Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы «ВЕТЕРИАРИЯДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚҰЖАТТАМАЛАР» ПӘНІ Лекция № 3 ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ
• Техникалық-экономикалық негіздеу (ТЭО)
• Зерттеуге дайындау
• Жұмыс жоспары және зерттеуді өткізу
• Зерттеу нәтижелерін енгізу
Егер зерттеулер техникалық тақырыптар бойынша жүргізілсе, бірінші негізгі жоспар алдындағы құжат - әзірленеді, содан кейін қағидалық және тәжірибиелік зерттеулер жүргізіледі, ғылыми-техникалық есеп құрастырылады және жұмыстың нәтижелері өндіріске енгізіледі.
Техникалық - экономикалық негіздеу - тақырыптың өзектілігі
Тек осындай негіздеу жасалғанда ғана қарайғы жоспарлау мен қаржыландыру мүмкін болады.
Бірінші бөлімде тақырыпты техникалық-экономикалық негіздеу жұмыстың себептері көрсетіледі, ертеректе алынған нәтижелер мен зерттеудің жеткен деңгейі бейнеленетін қысқаша әдеби шолу келтіріледі.
Бұл зерттеудің кезеңдері мен міндеттерін, шешу әдістерін белгілеуге, тақырыпты орындаудың түпкілікті мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Тақырып бойынша патент жасау және лицензияны сатып алудың мақсаттылығын анықтау керек.
Техникалық-экономикалық негіздеуді құру кезеңінде ҒЗЖ-дан күтілген нәтижелердің қолдану саласы белгіленеді, олардың аталған салада тәжірибе жүзінде жүзеге асу мүмкіндіктері бекітіледі, жаңа техниканы қолдану кезеңіндегі экономикалық тиімділігі анықталады.
Экономикалық тиімділіктен басқа техникалық - экономикалық негіздеуде болжанған әлеуметтік нәтижелер көрсетіледі (еңбек өнімділігінің өсімі, өнім сапасы, өндірістік санитария мен қауіпсіздік деңгейнің жоғарылауы, қоршаған орта мен табиғатты қорғауды қамтамасыз ету).
Нәтижесінде техникалық-экономикалық негіздеу құру дегенде ҒЗЖ орындаудың қажеттілігі мен мақсаттылығы туралы қорытынды жасалады.