Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. (1 сағат) Жоспары


Қоғамның саяси саласының ерекшеліктері



бет20/96
Дата05.06.2023
өлшемі389,03 Kb.
#98761
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   96
2. Қоғамның саяси саласының ерекшеліктері. Саяси сананың басқа салалардың айырмашылығы мынада: ол сөздің белгілі бір мағынасында осыларға қатысты үстемдік ролің атқарады. Саяси саланың мұндай жағдайы оның ауқымында қабылданған заңдарды, шешімдерді, жарлықтарды, нұсқауларды барлық басқа да қоғамдық салалардың міндетті түрде орындауына байланысты болады. Осыған орай саяси саланын, әсіресе қоғам дамуының өтпелі және күрделі кезендерінде тиісінше артықшылықтары болады. Сонымен бір мезгілде, саясат саласы қоғамның барлық басқа салдарымен тығыз байланыста , соларға тәуелді болады.


3. Саясат элементтері билік, субъектілер, саяси ұйымдар, саяси сана, саяси қатынастар және саяси мәдениет. Өкімет билігі мен қоғамды басқару тұрғысындағы таптар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастардың, қызметтің, тәртіптің, бағдарлардың және коммуникациялық байланыстардың сан алуан әлемі ретінде түсіндірілетін әмбебап қоғамдық сирек ұшырасатын құбылыс.
Саясат қоғамнан тыс өмір сүре алмайды, қоғам, өз кезегінде, адамдардың өмірлік қызметінің: шаруашылық - экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани қызметтерінің өзара байланысты, өзара тәуелді, бірақ едәуір дәрежеде дербес салалар жиынтығынан тұрады.


4. Саясаттың негізгі түрлері экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, аграрлық, мәдени, техникалық, әскери, ұлттық, халықаралық, т.б.түрлері. Саясаттың негізгі түрлері қоғам өмірінің экономикалық аясы шеңберінде белгілі бір экономикалық уклад негізінде өндірісті ұйымдастыру, өндірістік қатынастар, адамның еңбегі, соған тиісті алатын материялдық игіліктері – тұрғын үймен, киімен, тамақпен, көлікпен т.б. заттармен қамтамасыз етілу мәселелері қарастырылады. Экономиканы салаларға жіктеу, оларды басқару, шаруашылықты жүргізу, ішкі - сыртқы экономикалық қатынастардың бағыттарын айқындап мемлекеттің экономикалық саясатын дәйектеу, тұрғындардың материалдық мүдделерін қанағаттандыру істерінің бәрі – қоғамның экономикалық аясы шеңберінде атқарылатын шараларға жатады.
Қоғам өмірінің әлеуметтік аясы қоғам мүшелерінің толып жатқан макро- және микро топтарға бөлінуін, сондай ақ топ пен топ, топ пен тұтас қоғам, топ пен жеке адам, жеке адаммен тұтас қоғам арасындағы қатынастарды қамтиды. Адамдар қоғамда алатын орнына, біліміне, кәсібіне, меншікке қатынасына, өндіріске қатынасына, нәсіліне, ұлттына, тұрған жеріне, байлығына, жынысына, жасына қарай жіктеледі. Қоғам мүшелері топтарға, топтар тиісінше толып жатқан қабаттарға бөлінеді. Әр топтың, таптың, қабаттың өз мүдделері болады және олар сол мүдделерін жүзеге асыру бағытында әрекет етеді. Сол әрекет үстінде олар міндетті түрде бір-бірімен әлеуметтік қатынастар жасайды.
Қоғам өмірінің саяси аясына мемлекет және мемлекетті басқару, билік, саяси құрылым, идеология, қоғамдық-саяси бірлестіктер және олардың қызметі, мемлекетті басқару органдары (парламент,үкімет,сот билігі), сайлау және референдум өткізу мәселелері қамтылады. Конституция және салалық заңдар қабылдау, азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері сияқты құқық және заңдылыққа қатынасының да бәрі саяси ая шеңберінде. Өйткені мемлекет саясаттанудың ғана емес, құқықтанудың да зерттеу обьектісі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет