Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары


Авторитарлық (өктемшіл) стиль



бет81/92
Дата05.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#79593
түріЛекция
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   92
Байланысты:
2 . Лекция тезистері

Авторитарлық (өктемшіл) стиль: басшының жеке басының үстемдігіне негізделген басшылық, басшы әрбір қарамағындағылардың іс-әрекетін тек өзі анықтайды, ал қарамағындағылар оны бұлжытпай орындауға міндетті.
Өктемшіл стильге басшының барлық шешімдерді жеке қабылдауы, сол сияқты жұмыскерді жеке адам ретінде елемеуі тəн. Басшы қол астындағы адамдарды, кəсіпорынның иерархиялық ұйымынан туындайтын олардың бұлжытпай бағынуын күтіп, өзінің заңды билігінің күшімен басқарады.
Демократиялық (жариялылық) стиль: басшылық бөлінеді, басшылыққа педагогтар да қатыстырылады, жауапкершілік бөлінеді.
Осы стильдерді бөліп көрсетудің басты ерекшелігіне басқарушылық шешімдерін қабылдау жəне басшының қол астындағы адамдарға қатысы ықпал етті.
Өктемшіл стильге қарағанда, басқарудың демократиялық стилі, басшының ұжымдық шешімдер жасауға тырысуы, адами қатынастардың маңызды екендігін түсінуімен сипатталады. Басшы қызметкерлермен бірлесіп ұйымның мақсаттарын жəне топ мүшелерінің жеке талап-тілектерімен келіседі, жұмыстарды бөліседі. Қызметкерлердің қызметін бақылау кезінде жəне оларды бағалауда ол объективті, бəрі білетін белгілерді басшылыққа алады, қол астындағы адамдарға қажетті көмектерін көрсетеді. Олардың мүмкіндіктерін арттыруға тырысып өндірістік міндеттерді, кəсіби құзыреттіліктерін өз бетімен шешеді, қажетті жеке қасиеттерін дамытады, оларға өкілеттіктерін табыстайды. Мұндай басшыны адамдарға үйірлігінен, сын көзбен қарау, өзін-өзі бақылау жəне қол астындағы адамдармен тең түрде ұстауынан ажыратуға болады.
Либералдық стиль: басшының іс-әрекеті аздау, ал оның қарамағындағы қызметкерлер өз шешімдерін қабылдауда толық еркіндік алады.
Либералдық стильге басшының шешім қабылдаудан жалтаруы немесе бұл міндеттерді басқа біреуге аудара салуға тырысуы, оның ұжым ісіне мүлде қатысы жоқтығы тəн. Мұндай стильді таңдаған басшы əдетте, өзінің қол астындағы адамдарға толық еркіндік береді. Басшылықтың барлық үш классикалық стилі көріністің сипатты түрлеріне ие. Өктемшіл басшыға бет əлпетінің қаталдығы, қатты, бұйрық бере сөйлейтін, өзін топтан бөлек ұстайтын қылықтары тəн. Демократиялық басшыға адамдарға үйірлік, сыртынан қарағанда мейірімді, өкімдері өтініш немесе ұсыныстар түрінде, сөз мəнерінде «мен» дегеннің орнына «біз» жүреді. Либералдық стильде басшының сыртқы келбеті ештеңеге қатысы жоқ, көрінбейтіндей.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет