Лекция №1 Тақырыбы: Білім беруде қашықтықтан оқыту технологияларын қолданудың әлемдік және отандық тәжірибелері Жоспары


Қашықтықтан білім беру / Distance education



бет2/3
Дата07.01.2022
өлшемі20,9 Kb.
#17537
түріЛекция
1   2   3
Қашықтықтан білім беру / Distance education - компьютерлік немесе телекоммуникациялық технологиялар ішінара немесе толық пайдаланылатын білім беру. Сонымен қатар, білім алушы мұғалімнен және білім беру ресурстарынан қашықта болады.

Қашықтықтан оқыту технологиясы – оқыту және әкімшілік ісшаралар әдістерінің жиынтығы, қашықтықтан оқу үдерісін пайдалана отырып, ақпараттық және мультимедиялық технологияларын ұйымдастыру
Ғылыми-техникалық прогресстің жоғары қарқыны және ақпараттық технологиялардың дамуы білім беру жүйесін түрлендірудің және жетілдірудің нақты алғы шарттары болып табылады. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының түйінді бағыттарының бірі - креативті қоғамды дамыту, цифрлы экономика үшін құзыреттер мен дағдыларды дамыту, халықтың цифрлы сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізу, салалар бойынша АКТ мамандарын даярлау.

    Стратегиялық проблемалар жөніндегі мамандар қашықтан оқыту формасын ХХІ ғасырдың білім беру жүйесі деп атап жатыр. Бұл күні оған үлкен мән беріліп отыр. Бұрын технологияларға бағытталған қоғамдық прогрестің нәтижелерінің бүгінде ақпараттық аймақта орталықтандырылып жатқаны қашықтан оқытудың маңыздылығын арттырды. Информатика дәуірі басталды. Оның қазіргі мезгілдегі даму кезеңін телекоммуникациялық деп сипаттауға болады. Бұл ақпарат пен білімнің қатынас аймағы. Кәсіби білім тез ескіретіндіктен оны тұрақты түрде жетілдіріп отыру қажет. Қашықтан оқыту формасы бүгінде уақыт және кеңістік белдеулерінен тәуелсіз, көпшіліктің өз бетінше үздіксіз жалпы білім алу жүйесін, өзара ақпарат алмасуын қалыптастырады және жүзеге асырады. Одан басқа, қашықтан оқыту жүйесі әлеуметтік жағдайына  қарамастан және еліміз бен шет елдің кез-келген ауданында тұрса да адамның білім және ақпарат алу құқығын қамтамасыз етеді. Ел азаматының білім алу құқығын қамтамасыз етуде және қоғам қажеттілігін өтеуде тек осы жүйе мейілінше икемді әрі тиімді.жоғарыда айтылған факторларға сүйеніп айтқанда, мамандарды дайындау мен олардың жоғары квалификациялық деңгейін ұстап тұруда қашықтан оқыту ХХІ ғасырдағы ең әсерлі жүйе болып табылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет