Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. (1 сағат) Жоспары


Қоғам өмірінің мәдени - рухани аясы



бет21/96
Дата05.06.2023
өлшемі389,03 Kb.
#98761
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   96
Қоғам өмірінің мәдени - рухани аясы қоғамдық сана формаларының - ғылымының, білімінің, өнердің дамуын және олардың өзара байланыстарын қамтиды. Адамның білім мен тәрбие алуы, жеке басының мәдениетін көтеруі, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруі, өнер туындыларын пайдалануы, айналасындағылармен ақпарат алмасуы, махаббаты, сезім дүниесі, отаншылдағы осы ая шеңберінде қарастырылып шешіліп жатады.


5. Саясаттың функциялары: басқару және реттеу, қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету. Қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді
( функцияларды ) атқарады. Саясаттануда да ондай міндеттер бар. Оған ен алдымен танымдық ( гносеологиялық ) қызметтер жатады. Олай дейтініміз саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып – білуге, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.
Ғасырлар бойы Ресей ипериясы, одан кейін кеңестік тоталитарлық тәртіп саясат пен билік сырын бүгіп келді. Қазірдің өзінде де халқымыздың саясат пен саяси жетекшілердің іс - әркеттері жөнінде хабарлары аз. Көбіміз саяси қайраткерлердің сөздерінің, ұрандарының, бағдарламаларының сырында не жатқаның байқамаймыз. Оларды білмей демократиялық жолмен алға басу қиын. Ондай білімді тек саясаттану ғана бере алады.
Саясаттану бағалау ( аксеологиялық ) қызметін атқарады. Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс - әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді.
Демократиялық мемлекетерде саясаттану саяси әлеуметтену міндетін атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады.
Саясаттану реттеушілік, басқару қызметін атқарады. Оның ерекшелігі – қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысында. Соған орай ол адамдардың саяси өмірінде өзін - өзі ұстауына, іс - әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәлімет, мағлұматтар береді. Саяси білімдер, сипатамалар, кеңестер адамдардың күнделікті практикалық іс - әрекетінде басшылыққа алынады.
Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін де атқарады. Бұл ғылым саяси институтар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы және атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси - басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда немесе оның жеке аймақтарында қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданады. Солардың негізінде ол кейбір саяси институттардың жойылып, оның орнына бүгінгі талапқа сай басқалары келу керектігін негіздейді, мемлекеттік басқарудың қолайлы үлгілерін іздестіреді, әлеуметтік – саяси шиеленістіреді ауыртпалықсыз шешу жолдары мен әдістерін көрсетеді.
Ең соныңда саясаттанудың болжау қызметін атаған жөн. Саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеумен ғана тынбайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағыталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты да сонда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет