Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары


Лекция№ 2. Педагогикалық менеджмент педагогикалық жүйелерді басқарудың теориясы және технологиясы ретінде



бет10/92
Дата05.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#79593
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   92
Байланысты:
2 . Лекция тезистері

Лекция№ 2. Педагогикалық менеджмент педагогикалық жүйелерді басқарудың теориясы және технологиясы ретінде
Жоспары:
1. Білім берудегі басқару түсінігі, педагогикалық менеджмент теориясының негізгі түсініктері, мақсат-міндеттері, әдістері жүйе құраушы факторлары.
2. Мектепті басқарудағы әдіснамалық тәсілдер (жүйелі, гуманитарлы, құзыретті, адамға бағытталған т.б.).
3. Педагогикалық менеджмент сапасының талаптары.
4. Білім сапасы ғылыми басқарудың мақсаты мен нәтижесі ретінде.
5. Жүйені басқарудың қоғамдық мемлекеттік сипаты.
Ұсынылатын әдебиеттер
1) Бузаубакова К.Д. Білім берудегі менеджмент. Оқулық . -Тараз: ИП «Бейсенбекова А.Ж.», 2020. -383 б.2.Т.В.Паньшина, Ж.Ж.Айтпаева Педагогикалық менеджмент Алматы, 2012
2) Бузаубакова К.Д. Білім берудегі менеджмент: Тест тапсырмалары, кейстер. Оқу құралы . -Тараз: ИП «Бейсенбекова А.Ж.», 2020. -87 б.
3) Бузаубакова К.Д., Ахметова А.Н. Педагогикалық менеджмент және қазіргі мектепті басқару. Оқу құралы. -Тараз: ТарМПИ, 2015. - 156 б.
4) Баймолдаев Т.М. Мектепішілік басқаруды ұйымдастыру құрылымы.- Алматы, 2005.-145 б.
5) А.Қ.Дүйсенбаев Педагогикалық менеджмент:- Алматы: Отан ЖҚ., 2015.-187 б.
6) Баярыстанова Э.Т. Білімдегі менеджмент негіздері: Оқу құралы. - Ақтау, 2010. -87 б.
1. Білім берудегі басқару түсінігі, педагогикалық менеджмент теориясының негізгі түсініктері, мақсат-міндеттері, әдістері жүйе құраушы факторлары.
Менеджмент – өз еңбегін пайдаланып, интеллектісін және басқа да адамдардың тәртібін пайдаланып жетекшінің қойылған мақсатына жете білуі. Басқаша айтқанда, бұл – ғылым саласы және адамдар мен әлеуметтік процестерді басқару өнері.
«Менеджер» түсінігі, ең алдымен жаңа үлгідегі басшымен астастырылады, оның басты белгісі базалық кәсіби басқару білімінің болатындығы. Білім беру мекемелерін басқару дегеніміз – бұл әрбір адам жинақтай алатын тәжірибе ғана емес, бұл ғылыми білім саласы, оны игеру үшін табиғи бейімділік, талант және көшбасшылық қасиет керек. Қазіргі білім беру мекемесінің басшысы – бұл тек қызмет қана емес, сонымен қатар мамандық, өйткені бұл қызмет мамандықтың қажетті барлық белгілеріне ие: арнайы білімді, біліктілікті және бейімділікті, арнайы тұлғалық және кәсіби қасиеттерді қажет етеді.
Сонымен, басқару қызметі отандық және шет елдік ғалымдардың еңбектерінде төмендегідей анықталады: «Басқару дегеніміз – бұл алдын-ала нәтижені көре алу, ұйымдастыра білу, бұйрық беру, үйлестіру және бақылау».
Мектептегі басқаруды әртүрлі кезеңде әр бағытта зерттегендер: В.А.Караковский; В.А.Сухомлинский; Н.В.Сорока-Росинский, С.Е.Хозе; Е.А. Ямбург.
Мектепті басқарудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеген ғалымдар: Қ.Ж.Қарақұлов; Н.Д.Хмель; Г.Т.Хайруллин; А.К.Ахметов; Г.А.Уманов; А. П. Сейтешев; Р.М.Қоянбаев; және т.б.
ХХ ғасырдың 40-жылдары менеджменттің психологиялық жақтары қарастырыла бастады: өндірістің тиімділігіне адамдар арасындағы тұлғааралық қатынасты реттеу арқылы жетуге болады.
Жоғары педагогикалық білімді басқару (З.А.Исаева, С.Т.Каргин, А.А.Калюжный, С.И.Қалиева, Қ.С.Мусин, М.Н.Сарыбеков, К.С.Успанов, Н.Н. Хан және т.б.) мәселелерін кеңінен қарастырып келеді.
Білім беру саласындағы менеджмент (Т.Баймолдаев, Б.А.Қойшыбаев, К.Н.Нарибаев, К.Ж.Аганина, Г.Б.Нурлихина, З.М.Садвакасова және т.б), инновациялық білім беру (Г.К.Нұрғалиева, Ш.Т.Таубаева, К.Д.Бузаубакова және т.б) негіздеріне арналған зерттеулер жүргізді.
Қазіргі ЖОО-н менеджмент негізінде басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздерін Е.Ш.Қозыбаев қарастырса, ЖОО құрылымында мектеп менеджерлерін дайындаудың педагогикалық шарттарын З.М.Садвакасова, ЖОО қызметкерлері басшыларының басқарушылық шешімдерді қабылдау дағдыларын қалыптастыру мәселелерін Ю.А.Мастобаев, ал жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру процестерін басқаруды кәсіби қалыптастыруды П.К.Искакова өз зерттелеулерінде ашып көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет