Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары


А.Маслоудың адами қарым-қатынас мектебі



бет7/92
Дата05.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#79593
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   92
Байланысты:
2 . Лекция тезистері

А.Маслоудың адами қарым-қатынас мектебі. Гуманистік адами қарым-қатынас–американдық, қазіргі батыстық бағыттардың бірі, ХХ ғасырдың 50-жылдары Калифорнияда өмірге келді. Гуманистік адами қарым-қатынас мектебінің зерттеу пәніне өзін-өзі белсендендіруге ашық мүмкіндік беретін толық жүйе ретіндегі тұлғаны жатқызады. Оның негізгі принциптерінің құрылуы мен пайда болуы американдық психолог Абрахам Харольд Маслоудың (1908 -1970 ж.ж.) есімімен байланысты.
А.Маслоу адам іс-әрекетінің, адам мінез-құлқының, қылықтарының негізгі көзі ретінде адамның өзін-өзі танытуға және өзін-өзі көрсетуге ұмтылуын қарастырды.
А.Маслоудың пікірі бойынша, өзін-өзі таныту туа біткен құбылыс, ол адам табиғатына енеді. Адамгершілік, жақсылық жасау, жақсылық тілеу адамның өзегін құрайды. Адам осы ізгіліктік қажеттіліктерін жүзеге асыра білуі керек. А.Маслоу өз теориясында осындай тұжырым дұрыс деп санап, басшылыққа алды. Өз көзқарастарын ол «Адамдық мотивация теориясы» (1934 ж.), «Психологияға шолу» (1934ж.), «Мотивация мен индивидуалдылық» (1970 ж.) атты ғылыми еңбектерінде баяндады.
А.Маслоудың өзі иерархиялық қатарға 5 деңгейлік қажеттілікті атап көрсетеді:

  1. Физиологиялық: аштық, шөл, жыныстық қатынасқа талпыныс және т.б.

  2. Қауіпсіздік және қорғаушылық: өмір сүруге қауіпсіздік, өмір сүру жағдайларының тұрақтылығы.

  3. Әлеуметтік: әлеуметтік байланыс, тілдесу, жақындық, басқаға және өзіне көңіл бөлу, бірге жұмыс істеу.

  4. Сыйластық (абыройлық): өзіне құрмет, сырт адамдардан құрметке ие болу, басқалар мойындап абыройлы болу, табысқа жету мен жоғары баға алу, қызметте өсу.

  5. Рухани: өзін орнын табу, өзіндік сипаттау, өзін-өзі тану (1-сурет).

Қажеттіліктер пирамидасы  – адамның қажеттіліктерін сипаттайтын иерархиялық моделі. Одан толығырақ санатталған иерархия да бар. Жүйеде жеті деңгейлі қажеттілік бар: физиологиялық (ең төменгі); қауіпсіздік; махаббат; құрмет; білім алу; эстетикалық; өзінің маңызын түсіну.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет