Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны


Сөйлем мүшесі туралы түсінік



бет59/66
Дата25.11.2023
өлшемі496,98 Kb.
#128172
түріЛекция
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   66
Байланысты:
Лекция №1 Та ырыбы Фонетиканы зерттеу нысаны

Сөйлем мүшесі туралы түсінік. Сөйлемде белгілі бір грамматикалық мағыналарға ие болып синтаксистік қызмет атқарып тұратын сөздерді сөйлем мүшелері деп атаймыз.
Бір сөздің сөйлем мүшесі болуына тіркесетін басқа бір сөз себепкер болады. Мәселен, бастауыштың баяндауышпен байланысына қарап, анықтауышты анықталатын сөзге қатысына қарап сөйлем мүшесі деп танимыз. Сөйтіп, сөйлемдерді бөлшектегенде, олардың ішіндегі сөздердің лексикалық мағыналарына қарай, тіркесу нәтижесінде пайда болған грамматикалық мағыналарына қараймыз. Ол мағыналар бастауыш – баяндауыштық, толықтауыштық, анықтауыштық, пысықтауыштық болуы мүмкін.
М.Серғалиев: «Сөйлем ішінде басқа сөздермен синтаксистік қатынасқа түсіп, бір сұрауға жауап беріп, бір ұғымды білдіретін сөзді немесе сөз тіркесін сөйлем мүшесі» десе, Р.Әміров: «Сөйлем мүшелері сөйлем құрауда қалыптасатын қатынастардың компоненті. Сөйлем мүшелері ретінде толық мағыналы сөздер қолданылады» дейді.
Сонымен, сөйлем мүшесі деп сөйлемде бір сөздің немесе сөздер тобының басқа сөздермен синтаксистік қатынасқа түсу арқылы арнайы сұраққа жауап беріп, грамматикалық мағынаны білдіретін түрін айтамыз.
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері – бастауыш пен баяндауыш. Бұлар сөйлем құрауға негіз болатын бас мүшелер. Ал тұрлаусыз мүшелер (пысықтауыш, анықтауыш, толықтауыш) тұрлаулы мүшелердің маңына топтанып, соларды не бірін – бірі анықтап, пысықтап тұрады. Тұрлаулы мүшелердің синтаксистік қызметі бірдей емес. Әдетте бастауыш сөйлемде айтылатын ойға негіз болады, ал баяндауыш бастауыштың ісін, қимылын, күйін және басқа заттық, сындық сапасын білдіріп, бастауышқа бағынады. С.Аманжолов «Қазіргі қазақ тілі синтаксисінің қазақша курсы» деген еңбегінде сөйлемнің негіізгі қазығы бастауыш, ал баяндауыш оған тәуелді дейді. Ал Мәулен Балақаев бастауыш пен баяндауыш арасына үзілді – кесілді жік айтпай, бастауыштың сөйлемде ой иесі болумен ерекшеленетінін, ал баяндауыштың сөйлемдегі ойды тиянақтауымен ерекшеленетінің айтып, екеуі де бір – біріне бағынышты категориялар деп қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет