жас – зат есім: белгiлi жас мөлшерiндегi жан иесі: жас келсе iске, жастар қолдайды т.б.
жас – зат есім: жасы жиырмада т.б.
тон – зат есім: қой терiсiнен жасалған киiм;
тон – зат есім: әу баста жалпы сырт киiм мағынасында болған;
бас – зат есім: бұлақтың басы;
бас – зат есім: адамның басы),
бәйге – зат есім: ат жарыс, сондай-ақ шығармашылық жұмысқа белгiлi мерзiм iшiнде қатынасу;
бәйге – зат есім: бәйгеге тiгiлетiн сыйлық мәнiнде - бәйге алу, бәйге жариялану т.б.
жарыс
жарыс
қатынас
қатынас
күрес
күрес
майдан
майдан
Сөздің жаңа мағынаға ие болуы, сол арқылы басқа сөз табына көшуі түрлі жолмен іске асады. Оның ішінде ғылымда заттану (субстантивация) тілдерге кең тараған түрі. Ал заттану – көбіне, ықшамдау заңдылығына байланысты болатын құбылыс. Мысалы, қазіргі тілде бір жұма, бір жеті тіркестері мағыналас, Осындағы жеті (апта) сөзінің заттық мағынасы алғаш «жеті күн» мағынасында қолданылып, күн сөзінің қолданыстан түсіп қалып, ықшамдалуынан оның заттық мағынасы жеті сөзіне көшкен. Жетісі, тоқсан (мезгіл), туысқан, қашаған сөздері осындай жолмен жасалған.
Сонымен, бұл келтірілген мысалдар тілдің сөздік құрамын байытуда лексикалық-семантикалық тәсілдің өзіндік орны барын білдіреді.
Сөзжасамның конверсиялық тәсiлі. Тiлiмiздiң өзi iшкi дамуы негiзiнде жаңа ұғымдарды атау қажеттiлiгiнен әр түрлi семантикалық процестер, мағына дамуы (мысалы, бiр сөздiң әуел баста екi я одан да көп мағына бiлдiруi, айталық, әрi нақты бiр заттың аты, әрi сол заттың сипатына қатысты нақты бiр қимыл, кейiн түркi синкретизмi делiнiп жүрген тiлдiк құбылыс немесе сөз мағынасының кеңеюi, тарылуы, бөлшектiң бүтiнге айналуы, функционалды ұқсату заңы т.б.) арқылы да тiлдiң лексикасы байып, сөздiк құрамы өседi. Сөйтiп, жаңа сөздер қатары толыға түседi. Бұл таза семантикалық процесте сөзжасамның басқа тәсiлдерi қатыспайды. Ал семантикалық процесс, семантикалық өзгерiс сөзжасамның барлық тәсiлдерi арқылы жасалған туындылардың қай-қайсысында да болып отырады. Сондықтан сөзжасамның бұл түрiн жалпы тiл бiлiмiнде кейде конверсиялық тәсiл деп те атайды.
Әдетте, тілімізде сөзжасамның лексика-семантикалық тәсiлін конверсиялық тәсiл деп те атап жүр. Өйткені, лексика-семантикалық тәсіл арқылы жаңа туынды сөз жасалынғанда – сөз бір сөз табынан екінші бір сөз табына ауысады, оны ғылымда конверсия деп атайды.
Сөзжасамның конверсиялық тәсiлiне, ең алдымен, есiм-етiстiк тәрiздi түркi синкретизмi деп аталып жүрген тiлдiк құбылыстың тiлiмiздегi қалдық көрсеткiштерiн жатқызуға болады. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |