Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны


Қазіргі қазақ тілінде қосарлау тәсілі арқылы жасалған сөздер қос сөздер деп аталады



бет31/66
Дата25.11.2023
өлшемі496,98 Kb.
#128172
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   66
Байланысты:
Лекция №1 Та ырыбы Фонетиканы зерттеу нысаны

Қазіргі қазақ тілінде қосарлау тәсілі арқылы жасалған сөздер қос сөздер деп аталады. Ата-ана, туған-туыс, ыдыс-аяқ, көрпе-жастық, ине-жіп, ойын-той, көңіл-күй сынды қос сөздер ежелден қолданылып келсе, сән-салтанат, өнер-білім, дәрі-дәрмек, бұйрық-жарлық сияқты қоғамдық мәндегі қос сөздермен тіліміз толығуда.Қосарлау тәсілі арқылы қос сөз жасау үшін оның сыңарлары бір сөз табынан ғана болуы – міндетті шарт. Мысалы, бау-бақша, қыз-келіншек, ата-ене, өнеге-үлгі қос сөздерінің сыңарлары зат есімнен, жақсы-жаман, ұзынды-қысқалы, үлкенді-кішілі сөздерінің сыңарлары сын есімнен, бес-алты, жиырма-отыз, он-он бес сөздерінің сыңарлары сан есімнен, келіп-кетіп, өліп-талып, өніп-өсіп сөздері сыңарлары етістіктерден жасалған.
Сонымен бірге қосарлау тәсілі арқылы жасалатын қос сөздердің сыңарлары мағыналас сөздерден жиі жасалады: сауыт-сайман, туған-туысқан, ойнап-күліп, үлгі-өнеге, өсек-аяң т.б.Осы жағдаймен қайталама қос сөздердің жасалуы байланысты деуге болады: айта-айта, тау-тау, көзбе-көз, үйден-үйге т.б.
Сөздердi қосарлау мен қайталау арқылы жасалған қос сөздердiң табиғаты өзгешелеу. Бiрiншiден, қосарлау мен қайталау арқылы жасалған қос сөздiң сыңарлары о баста бiр-бiрiмен өзара салаласа байланысқан бiрыңғай сөздер болып келедi. Сондықтан да сөйлемде қос сөздердi жалғаулықтар арқылы бiрыңғай мүше ретiнде де құруға болады: Жоқ - барды, ертегiнi термек үшiн (Абай): Жоқ пен барды, ертегiнi термек үшiн. Алыс пен жақынды жортқан бiлер (мақал): Алыс -жақынды жорытқан бiлер.
Қос сөздердiң бiрiккен және тiркестi сөздерден құрылымы мен құрамы, семантикалық ерекшелiктерi де осыдан туындайды. Екiншiден, қосарланатын да, қайталанатын да сөздер бiр-бiрiмен семантикалық байланыста болуы керек. Атап айтқанда, мағынасы бiр-бiрiмен жақын мәндес синоним сөздер немесе керiсiнше мағынасы бiр-бiрiне қарама-қайшы антоним сөздер қосарланады немесе бiр сөздiң қайталануының да грамматикалық үлгiлерi бар. Үшiншiден, қосарлама қос сөздер негiзiнен сөз табының барлық түрлерiнен болатындықтан, сол сөз табының тұлғалары арқылы түрленедi. Ондай жағдайда сөз түрленту тұлғалары бiрiншi сыңарына жалғанбай, екiншi сыңарына ғана жалғана бередi: үлкен-кiшiлi тыңдап отыр, дос-жарандарың түгел жиналды т.б. Бұл қасиет сөйлемнiң бiрыңғай мүшелерiнен де кездесiп отырады. Төртiншiден, сөздердiң қосарлануынан жасалған күрделi сөздiң лексикалық мағынасы бүтiндей өзгерiп кетпейдi. Көбiнесе жалпылық көптiк мән ғана үстеледi.
Сондықтан сөзжасам тұрғысынан қосарлану мен қайталау арқылы жасалған қос сөздердiң сипаты бiркелкi емес. Қосарлама қос сөздердiң сыңарлары мағыналы: бiрi мағыналы, бiрi мағынасыз, екеуi де мағынасыз деп бөлiнсе де, тарихи-этимологиялық талдау негiзiнде мағынасыз деп жүрген сыңарының өзi бiр кезде мағыналы болғандығын немесе басқа тiлде мағына бiлдiретiндiгiн анықтауға болады. Мысалы, бала-шаға дегеннiң шаға бөлшегi түркмен тiлiнде бала деген мән бередi, жұн-жұрқа дегеннiң жұрқа бөлшегi монғол тiлiнде жүн деген мағына бередi, некен-саяқ дегеннiң некенi де, саяқ дегенi де монғол тiлiнде жеке, жалғыз-жарым деген мәндi бiлдiредi т.б. Сөйтiп сөздi қосарлау тәсiлi – сөзжасам мен тұлғажасам арасындағы тiлдiк құбылыс.
Ал қайталау арқылы жасалған туындылар да семантикалық жағынан бiркелкi емес. Түбiр тұлғада қайталанған сөздер де сөзжасам мен тұлғажасам арасындағы құбылыс. Ал күшейтпелi қос сөздер, екiншi сыңары м, с, п дыбыстарынан басталып қайталанған қос сөздер сөзжасам емес, тұлғажасам көрсеткiшi болып табылады. Ал бiр сыңары қосымшалы, кейде екi сыңары да қосымшалы қос сөздердiң табиғаты бұлардан да өзгешелеу. Тұлғажасамнан гөрi сөзжасамға жақын. Өйткенi олардың грамматикалық сипатының өзгерiп кеткендiгiн көремiз. Мысалы, көзбе-көз, қолма-қол сөйлемде зат есiм ретiнде қабылданбайды, адвербиалданып (үстеуленіп) кеткендiгiн байқаймыз және бұл уақытша контекстiк емес. Айта-айта, сөйлей-сөйлей т.б. қимылдың әлденеше рет болғандығын ғана бiлдiрiп қоймайды, бiрiншiден, семантикалық жағынан адвербиалданып кеткенiн байқаймыз, екiншiден, осы күйiнде етiстiк тұлғаларымен түрленбейдi: айта-айтамын емес, айта-айтады емес т.б. Бұл жерде лексика-семантикалық фактордың кейбiр көрiнiстерiмен бiрге грамматикалық, конверсиялық факторлардың да орын алып отырғандығын көремiз.
Аналитикалық тәсілдің тіркестіру тәсілінде күрделі екі сөз дербес сөзден жасалып, тілде бөлек жазылады да, сыңарлары мағына дербестігін жоғалтып, біртұтас мағынаны білдіріп, тіркесті күрделі сөздер деп аталады. Мысалы, қызыл ала – заттың өзінше бір қызылмен басқа түс араласқан түсі, тоқпан жілік – жілік түрінің аты, су жылан – суда жүретін жылан аты, алты мың екі жүз елу – санның аты. Сонымен, сөздердi бiрiктiру, тiркестiру, қосарлау тәсiлдерi жеке-жеке сөзжасам үлгiлерi болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет