктіліктерге сәйкес келетін, педагогикалық өтілі кемінде 3 жыл, мамандығы бойынша жоғары педагогикалық және кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімі бар тұлғалар:

  • «педагог-модератор» біліктілік санатына қойылатын жалпы талаптарға жауап береді;

  • ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын біледі, өзінің және білім беру ұйымы деңгейінде әріптестерінің кәсіби даму басымдылығын айқындайды және тәлімгерлікті жүзеге асырады;

  • өз тәжірибесін аудан/қала деңгейінде жинақтайды;

  • олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет