Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мазмұны, әдеби білім кезеңдері



бет27/33
Дата14.10.2023
өлшемі159,37 Kb.
#114846
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33
Байланысты:
daristin elektrond k nuskas

Жоспары:
1.Көркем шығарманы меңгертуге байланысты жұмыс түрлері
2.Шолу тақырыптарын оқыту
3.Әдеби-сын зерттеу еңбектерін көркем туындымен бірлікте қарастыру


Лекция мақсаты:Әдебиет сабақтарында жүргізілетін жұмыс түрлері, оның мақсаты мен міндеттерін айқындау.


Лекция мәтіні (қысқаша):
Әдебиет сабағында көркем шығарманы оқып үйренуге байланысты міндетті түрде жүргізілетін тиісті жұмыстардың қатарына мыналар жатады: кіріспе жұмыстар және олардың түрлері, тексті оқу, жаттату, жазба жұмыстары мен сыныптан тыс оқу жұмыстары. Мәтін бойынша жүргізілетін жұмыс түрлері қанша көп болса, олардың тұсында көзделетін мақсатта, соған орай оларды жүргізудің нәтижесінде қалыптастырылатын жұмыс түрлері де сонша болмақ. Әрі олар іштей тығыз байланысып бірін бірі толықтырып, бірінен екіншісі өрбіп жатуы керек. Мысалы, мәнерлеп оқудың құрамына дауыс екпіні, ырғақ, интонация, пауза кіреді. Осылардың қай-қайсысы да мәтінді оқығанда оқушылардан шығармадағы әрбір сөз сөйлемдер, өлең жолдары арқылы берілген ақын, жазушының ойын, мақсатын, көңіл-күйін, жете түсініп іштей қорытындыны қажет етеді. Жазудың көңіл-күйіне, терең сырына оқу жылдамдығы, құбылмалы ырғақ, сазды үн, интонациялық бояулар арқылы оқушының назарын жаңа туындыға аударады. Әрине, бұл-текспен алғашқы танысу, ол жайында сырт елес қана.
Егер мұғалім тексті оқи отырып оқушыға сол туындының туу тарихын немесе оның авторы жайлы қызықты мәліметтерді айтып берсе, онда олардың тексті білуге деген ынталары бұрынғыдан арта түседі, әрі ол текст түсінікті болады. Ал текст бойынша кіріспе жұмыстардың түп мақсаты оқушы назарын жаңа сабаққа аудару сол тұрғыдан келгенде көркем туындыны оқудың бұл түрін кіріспе жұмыстардың қатарына жатқызуға болады.
Көркем тексті оқып үйренуге байланысты кіріспе жұмыстардың түрлері мол. Соның бірі жоғарыда біз келтірген тексті мұғалімнің өзі оқып беруі болса, оның текстен үзіндіні жатқа айту, шығармадағы бір немесе бірнеше сөздер мен сөз тіркестерінің айналасында оқушылармен әңгіме өткізу, туынды авторының өмірімен таныстыру.
Кіріспе жұмыс түрінің молдығы соның бір түрін үнемі қолданып, оқушыларды жалықтырып алмау үшін пайдалы. Сондай-ақ кез-келген түрін шығарманың беташары етіп пайдалану да мүмкін емес. Себебі ол – 1-ден оқушыларды жалықтырса 2-ден тексті мәнерлеп оқу мен жатқа айтып беру барлық жанрға тән емес үйлесе бермейтіндігінде. Жатқа айту тек лирикалық шығармалардың тұсында көп қолданылады.
Көркем шығармаларды оқып үйренуге байланысты мектеп тәжірбиесінде көбірек қолданылатын түрі мұғалімдердің кіріспе сөзі мен кіріспе әңгімесі бұл екеуінің түр және мазмұн жағынан ұқсастығы бар. Ұқсастығы екеуініңде текске байланыстылығы, ал өзгешелігі бірінің мұғалімнің түсінік сөзіне , 2-ң ұстаз бен оқушының арасындағы сұрақ жауап түріндегі әңгімеге құрылатындығында.
Мұғалімнің кіріспе сөзі қысқа әрі маңызды болуға тиіс, оны көбіне өмірбаяндық мәлімет берілмеген, бірақ жеке шығармасы оқылатын
Орта буында көркем мәтін бойынша талдау жұмысы оны оқудан басталады. Бірақ оқудың да оқуы бар. Тегінде тексті оқудың сапасы оны сабақтың қай кезеңінде қандай мақсат қоя оқытуға байланысты. Мысалы мұғалім тексті өзі оқығанда сондағы Жазудың көңіл-күйіне, терең сырына оқу жылдамдығы, құбылмалы ырғақ, сазды үн, интонациялық бояулар арқылы оқушының назарын жаңа туындыға аударады. Әрине, бұл-текспен алғашқы танысу, ол жайында сырт елес қана.
Егер мұғалім тексті оқи отырып оқушыға сол туындының туу тарихын немесе оның авторы жайлы қызықты мәліметтерді айтып берсе, онда олардың тексті білуге деген ынталары бұрынғыдан арта түседі, әрі ол текст түсінікті болады. Ал текст бойынша кіріспе жұмыстардың түп мақсаты оқушы назарын жаңа сабаққа аудару сол тұрғыдан келгенде көркем туындыны оқудың бұл түрін кіріспе жұмыстардың қатарына жатқызуға болады.
Көркем тексті оқып үйренуге байланысты кіріспе жұмыстардың түрлері мол. Соның бірі жоғарыда біз келтірген тексті мұғалімнің өзі оқып беруі болса, оның текстен үзіндіні жатқа айту, шығармадағы бір немесе бірнеше сөздер мен сөз тіркестерінің айналасында оқушылармен әңгіме өткізу, туынды авторының өмірімен таныстыру.
Көркем шығармаларды оқып үйренуге байланысты мектеп тәжірбиесінде көбірек қолданылатын түрі мұғалімдердің кіріспе сөзі мен кіріспе әңгімесі бұл екеуінің түр және мазмұн жағынан ұқсастығы бар. Ұқсастығы екеуініңде текске байланыстылығы, ал өзгешелігі бірінің мұғалімнің түсінік сөзіне, 2-ң ұстаз бен оқушының арасындағы сұрақ жауап түріндегі әңгімеге құрылатындығында.
Мұғалімнің кіріспе сөзі қысқа әрі маңызды болуға тиіс, оны көбіне өмірбаяндық мәлімет берілмеген, бірақ жеке шығармасы оқылатын жазушылардың тұсында немесе тұтас берілмей, тек үзіндісі ғана берілген жағдайда және кейбір туындылар қиын болғандықтан оқушылардың өздері түсіне алмайтын жағдайда қолданылады. Мұнда мұғалім негізгі мәселелердің айналасында оқушыларға қысқаша түсінік бере келіп, сабақты әрі қарай жалғастырады. Әрине мұндайда оқушы тек тыңдаушы болып қана отырады.Сабақтың бұл кезеңінде оқушылардың белсенділігін арттыру мәселесін де қарастырған жөн.
Кіріспе жұмыстан соң мәтінмен тікелей қатынасу кезеңі басталады. Оны сөздік жұмысынан немесе мәтінді оқудан бастау мұғалімдер тәжірибесінде әдетке айналғандығын байқаймыз. Жалпы мәтін талдауды сөздік жұмысынан бастау ұғындырылатын сөздер тым көп болып кеткен жағдайда ғана орынды. Соның өзінде де ол оқумен ұштастырыла жүргізіледі.Қалған жағдайдың бәрінде де мәтінді оқу кіріспе әңгімеден кейінгі жұмыс болып есептеледі. Өйткені оқушылар мәтінді оқымай тұрып, онымен істелетін басқа жұмыс түрлеріне, жоспар жасауға, мазмұндауға көше алмайды.
Осындай-ақ мәтінді оқу, сөйлеу, жазу мәдениеті, эстетикалық тәрбиенің түйіні - оқушылардың -әдеби-теориялық ұғымдарын қалыптастырудың көркем әдебиеттің образдылығын, образдың өмір шындығы екенін танытудың кілті. Демек, мәтінді оқып, оны талдау да ең бір жауапты кезең болып табылады.
Көркем мәтінді оқуға оқушылар мектепке келген күннен бастап жаттыға бастайды. Дегенмен жоғары сынып оқушыларының ішінде қиындығы жоқ мәтіннің өзін дұрыстап оқи алмайтындары кездеседі. Нақты айтсақ, дауыс екпінінің орынсыздығы, дауыс кідірісінің сақталмауы, оқу жылдамдығының ойдағыдай болмауы, жазушының көңіл-күйіне байланысты дауыстағы құбылмалылықтың болмауы. Сонымен қатар материалды жатқа айтқызу жағы да есте боларлық жағдай.
Оқушылардың өздігіне істейтін жұмыстары дегеніміз – оқушылардың мұғалімнің тапсыруымен бірақ тікелей көмегінсіз өз күштерімен қойылған міндетті орындап, өздері тиісті қорытынды шығаратын жұмыс. Мұндай жұмыс істеу арқылы мұғалім оқушыларға материалды ой елегінен өткізіп, саналы меңгеруге, білімнің жаңа бір басқышына көтерілуіне жол ашады. Жаңа білім мен дағдыны қалыптастыруда оқушылардың өзіндік белсенділігін арттырады.
Сын-зерттеулерді оқытудың мақсаты, маңызы:
Оқу бағдарламаларында әдеби сын-зерттеу еңбектерін оқытуға арнайы сағат берілген,оқулықтарда әр ақын-жазушының (жоғары сыныптарда) өмірі, шығармашылығынан соң ғылыми сын еңбектерінің тізімі көрсетілген. Тәжірибеде ұстаздар қауымы тақырып мазмұнын ғылыми еңбектермен байытып, тереңдетіп беруде сын еңбектерге назар аударып келеді. Әсіресе, қазір әдебиетті тереңдетіп оқыту кеңінен тарауда. Сын-зерттеулерді оқыту – терңдетіп оқытудың ең маңызды бір саласы.
Әдебиетті оқытуда сын-зерттеулердің маңызы неде?
1.Өтіліп отырған тақырыпты тереңдетіп беру, білім мазмұнын байыту, көркем шығарманы оқушы жан-жақты терең түсінуде, танымын дамытуда;
2.Оқушылардың ойлау белсенділігін арттыру, дүниетанымын кеңейту, өз бетімен жұмыс істеу, қорытынды жасау дағдыларын жетілдіруде;
3.Көркем туынды туралы оқушылар бірнеше пікір, баға сын болатынын түсінеді, әрі сол туынды туралы ғылыми шындыққа көз жеткізу, өзіндік пікір айта білуге баулу, зерттеу, іздендіру бағытындағы жұмыстарға икемдеу мәселелерінде сын-зерттеу еңбектерінің маңызы ұшан-теңіз.
Сын-зерттеу еңбектерін оқыту мынадай жолдармен жүзеге асырылды:
А) Еңбекті толық оқыту, арнайы оқыту;
ә) Ең негізгі түйінін, пәнін бөліп ала отырып, оқыту;
б) Өтіліп жатқан шығармаға байланысты ішінара керекті пікір, ойларын теріп алып, оқыту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет