Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны


Лекция№5.4 Лекцияның тақырыбы: Жай сөйлем



бет66/66
Дата25.11.2023
өлшемі496,98 Kb.
#128172
түріЛекция
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Байланысты:
Лекция №1 Та ырыбы Фонетиканы зерттеу нысаны

Лекция№5.4
Лекцияның тақырыбы: Жай сөйлем
Лекцияның жоспары:
1. Синтаксистің салалары.
2. Сөз тіркесі. Сөз тіркесі болудың шарттары.
3. Сөз тіркесінің басыңқы және бағыныңқы сыңарлары.
1. Синтаксис және оның зерттеу нысаны
Синтаксис термині тіл білімінде екі мағынада жұмсалады: біріншісі – пікір алысу барысында жұмсалатын тілдік тұлғалардың құрылысы, екіншісі – тілдің қарым-қатынас барысында жұмсалатын тілдік тұлғаларын зерттейтін ғылым саласы мағынасында.
Синтаксистік жүйе – тілдің белгілі бір ойды білдіру, жариялау қызметін атқаратын жүйе. Тілдің басты коммуникативтік қызметі осы жүйе арқылы жүзеге асырады.
Қазақ тілінің синтаксистік жүйесінде ойды білдірудің түрлеріне сай қалыптасқан синтаксистік тұлғалар бар. Жалаң ой айтуға жай сөйлем қызмет етеді. Күрделі ойды білдіруге құрмалас сөйлем қызмет етеді. Мазмұны бұдан күрделі ойды синтаксистік тұтастық, мәтін деп аталатын тұлғалар арқылы жеткізуге болады.
Жай сөйлем, құрмалас сөйлем, синтаксистік тұтастық, мәтін коммуникативтік қарым-қатынасқа дербес қатысады. Сондықтан бұлар коммуникативтік сапасы бар синтаксистік тұлғалар ретінде танылады. Тіл білімінің синтаксис саласының зерттейтін нысаны – осы тұлғалардың құрылысы мен ерекшеліктері.
Синтаксис зерттеу нысанына қарай өз ішінде бірнеше салаға бөлініп қарастырылады:
1.Сөз тіркесі синтаксисі
2.Жай сөйлем синтаксисі
3.Құрмалас сөйлем синтаксисі
4.Мәтін синтаксисі
Сөйлем құрамына енетін сөздер өзара қалыптасқан ереже бойынша грамматикалық байланысқа түседі.
Сөз тіркесі синтаксисі сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігін, тіркесу тәсілдері мен түрлерін, сөз тіркесінің құрамы мен түрлерін қарастырады.
Сөйлем синаксисі сөйлемнің құрылу принциптерін, сөйлем құрамын, оның түрлерін қарастырады. Жай сөйлем синтаксисінің зерттеу нысаны – сөйлем құрайтын грамматикалық формалар, сөлем мүшелері, олардың өзара қарым – қатынасы, сөйлемнің грамматикалық түрлері. Құрмалас сөлем жай сөйлемдердің құрмаласу тәсілдерін, құрмалас сөйлемнің түрлерін, салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін зерттейді.
Мәтін синтаксисі тілдегі күрделі синтаксистік тұтастықтың мағыналық және құрылымдық ерекшеліктерін қарастырады.
2. Сөз тіркесінің негізгі белгілері: 1) кемінде толық лексикалық мағыналы екі сөзден құралады; 2) ол сөздер бірі екіншісіне сабақтаса мағыналық және синтаксистік байланыста айтылады, яғни сөз тіркесі басыңқы және бағыныңқы компоненттерден құралады; 3) өзара тіркескен сөздер белгілі бір синтаксистік қатынаста жұмсалады.
3. Сөйлем құрамындағы кез келген сөздердің тіркесі синтаксистік тіркес бола бермейді. Сөз тіркесінің құрамына өзара тіркесімділік қабілеті бар сөздер енеді. Бір-бірімен мағыналық байланыста қолданыла алатын сөздер тіркесімділік қабілеті бар сөздер деп аталады. Тілде актив тіркесімділік және пассив тіркесімділік деген атаулар қолданылады. Актив тіркесімділік басыңқы сыңарға байланысты болып келеді де, басыңқы сөздің өзге сөздерді тіркестіре алу мүмкіндіктері назарға алынады. Пассив тіркесімділік бағыныңқы сыңарға қатысты қолданылады. Осыған қарай басыңқы сыңар қызметіндегі сөздің қандай бағыныңқымен байланыса алу қабілеті айқындалады.
Белгілі бір ойды басқаларға жеткізу үшін сөздерден сөз тіркесін, сөз тіркесінен сөйлем құрап айтамыз. Сөз бен сөз тіркесі – сөйлем құраудың материалдары. Сөйлем құрау үшін сөздер өзара мағыналық және грамматикалық байланысқа түсіп, тіркесіп айтылады. Сөйлем бірнеше сөз тіркесінен құралуы мүмкін, кейде бір сөз тіркесінен, ал кейде жеке сөзден де жасалады.
Мысалы: Шілде. Шаңқай түс. Ми қайнатар ыстық.
Бұл сөйлемдердегі шілде – әрі сөз, әрі сөйлем (атаулы сөйлем). Шаңқай түс, Ми қайнатар ыстық – әрі сөз тіркесі, әрі сөйлем. Бұл жағдайда сөз бен сөз тіркесі өздерінің лексикалық және синтаксистік қасиетін жоймайды.
Ал сөйлем бір сөзбен тұрса да, бірнеше сөзден құралса да, дауыс ырғағы жағынан тұтастанып, оқшау айтылады және айналасындағы басқа сөйлемдермен мағыналық қатынаста ұстасып жатады, яғни контекспен байланыста жұмсалады.
Сөйлемнің сөзден және сөз тіркесінен ерешеленетін басты белгілері мынандай:

  1. сөйлем біршама аяқталған ойды, модальдылықты білдіреді;

  2. ол өзара грамматикалық байланыстағы сөздерден, сөз тіркестерінен не жеке сөзден тұрады;

  3. сөйлем бастауыш пен баяндауыштың байланысынан туған предикаттық қатынасқа негізделеді;

  4. әрбір сөйлемнің айтылу сазы (интонациясы) болады.

Сөз бен сөз тіркесінде мұндай қасиеттердің барлығы бола бермейді.
Сонымен, предикаттық қатынас негізінде біршама аяқталған ойды білдіретін тиянақты сөздер тізбегін сөйлем дейміз.
Сөздер сөз тіркесінің құрамына ену арқылы сөйлем құраудың материалы болады да, әр түрлі синтаксистік қатынаста жұмсалады.
Әдебиеттер

  1. Балақаев, Т.Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. А., 1971.

  2. Қазақ тілінің грамматикасы. II. Синтаксис. А., 1967.

  3. А.Байтұрсынов. Тіл тағылымы 1992.

  4. Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жайындағы зерттеулер. 1966.

  5. Р.Әміров. Жай сөйлем синтаксисі. А., 1983.

  6. Қазақ грамматикасы. А., 2002.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет