«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс Сабақтағы оқу үшін бағалау Пол Блэк пен Дилан Уильям өздерінің «Қара жәшік ішінде» атты көпке танымал мақаласында қалыптастырушы бағалауды жақсарту оқушылардың үлгерімін артыратынын көрсетті. Төменде олар әріптестерімен бірлесіп мұғалімдерге өздерінің жұмыс әдістерін өзгертуге, ал оқушыларға өздерінің мінез-құлықтарын өзгертуге көмектескен, сол арқылы әр тарап оқу үшін өз жауапкершілігін түсінген жоба туралы әңгімелейді.
Пол Блэк, Кристина Хэррисон, Клэр Ли, Бетан Маршалл және Дилан Уильям 1998 жылы «Қара жәшік ішінде» атты мақала журнал бетінде пайда болды1. Содан бері біз «Сыныпта бағалау арқылы оқытудың стандарттарын арттыру» атты мақалада берілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті практикалық кезеңдер туралы көп нәрсе білдік.
«Қара жәшік ішінденің» бірінші тарауында біз үш сұраққа жауап бермек болдық. Бірінші, қалыптастырушы бағалауды жақсартудың оқытудың стандарттарын арттыратындығының қандай да болмасын дәлелдері бар ма? Жауап нығыз ИӘ болды, қорытынды бірнеше елдердің зерттеушілері жариялаған 250-ден астам мақалаларға жасалған шолуға негізделген болатын2. Тек білім берудегі кейбір жобаларда ғана стандарттарды арттырудың қажеттілігі туралы тұжырымды қолдайтын, күшті дәлелді базалары болды.
Бұл сұраққа құптайтын жауап алынғандықтан, екінші сұрақ туындады: Қай бағытта жылжу керектігінің дәйекті дәлелі бар ма? Бұл жолы да қолжетімді фактілерге қарап, анық ИӘ деген оң жауап алдық, сонымен қатар жағдайды толық бейнелейтін бұл жауап басты үш проблеманы анықтап берді: 1) мұғалімдер оқытуда қолданатын бағалау әдістері оқушының оқуға деген ынтасын арттыруда тиімсіз, 2) белгі қою арқылы бағалау тәжірибесі оқушының жеке тұлға ретінде жетілуіне емес, бәсекелестікке ерекше мән берілуіне алып келеді және 3) бағаға берілетін түсініктемелер әдетте балаларға, әсіресе нашар үлгеретін, яғни «қабілетім» жоқ, сондықтан оқи алмаймын деп санайтын оқушыларға кері әсер етеді.
Пол Блэк – Лондон Патшалық колледжінің Кәсіби оқыту және білім департаментінің еңбек сіңірген профессоры, Кристина Хэррисон сонда жаратылыстану ғылымдарының мұғалімі болып істейді. Клэр Ли – Уоркшир графтығы мұғалімдер кеңесінің кеңесшісі. Бетан Маршалл – Лондон Патшалық колледжі Педагогикалық факультеті Кәсіби оқыту және білім департаментінің ағылшын тілі мұғалімі. Дилан Уильям – Білім саласындағы тестілеу қызметі Оқыту мен оқуды зерттеу орталығының (Принстон, Нью Джерси) директоры. Олар Медуэй мен Оксфордшир графтығының жергілікті білім беру органдарына, осы жобаға тікелей қатысқан мектептерге, әсіресе өздеріне сондай зор жауапкершілік артқан мұғалімдерге алғыстарын білдіреді. Бұл мақалаға негіз болған жұмыс Нафилад Қоры мен АҚШ-тың Ұлттық Ғылым Қорының қолдауымен оқыту мен оқуды жақсарту мақсатында Стэнфорд университеті жанында өткізілген Сыныптағы бағалау жобасының аясында өткізілген. Бірақ осы мақалада айтылған пікір авторларға тиесілі. 2004 жыл, Дилан Уильям.
Қалай болған күнде де, үшінші сұрақ туындайды: Қалыптастырушы бағалауды қалай жақсартуға болатыны сипатталған материалдар бар ма?Бұл сұрақтың анық жауабы жоқ еді. Материалдарда жақсартуға арналған көп идеялар ұсынғанына қарамастан, онда мұғалімдерге осы идеяларды өздерінің сабақтарында қолдануға мүмкіндік беретін тетіктер болмады. Біз мұғалімдер «бұл идеяларды іске асыруға арналған өмірден алынған әртүрлі мысалдарға» мұқтаж деп шештік.