2.Басқарудың негізгі элементтерінің сипаттамалары: мақсаты, құралдары, білім беру үдерісі Қазіргі заманғы 12 жылдыққа өтудегі тәрбие жұмысының мәні – жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалаулары мен қоғам талабына сай, өзін көрсете білетін жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті меңгерген, бәсекеге қабілетті, шығармашылығы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсаттан төмендегі міндеттер туындайды:
- тәрбиелеу және дамыту іс-әрекетін дамыту;
- құзыреттілікті қалыптастыру және дамыту;
- оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу;
- мақсат-мүдделері мен шығармашылық қабілеттерінің байқалуы мен қалыптасуына жағдай жасау.
12 жылдық мерзіммен оқытатын тәрбие беру мазмұндағы әрбір оқушының жеке ерекшеліктері ескерілген нәтижелер түріндегі құзіреттіліктер жиынтығы түзіледі. Ол құзыреттіліктер:
мәселені шешу құзыреттілігі;
ақпараттылық құзыреттілік;
коммункативтік құзыреттілік.
Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелер осы тұрғыда болу керек. 12 жылдық оқытудағы тәрбие жүйесі – жеке тұлғаны әлеуметтендіру процесін реттеу мен әлеуметтік рөлін игеруге ықпал жасайды. Тұлғаны әлеуметтендіру – мәдени элементтерді түсіндіру, мұраттар мен құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру.
Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қадалатын қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, тиянақты білім беру. Адам бойында ешқандай құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайды. Сондықтан тұлғаға айналдыру үшін құндылық бағдарлы тәрбиенің маңызы зор.
3.Адами ресурстардың құндылығы.
Құндылық – тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған мұраттар. Оларға шындық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, махаббат, шығармашылық жатады.
Құндылықтар – тек обьективті, яғни шынайы бола алады.
Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады. Осының нәтижесінде тұлға құндылықты игереді, іс-әрекет етеді.
Білім берудегі құндылық бағдар – сезім мен ақыл-ойға тең дәрежеде сүйену. Осы тепе-теңдіктің болмауынан білім жүйесінде сыңар жақты педагогикалық көзқарастар орын алып келгелі белгілі. Сондықтан да мектептерде құндылық-бағдарлы тәрбие үлгісін ұстанып, оны өмірге ендіру көкейкесті мәселерлердің бірі болып саналады.
Құндылық-бағдарлы тәрбиеде басшылыққа алынатын негізгі бағыттар:
тәрбиеге жалпы адамзаттық мәдениет тұрғысынан педагогикалық көзқарас қалыптастыру;
педагогикалық процес барысында жалпыадамзаттық мәдениетке енуді педагогикалық түсінік негізінде игеру;
тәрбие процесінің мазмұнын анықтауда адамдар үшін өмірге лайықты құндылықтар жүйесін белгілеу, ал білім мен білікті – адамның дүниеге қатынасын анықтайтын деп құрал деп қарау.
баланың бүкіл өмірін тәрбиелік процеске айналдыру;
баланың даму деңгейіне лайықты өмірлік мәселелерді сатылы түрде анықтап, баланы өз субьектісіне айналдыру.
Тәрбиедегі басты мәселе – балалардың тұлғааралық қатынасын дамыту, өз құрбы-құрдастарымен, отбасы мүшелерімен қарым-қатынасын жасай білу; ол үшін өзге адамдарды түсінуі, қабылдауы, өзінің көңіл-күйі, атқарған іс-әрекетінің есебін түсініп, істеген ісінің нәтижесіне өзіндік баға беруі тиіс.